Сабақтың тақырыбы : Мен мектепте не істеймін?Етістік. Сабақтың мақсаты: Білімділік



бет1/6
Дата11.01.2017
өлшемі1,42 Mb.
#6829
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
6 сынып Сабақтың тақырыбы: Мен мектепте не істеймін?Етістік.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: мектеп туралы алған білім-дағдыларын толықтыру, сөйлемнің мүшелері бойынша білімдерін нақтылау;

  2. Дамытушылық: сөйлеу, ойлау арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейту, өз ойларын еркін жеткізе білуге, сөздік қорын молайту, сөйлеу өнерін дамыту,

  3. Тәрбиелік: оқушылардың қазақ тіліне қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сөз әдісі, көрнекілік әдісі, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ой қозғау, жазылым, тыңдалым, оқылым .

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, тірек сызбалар.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу және оларды түгендеу. Слайд . Бүгін сабақтың тақырыбы қандай?: Мен мектепте не істеймін? Біз бүгін мектеп тақырыбы бойынша алған білімдерімізді қайталап, бекітеміз. Берілген мақалдың мағынасын кім ашып береді? Мектеп- кеме, білім –теңіз. Мектеп- білім беретін орын. Ал білім үлкен теңіз секілді. Біз мектепкке келіп, білім аламыз. Ал сендердің білімдеріңді бүгін Қамила бағалап отырады.

Сабағымызды сұрақтардан бастайық. Кезекші тақтаға шығып, сұрақтар қояды.

2. Тіл дамыту. 1. –Рудный қаласында неше орта білім беретін мектеп бар? -21

2. Соның ішінде неше қазақ мектебі бар? 3

3. Олардың нөмерлері қандай? 7 , 15, 19 мектептері

4. Ал неше гимназия бар? 3 2,5,10

5. Сендер қай мектепте оқисыңдар?

6. Мектепте асхана бар ма?

7. Кітапхана қай қабатта орналасқан?

Мұғалім: -Біздің мектепте асхана мен кітапхана бар ма?

3. Жеке жұмысын орындау. Енді біз грамматикалық тапсырмалар орындаймыз.

1. «Кітапхана» сөзіне морфологиялық талдау жасаңдар.

2. «Что делать?» сұрағын аударып жіктеңдер. 3. «Мен сабақтан кейін кітапханаға кітап оқуға барамын» -сөйлеміне синтаксистік талдау жасаңдар. 4.Суретпен жұмыс. Суреттерге назар аударайық. Бірінші суретте не бейнеленген? Сурет бойынша әңгіме құрастырасыңдар.



Мектеп асханасы

Суретте асхана бейнеленген. Біздің мектепте асхана бар. Ол бірінші қабатта орналасқан. Асханада үстелдер мен орындықтар тұр. Мен асханада тамақтанамын. Асханада қою, сұйық тамақтар және нан тағамдары пісіріледі. Мен палау, салат және шырын аламын. Мен тамақты үшінші сабақтан кейін үзілісте ішемін. Асханада пісірілген тамақ маған өте ұнайды. «Ас тұрған жерде, ауру тұрмайды»- деп халық бекер айтқан жоқ. Тамақты уақытында жеу керек. № 1 с.



М. Тамақты қашан жеу керек?



Каталог: uploads -> doc -> 006c
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
006c -> Сабақтың барысы: Мұғалім: Кіріспе сөз
006c -> Сабақ үрдісін жетілдіру Сабақ құрылымын нәтижеге бағыттай жоспарлау
006c -> Бағдарламасы әр түрлі графикалық кескіндерді салуға,оны өңдеуге мүмкіндік береді


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет