Сабақтың тақырыбы : «Салауаттылық өмір негізі»



Дата04.05.2017
өлшемі36,73 Kb.
#15483
түріСабақ
«Өзін өзі тану» пәнінің сабақ жоспары

Мектеп: Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі

Сабақтың тақырыбы: «Салауаттылық - өмір негізі»

Күні

Құндылығы: Дұрыс іс – әрекет

Қасиеттер: салауаттылық, денсаулықты бағалай білу.

Мұғалім: Абдрахманова Бота Төлегеновна

Сынып: 9 «а,ә,б,в » оқушы саны :

Сабақ мақсаты: оқушылардың денсаулық, салауаттылық туралы түсініктерін кеңейту, зиянды әрекеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • салауатты өмір сүрудің мәнін ашу,

  • салауатты өмір сүруіне ықпал ету,

  • денсаулығын бағалауға, салауатты өмір сүруге қоршаған орта тазалығын сақтауға тәрбиелеу..

Ресурстар: бейне көрсетілім, плакат, фломастер, интер белсенді тақта. оқулық, жұмыс дәптер.


Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті. (Нұрға бөлену.)

Сабақ барысын талдау:

Рахмет. (Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі.)

2. Үй тапсырмасын сұрау

А. Самиғоллаұлының «Ойлан достым» шығармасын оқып, мазмұнын талдау, сұрақтар қою.

1. Сіздер, Жангүлдің орнында болсаңыздар, не істер едіңіздер?

2. Мұндай жағдай сіздердің орталарыңызда кездесті ме?

3. Адамдар не себепті зиянды іс - әрекеттерге барады деп ойлайсыздар?

4. Зиянды әрекеттерден аулақ болу, салауатты өмір салтын сақтай білу үшін адам бойында қандай қасиеттері басым болуы керек?( саналылық, ерік, жігер, шыдамдылық, білімділік, еңбекқорлық, өмірге деген құштарлық және оны бағалай білу т. б)






Сабақ барысын талқылау:

Дәйексөз.

Т. Карлейльдің нақыл сөзі.

«Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі»

Мәнін түсіндіру, дәптерге жазып алу.



Әңгімелесу (сұхбат)

1. Денсаулық, салауаттылық дегенді қалай түсінесіздер?

2. Осы екі ұғымның арасында қандай байланыс бар?

3. Өзіңіз салауатты өмір сүру үшін қандай іс - әрекеттер жасайсыз?

4. Салауаттылық - өмір негізі деген көзқарасқа қалай қарайсыз?
Зиянды іс - әрекеттермен қалай күресеміз, болдырмау үшін қандай алдын - алу шараларын жасауға болады деп ойлайсыздар?

Слайд «Ойлан, достым (Зиянды әрекеттердің салдары жайлы)

Топтық шығармашылық жұмыс. Үш топқа бөлінеді.

Топқа ат қою, мағынасын түсіндіру(мақал немесе нақыл сөзден )

«Салауатты өмір» жобасын жасау, ортада жариялау(ұран жазу





5. Мұғалімнің оқушыларға сыйы

«Мүмкіндік»



Видео


Шығармашылық жұмыс

Сұрақтарға жауап беру (әр топқа 4 сұрақтан беру)

1. Денсаулықты сақтаудың қандай шарттары бар?

2. Дұрыс тамақтанбау қандай ауруларға шалдықтырады?

3. Зиянды әрекеттерге нелер жатады?

4. Темекі шегу қандай ауруларға шалдықтырады?

5. Ең көп таралған ауру?

6. Ішімдіктің адам ағзасына келтіретін зияны?

7. Нашақорлық зардаптары?

8. Жұқпалы аурулар жайлы не білесің?

Ойын. «Нақыл сөздерді аяқта»

1. Ауырып ем іздегенше,....(ауырмайтын)


2. Сау дене, азат ақыл, адал көңіл,

Үшеуінен болады - (бақытты өмір)

1. Тәртіп пен еңбек -... кепілі (денсаулық)

Белсенді топты атау, мадақтау.






7. Топпен ән айту

«Әке арманы» әнін орындау







6. Үйге тапсырма беру

«Мен салауатты өмірді таңдаймын» тақырыбына шығарма жазу.





8. Қорытынды сәт.

Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен тыңдай отырып, бүгінгі сабағымызда айтылғандай «Дені саудың – жаны сау» демекші, біздің өміріміз, денсаулығымыз өз қолымызда екенін өте жақсы түсінеміз. Деніміз сау болса, отбасымызда да, достарымызбен де, мектепте заманауи білімді меңгеруде де еліміздің көркеюіне үлесімізді қосамыз. Көңіліміз шат, жанымыз тыныш болады. Осы көңіл - күйде сәл тыныштықта отырайық. Тыныштық, тыныштық! Тыныштық барлық жерде, тыныштық бүкіл әлемде!




Каталог: uploads -> doc -> 02e4
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
02e4 -> «Бекітемін» «Келісілді» Ә/б №4 жоббм директоры


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет