Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақ жоспары
3«В» - сынып
Күні: 13.03.2017ж
Сабақтың тақырыбы: Қозғалмалы ойындар арқылы жылдамдық және төзімділік қасиеттерін жетілдіру.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қозғалмалы ойындар арқылы жылдамдық және төзімділік қасиеттерін жетілдіру туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық: Қимыл-қозғалыс, күш-қуат, шыдамдылық, шашандық, ептіліктерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды жауапкершілікке, сенімділікке, достыққа, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа және де салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Сабақтың міндеттері: Қозғалмалы ойындар арқылы оқушылардың жылдамдықтарын, төзімділіктерін және шыдамдылықтарын дамыту.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Өтетін орны: Спорт зал
Керекті құрал-жабдықтар: ысқыруық, эстафеталық таяқша, волейбол және баскетбол добы, гимнастикалық төсеніш, гимнастикалық орындық.
Сабақ бөлімі
|
Сабақтың қысқаша мазмұны
|
Жүктеме мөлшері
|
Әдістемелік нұсқау
|
КІРІСПЕ БӨЛІМ
|
Сапқа тұрғызу. Баяндама бақылау, сәлемдесу.
Сабақтың міндетін хабарлау.
Қозғалмалы ойындар арқылы жылдамдық және төзімділік қасиеттерін жетілдіру.
|
12 минут
1 минут
|
Оқушылардың сабаққа, спорттық киімдерін, денсаулықтарын тексеру.
|
Саптық жаттығулар:
Оңға,
солға,
кері бұрылу,
орынында қадам басу.
|
1 минут
|
Дәл орындау. Тез нақты орындау. Берілген бұйрық бойынша орындау. Сол иықпен бұрылу. Алдыңғы, артқы әріптестеріне кедергі жасамау.
|
Жүру жаттығулары:
-қолды жоғары көтеріп, алақан ішке қарайды, аяқтың ұшымен жүру;
-қол белде, аяқтың өкшесімен жүру;
- қол белде, аяқтың сыртқы қырымен жүру;
- қол белде, аяқтың ішкі қырымен жүру;
-қолды алдыға тура созып, жартылай отырып жүру;
-қолды тізеге қойып, толық отырып жүру.
|
2 минут
0,5 айн-м
0,5 айн-м
0,5 айн-м
0,5 айн-м
0,5 айн-м
0,5 айн-м
|
Қол жоғарыда, денені тік ұстау. Қол белде, денені тік ұстау. Толық істеу, қол белде. Денені тік ұстау, ара қашықтықты сақтау. Толық отырып жүру, қол тізеде.
|
Жүгіру жаттығулары:
-спорттық жүріс;
-жеңіл, баяу, бір қалыппен, сапты бұзбай жүгіру;
-оң жақ қырымен секіре жүгіру;
-сол жақ қырымен секіре жүгіру;
-сол жақ иықтан артқа қарап артпен жүгіру;
-тізені алақанға тигізе көтеріп жүгіру;
-аяқты артқа сермей жүгіру;
-аяқты екі жақ жанына және ішіне қарай сермей жүгіру;
-баяу жүгіру;
-жүру, терең демалу, демді қалпына келтіру.
|
4 минут
0,5 айн-м
2-3 айн-м
0,5 айн-м
0,5 айн-м
0,5 айн-м
0,5 айн-м
0,5 айн-м
2-3 айн-м
1 айн-м
|
Баяу жүгіру. Екі қолды алдыға айналдыру. Қолды артқа айналдыру. Тізені биік көтеру, денені тік ұстау, ара қашықты сақтау. Жәй жүгіру. Терең демалу.
|
Ұлдар бөлек, қыздар бөлек арақашықтық сақтап сапқа тұру
Қара жорға биі
|
4 минут
|
Бұл би арқылы барлық дене мүшелері қимыл-қозғалыста болуы тиіс
|
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
|
Негізгі бөлімге қатарға тұрғызып, жаңа тапсырманы түсіндіру, қатарларға бөлу.
I. «Эстафета» - дене қыздыру. Құрал жабдықтар: 1. Эстафеталық таяқша – 3 дана.
Бастыпқы қалып, ойыншылар өз топтарымен бірінің артына бірі тұрады, 1-ші ойыншы шеңбердің ішінде, қолында эстафеталық таяқшамен дайын тұрады. Мұғалімнің белгісімен ойыншы сөреден алға жүгіріп, 5 баскетбол добынан жасалған кедергілер арасымен жылан тәрізді жүгіріп, соңғы кедергінің оң жағынан айналып, қайта сол кедергілердің арасымен жылан тәрізді жүгіріп, мәреден өтіп, өз тобының оң жағынан айналып барып, сол қолымен таяқшаны келесі серіктесінің оң қолына тапсырады. Эстафета осы шарт негізінде ең соңғы ойыншыға дейін жалғасады. Соңғы ойыншы мәреге жеткен кезде эстафета аяқталады.
