Орындаған : Мұқият А. Тексерген: Акитбаева Н. К. Өскемен қаласы, 2020 жыл



Дата07.02.2022
өлшемі18,29 Kb.
#84361
Байланысты:
Топпен жұмыс.мысал
2022 сливы

Қазақстан республикасы білім және ғылы министірлігі С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Жаратылстану факультеті

Тақырыбы: Топпен жұмысты Сіз тәжірибеңіздің бір бөлігі ретінде қолданасыз ба? Бірнеше жаңа мысалдар келтіріңіз.

Орындаған : Мұқият А.
Тексерген: Акитбаева Н.К.


Өскемен қаласы, 2020 жыл
Мұғалімдер оқытудың диалогтік әдістерін енгізуге арналған тәсілдерді тиімді педагогиканың бөлігі ретінде қарастырады. Мысалы, жауап алу және топпен жұмыс жасау арқылы. Тиімді педагогиканың басты тәсілі – әр оқушыны жеке тұлға ретінде қарастыру.
Мұғалімнің міндеті барлық оқушылардың білім алу, мақсатқа жету мен сынып өміріне қатысу қабілеттерін арттыру үшін оны тұлға ретінде дамытуға ерекше назар аудару болып табылады.
Топ – бұл ортақ мақсатқа жету үшін құрылған адамдар тобы. «Топтық жұмыс» термині-өзара іс-әрекет жасалып,соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге бағытталған іс-әрекеттің құрылымы.
Топтық жұмыстың мақсаты-оқыту мен оқу тәсілдері арқылы проблемаларды шешу тапсырмаларда орындау барысында оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуі.
Топта жұмыс жасау үшін: Жақсы тыңдап білу. Күшті жетекшілік қасиеттер. Тиімді байланыс орнату. Міндетті тең бөлісу. Бірігіп жұмыс жасауға ұмтылу. Алға қойылған мақсаттар мен міндеттер.
Топта жұмыс жасауда кездесетін кедергілер: Шамалы қарым - қатынас. Дұрыс тыңдап білмеу .Шамалы жетекшілік. Топқа тартылысы жоқ. Мақсатты дұрыс түсінбеу. Міндеттерді тең бөліспеу. Сәтті. Сәтсіз.
Топтық жұмыс жеке шешуге болатын тапсырмаларды емес, анағұрлым күрделі тапсырмаларды топ болып шешуді көздейді.
Топтық жұмысты ұйымдастырудың артықшылықтары:
Игеретін материалдардың көлемі мен оларды түсіну қажеттілігі артады
Жаппай оқытуға қарағанда,жаңа ұғымдарды, түсініктерді,дағдыларды қалыптастыруға аз уақыт жұмсалады.

  • Оқушылардың танымдық белсенділігі мен шығармашылықпен жұмыс істеуі артады.

  • Оқушылардың өзара қарым-қатынасы жақсарады.

  • Өзіне сын көзбен қараушылық артады, сыныптастарымен жұмыс істеп үйренген оқушы өзінің қабілетін дұрыс бағалай біледі және жақсы бақылай алады. Өмірге қажетті дағдыларға үйренеді.

  • Мен топқа бөлуде көптеген әдіс тәсілдерді қолданамын:

  • Қағаз қиындылары арқылы топқа бөліну.Жыл мезгілдері,жануарлар,құстар немесе басқа да суреттерді үшке,төртке,беске (неше топқа бөлуді жоспарлауыңызға қарай) қиып,араластырып оқушыларға таратылады.

  • Оқушылар сол қиындылардан суретті құрастырып,сол сурет бойынша бірігіп,топқа бөлінеді.Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөліну.

  • Ойындар арқылы топқа бөліну Тұрғын және үй ойыны,т.б

  • Қорытындылай келе айтарым, әрбір сабақта топтық жұмыс арқылы бірлесе әрекеттенген тиімді екенін түсіндім .Бұл ұстаным – құрастырылған білімнің басты идеяларының бірі. Осы бағытты ұстанған оқу/үйрену жобаларының барлығы да бірлескен әрекеттерді үйренудің негізі деп танимын. Ж.Пиаже бұл туралы былай жазады: «Адамның ақылы өзін таниды, яғни, психологиялық тілмен айтқанда, басқа заттармен немесе басқа ақылдармен қатынаста ғана болады».Адамның санасы тек басқа адамдармен қарым – қатынаста ғана дамиды, тек қарым – қатынас әрекеттері ғана бізді жаңа түсінікке әкеледі. Ал қарым – қатынас дегеніміз өзімізді басқаларға (олардың пікіріне, идеяларына, көзқарасына, мінезіне) бейімдеу деген сөз. Топтық жұмысқа барлық дерлік оқушылар қатысады, өйткені берілген тапсырма бірлескен жұмыс арқылы ғана орындалуы тиіс. Әр оқушы идеяларды келтіру мен оларды талқылау, таңдау және шешім қабылдау ісіне белсенді қатысады: топтық жұмыста әрбір пікір мен көзқарас құнды.Топтық жұмыс оқушыларға сезім бірлескен жұмыстың қызықты әрі тартымды әрекет екендігін көрсетеді, оқушылардың жалпы еңбекке деген ынтасын арттырады.

  • Сөз соңында Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсаринің нақыл сөзімен аяқтағым келеді. «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені жақсы мұғалім-мектептің жүрегі» “Ал оқушы болашақтағы ізденуші” деген.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет