Сабақ Сабақтың тақырыбы: «Ұлттық киім үлгілері мен ою өрнектер»



Дата25.08.2017
өлшемі44,07 Kb.
#27737
түріСабақ
Алматы қаласы

Алатау ауданы

№149 жалпы білім беретін мектебі

«Бастауыш сынып» пәні мұғалімі

Орынбаева Айданай Қамбарқызы

Алматы қаласы Алатау ауданы №149жалпы білім беретін мектепте өтілетін

Техналогия және көркем сурет пәнінің мұғалімдеріне арналған қалалық

семинар
Ашық сабақ



Сабақтың тақырыбы: «Ұлттық киім үлгілері мен ою өрнектер»

Өткізген: Орынбаева А.Қ.



Пән мұғалімі: Орынбаева Айданай Қамбарқызы

Сабақтың тақырыбы: «Ұлттық киім үлгілері мен ою өрнектер»
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: оқушылардың сәндік қолданбалы өнері жайында білімдерін толықтыру,  қазақ халқының ұлттық киім үлгілерімен,түрлерімен таныстыру.

б) дамытушылығы: оқушылардың ой - өрісін дамыту, ұлттық киім жайлы түсінігін кеңейту және киім үлгісін жасауға қызығушылықтарын арттыру.


в) тәрбиелігі: оқушылардың эстетикалық талғамын арттыруға, ұлттық дәстүрге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: еңбек, тарих, әдебиет

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы


Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Көрнекілігі: ұлттық киім үлгілерінің суреттері, үлестірмелі парақтар,интерактивті тақта. 
Қажетті құрал - жабдықтар: қарындаш, формат, постер,түрлі түсті қағаз, желім, қайшы.


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Ою - өрнек түстері арқылы 3 топқа топтасады.

1-топ «Еңбекқорлар», жасыл түс – көктемнің, жастықтың, ;

2-топ «Шеберлер», қызыл түс – күннің, оттың;

3-топ « Дәстүр», көк түс – судың, ашық аспанның символдарын білдіреді.



«Мейірімді жүрекше» арқылы балалар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Кел «Көңілді шар» әдісі арқылы сұрақ-жауап жүргізу

1.Балалар өткен сабақта не туралы білдік?


2.Ең бірінші ғарышқа кім ұшты?
3.Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?
4. Тағы кімдерді білесіңдер? 5.Сендердің де ғарышқа ұшқыларың келе ме?

3.Жаңа тақырып.                                                                                   

-Жақында біз қандай мерекені атап өтеміз? (наурыз мейрамы)

  Дұрыс, осындай мерекелік іс-шараларда адамдар қандай киімдер киеді? (ұлттық киімдер                      

  Дұрыс айтасыңдар, сонымен  бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар? Қазақтың ұлттық киім үлгілері.

 Мына суреттердегі қай ұлттың киімдері деп ойлайсыңдар (қазақ халқының)   

 Қазақтың ұлттық киімдері туралы мәлімет беру (презентация) слайд

Қазақтың қандай ұлттық киім түрлерн білесіңдер? Бас киім, киім, аяқ киім, бір киер киім болып 4ке бөлінеді.

Бас киім: Бөрік; Тымақ; Сәукеле; Тақия;
Киім: Шапан; Тон; ішік Кимешек; Көйлек; Қамзол; Жейде; Шалбар;
Аяқ киім: Мәсі; Кебіс; Әйелдер етігі; Ерлер етігі; Бір киер киім: қонаққа киілетін киімдерді айтады.

< Жаңа сабақты меңгеру.
Қазақы киім көненің көзі. Қазақ киімдері көп, үлгісі де көп. Кейбірінің сырт көріністерімен атаулары өзбек, қырғыз ағайындардың киімдеріне ұқсас болғанымен, біздің халықтың киім пішіндері мен нақыштары өзгеше.
Қазақ киімдерін күнделікті тұрмыстық және салтанаттық - сәндік деп екіге бөлуге болады. Біріншісі арзанқол, бірақ шаруа жұмысқа берік, қарапайым үлгіде тігілсе, ал екіншісі бағалы, көргенде көз тартатын әдемі, сапалы маталармен сәнді пішіліп, үлгісіне лайық безендіріліп әсем тігіледі. Жалпы алғанда, қазақы киімдер етек - жеңі мол, қарапайым жұмысқа, жүріп - тұруға үйлесімді, дене сымбатын ашады. Енисей жазуларының таңбаларынан құстарға, басқа да жан - жануарлардың бейнесі мен ізіне ұқсас ою - өрнектерді табуға болады.

Өз орнын тап әдісі арқылы

Жаңа сабақты меңгерту мақсаттында тірек сызба жасалынады. Әр топқа шатасқан сөздер арқылы қазақтың ұлттық киім үлгілерін жазу ұсынылады. Бөрік; Шапан; Тон; ішік Кимешек; Тымақ; Сәукеле; Тақия; Әйелдер етігі; Ерлер етігі, Сәукеле; Тақия; Көйлек; Қамзол; Жейде; Шалбар; Мәсі; Кебіс;



Бас киім:

Киім:

Аяқ киім:

Бөрік; Тымақ; Сәукеле; Тақия;

Шапан; Тон; ішік Кимешек; Көйлек; Қамзол; Жейде; Шалбар;

Мәсі; Кебіс; Әйелдер етігі; Ерлер етігі;

Қауіпсіздік ережесін еске түсірейік.

4.Сергіту сәті.

5. Сарамандық жұмыс.

Әр топқа бүгінгі жаңа сабаққа байланысты қазақтың ұлттық киімдерінің үлгілерін жасау тапсырмасы беріледі. Постер қорғау.

1-топ «Еңбекқорлар», жасыл түс – «Ұлттық камзол»

2-топ «Шеберлер», қызыл түс – «Ұлттық шапан»

3-топ « Дәстүр», көк түс – «Ұлттық сәукеле»

6.Бағалау

«Көңілді күлшелер» арқылы белсенді қатысып отырған балаларды ынталандырып отырамын, бағалаймын.


7.Үйге тапсырма. Қазақтың ұлттық дәстүрлері туралы мәлімет жинап келу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет