Сабақтың тақырыбы : С. Сейфуллин «Қызыл шұнақ»



Дата27.12.2016
өлшемі81,37 Kb.
#5659
түріСабақ
Мерзімі: пәні: әдебиеттік оқу сынып: үшінші

Сабақтың тақырыбы: С.Сейфуллин «Қызыл шұнақ»

Жалпы мақсаты:

- Оқушылардың Сәкен Сейфуллин туралы түсініктерін кеңейту. «Қызыл шұнақ» өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу. Мәнерлеп оқуға үйрету.

- Сөздік қорын танымдылық қызығушылығын дамыту, шығармашылыққа баулу.

- Имандылыққа, табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу



Күтілетін нәтиже:

- бейнелі сөздердің мәтінмен байланысын анықтап, ауыз екі тілде қолдана біледі;


- жұптық және топтық әрекетте белсенділік танытады,   сыни тұрғыдан баға бере біледі;

 - табиғаттың сұлулығын сезінеді, жауапкершілік сезімі нығаяды,Сәкен шығармаларын оқуға қызығушылығы артады.



Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау, сөздік, сұрақ - жауап, кубизм

Дереккөздері: Сәкен суреті, қыс мезгілінің суреті,слайд.фишкалар,маркер, стикер
Пәнаралық байланыс; дүниетану, бейнелеу, музыка



Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің

іс-әрекеті

Оқушының

іс-әрекеті

Бағалау

I.Қызығушылықты

ояту

1.Ұйымдастырады

а).Психологиялық дайындық



Қазақ тілім - өз тілім,дана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дара тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым ана тілім.

ә).Топ ережесі

-Бүгінгі сабақта ұстаздың сөзін мұқият тыңдап, өз біліміңді ортаға салу, өзіңді және өзгені сыйлау, жаңа білімді меңгеруге құштарлық таныту өте қажет. 
б).Бағалаумен таныстыру:

-Әрбір дұрыс толық жауапқа бүтін «Күн», толық емес жауапқа «бұлтты Күн» алып отырамыз, сабақ соңында сол бойынша бағалаймыз



2.Үй тапсырмасын тексеру

«Желтоқсан батыр» ертегіні қайталап келу.



«Мозаика» әдісі арқылы топқа бөле отырып бөлімді қайталау.

Сұрақтар:

I-топ:

1.Табиғат дегеніміз не?

2.Бөлім кімнің, қандай шығармасымен басталған?

3.Шал мен кемпір балаларының қайсысының мінез-құлқы ұнады?

4.Саған қай кейіпкер ұнады?

5.Білетін жұмбағыңды жасыр



II-топ:

1.Қандай ертегімен таныстық? Одан не үйрендік?

2Олар балаларының атын қалай атайды?

3. Кейіпкерлері арқылы ертегінің түрін ажырат. Өз ойыңды білдір

4.Мамыргүл қандай қыз екен?

5. Жаттаған мақал-мәтелдеріңді айт, мағынасын түсіндір



III-топ:

1.Адам аттарын қалай атады?

2. Қандай ертегімен таныстық?

3.Туған жердің табиғатын көркейту үшін сен не істер едің?

4.Табиғатты зерттейтін ғылым саласын ата.

3.Жаңа білімді үйренуге дайындық.

а) Топтық жұмыс:«Кубизм» стратегиясы бойынша .

I- топ: Суреттеңіз: Табиғат құбылыстары туралы айтыңыз.

II-топ:Салыстырыңыз:Жыл мезгілдері туралы айтыңыз,

Ұқсастық пен даралық



III-топ: Саралаңыз: Адамдар қай жыл мезгілін қалайды?

ә) ТСО арқылы сурет көрсету: «Жаз».

б)Сурет бойынша әңгіме құрау.


Тренингке қатысады.


Ережемен танысады, орындайды.

Бағалау түрімен танысады.

Топқа бөлініп, үй тапсырмасы бойынша дайындалған сұрақтарғжауап береді..

Топтық тапсырманы орындауға қатысады.

