Сабақтың тақырыбы : ms excel кестелік процессорында деректер базасыню сұрыптау. Сабақтың мақсаты



Дата01.06.2017
өлшемі42,91 Kb.
#17376
түріСабақ
Сабақ жоспары
Сыныбы: 8 «Б» Күні: ___________

Сабақтың тақырыбы: MS Excel кестелік процессорында деректер базасыню сұрыптау .

Сабақтың мақсаты: Электрондық кестедегі деректер базасын немесе кему реті бойынша, параметрі бойынша, үнсіз келісім бойынша сұрыптауды үйрету.

Сабақтың міндеттері:

  1. Excel –де деректер жиынтығын өңдеу мүмкіндіктерін қамту;

  2. Өзіне баға бере отырып, білімін жетілдіру.

  3. Оқушылардың осы тарауда алған білімдерін жиынтық бағалау;

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру

Сабақтың түрi: Қорытынды сабақ

Қолданылған технологиялар: Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер (диалог, қалай оқу керектігін үйрету).

Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес білім беру және оқыту.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.



Қолданылатын әдіс – тәсілдер: «Қоржын», жеке жұмыс, білемін, білдім, білгім келеді.

Сабақта пайдаланатын көрнекi құралдар: интер. тақта, ДК, презентация, таратпа қағаздар, кері байланыс кестесі.

Пәнаралық байланыс: математика

Күтілетін нәтиже:

  1. Excel –де деректер жиынтығын өңдеу мүмкіндіктерін қамту;

  2. Өзіне баға бере отырып, білімін жетілдіру.

  3. Оқушылардың осы тарауда алған білімдерін жиынтық бағалау;



Сабақ барысы:


Кезеңдер

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу: Тренинг: Орныңды ауыстыр.



Оқушылар шеңберде отырады. Бір оқушы тұрып тұрады. Мысалы: Шашы ұзын оқушылар орын ауыстырыңдар дейді. Шашы ұзындар оырн ауыстырады. Сөйтіп қайталана береді.

Үй тапсырмасын пысықтау.

«Қоржын» әдісін қолданып үй тапсырмасын пысықтау.

Оқушылар параққа сұрақ жазып, қоржынға салады. Қоржын араластырылып, оқушылар парақ таңдап, сұраққа жауап береді.

Жаңа сабаққа дайындық

Тренинг: Сыныптағы оқушыларға сұрыптау жасау.

  1. Қара көзділер 1 қадам алға шығады.

  2. Оның ішінен ұзын шаштылар алға.

  3. Қара шаштылар алға.

  4. Бойы 160 см – 175 см аралығындағылар алға деп сұрыптау.

Оқушылар бір бұрышта тұрады. Әр тапсырма айтылған сайын оқушылар бір қадам алға шығып отырады. Сонында бір оқушы сұрыпталып шығады.

Жаңа сабақ

Интерактивті тақтада: MS Excel кестелік процессорында деректер базасын сұрыптау туралы толықтыру жүргізіледі.

Алдағы сабаққа дайындық арқылы білімдерін толықтырады.

Жаңа сабақты бекіту

Практикалық бөлім. Дербес компьютерде деректер базасын сұрыптау.

Оқушылар дербес компьютерде сақталынған ақпаратқа сұрыптау жасайды.

Сабақты қорыту

Сұрақтар: Блум таксономиясы бойынша сұрақтар

  1. Excel кестелік процессоры дегеніміз не?

  2. Excel-де деректер еңгізу, өңдеу қалай орындалады?

  3. Кесте бетінің таңбасын, атын өзгерту, құжатты сақтау әрекеттері қалай орындалады?

  4. Мәтін мен сан еңгізудің қандай айырмашылығы бар?

  5. Формула қандай математикалық белгімен басталып еңгізіледі?

  6. Автосумма дегеніміз не?

  7. Диаграмма құру қалай орындалады?

  8. Диаграмма құру неше қадамнан тұрады? Диаграмма типтерін атап бер?

  9. Тақырып, аңыз, тор дегеніміз не?

  10. Дайын сурет немесе фигура қою қалай орындалады? Қойылған сурет қалай өңделеді?

  11. Деректер базасы дегеніміз не?

  12. Деректер базасын сұрыптау дегеніміз не?

Оқушыларға сұрақ жазылған парақ таратылады. Сұраққа жауап беріп парақты қайырып келесі оқушыға береді. Соңында әр оқушы он екі сұраққа жауап береді.



Бағалау

Білемін, білдім, білгім келеді әдісі бойынша өтілген тақырыпты талдау.

Оқушылардың қабілеттеріне қарай жиынтық бағалау.

Үйге тапсырма:

«Excel программасына толық түсінік жазып келу.



Кері байланыс парағына білемін, білдім, білгім келеді әдісі бойынша оқушылар өз ойларын жазады.

Оқушылардың тарау бойынша алған білімдері формативті бағаланды.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет