Сабақтың тақырыбы § материктер мен мұхиттар картасы нені оқыталы Күні: Сыныбы: Сағат реті №1



бет65/66
Дата05.02.2022
өлшемі2,77 Mb.
#22823
түріСабақ
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66
Қысқа мерзімді жоспар



Пәні: География

Күні:
Сыныбы: 7

Сағат реті № 32

Сабақтың
Тақырыбы

§60 Антарктида материгі. Табиғаты

Сілтеме

География. Материктер мен мұхиттар география 7сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт). Жалпы білім беретін мектептің 7 сыныбына арналған оқулық.Авторлары: Бейсенова Ә., С.Әбілмәжінова К.Каймульдинова Алматы «Атамұра», 2012, 256 бет

Мақсаты



Мақсаты:
Білімділік - оқушыларға Антарктида материгі мен табиғатының ерекшеліктері туралы білім беру.
Тәрбиелік – оқушыларды өз бетіншеоқуға,ізденіске тәрбиелеу.
Дамытушылық - білімге құштарлығын, дүние танымдық көз қарасын,жұмыс істеу дағдысын қалыптастыра отырып жеке тұлғаны дамыту.

Күтілетін
нәтижелер



Топтық, жұптық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, географиялық материалды қалай оқу керектігіне назар аударады, өзіндік баға бере алу тиімділігі артады, диалогтік қарым-қатынаста тыңдау және географиялық ғылыми тілмен сөйлеуге көңіл аударады, дарынды оқушыны үлгі етеді, тарихи мағұлматтарды меңгеруге құмарлығы артады, сыни көзқарасын білдіру арқылы география пәніне білімі молаяды, өз бетінше ізденіп, жоба қорғауға үйренеді, жаңа ұғымдар мен атауларды меңгеруге талпынады.

Сабақтың түрі

Жаңа білімді меңгерту сабағы

Пәнаралық байланыс

Биология, география т.б пәндер.

Қолданылатын әдістер

Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолданамын: қызығушылығын ояту, мағынаны ашу, «Ой талқы» ұсыну, «Ойтолғаныс» кезеңі, «Кластерлеу әдісі», «Бағдаршам», ойтолғаныс, БЛУМ таксономиясы, жас ерекшеліктеріне сай оқыту, талантты және дарынды балалардың сабақты терең меңгерулеріне ықпал жасаймын. Білім беру үшін және оқуды бағалау тәсілдері бойынша жиынтық бағалау, көшбасшыны анықтау.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар



Оқулық, 7 сынып Атлас, жарты шарлар физикалық картасы, Антартиданың физикалық картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, Интерактивті тақта, оқулық, маркер шығу парағы,үлестірмелі қағаздар

Сабақтың барысы:

Сабақ
кезеңдері

Уақыт

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Кіріспе



2 мин
3 мин

1.Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу.
Сабаққа қажетті оқу құралдарын дайындауды сұрау.Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу
Топқа бөлу.
Сыныптың оқушыларын қорапшадан түрлі түсті дөңгелекшелерді алу арқылы бес топқа бөлу.
Психологиялық ахуал туғызу. Климат дегеніміз не?
Кіріспе сұрақ: Антарктида материгінің табиғаты қандай?
Анықтаушы сұрақ: Материктің жер бедері қандай?
Нақтылаушы сұрақ:Антарктида материгі не себепті суық?
Тікелей сұрақ:Неліктен Антарктида материгінде тіршілік мұхит суымен байланысты?
Түсінік беруші сұрақ:Антарктида материгі қашан ашылды және оны кімдер ашты?
Ассоциацияларың: Оңтүстік полюске кімдер және қашан барды?
Жабық сұрақ:Материктің қандай өзіне тән климаттық ерекшелігі бар
Ашық сұрақ:Материктен қандай климаттық белдеулер өтеді

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, одан сабаққа дайындалып отырады.


Оқушылар өздерінің кескін карталарын көрсетеді,даптер кітаптарын дайындайды

Тұсаукесер.
(POWER POINT)

3 мин

«Сыни тұрғыдан ойлау» арқылы жұмыс жүргізіледі. Антарктида материгінің табиғаты суреттер көрсетіледі
-Балалар, біз өткен сабақта қандай тақырыпты қарастырдық
-Дұрыс айттыңдар Антарктида материгінің географиялық орны мен ашылуы
- Материк ең алғаш қашан ашылды?
-Дұрыс айттыңдар, 1820 жылдың 28 қаңтары
-Олай болса, бүгін біз сабақта Антарктида материгінің табиғаты оның басқа материктерден ерекшелігімен тереңірек танысамыз.