Ортада қорғайды:


Сурет бойынша әңгіме құрайды.



Формативті бағалау

Толық жауап: «КҮН»

Толық емес жауап:

«бұлтты КҮН»

Топ бағалау


II.Мағынаны тану

1. Жаңа білімді түсіндіру, қабылдау

а) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

ә) Автор туралы оқушы пікірін тыңдап, толықтырады.


б) Дәптерімізді ашып бүгінгі күннің ретін және тақырыпты жазып аламыз.
в) Мұғалімнің «Қызыл шұнақ» өлеңін мәнерлеп оқуы.
Мағынаны ашу.
г) Сөздік жұмысы:
қызыл шұнақ-бет қаратпайтын үскітік аяз.

ғ) Оқулықпен жұмыс:
іштей оқу, тізбектеліп оқу, шумақтап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу.
д) Өлеңнің құрылысын талдау: шумақ, тармақ, бунақ, буынды, ұйқас.
е) Сергіту сәті

Мынау менің жүрегім

Бәрі осыдан басталған

Мынау басым ақылды

Бәрін осы басқарған

Мынау менің оң қолым,

Мынау менің сол қолым

Барлық істі атқарған.

Сәкен және оның өлеңдері туралы білетінін айтады.

Сөздікпен жұмыс жасайды, жазады,есте сақтайды.
Оқулықпен жұмыс жүргізеді.
Сергіту сәтіне қатысады


Формативті бағалау

Толық жауап: «КҮН»

Толық емес жауап:

«БҰЛТТЫ КҮН»


III.Ой толғаныс

1. Жаңа білімді түсінгенін тексеру
а) Топтық жұмыс:

I-топ: қыстыгүнгі табиғат

II-топ: Ақ қыс өлеңімен салыстыру

III-топ:қыс мезгіліне қатысты жұмбақтар жаз.

ә) «Бес жолды өлең» стратегиясымен жұмыс жасау:



Сәкен

1.Зат есім Сәкен

2.Сын есім дана,дара

3.Етістік жазады,аударады, шығаралы

4.Сөйлем Сәкен - ұлы ақын, жазушы

5.Синоним тұлға


Топтық жұмысқа қатысады,қорғайды.




Формативті бағалау

Толықжауап: «КҮН»

Толық емес жауап:

«БҰЛТТЫ КҮН»


IV.Қорытынды

2. Жаңа білімді бекіту,қорыту

а) «Көбелек жинау» ойыны арқылы

сұрақ – жауап жүргізу:


1. Қандай тарауды бастадық?
2. Кімнің өлеңімен таныстық?
3. Қыс айларын ата.

4.Қыстың ең суық айын ата?

5.Қыс несімен ұнайды?

6. Сәкен Сейфуллин туралы айтып бер.



б) " Табиғатты аялайық"

Шарты: Суреттерге байланысты мақалдар айту, мағынасын ашу. Плакатқа жапсыру арқылы қыс көрінісін шығару.



Тапсырмасы: «Қыс көрінісін» жапсыру

1. Оқушылар білімін бағалау

.-Кім қанша «Күн» жинады екен? Сол бойынша бағалау, мадақтау. Ризашылық білдіру.


2. Үй тапсырмасын хабарлау, нұсқау айту
Үйден Сәкен Сейфуллиннің

«Қызыл шұнақ» өлеңін жаттап, мазмұны бойынша сурет саламыз



3. Рефлексия "БАҒДАРШАМ"

ТОҚТА! -

(Қандай білімді алдым?)



ДАЙЫНДАЛ! -

(Қандай икемділікті

меңгердім?)
ЖҮР! -

(Қандай қасиеттерді

бойыма сіңірдім?)


Ойынға қатысады, тақырыпты түсіну деңгейін анықтайды, қорытынды жасайды


Ойынға қатысып, жапсырады.

Жинаған фишкалары бойынша бағаланады.


Үй тапсырмасын күнделікке жазып алады


Кері байланыс жасайды. Стикерге жазып жапсырады.

Сумативті бағалау



(Жиынтық баға)


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет