Топқа бөлу.
Сыныптың оқушыларын қорапшадан түрлі түсті дөңгелекшелерді алу арқылы бес топқа бөлу.
Психологиялық ахуал туғызу: Ел дегеніміз не?
Кіріспе сұрақ: Орталық және Шығыс Азия елдеріне қандай елдер жатады?
Анықтаушы сұрақ:Орталық Азияның географиялық орны қандай?
Нақтылаушы сұрақ: Оңтүстік – Шығыс Азия елдеріне қандай елдер кіреді?
Тікелей сұрақ:Тынық мұхит жағалауы елдерінің табиғаты мен шаруашылығына мұхиттың қандай әсері бар?
Түсінік беруші сұрақ: Шығыс Азия елдерінің климаты қандай?
Ассоциацияларың: Орталық және Шығыс Азия елдерінің пайдалы қазбалары
Жабық сұрақ: Орталық және Шығыс Азия елдерінің географиялық орнының ерекшеліктері
Ашық сұрақ:Орталық және Шығыс Азия елдерінің жер бедеріне қандай ерекшеліктер тән
|
Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, одан сабаққа дайындалып отырады.
Оқушылар өздерінің кескін карталарын көрсетеді,даптер кітаптарын дайындайды
|
Тұсаукесер.
(POWER POINT)
|
3 мин
|
«Сыни тұрғыдан ойлау» арқылы жұмыс жүргізіледі. Орталық және Шығыс Азия елдеріне байланысты суреттер көрсетіледі
-Балалар, біз өткен сабақта қандай тақырыпты қарастырдық
-Дұрыс айттыңдар Оңтүстік, Оңтүстік –Шығыс Азия елдері
-Оңтүстік Азия елдерінің жер бедері қандай?
-Дұрыс айттыңдар, өте күрделі
-Олай болса, бүгін біз сабақта Орталық және Шығыс Азия елдерімен тереңірек танысамыз.
|
|
Негізгі бөлім:
Білу
|
5 минут
|
Орталық және Шығыс Азия елдері құрамына Қытай Халық Республикасы, Монғолия, ТМД құрамындағы Қазақстан мен Орта Азия елдері және Шығыс Азияда орналасқан Жапония, Корей Республикасы, КХДР енеді. Бұл аймақ Каспий теңізінің шығыс жағалауынан Тынық мұхитқа дейін тұтас алап құрап жатыр. Ішкі айырмашылықтарына байланысты Орта Азия, Орталық Азия, Шығыс Азия бөліктеріне ажыратылады.
|
1.Оқулықпен жұмыс, беттері. Оқушылар 116-119 бет, дәптерлеріне қысқаша материк туралы конспект жазып алады.
|
Түсіну
|
5 мин
|
Мақсаты: Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қадағалау.
Оқулықпен жұмыс.
1 топОрталық Азия елдерінің жер бедері.
2топ Орталық Азия елдерінің пайдалы қазбалары мен шаруашылықтары
3топ Шығыс Азия елдерінің жер бедері
4топ Шығыс Азия елдерінің пайдалы қазбалары мен шарушылықтары
|
Оқушылар топ болып тапсырманы орындайды, ойын еркін жеткізеді, тақырыпты түсінеді. Топтағы оқушылар материктің халқы және елдері мен танысады
|
Қолдану
|
5 мин
|
Мақсаты:
Алған теориялық білімді практикада қолдана білу.
Әр топқа тапсырмалар беріледі.
1 тапсырма. Кластерлеу арқылы Аустралия материгінің ерекшеліктерін көрсет
1-топ.Орталық Азия елдерінің пайдалы қазбаларының ерекшеліктері.
2-топ. Орталық Азия жер бедерінің ерекшеліктері.
3-топ. Орталық және Шығыс Азия елдерінің ерекшелігін атау
4-топ.Орталық және Шығыс Азия елдерінің шаруашылықтары
2 тапсырма.Орталық және Шығыс Азия елдерін картадан белгілеу
|
Оқулықтың көмегімен сызбаны толтырады.
Оқулықта берілген материалдарды пайдалана отырып, картамен жұмыс орындайды.
|
Сергіту сәті
|
2 мин
|
Сергіту сәті.
«Жұптық ойын».
Оқушылар жұптасып, қолдарын айқастырып, орындарынан тұрады. Бір біріне қарап тұрып, жылы лебіздерін, тілектерін білдіреді, мақтау сөздер айтып көңіл күйлерін көтереді.
|
Оқушыларға жалығып кетпес үшін сергіту сәтін жасату.
Оқушылар сергітуді орнында жасайды.
|
Талдау
|
5 мин
|
Мақсаты:
Оқушылардың ой- қиялдау дағдыларын жетілдіру.
Оқушылар «Орталық және Шығыс Азия елдері» тақырыбына эссе жазады.
«Ойтолғаныс» кезеңі.
|
Бұл жаттығу арқылы оқушылар шығармашылық қабілеттерін дамытады.
|
Жинақтау
|
8 мин
|
Мақсаты:
Оқушылардың салыстыру және негізгілерін ажырата алуын қадағалау.
Картамен жұмыс
|
Оқушылардың жаңа білімді игеру деңгейін тексеру барысында табиғат зоналарымен ерекшеліктермен танысады
Оқушылар топ ішінде бағдаршам арқылы өздерін бағалайды.
|
Қорытынды
Рефлексия
|
6 мин
|
1.Осы тақырыптағы өткен география пәнінен материалдар бойынша оқушылармен кесте құрастыру.
Үлгісі интерактивті тақтада беріледі.
2.Бүгінгі сабақ несімен ерекшеленді?
Не білдім?
|
Не ұнады?
|
Сабақтан алған әсерім
|
|
|
|
|
1. Мұғалімнің көмегімен оқушылар орындайды (ауызша айтып, тақтаға жазады)
2.Стикерге өз ойларын жазып, плакатқа іледі.
|
Үйге тапсырма
|
1 мин
|
Орталық және Шығыс Азия елдері.
|
Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.
|
Бағалау
|
2 мин
|
Мұғалім қорытынды бағаны өзі қояды.
|
Оқушылар бағалау критерийлері арқылы топтағы көршілестерін бағалайды.
|