Сабақтың тақырыбы : Мен өскенде кім болам ? Сабақтың мақсаты



Дата18.02.2017
өлшемі82,67 Kb.
#10016
түріСабақ
Оңтүстік Қазақстан облысы,Түлкібас ауданы,

С. Бреусов атындағы жалпы орта мектебі.

Ашық тәрбие сабағы.


Мен өскенде кім болам?

Сыныбы: 4«А»

Пәні: Қазақ тілі

Мұғалімі: Турлиева Жанат Жанабайқызы.

Шақпақ баба ауылы.



Сабақтың тақырыбы : Мен өскенде кім болам ?
Сабақтың мақсаты :

Оқушыларды мамандық түрлерімен және маман иелерімен таныстыра отырып мамандық таңдай білуге үйрету . Кәсіптік бағдар беру


Жоспар :

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Жүректен жүрекке . (тренинг )

  3. Сөзжұмбақ шешу

  4. Мен өскенде кім болам ?

  5. Ойын « Балықшы »

  6. Ән шашу

  7. Ойын « Кім не істейді ? »

  8. Қорытындылау.«Біз болашақта...»


Тренинг : Сәлеметсіңдер ме , балалар ! Біз бүгін сендермен бірге «Мен өскенде кім болам ? » - атты ашық тәрбие сабағын өткізгелі отырмыз . Біз сабақты «жүректен жүрекке » - атты тренингпен бастайық .

(Әр бала жылы лебізін айту арқылы қолындағы гүлді көршілес балаға ұсынады)

-Балалар тақтаға қарайықшы , сендерге сөзжұмбақ жасырыныпты , қане шешіп көрейік .
1)Ала таяқ ұстаған ,

Жол тәртібін нұсқаған .

Өміріңді күзеткен ,

Ысқырығы күшті адам . ( милиционер )


2 ) Бал тамған мәзір ,

Ол бар жерде әзір . (аспаз )


3)Оқу білім бағдары ,

Заманының бағбаны . (мұғалім )


4)Өскен шашты жаратпаймын ,

Қайшым бар жалақтайтын .(шаштараз )


5)Келіп баған қасына ,

Өрмеледі басына .( Монтер )

6) Еңбек орны танабы ,

Сүйікті әні дала әні .

Егін салып мәпелеп ,

Асырайды қаланы , (дихан )

7)Өңкей сығай екі топта ,

Таласып жүр бір допқа . (футболшы )


8)Күміс қанат сұңқары ,

Көкке еркін сүңгиді .

Бұлттан да тым әрі ,

Кеткен жанды кім дейді . (ұшқыш )


- Ал енді оқыңдаршы балалар қандай сөз шықты .

- Мамандық деген сөз шықты .

- Мамандық дегеніміз не балалар ?



- Мамандық дегеніміз кәсіптің түрлері .

- Ал сендер мамандықты қайдан көріп жүрсіңдер ?



- Үйдегі ата – аналарымыздан , мектептен көріп жүрміз .

- Жарайсыңдар балалар , шынында да біздің мектебімізде толып жатқан мамандық иелері бар . Олар кітапханашы , мұғалім , есепші , электрик , тазалықшы , дәрігер т. б .көптеген мамандық иелері бар .

- Ал енді , тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Мен өскенде кім болам » - деп аталғандықтан , өскенде кім боламыз ? –осыған тоқталайық .

- Арай өскенде кім болғың келеді ?

-Техника тетігін , мен өмірге келтірдім .

Мен ерітіп құйғанмын , металдардың не түрін .

Металлург ер маман , бас иеді ел маған .

-Мен өскенде металлург болғым келеді . Біздің ел басымыз Н . Ә . Назарбаевта кішкентай кезінде , біз сияқты мұғалімнен дәріс алып , жоғарғы оқу орнына түсіп , ең алғашқы жұмысын темір балқытудан бастаған .

-Ой жарайсың Арай , сенің де Нұрсылтан атамыздай болашақта ел басқарып ,

ел басы болуыңа тілектеспіз .


  • Енді металлург мамандығын толығырақ түсіну үшін тақтаға назар аударайық .(Слайд көрсетіледі )

  • Малика , сен өскенде кім болғың келеді ?

  • Мен өскенде тілші болғым келеді .

  • Тілшілер не істейді ?

  • Тілші болу үшін көп еңбектену қажет , өлең оқып , тілдерін жаттықтырады .

  • Мен сіздерге Абай атамыздың «Ғылым таппай мақтан ба ? » - атты өлеңін оқып берейін .

Ғылым таппай мақтан ба

Ғылым таппай мақтан ба ,

Орын таппай баптан ба ,

Құмарланып шаттан ба ,

Ойнап босқа күлуге .

Бес нәрседен қашық бол ,

Бес нәрсеге асық бол .

Адам болам десеңіз .