Негізгі бөлім:
Білу

5 минут

Жердің 99%-ын қалың мұз жауып жатыр, мұздың орташа қалыңдығы 1720 м-ге жуық, ең қалың жері 4300 м (Шмидт жазығы);
Антарктика – Жер шарындағы ең биік материк, оның мұз жамылғысымен қоса есептегендегі орташа биіктігі 2040 м;
Материктегі мұздың жалпы көлемі 24 млн км³, бұл дүние жүзіндегі тұщы су қорының 80%-ын құрайды; Антарктика – Жер шарының суықтық полюсі, мұнда 1983 жылы ғаламшарымыздағы ең төмен температура (-89,2ºС) тіркелген; Материктің ең биік нүктесі биіктігі 5140 м болатын Винсон тауы, ал теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жері – Бентли ойысы (-2555 м); Антарктикада сөнбеген жанартаулар бар, олардың ең ірісі Эребус жанартауы (3794 м);
Оңтүстік полюс үстінде таңның атуы мен күннің батуын жылына бір рет қана байқауға болады



1.Оқулықпен жұмыс, 222-226 беттері. Оқушылар дәптерлеріне қысқаша материк туралы конспект жазып алады.



Түсіну

5 мин



Мақсаты: Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қадағалау.
Оқулықпен жұмыс.
1 топ Антарктида материгінің географиялық орны
2топ Материктің пайдалы қазбалары
3топ Материктің климаттық белдеулері
4топ Материктің жер бедері
5 топ Материктің өсімдіктері мен жануарлары

Оқушылар топ болып тапсырманы орындайды, ойын еркін жеткізеді, тақырыпты түсінеді. Топтағы оқушылар материктің климатымен белдеулерімен танысады



Қолдану



5 мин

Мақсаты:
Алған теориялық білімді практикада қолдана білу.
Әр топқа тапсырмалар беріледі.
1 тапсырма. Кластерлеу арқылы материктің ерекшеліктерін көрсет
1-топ. Антарктида материгінің табиғатының ерекшеліктері.
2-топ. Антарктида материгінің географиялық орнының ерекшеліктері.
3-топ.Антарктида материгінің климаттық белдеулерінің бір бірінен ерекшелігі
4-топ.Материктің пайдалы қазбаларының ерекшеліктері
5-топ Материктің жануарларының ерекшеліктері
2 тапсырма. Антарктида материгінің климаттық картасын кескін картаға сызу



Оқулықтың көмегімен сызбаны толтырады.
Оқулықта берілген материалдарды пайдалана отырып, картамен жұмыс орындайды.

Сергіту сәті



2 мин

Сергіту сәті.
«Жұптық ойын».
Оқушылар жұптасып, қолдарын айқастырып, орындарынан тұрады. Бір біріне қарап тұрып, жылы лебіздерін, тілектерін білдіреді, мақтау сөздер айтып көңіл күйлерін көтереді.

Оқушыларға жалығып кетпес үшін сергіту сәтін жасату.
Оқушылар сергітуді орнында жасайды.

Талдау

5 мин

Мақсаты:
Оқушылардың ой- қиялдау дағдыларын жетілдіру.
Оқушылар «Антарктида материгінің климатын, өсімдік жануарларын басқа материктер мен салыстыру» тақырыбына эссе жазады.
«Ойтолғаныс» кезеңі.

Бұл жаттығу арқылы оқушылар шығармашылық қабілеттерін дамытады.





Жинақтау



8 мин

Мақсаты:
Оқушылардың салыстыру және негізгілерін ажырата алуын қадағалау.
Картамен жұмыс



Оқушылардың жаңа білімді игеру деңгейін тексеру барысында климаттық ерекшеліктермен танысады
Оқушылар топ ішінде бағдаршам арқылы өздерін бағалайды.

Қорытынды
Рефлексия

6 мин

1.Осы тақырыптағы өткен география пәнінен материалдар бойынша оқушылармен кесте құрастыру.
Үлгісі интерактивті тақтада беріледі.
2.Бүгінгі сабақ несімен ерекшеленді?

Не білдім?

Не ұнады?

Сабақтан алған әсерім













1. Мұғалімнің көмегімен оқушылар орындайды (ауызша айтып, тақтаға жазады)
2.Стикерге өз ойларын жазып, плакатқа іледі.



Үйге тапсырма

1 мин

Антарктида материгінің табиғаты.

Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.

Бағалау

2 мин

Мұғалім қорытынды бағаны өзі қояды.

Оқушылар бағалау критерийлері арқылы топтағы көршілестерін бағалайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет