Есеп . Аяқ- қолды соғып алғанда жасалатын массаж. (Айтып көрсет.)
Есеп. Буын сіңірі созылғанда қолданылатын массаж. (Айтып көрсет.)
Есеп. Сүйек сынғанда жасалатын массаж. (Айтып көрсет.)
IV. Сергіту жаттығулары - 7 (мин)
Сергіту жаттығуларын жасалады. ( барлығымыз орнымыздан тұрып Жүмагулдің көрсетуімен Буындарына арналған гимнастикалық массажын жасаймыз.
Бұл жаттығудың Мақсаты: Буындарына жиналып қалған сіңірлерін жан-жаққа жазу. Дұрыс және абайлатып қозғалта білу. Буынының арасына жиналып қалған еттерді жазу.
Олай болса жаттығуымызды бастайық.
Бірінші: - қолымыздың басын жайлап солға және оңға айналдырамыз. Содан кейін қолының басын жоғарға котереміз, төменге түсіреміз, солға және оңға бұрамыз.
Екінші: - шынтағымызды жайлап ішке қарай және сыртқа қарай айналдырамыз. Шынтағына уқалап және сипалап массаж жасаймыз. Бұл жаттығуды төрт немесе бес қайтара орындаймыз.
Үшінші: - бір қолымызбен иығынан ұстап, екінші қолымызбен қолынан ұстап жайлап артқа және алға айналдырамыз. Осылай төрт немесе бес қайтара орындаймыз.
Төртінші: - мойынымызды жайлап артқа қарай шалқайтамыз, төменге қаратамыз, солға және оңға қарай бұрдырамыз. Бұл жаттығуды үш немесе төрт қайтара орындаймыз.
Бесінші: - Қолымызбен белінен ұстап солға және оңға қарай бұрамыз. Осылай 3 немесе 4 рет қайтара орындаймыз.
Алтыншы: - тіземіздің чашкасының жандарына саусақпен жайлап сағат бағытымен айналдырып уқалаймыз. Тізелерін бүгіп және жазып орындаймыз. Осылайша 4 немесе 3рет қайтара орындаймыз.
Жетінші: - аяқтың басын жайлап айналдырамыз. Екі жаққа майыстырамыз, солға және оңға.
Достарыңызбен бөлісу: |