Тілеуің , өмірің алдыңда

Оған қайғы жесеңіз .
Өсек , өтірік , мақтаншақ ,

Еріншек , бекер мал шашпақ –

Бес дұшпаның , білсеңіз .

Талап , еңбек , терең ой ,

Қанағат , рақым ойлап қой –

Бес асыл іс көнсеңіз .

Жамандық көрсең нәфрәтлі ,

Суытып көңіл тыйсаңыз .

Жақсылық көрсең ғибрәтлі ,

Оны ойға жисаңыз .
Абай :

Ел деп соққан жүрегі ,

Ұлы отанның түлегі .

« Полиция » қорғаның ,

Тыным таппай жүреді .

  • Мен өскенде полиция қызметкері болғым келеді .


Дәрігер :

Мен дәрігер боламын ,

Үлкеннің де баланың .

Қиналғанда қасына ,

Бірінші боп барамын .

Лилия :

Біз дәрігер , дәрігер ,

Ауруды емдеп жазамыз .

Науқас келсе әбігер

Боламыз да қаламыз .

Ұстаз : Бекжан .

Ұстаз болу – жүректің батырлығы ,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы .

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы ,

Азбайтұғын адамның алтын дығы .

-Мен өскенде ұстаз болуды армандаймын .
Наубайшы : Аида .
Ей балалар , балалар ,

Болмаңдар сірә нанға тар .

Өмірдің алтын арқауы ,

Бар қасиет нанда бар .

Нан қиқымын шашпаңдар ,

Жерде жатса баспаңдар .

Теріп алып қастерлеп ,

Торғайларға тастаңдар .

  • Мен өскенде наубайшы болып , неше түрлі тәтті нандар пісіргім келеді .

Кристина :

Өскен шашты жаратпаймын ,

Қайшым бар жалақтайтын .

- Мен өскенде шаштараз болғым келеді .



Дильназ :

Алға қойған мақсатпен ,

Армандарым көп менде .

Шыр көбелек айналар ,

Биші болам өскенде .


  • Ал олай болса , мың бұралған биші қыздарымыз қазақтың «Қара жорға » биін билеп береді, қабыл алыңыздар.

Би : «Қара жорға » .
«Балықшы » - ойыны .

Шарты :

Оқушылар бір – бірден шығып аквариумдегі балықтарды аулай бастайды . Ал ол балықтардың әр қайсысында сұрақтар жасырынған . Оқушылар балықтарды аулай отырып , сұрақтарға жауап береді . Сұраққа жауап бере алмаған оқушы балықты қайтадан суға жіберуі тиіс .

-Ал балалар , біз бүгін балықшы да болдық , биші де болдық , ал енді әнші болайық .

Жақында ғана қандай мерекені атап өттік ?

-Ұстаздар мерекесін .

-Өте жақсы балалар , ендеше ұстаздарға деген құрметпен орнымыздан тұрып , «Ұстазым » әнін орындап берейік .



Ән «Ұстазым »

Сабақты бекіту :

Балалар , Ыбырай Алтынсарин атамыз болашақты жақсы болжай білген десек артық айтпаған болар едік . Оны Ыбырай атамыздың мына өлеңінен байқауға болады .

Өнер білім бар жұрттар .

Лилия .

Өнер білім бар жұрттар ,

Тастан сарай салғызды .

Айшылық алыс жерлерден ,

Көзіңді ашып жұмғанша

Жылдам хабар алғызды .

Аты жоқ құр арбаны ,

Мың шақырым жерлерге

Күн жарымда барғызды .

Сәния .

Адамды құстай ұшырды ,

Мал істейтін жұмысты

От пен суға түсірді ,

Сусыздан сусын ішірді .

Теңізде жүзді балықтай ,

Дүниені кезді жалықпай .

Білгендерге осылар ,



Бәрі дағы қанықтай .
Ойын: «Кім не істейді ? »
Қорытынды :

« Біз болашақта » ... .

  • Балалар өскенде кім болғыларың келеді ? Өз ойларыңнан айнып қалған жоқсыңдар ма ?

-Апай «Мен өскенде кім болам » - деген сұраққа жауап ретінде өз ой , арман , тілектерімді мына кітапшаға жазып қойдым – деп оқушылар өздері жасаған кітапшаларды тақтаға келіп іледі .

Мұғалім :

Болмасаң да ұқсап бақ ,

Бір ғалымды көрсеңіз .

«Ондай болмақ қайда ? » - деп

Айтпа ғылым сүйсеңіз – деп Абай атамыз айтқандай , алға қойған мақсаттарыңа жетуге ұмтылып , елге қажетті мамандық иесі болуларыңа тілектеспін дей отырып , «Мен өскенде кім болам ? » - атты ашық тәрбие сабағын аяқтаймыз . Қош сау болыңыздар .





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет