«Білгір болсаң тауып көр»
Яссауи шығармасындағы сақтандырған 5 нәрсемен таныстыра отырып,кімнің даналық ойымен сәйкес келетіндігін анықтау,кестені толтыру:
|
Йасауи
|
|
Абай
|
1
|
Алланың ақ жолын мойындамаудан сақтан.
|
1
|
Өсек.
|
2
|
Менмен,тәкаппар болма.
|
2
|
Өтірік.
|
3
|
Дүние –мүлік үшін арыңды сатпа.
|
3
|
Мақтаншақ.
|
4
|
Арамдықтан аулақ бол.
|
4
|
Еріншек.
|
5
|
Еріншек болма.
|
5
|
Бекер мал шашпақ.
|
Оқушылар осылай кесте толтыртып, олардан Абай мен Ахмет ілімінің үндестігінің бар, жоқтығын, бізді қандай жақсы қасиеттерге тәрбиелейтінін сұрау.
Бағалау критерийлері:
1. Қожа Ахмет Яссауи даналық ойлары Абай ойларымен үндес екенін біледі.
2.Өз пікірлерін дәлелді жеткізе алады.
Жұптық тапсырма
«True-False» әдісі
№
|
Атауы
|
Дұрыс
|
Дұрыс емес
|
1
|
Түркістан жерінде дүниеге келді
|
|
|
2
|
Ұстазы Арыстанбаб
|
|
|
3
|
Мерке қаласында ұстаздық еткен
|
|
|
4
|
«Ақиқат сыры» Қожа Ахмет Йасауидың шығармасы
|
|
|
5
|
Ахмет Яссауи кесенесін салдырған Ақсақ Темір
|
|
|
True-False» әдісі
№
|
Атауы
|
Дұрыс
|
Дұрыс емес
|
1
|
Түркістан жерінде дүниеге келді
|
+
|
|
2
|
Ұстазы Арыстанбаб
|
+
|
|
3
|
Мерке қаласында ұстаздық еткен
|
+
|
|
4
|
Қожа Ахмет Йасауидың шығармасы
Ақиқат сыры
|
|
+
|
5
|
Ахмет Яссауи кесенесін салдырған Ақсақ Темір
|
+
|
|
|
Мұғаліммен амандасады.
|
(Бағалау түрі шапалақ ұру)
Смайлик стикерлері арқылы бағалау
Басбармақ арқылы бағалау
|
Платформа бейне байланыс.
|
Сабақтың соңы
5-7 минут
|
Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады.
Туындаған сұрақтарға жауап береді. Оқушы жұмысын қарайды, бағалайды.
Үйге тапсырма Қожа Ахмет Яссауи жайлы Ізденіп келу
|
|
|
Тапсырма орындау
|
Кері байланыс
1-2 минут
|
«TikTok» әдісі бойынша сабақты қорытындылау
|
Оқушы өз пікірін білдіреді.
|
|
Кері байланысты бағалау және сипаттау.
|
1.Ахмет Яссауи өмірі жайлы мағынасын ашу
Аты мұсылман әлеміне әйгілі, сопылық әдебиеттің ірі өкілі, кемеңгер, ойшыл ақын Қожа Ахмет Яссауи (1103-1228) артына мән-маңызы өшпейтін елеулі де асыл мұра қалдырды. «Диуани хикмет» атты өлең тілімен жырлайтын туындысы қанша ғасырлар өтсе де, өзінің өміршең құндылығымен мұсылман әлемінде жарық жұлдыздай ел-жұртқа аумас бағыт беріп келеді. Бұл аты шулы жинақ несімен құнды, оның мәңгілігі неде десек, ең алдымен, оның терең адамгершілікке құрылған дүнияуи мәселелердің сыр-сипатын айқара ашып түсіндіріп, бұл өткінші жалғанда неден үйреніп, неден жиіркену жолдарын көрсету деп жинақтай айтуға болар еді. Ал, тарата бағамдасақ, адам өміріндегі әр алуан қарым-қатынас: мансап пен нәпсі, қорлық, байлық пен кедейлік, әділеттік пен зұлымдық, ынсап пен қанағатшылдық, адамгершілік пен ізгілік, тәубашылдық пен имандылық секілді меселелердің сыр-сипатын ұғып білу арқылы Алла Тағаланы танудың жолдарын саралау, соған шын көңілден мойынсұну көріністері дер едік. Осы талаптарға орай ғұлама-ақын бұл өмірдің баянсыздығы мен ол дүниенің бақилығын (мәңгілігін) өз ара қарапайым тілмен салыстыра отырып, адалдық пен әділдіктің, мейірімділік пен қайырымдылықтың, тәубаға келу мен кешірімділік, адамгершіліктің имандылыққа бастайтынын бұлтартпас дәлелдер арқылы айғақтайды. Бұларға қарсы жауыздық пен зұлымдық, өтірік-өсек, надандық пен тойымсыздықтың кешірілмес күнә екеніне де зер сала үңіледі. Осы соңғылардан арылу, тазарудың міндет-мақсаттарын ашып пайымдауға да ол үлкен мән береді.
