Буркитова Акгуль Табылановна
Қарақия ауданы №4 орта мектептің тарих пәні мүғалімі
Сабақтың тақырыбы : «НЕ?ҚАШАН? ҚАЙДА?» интеллектуалды- танымдық сайысы
(Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен қызметі туралы)
Сабақтың мақсаты: 1 желтоқсан –Тұңғыш Қазақстан Республикасының Президенті күніне орай Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен қызметі туралы мәліметтерді қамтыған интеллектуалды сайыс арқылы оқушыларды Отансүйгіштікке, тәрбиелеу, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту; жан-жақты біліктілігін арттыру.
Сайыстың түрі: интелектуалды-танымдық сайыс
Сайыстың әдісі: сұрақ- жауап
Көрнекілігі: слайд-шоу, тұлғалар портерттері , тапсырмалар, түрлі- түсті картиналар.
Сайыс барысы:
Мәңгілік атты кеңістіктегі Мәңгілік Ел болу үшін жүргізілген үздіксіз күрес ығылым заманадан жалғасып қалың қазақ арғы-бергі бабаларын ұран қып шақырып, тектілік пен төреліктің төріне жеткен хандық туын көтерген Керей мен Жәнібекке өзін де, сөзінде, тарихында, тағдырын да сеніп тапсырды. Хан ұрпағы да халық алдындағы аманатына барынша адал болды. Уақыт айтар шындық сол!
Бүгінгі қазақ өзінде, сөзінде, тарихында, тағдырында Н.Ә.Назарбаевтың қолына сеніп тапсырған. Тапсырғанда 1991 жылдың 1 желтоқсанынан бері өткен барлық президенттік сайлауларда да сеніп келеді.
1 желтоқсан –Тұңғыш Қазақстан Республикасының Президенті күніне орай Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен қызметі туралы орай өткізгелі тұрған «НЕ?ҚАШАН? ҚАЙДА?» интеллектуалды- танымдық сайысқа қош келіпсіздер!
Сайыс әділқазылары:
1
2
3
Сайысқа қатысушылар: 10-11 сынып оқушылары
Жеребе арқылы топ аты анықталады.
Олар 4 топқа бөлінген:Қазақстан, Елбасы, Астана, «Мәңгілік ел»
Демек бұл мемлекеттің 4 қамал қорғаны
Сайыс кезеңдері:
І. Ойлан , тап!ойлануға 1 минут, қосымша жазуға 10 секунт беріледі.
ІІ. Есімдерін табыңыз
ІІІ.Музыка әлемінде
І.Ойлан тап!
1. 1989 жылғы маусымда КСРО халық депутаттарының І съезінде Кеңес қоғамының дағдарысқа ұшырау себептерін талдауға талпыныс жасалды. Осы жылы маусымда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып Нұрсұлтан Назарбаев сайланды. Ал 1990 жылғы 24 сәуірде ол Қазақ КСР-інің тұңғыш Президенті болып тағайындалды.
Сұрақ:Н.Ә.Назарбаев ресми түрде Қазақ КСР-інің тұңғыш президенті болып қашан сайланды? 1990 жылғы 24 сәуірде Қазақ КСР-інің тұңғыш Президенті болып тағайындалды.
2. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация» қабылдады. Онда республика өз аумағына, табиғи ресурстарына, суына ерекше меншік құқығын жариялады. Декларацияда сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері көрсетілді, халықаралық қатынастарда республиканың дербестік танытатыны айқындалды.
Декларацияның тарихи маңызы – республиканы толық тәуелсіздікке бастайтын шынайы қадам болды.
Сұрақ: Аталған декларация қашан қабылданды?
1990 жылы 25 қазан
3. Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді.
Сұрақ: Н.Ә.Назарбаев қашан өмірге келген?
1940 жылы 6 шілде
4. 1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
1973—77 жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы.
1977—79 жж. — Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы.
1979—84 жж. — Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.
1984—89 жж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.
1989—91 жж. — Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы,
1990 ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.
Сұрақ:Елбасы еңбек жолын 1960 жылы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.Елбасы алғашқы еңбек жолын қай қаладан бастады? (Теміртау )
5.*1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,78 %) жеңіске жетті.
*1995 ж. сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы ПрезидентіН.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.
*1999 ж. қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 % дауыс алып,Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.
*2005 ж. желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президентіболып қайта сайланды.[1]
*2011 ж. сәуірдің 3-інде сайлаушылардың 95,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.[2]
*2015 ж. сәуірдің 26-ында сайлаушылардың 97,7 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды\
Сұрақ: Президент сайлауы қанша рет өткізілген? (6 рет)
5. Н.Назарбаев бірқатар ғылыми еңбектердің және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері мен қоғамдық-саяси тақырып бойынша кітаптардың авторы
Сұрақ:Елбасы кітаптарын атаңыздар? «Ғасырлар тоғысында» (А., 1996), «Тарих толқынында» (А., 1997), «Бейбітшілік кіндігі» (А., 2002),«Сындарлы он жыл» (А., 2002),«Еуразия жүрегінде» (А., 2005), «Қазақстан жолы» (А., 2012),«Тәуелсіздік белестері» (А., 2012).т.б.
6.Елбасының дәйексөздері
“Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде.”
“Кеше болмағанның бүгін болуы мүмкін, бүгін болмағанның ертең болуы мүмкін, бірақ ана тіліне мән бермеушіліктің, оны құрметтемеудің орны толмас олқылықтарға соқтыратыны сөзсіз.”
“Ұлт пен тіл мәселесіне келгенде, ең бастысы, ұлттық оқшауланудан, томаға-тұйықтықтан қашу керек.”
“Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін.”
“Отаршыл заманды еске салып, халықтың намысына тиетін атауларды да, тілдің төл заңдылықтарын, табиғи үйлесімін бұзып тұрған атауларды да өзгерту керек.”
Сұрақ: Аталған Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың дәйексөздерінің негізі түйіні (қазақ тілі)
7. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиясы мемлекет дамуының басым бағыттарын айқындады.
Сұрақ: 2006 жылғы халыққа Жолдауында Қазақстанның бәсекеге қабілетті қаншаелдің қатарына кіру стратегиясы белгіленген. (елу ел)
8. Қысқа мерзім ішінде халықаралық ынтымақтастық тұжырымдамасын қалыптастырды. Оның көптеген бастамалары кең халықаралық жаңғырық тапты әрі мойындалды. Мәселен, Семей ядролық полигонын жабу, ядролық держава мәртебесінен бас тарту, жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі дәйекті қызмет, т.б. Назарбаев ТМД, ОАО, Кеден одағы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ), Еуразия одағы сияқты халықаралық құрылымдарды дүниеге әкелудің бастамашысы.
Ол БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында құруды ұсынған Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) іс жүзінде жұмыс істей бастады.
Сұрақ: Назарбаев мәдениеттердің, діндердің, өркениеттердің жүйелі сұхбаттасуын жолға қоюға көп көңіл бөледі. Қашан Астанада әлемдік діндер көшбасшыларының съездері табысты өтті?( 2003, 2006 жылдары)
9. Президент лауазымдары мен мансаптары
Экономика ғылымдарының докторы (1993)
ҚР Ұлттық ғылым академиясының (1995) және басқа да ғылыми мекемелер мен шетел оқу орындарының академигі
Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы
Қазақстанның Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы
Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы
Нұр Отан Халықтық-демократиялық партиясының төрағасы
Дүние жүзі қазақтары ассоциациясының төрағасы
Орталық Азия мемлекеттері Достық қорының құрметті төрағасы
Сұрақ: 2010 жылдың 14 қаңтарында ЕҚЫҰ-нің бас төрағасы болады. ЕҚЫҰ-ының 10 жылдан кейінгі Саммиті қайда, қашан өтті? (Астана, 2011жыл1-2 желтоқсан)
10. Бірнеше жыл Халықаралық Аралды құтқару қорын басқарды
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.
Сұрақ: Н.Ә. Назарбаев – Қазақстанның ең жоғары ерекшелік белгісі қандай орденмен марапатталған? ( ерекше үлгідегі «Алтын Қыран» орденімен)
Әділқазылар шешімі
ІІ кезең
Есіңе түсір: мәтінде жазылмай кеткен Н.Ә. Назарбаевтың еңбектері тауып , жазыңыз.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еңбектері.
1. 1993 жылғы 9 қазанда ...............................................................................................еңбегі жарияланды. Бұл еңбегінде Қазақстанға жаңа үлгідегі идеологияның қажеттілігі бар ма, жоқ па деген талас төңірегінде нақты пікір айтты:
*"Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде”
2. 1996 жылы ..............................................................................................еңбегі жарияланды: Бұл еңбегін Н.Ә. Назарбаев Кеңестік жүйе мен демократиялық кезең аралығын суреттейді.
Маңызы: Екі кезең тоғысындағы саяси мәселелерге айқын түсініктеме берілген.
*«Ғасырлар тоғысында»
3. 2003 жылы .................................................................еңбегі жарық көрді. Еңбекте қазіргі таңдағы әлемдік проблемалар көтерілді. Ең бастысы – есірткіге қарсы күрес мәселесіне тоқталды.
Маңызы: Әлемдік проблемалар көтеріліп, оны шешу жолдары қарастырылды.
* « Сындарлы он жыл»
4. 1997 жылғы қазанда Прзеидент Н.Ә. Назарбаевтың жарияланды. Қаралған мәселелер:
1. Экономикалық дағдарыстан шығу жолдары.
2. Реформаларды аяқтау.
3. Алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосылу.
4. "Қазақстан барысын” қалыптастыру.
Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары, республиканың дамуының ерекшеліктері айтылды. Бұл бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген.
\Ұзақ мерзімдегі 7 басымдық:
1. Ұлттық қауіпсіздікті сақтау.
2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын нығайту.
3. Нарықтық қатынастар негізінде экономикалық өсу.
4. Қазақстан азаматтарының денсаулығының білімі мен әл-ауқатын көтеру.
5. Энергетика ресурстарын жете пайдалану.
6. Инфрақұрым, көлік, байланысты дамыту.
7. Демократиялық кәсіби мемлекет құру.
* «Қазақстан-2030» жолдауы
Әділқазылар шешімі
ІІІ.Музыка әлемінде
Сұрақтар :
Музыка тыңдалады. Әннің орындаушылары, авторлары кімдер?
Қазақтың алғашықы хандары Керей мен Жәнібек хандар қазақ хандығының туын тіккен аумақ Жетісудың батысы Қозыбасы тауы еді, атақты Үшқоңыр жайлауы қырғыз жерімен шектесетін. Мұнда анызға қарағанда Керей хан тұрған. Аталған Үшқоңыр туралы қандай ән бар? Оның орындаушылары, авторлары кімдер?
Құм басқан қалалар мен тұншыққан дәуірлер қолтығының астында қалған, көшпелі көсем жұрттың кешегі қалғып кеткен кезеңдерін ұйқысынан оятқан ХХ ғасырдың соңында «аруағынан ат үріккен» сайын сахараның «өлгенін, өшкенін қайта жаққан» Тәуелсіздік заманында да қара орман жұрттың бесікке үкі тағып, өзінде, сөзінде, тағдырында, тарихында тапсырған ұлы тұлға Н.Назарбаев Халқына арнап «Елім менің» өлеңін жазған. Осы өлеңнің музыкасын жазған және орындаған кім?
Орнаған Еуразия кіндігінде,
Білмейді Астананы кім бүгінде?!
Бастаған ұлы көшті елордаға ,
Ерлігі Елбасының жыр бүгінде.
-дей келе , Астанамыздың ортағасырлық астана болған Бозоқ қаласының маңына орналасқаны белгілі . Астана қайда орналасқан, ол туралы елбасы жазған қандай өлең бар? Ол өлеңге кім ән жазды? Қазір оны қай топ айтады?
Әділқазылар қорытындысы
Қорытынды:Махамбетшілеп айтқанда «еңку-еңку жер шалып, тебінгісін терге шірітіп, терлігін майға ерітіп», ен даланың ендігі мен бойлығын ереуілді замандардың ұранымен көмкерген , жан алысып, жан беріскен, Ел болу үшін үздіксіз күрескен , осынау бабадан балаға жалғасып, мұра болған ұлы байтақты жатжұрттықтардан білегімен, білік-білігімен де қорғайда білген , «ат жалы, түйе қомында» жүріп, қырандай қалқып, қанатын қомдай білген, семсерін сілтеп, садағын толғай білген көне жұрттың көп ғасырлық тарихы мен тағдыр талайы бізге заманалар дауылы мен сүреңі қабырғасын қатайтып, буынын бекіткен ұлт өз мінезі мен рухының мықты болғанын айтады.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев өз халқына түпкі мақсат, межелі міндет етіп ұсынған «Мәңгілік ел» атты ұлттық бағдарлама төркінінде Отанымыздың өткені мен бүгінін саралай келіп, ел сенімінің бекуіне, ұлттың өзін-өзі танып білуіне ықпал етер, жаһандану жағдайында Тәуелсіздік атты басты құндылығымызды сақтауға жұмылдырар Ұлт рухы дейтін тұмарымыз тұр. Ұлт рухымыз биіктігі жастарымыздың қолында.
Сайысты Елбасы сөзімен аяқтаймын:
«Бірлік қағидасы- әрбір азаматтың өмірлік ұстанымына айналсын! Жүрегімізде Ұлы Отан –Мәңгілік Елге деген махаббат оты маздасын!Баянды болашаққа бірге қадам басайық! Ырысымыз тасып, айбынымыз аса берсін! АЛҒА, ҚАЗАҚСТАН!» .
«Егемен Қазақстан» газеті мен интернет материалдары пайдаланылды.
«№4 орта мектебі» мемлекеттік мекемесі
1-желтоқсан –Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні
«Не?Қашан?Қайда?»
интеллектуалды – танымдық сайыс
10-11 сыныптар
Пән мұғалімі: Буркитова А.Т.
Тарих пәні мұғалімі
2015 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |