Ақтөбе облысы, Алға ауданы
Үшқұдық мектеп-бақшасының
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Сарсенова Акгуль Корешоковна
Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Ақсақ киік»
Мақсаты: Сәкен Сейфуллин өмірінен мәлімет ала отырып, «Ақсақ киік» өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу,өлеңді теориялық жағынан талдай білуге үйрету.Аяныш сезімін ояту арқылы табиғатты қорғай білуге, аялауға тәрбиелеу. Бірін-бірі қолдауға, сыни ойлай білуге, алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрену
Күтілетін нәтиже:
- Өздігінен ізденуге үйренеді
- Өлеңнің мазмұнын түсінеді, идеясын аша алады
- Мәнерлеп оқуға дағдыланады
- Топпен, жұппен жұмыс жасай алады,топпен жұмыс негізінде оқушының ойлау қабілеті дамиды
-Өз ойын тұжырымдауға және басқалардың пікірін сыйлауға үйренеді.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру бөлімі: Психологиялық тренинг.
Біз тамшымыз, тамшымыз, мұхиттағы, мұхиттағы бір теңіздің толқынымыз, бізге келіңіз, бізге келіңіз,сен және мен бірге бір сыныптың балаларымыз.Біз жапырақпыз, жапырақпыз, бір бұтақтың, бір бұтақтың, бір бақшаның гүлдеріміз. Бізге келіңіз, бізге келіңіз, сен және мен бірге бір ауылдың балаларымыз.Бүкіл әлем үйімізде жер шарының халқы үшін бізге келіңіз, бізге келіңіз. Сен және мен бірге бір дәуірдің ұрпағымыз.
Үй тапсырмасы. М. Жұмабаев «Балалық шақ», «Қысқы жолда»:
Балалық шағың – патшаның тағы” дегенді қалай түсінесіз?
Өзіңе қандай тәлім алдың?
Ақын бізге қандай өсиет айтады?
“Қысқы жолда” өлеңіндегі кейіптеулерді ата.
Сурет арқылы топтарға бөліп, суреттегі бейнелер негізінде топқа ат қою.
Суретті таңдай отырып, топқа бөлініңіз.
Суретке қараған кезде, сізге қандай ой келді? Бір зат есім айтыңыз, оны суреттің астына жазып қойыңыз.
Қызығушылықты ояту:1.Күй тыңдату –Кімнің күйі? \Ақсақ киік\
2.«Ақсақ киік» өлеңін тыңдату
Мағынанаы тану:1- тапсырма: Өлең жолдарына сүйене отырып, 1-топ: «Бетпақ», 2-топ: «Киік», 3-топ: «Адам» сөзіне топтастыру жазу
2-тапсырма: Мына кестеде берілген әрбір сөзді өлең жолынан мысал келтіре отырып дәлелде
3-тапсырма:
І. Балық қаңқасы
ІІ.Еркін жазу әдісі (эссе) «Азайды соңғы кезде байғұс бөкен...»
ІІІ.Егер мен министр болсам....... (ой толғау)
4-тапсырма: Өлең құрылысына талдау. Әр топқа бөлінген өлең жолдары талданып, буын, бунақ, тармақ саны мен ұйқас түрлері айтылып, 3 топ бір қорытындыға келеді.
Рефлексия . Блум негізінде өзінің алған біліміне қорытынды жасайды:
Бүгін мен ...Нені білдім? Нені талдадым? Нені өз өмірімде қолданамын? Нені жинақтадым? Қалай бағалаймын?
Үй тапсырмасы. Деңгейлік тапсырмалар:
1.Өлеңнің өзіне ұнаған 1 шумағын таңдап, сонда ақынның айтылған ойын суретке салу және соның негізінде 4 жол өлең шығару.
2.”Азайды соңғы кезде байғұс бөкен...” (эссе жазу)
3.Өлеңнің ұнаған 4 -5 шумағын жаттап, теңеуді табыңыз.
Бағалау. Ашық журналдағы бағалауға қарап, қорытынды жасайды
Достарыңызбен бөлісу: |