Жас Қожа Ахмет Яссауи қазіргі Шымкент қаласы жанындағы Сайрам елді мекенінде туып, сондағы ауылдық молдадан дәріс алған. Жастық шағы да сонда өткен. Әкесі Ибраһим өз кезеңінің сауатты, көзі ашық білімді, діндар адам болған. Анасы Қарашаш (енді бірде Айша деп те айтылады) елге қадірлі, ақылды да-аяулы адам болған делінеді. Ел-жұрт бұл кісілер дүниеден өткенде, екеуіне де күмбез тұрғызып белгі соққан, осы ескерткіштер әлі күнге дейін Сайрам елді мекенінде сақталған. Аңыз бойынша, жас Қожа Ахмет Яссауи ұстазы Арыстан Бабпен алғаш жолығып, Мұхаммед пайғамбардың өзіне арнаған құрмасын алатын көпір де сол Сайрам елді мекенінде. Алайда Қожа Ахмет Яссауидің Сайрамдағы жастық шағын баяндайтын деректер жоқтың қасы. Десек те Қожа Ахмет Яссауидің жастық шағы мен ата-бабалары туралы қызықты деректері бар бір құнды шежіре кейінгі жылдары табылды. Осы шежіре бойынша басылған «Шажараи-Саодат» атты кітапшада бұрынғы біз жариялаған «Насаб-намедегі» секілді Қожа Ахмет Яссауидің әкесі Ибраһим атаның арғы бабалары Мұхаммед пайғамбардың інісі әрі күйеу баласы Әзіреті Әлидің Мұхаммед Ханафия атты ұлынан тарайтыны айтылады. Бұл аталған шежіре 90-жылдардың бас кезінде Сайрам қаласындағы ескі, бұзылған үйдің қабырға жапсарынан табылған. Тапқан Сайрамдық Саидикрам Саидакбаров деген кісі. Кейін бұл алты метрлік Қытай қағазына жазылған қолжазба Шымкент қаласында жеке кітапша болып басылды. Мұнда Қожа Ахмет Яссауидің жастық шағы мен алғашқы оқыған ұстазы жөнінде бұрын ешбір деректе ұшыраспаған тың мәліметтер келтірілген
1396 жылы Орта Азияның билеушісі Ақсақ Темір Қожа-Ахмет Яссауидің ескі мазарының орнына жаңа кесене салу жайлы бұйрық береді. Орта ғасырларда бой көтерген ең керемет сәулет өнерінің бірі саналатын аталмыш кесенеде Қазақтың 21 ханы жерленген деседі. Кесене салынып жатқан кезде қайта-қайта құлап қала берген екен. Сонда Ұлы Билеушінің түсінде бір ақсақал аян беріп, "Қожа-Ахметтің Арыстан атты ұстазы болған. Сондықтан әуелі Арыстанға, сосын ғана шәкіртіне кесене салыңдар" депті. Бұл түсті көрген Әмір Темір көріпкелдерін шақыртып алып, түсін жорытады. "Арыстанның қабірін қалай табамын?" деп олардан ақыл сұрайды. Көріпкелдері "Жұма намаздан соң Қожа Ахмет Яссауидің қабірінің басына екі құс келіп қонақтайды, сол құс ұшып, ұстазы Арыстанбабтың басына барады, осылайша табасың" деп айтқан екен. Арыстанбабтың сүйегі жерленген жер осылайша табылғанға ұқсайды.
Арыстанбабтың жерленген жері жөнінде тағы да бір қызық аңыз бар. Арыстанбаб қайтыс болмай тұрып, тірі кезінде Қожа Ахмет Ясауиге "Менің саған айтар аманатым, жасым келді, қартайдым. Қайтыс болсам жаназамды сен оқисың. Жас та болсаң сен тегін адам емессің. Пайғамбарымыздың (с. ғ. с) аманат жіберген адамысың. Менің жаназамды оқысымен күн батыс жақтан бір ақ түйе келеді. Соған денемді артып, басын бос қоя сал. Түйе қайда барып шөксе, сол жерге сүйегімді жерле" деп айтыпты. Сол аманат бойынша Арыстанбабтың жаназасына жиылған адамдар ақ түйенің соңынан ереді де отырады. Түйе Отырар өңірінің батыс жағына келіп шөгеді де, сол жерге Арыстанбабтың сүйегі қойылады. Арыстанбаб Түркістанда қайтыс болғанымен Отырарда жерленген.
Жоғарыдағы әңгімеге қайта оралайық. Әмір Темір Түркістаннан кірпіштерді тасытып, Арыстанбабтың басына үлкен күмбезді кесене салдырыпты. Содан кейін ғана Қожа-Ахметке арнап салынып жатқан кесене құламапты да, әміршінің тірлігі алға басыпты.
«Диуани хикмет» әрбір адамды имандылыққа, ізгілікке, жоғары адамгершілік қасиеттерге жетелейтін құдіретті күш, айқын бағдарлама деуге болады. Қожа Ахмет Йасауи әрбір адамның қадір-қасиетін, өмірде алатын орнын оның ішкі жан дүниесінің тазалығымен өлшейді. Адамның өз бойындағы ізгі адамгершілік қасиеттерді ұдайы жетілдіріп отыруы немесе бүкіл адамгершілік қасиетінен жұрдай болуы сол кісінің имандылығына байланысты деген түйін жасайды. Ал имандылық дегеніміздің өзі Алланың құлына ғана тән, адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеп, оны құдай жолына салып отыратын киелі күш деп түсіндіреді. Ақынның айтуы бойынша, имандылықтың ең басты көрінісі – мейірімді, кешірімді, өзгелерге жанашырлықпен қарау болып табылады. «Диуани хикметте» әрбір адамға қажетті қанағат-ынсап сезіміне ерекше мән беріліп, нәпсіні тыя білу мұсылмандықтың басты шарттарының бірі екенін ақын оқырманға қайта-қайта ескертіп отырады. «Ақыл кітабы» адамның ішкі жан-дүниесінің түрлі теріс ой-пиғылдардан, жаман ниеттерден таза болуын талдап, Алла алдында пәк, кіршіксіз болуға шақырады.
Конец формы
Мазмұны
1. Қожа Ахмет Яссауидің өмірі
2.Ахмет Яссауи кесенесі
3. Қожа Ахмет Яссауидің шығармалары.
4. «Диуани Хикмет» еңбегі.
Достарыңызбен бөлісу: |