Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: С.Торайғыров
(1893-1920)
Сабақтың мақсаты:
а) С.Торайғыровтың өмірінен мәлімет бере отырып,оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;
ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;
б) Сабақ барысында оқушыларды өз ойын айта білуге, мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б
Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, портреті т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Cұлтанмахмұт 1893 жылы 28 қазан күні Көкшетау облысының Қызылту ауданында дүниеге келеді. Балалық,жастық шағы Баянауылда өтеді. Арғы атасы Торайғыр би болған, шешендігімен әділдігімен ел арасында аты аңызға айналған. Өз заманының ірі тұлғасы болған. Мұқан,Тортай деген молдалардын сауатын ашады.
Ақын 27 жасында 1920 жылы 21 мамырда ауыр науқастан қаза табады.
Тірек сызбамен жұмыс:
өлеңдері
|
поэмалары
|
прозасы
|
«Шығамын тірі болсам адам болып», «Шәкірт ойы»
«Анау-мынау», «Жарлау», «Бір адамға», «Бұлар кім?» т.б
|
«Адасқан өмір»,
«Кедей»,
«Айтыс»,
«Қайғы»,
|
«Қамар сұлу»,
«Кім жазықты?»
«Ауырмай есімнен жаңылғаным»
|
С.Торайғыровтың шығармаларына назар салып зерттеген жазушы Ж.Аймауытов, ғалымдар Б.Кенжебаев,Ғ.Ахмедов А.Еспенбетов т.б
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
1.С.Торайғыровтың қандай поэмаларын білесіңдер?
2. Ақынның қандай өлеңдерімен таныс едік?
3. Сұлтанмахмұттың ұстаздары кімдер?
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: С.Торайғыровтың өмірбаянын оқып келу.
Достарыңызбен бөлісу: |