БАЙБУЛОВА Батима Жауынбаевна – Ақтөбе облысы
Мұғалжар ауданы Құмсай ауылы Құмсай орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі
ӨСІМДІКТІҢ
КӨБЕЮ
МҮШЕЛЕРІ
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктің көбею мүшелері.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жасыл әлем жайлы білім деңгейлерін саралау, тексеру, пәнге деген қызығушылығын арттыру, қабілетін дамыту, табиғат сұлулығын түсінуге, туған өлкенің өсімдіктерін күтіп-баптауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: қорытынды қайталау сабағы
Сабақ әдісі: ойын сабақ
Сабақ көрнекілігі: слайд, карточкалар, кеппешөптер, муляж, жетондар.
Сабақ барысы:
Ι. Ұйымдастыру бөлімі
Кел балалар ойнайық,
Ойнайықта, ойлайық!
Қандай сұрақ болса да,
Шешпей оны қоймайық!
Оқушыларды екі топқа бөлемін. Ι топ «Қызғалдақ»
ΙΙ топ «Раушангүл»
I кезең. «Жылдам жауап» (әр дұрыс жауапқа 1 ұпай)
1) Мүше деген не? (өзіндік құрылысы бар белгілі бір қызмет атқаратын организмнің бір бөлігі )
2) Өсімдіктің мүшелері неше топқа бөлінеді?
(2, өсімді (вегетативті және көбею (генеративті)
3) Өсімді (вегетативті) – тамыр, сабақ жапырақ
көбею (генеративті) – гүл, жеміс тұқым
4) тамыр түрлері (өсімдіктің жер асты мүшесі) (негізгі, жанама, қосалқы)
Тамыр жүйесі екіге бөлінеді (кіндік тамыр) (негізгі тамыр жоқ – шашақ тамыр)
5) Сабақ – өсімдіктің жер асты және жер үсті мүшелерін жалғастырып тұратын тірек.
Сабақ түрлері – тік , жатаған, шырмалағыш, өрмелегіш, жабысқақ, қысқарған сабақ.
6) Жапырақ – өсімдіктің өсу мүшесі.
а) жапырақ сабаққа қалай бекінеді? (сағақпен, сағақсыз)
б) жай жапырақ дегеніміз не? күрделі жапырақ дегеніміз не?
Берілген сөйлемнен гүлге қатысты сөздерді табыңыз.
I-топ “Бүгін Гүлжәмила маған бір тостаған шай мен бір қасық май әкелді, шайын ішіп, майын аузыма, мойныма жақтым”.
II-топ “Майгүл Серікке ана лық толып тұрған қаптың аузындағы жіп шешіліп кетпесін”, -деді.
II кезең. Кеппешөптермен жұмыс.
Ι топ «Қызғалдақ» кеппешөптерден кіндік тамырлары бар өсімдіктерді таңдап алады.
ΙΙ топ «Раушангүл» - шашақ тамырлы өсімдіктерді таңдайды.
III кезең. Муляжбен жұмыс. Оқушылар өсімдіктің көбею мүшелеріне не жатады? (гүл, жеміс, тұқым)
Мына гүлдің муляжынан гүлдің мүшелерін атап беріңдер.
Ι топ «Қызғалдақ» - гүлдің сыртқы мүшелерін
ΙΙ топ «Раушангүл» - гүлдің ішкі мүшелерін
IV кезең.«Біліміңді тексер» (Берілген сипаттамалар гүлдің қай бөлігіне тән екенін гүл бөлігінің бас әріпін қойып белгілеңдер)
1) Гүлдің дәл ортасында орналасқан (Ж)
2) Тозаң ұясы бар (А)
3) Хош иісті (К)
4) Мойны бар (Ж)
5) Ұшы ілмекке айналған (Т)
6) Гүлсеріктің ішкі бөлігі (К, Т)
7) Жапырақ сағағына ұқсаған (Г, С)
8) Гүл сағағының кеңейген жері (ГТ)
V кезең «Кім көп біледі» Қоржынға салынған көкөністер мен жемістердің муляждарын алып сипаттап бер.
VI кезең «Есімдерді ата» Ι топ – «Гүлден басталатын»
ΙΙ топ – «Гүлмен бітетін»
VII кезең «Сызықтық диктант» (слайд)
VIII кезең «Анаграмма» көкөніс аттарын дұрыс жазылуын реттеп жазыңыз. (бұрыш, тұрып, баклажан, қызылша, сәбіз, қызан, жуа, көкорам, қияр)
IΧ кезең. Мақалды аяқта
Гүл патшасы – раушангүл
Сабағы жаман жемістің
Дәні де жаман.
3. Ағаш тамырынан – су ішер
4. Қыз өссе – елдің көркі,
Гүл өссе – жердің көркі
5. Бір тал кессең, он тал ек.
6. Білім басқа бітеді,
Қына тасқа бітеді.
7. Арпа, бидай ас екен,
Алтын, күміс тас екен.
8. Өсер жастың алдын кспе,
Өсер ағаштың басын кеспе.
Χ кезең. Жұмбақтар сайысы
1. Жазда тұрып жоғары,
Күзде жерге қонады. (жапырақ, листья)
2. Аспай піскен, қайнамай түскен. (жеміс, фрукты)
3. Сырты тас, іші ас. (жаңғақ, орех)
4. Жре астында жез қазық. (сәбіз, морковь)
5. Ұзын мұртты сарылар,
Қойынында наны бар. (бидай, пшеница)
6. Көк ала шапан киеді,
Күннің көзін сүйеді. (қарбыз, арбуз)
7. Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызыл дәу жатыр. (қызылша, свекла)
8. Қасына келсең жылайсың,
Ащы деп те сынайсың.
Келмейін деп ойласам,
Керек деп өзің сұрайсың. (пияз, лук)
Үйге тапсырма: реферат «Менің сүйікті жемісім».
Достарыңызбен бөлісу: |