II. «Баскетболшы»
Құрал жабдықтар:
1. Баскетбол добы –3 дана.
Бастапқы қалып, ойыншылар өз топтарымен бірінің артына бірі қатар тұрады, 1-ші ойыншы сөреде баскетбол добымен шеңбердің ішінде дайын тұрады. Мұғалімнің белгісімен 1-ші ойыншы допты қолына алып, кедергілердің арасынан допты жерге соғып жүгіріп, соңғы кедергінің оң жағынан айналып, қайта кедергілер арасымен жылан тәрізді жүгіріп, 1-ші кедергінің қасына допты қойып, келесі ойыншымен алақан соғыстырады. Сол кезде келесі ойыншы эстафетаны жалғастырады. Эстафета осы шарт негізінде ең соңғы ойыншыға дейін жалғасады. Соңғы ойыншы мәреден өткен кезде, эстафета аяқталады.
|
28 минут
5,6 минут
5,6 минут
|
Зейін қоя тыңдау. Ара қашықтық сақтау
Бұйрық бойынша орындау.
Эстафеталық таяқшаны нақты, дәл қолына беру.
Қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау.
Допты тек бір қолмен алып жүру қажет.
|
|
III. «Тасымалдаушы»
Құрал жабдықтар: 1. Волейбол добы – 3 дана.
Бастапқы қалып, ойыншылар өз топтарымен бірінің артына бірі қатар тұрады. Сөреде 1-ші ойыншы шеңбердің ішінде волейбол добын қолына ұстап дайын тұрады. Мұғалімнің белгісімен ойыншылар волейбол добын қолынан құлатып алмай, кедергілердің қасынан тура жолмен жүгіріп барып, соңғы тұрған кедергінің жанына допты қойып, кедергіні айналып өтіп, тура жолмен өз тобына қарай жүгіреді. Дайын тұрған келесі ойыншымен алақандарын соғыстырады, сол кезде келесі ойыншы дәл солай жүгіріп барып, волейбол добын алып келесі ойыншыға әкеліп береді. Эстафета осы шарт негізінде ең соңғы ойыншыға дейін жалғасады.
IV. «Паровозик»
Бастапқы қалып, ойыншылар өз топтарымен бірінің артына бірі қатар тұрады. Қатар тұрған ойыншылар сол қолын алға, оң қолын арқа әріптестеріне беріп, қолдарын мықтап ұстайды. Мұғалімнің белгісімен барлық ойыншылар жұптасқан күйінде кедергілердің арасымен жылан тәрізді айналып өтіп, бастапқы орындарына бірінің артына бірі келіп тұра қалу керек. Барлық ойыншылар өз орындарына тұрған кезде эстафета аяқталады.
|
5,6 минут
5,6 минут
|
Допты жерге құлатпай жүгіру керек. Қауіпсіздік ережесін сақтау.
Қолды ажыратпай, барлық кедергілердің арасымен өту қажет.
|
|
V. «Кім мықты?»
Бастапқы қалып, ойыншылар өз топтарымен бірінің артына бірі қатар тұрады. Сөреде бірінші ойыншы шеңбердің ішінде дайын тұрады. Мұғалімнің белгісімен бірінші тұрған ойыншы шеңбердің ішінен жүгіріп шығып, жерде жатқан гимнастикалық төсеніштің үстінде тоңқалаң асып (кувырок жасау), жүгіріп барып гимнастикалық орындықтың үстінен аяқты жерге тигізбей, қолдың күшімен сырғанау, содан кейін тұрып, кедергінің оң жағынан айналып өтіп, тура жолмен жүгіріп барып келесі ойыншымен алақан соғыстыру. Сол кезде келесі ойыншы эстафетаны жалғастырады. Эстафета осы шарт негізінде ең соңғы ойыншыға дейін жалғасады.
|
5,6 минут
|
Мұғалімнің айтқаны бойынша тапсырманы орындау, қауіпсіздік ережесін сақтау.
|
ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
бөлі
|
Жүру, ағзаны қалпына келтіру жаттығуларын жасау. Сапқа тұру.
Кемшіліктері мен жетістіктерді айту. Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма.
Қоштасу.
|
5 минут
2 минут
2 минут
1 минут
|
Ағзаны толық қалпына келтіру.
Зейін қоя тыңдау.
Тапсырманы есте сақтау.
|
«Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі» КММ
Тақырыбы: Қозғалмалы ойындар арқылы жылдамдық және төзімділік қасиеттерін жетілдіру
Пән мұғалімі: ТОҚТАРБАЙ САЯТ АСХАТҰЛЫ
Сыныбы: 3«В»
2016-2017 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |