Сабақтың тақырыбы § материктер мен мұхиттар картасы нені оқыталы Күні: Сыныбы: Сағат реті №1



бет51/66
Дата05.02.2022
өлшемі2,77 Mb.
#22823
түріСабақ
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   66
Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы

§30 Жер бедері мен пайдалы қазбалары

Күні:
Сыныбы: 7

Сағат реті №43

Сілтеме

Материктер мен мұхиттар географиясы 7 сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт), оқулық, Алматы «Атамұра» 2012ж., авторлары: Ә.Бейсенова, С.Әбілмәжінова, К.Каймулдинова §30, 123-126 б.

Мақсаты

Білімділік

Дамытушылық

Тәрбиелік




Оқушыларға солтүстік Америка материгінің жер бедері мен пайдалы қазбалары туралы тереңірек және түсінікті түрде белім беру.
Материктің жер бедері ерекшеліктері туралы жан-жақты білімін кеңейту, сын тұрғысынан ойлауға үйрету, өз ойын толық жеткізіп, негізгі түйінді таба білуге дағдыландыру.

Оқушылардың география ғылымына деген қызығушылықтарын арттыру, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, география пәніне деген білімділігін дамыту, өз бетімен ізденуге, ой қорытуға және бағалауға машықтандыру.



География сырын тануға, оны өз көзімен көре білуге тәрбиелеу.Үлкенді сыйлауға, құрметтеуге, көмектесуге, бірін-бірі тыңдауға тәрбиелеу, отансүйгіштікке баулу, экологиялық тәрбие беру.

Негізгі идея

Солтүстік Америка материгін жер бедері ерекшеліктерін саралап, пайдалы қазбаларын анықтау және оқушылардың жер бедері мен пайдалы қазбалар арасындағы байланысты білуіне ықпал жасау

Күтілетін нәтиже

Топтық, жұптық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, географиялық материалды қалай оқу керектігіне назар аударады, өзіндік баға бере алу тиімділігі артады, диалогтік қарым-қатынаста тыңдау және географиялық тілмен сөйлеуге көңіл аударады, дарынды оқушыны үлгі етеді, географиялық мағұлматтарды меңгеруге құмарлығы артады, сыни көзқарасын білдіру арқылы география пәніне білімі молаяды, өз бетінше ізденіп, жоба қорғауға үйренеді, жаңа ұғымдар мен атауларды меңгеруге талпынады.



Таным деңгейлері

Белсенді оқытудағы мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Белсенді оқытудағы қолданылатын технологиялар, әдіс тәсілдер

Ресурстар

Уақыт

Оқыту кезеңдері

Қызығушылықты ояту

Білу

Оқушыларға жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
Солтүстік Америка материгінің жер бедеріне сипаттама бере отырып пайдалы қазбаларының таралу ерекшеліктерін атап көрсету .
Жер бедерініе байланысты қалыптасатын климатына шолу жасап өту. Оқушыларға жетектеуші сұрақтар қою.

Ойсергек . Сәттілік тілеу.
Тақырыпқа байланысты сұрақтарға балалар тез, әрі жылдам жауап береі (бұл орайда материктің жер бедері, пайдалы қазбалары және т.б).



«Аялдамамен оқу», «Бағдаршам».



Үлестірмелі карточкалар
А4 форматтағы карталар
Географиялық диктант
Сәйкестендіру тесті

5 мин

Түсіну

Картамен жұмыс жасаттыру, Солтүстік Амерка материгінің жер бедерін анықтап және себебін түсіндіру. Материктегі пайдалы қазбалардың таралуына талдау жасау және жер бедерін картаға қарап есте сақтау. Материк климатына жер бедерінің тигізетін әсерін атап өту.

Картамен жұмыс жасайды.Жер бедерінің қалыптасуына әсер еткен факторлар аталады, солтүстік жарты шарда орналасқан материктермен байланыс жасалады және материктің жер бедері мен пайдалы қазбалары анықталып оның климатына әсері анықталады.

«ПАЗЛ» әдісін қолдану,«Аялдамамен оқу» стратегиясы
«Географиялық атаулар»,«Ойтолғаныс» кезеңі, «Кластер» бағалауда «Бағдаршам», БЛУМ таксономиясы, АКТ, жас ерекшеліктеріне сай оқыту, талантты және дарынды балалардың сабақты терең меңгерулеріне ықпал жасаймын. Білім беру үшін және оқыту мен оқуды бағалау тәсілдері бойынша жиынтық бағалау, топбасшыны анықтау.

Солтүстік Американың физикалық картасы, кескін карта, оқулық мәтіні.

10 мин

Оқыту кезеңдері.




Қолдану

Оқушыларды сырттай бақылау

Әр топ берілген тапсырмаларды орындайды.

Диалогтік.

А4 форматтағы пайдалы қазбалар белгіленген карта

7 мин




Сергіту.

АКТ

3 мин

Талдау

Оқулықпен жұмыс. Топтарға тапсырмалар беру.
І топ. Материктің ірі тау жүйесін анықтап анықтама бере отырып картадан көрсету.
ІІ топ. Материктегі ойпаттарды анықтап, ойпаттардың пайда болу себептерін түсіндіру және картадан көрсету.
ІІІ топ. Пайдалы қазбаларын анықтап кескін картаға түсіру.
IV топ. Материктің жер бедеріне байланысты таралған пайдалы қазбаларды анықтау.
Vтоп. «Өлім аңғары» тарихына шолу жасау, картаға бейнелеу.

Тақырып толығымен оқылады, картамен жұмыс жасалады, әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды орындайды.

Диалогтік оқыту.

Оқулық, А4 , қаламсап. Пайдалы қазбалар бейнеленген қағаздар

7 мин

Оқыту кезеңдері

Ой-толғаныс кезеңі.

Жинақтау.

Шығармашылық тапсырма беру.
Стикерге шартты белгілермен бейнеленген пайдалы қазбалары берілген А4 форматтағы Солтүстік Американың кескін картасына пайдалы қазба өндірілетін тиісті аймаққа жабыстырып шығу.



Тапсырмаларды орындайды. Берілген кескін картағы пайдалы қазбаларды жабыстырып топ мүшелерінің ішінен топ басшысы шығып қорғайды.

Диалогтік
АКТ

А4, қаламсап,
Солтүстік Америка физикалық картасы, кескін карта, оқулық мәтіні.
Пайдалы қазбаның шартты белгісі бейнеленген стикер.

10 мин

Бағалау.

Оқушылар бірін-бірі бағалайды, мұғалім формативті бағалайды, кері байланыс. Үйге тапсырма: Солтүстік Америка материгінің жер бедері мен падалы қазбаларына оқу және климатына шолу жасап келу.

3 мин




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет