КММ Убинка жалпы білім беру орта мектебі
Шемонаиха ауданы
Шығыс Қазақстан облысы
«Менің Отаным - ҚАЗАҚСТАН»
(Тәуелсіз Қазақстанның 25 жылдығына орай
4 сыныпта өткізілген қазақ тілінен ашық сабақ жоспары)
Екінші санатты қазақ тілі мұғалімі:
Тугумбаева Меруерт Салихқызы
2016 оқу жылы
6 желтоқсан
Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным - ҚАЗАҚСТАН
Сабақтың мақсаттары:Білімділік.Оқушылардың сұрақты саналы түрде түсініп, толық жауап беруін талап ету. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін меңгерту, өткен сөздерді пайдалана отырып, сөйлем құра алуға дағдыландыру.
Дамытушылық. Ауызекі сөйлеу тілін дамыту; лексикалық тақырып бойынша сөйлей алу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік. Туған өлкесіне деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ояту.
Сабақтың типі: дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың түрі: пысықтау сабақ
Пән аралық байланыс: тарих.
Сабақтың әдістері:Мәнерлеп оқу, сұрақ - жауап, аудару, даталарды түсіндіру, ойын, жаттау, жазу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, слайд, кесте.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
-
Амандасу
-
Кезекшімен сұхбаттасу
-
Фонетикалық жаттығу. Дыбыстарды әндетіп айту.
Сабақтың ұраны:
«Отан – жерім, Отан – суым,
Отан – қуат, нәр береді.
Отан – ұран, Отан – туым,
Отан мәңгі гүлденеді»
ІІ Пысықтау кезеңі: (Слайд)
-
Даталарды түсіндір! 1996
2006
20 жыл
1920 – 1925
1925 – 1929
1929 – 1997
1998
2.Сұрақ – жауап(слайд):
1. Қазақстан қандай мемлекет?
-
Қазақстан Республикасының Президенті кім?
-
Қазақстан Республикасының бас қаласы қандай?
-
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай?
-
Қазақстан Республикасының рәміздері.
-
Қазақстан Республикасының Туы мен Елтаңбасының түсі қандай?
-
Мемлекеттік Туда не бейнеленген?
-
Мемлекеттік Елтаңбаның ортасында не бейнеленген?
-
Мемлекеттік Гимннің авторлары кімдер?
-
Мемлекеттік Гимннің әнін кім жазды?
-
Қазақстанның неше астанасы болды?
-
Тәуелсіздік күні қашан тойланады?
3. Кестемен жұмыс (слайд): Төмендегі сөздердің қайсысы Республикамыздың қай рәмізіне сәйкес келеді? Кестені толтыр.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны
|
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы
|
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы
|
|
|
|
көк, шаңырақ, алтын, дән, төртбұрыш, пырақ, ерлік, қыран, жұлдыз, күн, елім, тәуелсіз.
-
Жазбаша жұмыс (слайд):Сөйлемдерді дұрыс құра.
-
әдемі, көп, Қазақстанда, қалалар, үлкен, және.
-
жағасында, Өскемен қаласы, орналасқан, Ертіс өзенінің.
-
25 жылын, тойлаймыз, біз, Тәуелсіздіктің.
-
Сергіту сәті:
Мынау - менің тауым,
Мынау - менің көлім,
Мынау - менің елім,
Туып өскен жерім!
5. Тіл дамыту кезеңі (слайд): Бұл қай қала? Әңгімеле (Өскемен, Астана, Алматы) слайд
6. Мәнерлеп оқу: «Отан» тақырыбына өлеңдер
7. «Хронолет» ойыны.
ІІІ Қорытынды: Отан деген не? Өз ойыңды дәлелде.
ІV Үйге тапсырма: Астана – бас қала (4 сөйлем
Достарыңызбен бөлісу: |