Технология пәні.
6 - сынып 20.10.2015жыл.
Сабақтың тақырыбы: Ою-өрнектердің қолданылуы.
Сабақтың білімділік мақсаты: Қазақ халқының ою-өрнек түрлерімен таныстырып жасалу жолдарын үйрету, ою-өрнектерін дайындау туралы түсіндіру.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушылардың талпынысын сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін қажетті оюларды өз бетінше сызып оюға бағыт беріп. Қол икемділігін дамыта отырып шеберлігін дамыту.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: халық мұрасы ою-өрнектер туралы түсінік беру, оның түрлерімен оқушыларды таныстыра отырып, оқушыларды ұлттық салт - дәстүрлерімізді сақтауға және сәндікке, шеберлікке, жүйелілікке, білімдерін шеберлікпен пайдалана білуге тәрбиелеу. Сабаққа қажетті құрал - жабдықтар: қатты қағаз, қалам, өшіргіш, қайшы, фломастер. Сабақта қолданылатын әдістер: әңгімелесу, түсіндіру, ауызша баяндау, графикалық әдіс, көрнекілік көрсету, практикалық жұмыс
Сабаққа қажетті көрнекіліктер: слайдтар, схема, өрнек үлгілері, суреттер, ою - өрнек түрлері, ою - өрнекті дайындау жолдары.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың пәнаралық байланысы: тарих, қазақ тілі, сурет, сызу,
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) сәлемдесу,сабақтағы оқушыларды түгелдеу;
ә) сабаққа дайындығын тексеру. б)тест сұрақтарын тарқату. II. Өткен сабақты қайталау.
Үйге берілген тапсырманы сұрау, оқушыларға сұрақ қою, тест тапсырмаларына жауап беру.
III. Жаңа сабаққа дайындық.
Қолөнер бұйымдарын еске түсіру (сандық, домбыра, киіз, кілем, ұлттық киім, зергерлік бұйымдар т. б.)
IV. Жаңа материалды мұғалімнің баяндауы.
1. Ою-өрнек сөзінің мағынасы, тарихы туралы түсінік
Біздің ата-бабамыз қолөнерімен айналысқан, сол өнерді жетілдіріп, ұрпағына мұра етіп қалдырып отырған. Барлық жасалған қолөнер заттарын табиғатпен байланыстырып ою-өрнектермен безендірген.
Ою-өрнек деген сөзіміз латын тілінен алынған, “Орнамент” деген ұғымды білдіреді. Мағынасы сәндеу, әсемдеу деген сөзден шыққан.
Зерттеу жұмысы бойынша қазақ ұлттық мәдениетінің ең байырғы, аса құнды салаларының бірі – қолөнері, оның ішінде ою – өрнек болып табылады. Ою-өрнектер әсемдікпен,сәнділіктің белгісі ғана емес, сонымен бірге халықтың арман – ойының, тілек мүддесінің нышаны, осы тұрғыдан алып қарағанда ою-өрнектің мазмұндылық ерекшеліктері сан алуан. Бабалардан қалған өнер қазынасының бірі ою – өрнек. Оларды жоғалтпай үйретіп, әрі қарай дамыту біздің міндетіміз. Ертеде халқымыз тұтынған нәрселерінің бәрін оюмен әшекейлеп безендірген. Қазақ халқының ою – өрнекке деген нтасы және сұлулыққа деген көзқарасы өте жақсы дамыған деп ойлаймын. 2. Ою-өрнектің қолданылуы, топтары слайд арқылы көрсетіп түсіндіру
Қазақ халқының ою - өрнектерінің атаулары көп, оның 200 - дей түрі тараған, қошқармүйіз, қыңырмүйіз, арқармүйіз, түйе табан, сынықмүйіз, сыңармүйіз және т. б. Қазақта ою-өрнектері төрт түрге бөлінеді: Енді ою - өрнектің кең тараған біраз түріне сипаттама беріп өтейік. Әр өрнектің астарында мағына болады. Мысалы: 1,жұлдыз өрнегі-аспандағы жұлдыз көрінісіне ұқсайды. Ол көбіне кілемдерде жиі қолданылады.
Қошқармүйіз – қошқардың екі шекесіне иіріліп кеткен қос мүйізіне ұқсайды. Халық арасында көп тараған мүйіз тектес ою өте көп. Ою – өрнектің бұл тобын, қазақ халқының ою – өрнектерінің төркіні деуге болады. Бұл дұрыс сияқты, өйткені 2,«мүйіз» өрнегі өте ескі өрнек және ол көбіне мал шаруашылығымен айналысқан көшпелі елдердің негізгі мәнері ретінде жиі кездеседі. Халқымыздың қоғамдық құрылысы, кәсібі мен күнкөрісі, ұғымы үнемі өзгеріп, үнемі даму үстінде болғанын еске алған жөн. Халықтың ою – өрнегі үнемі өзгеріп дамып отырады. Демек, қошқардың екі мүйізін межелеп бейнелеген оюлар бірте – бірте малдың және аңның төбесін, құлағын, тұмсығын қоса елестетіп тұтас бір композиция жасайды. Сөйтіп, мүйіз кейіптес өрнектердің барлығын қосып, «мүйіз оюы» деп атаған Ол ұлттық киімдерде және текемет, сырмақ, аяққап, т. б. Киіз бұйымдарында кездеседі.
Сынықмүйіз – сынық жасап барып мүйізді бейнелейтін өрнек. Ол көбінше шым шиде, терме бауда, алашада жиі қолданылады.
Балта – атына сай балтаға ұқсас немесе баспа “Г” әрпі тәріздес өрнек. Кестеде жиі кездестіруге болады.
Түйетабан – түйенің табанына ұқсас ою. Ол киімдерде, бұйымдарда кездеседі.
Ай өрнегі – айға ұқсас ою. Ол мазарда, мешіттерде кездеседі.
Гүл, құсқанат – оюлары қыз баланың киімдерінде кездеседі.Мүйіз тектес өрнектер-мүйізді бейнелейтін өрнек. Олар ұлттық киімдерде, киіз, алаша бұйымдарында кездеседі.
3,Геометриялық өрнектер және 4,гүл өрнегі-ағаш бұйымдарында т. б. кездеседі.
V. Практикалық жұмыс:3. Ұлттық қолөнер бұйымдарын жасап игеру үшін оюды өзіміз жасай білуіміз керек.
Оқушыларға тапсырма: өз бетінше қарапайым ою түрін ойып қағазға жапсыру.
Балалар әр бұйымның бетін өрнектегенде өрнектерді реттеп орналастыру керек
Ою-өрнек екі жағынан тең болу керек. Мысалы: қошқар мүйіз.
Бұйымға салынатын өрнек түстері бір-бірімен үйлесіп, жарасып түру керек. (слайд суреттер)
4. Қағазды үш бүктеп өрнек жасау тәсілдерін көрсету. (cхема)
5. Оқушыларға тапсырма: қағаздан өрнек қиып, жапсырмалау.
Техника қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.
VI. Сабақты бекіту (кестемен жұмыс)
1. Ою-өрнек неше топқа бөлінеді?
2. Жұлдыз өрнегі қандай бұйымдарда қолданылады?
3. Ою-өрнекті рет-ретімен орналастыруды не деп атаймыз?
4. Көбіне қолданылатын өрнек?
VII. Сабақты қорыту
Оқушылардың жұмыстарын талдау. VIII. Жұмыстарын бағалау:
IX. Үйге тапсырма. Оюлар түрін ойып үйрену.
Достарыңызбен бөлісу: |