Қорытындылау
Балалар, достарымызбен болған әрбір күн бізге қуаныш, жақсылық сыйлайды. Достар қашанда бір - біріне жақсы тілек білдіріп, жылы сөздерін арнайды. Біз де достарымызбен бірге қуанып, айналамыздағыларға тек жақсылық тілеп жүрейік. Сонда өзіңнің де достарыңның да көңіл күйі көтеріңкі болады.
Жүректен жүрекке
Балалар бір біріне тілек айтады.
Сабақ 8
Сынып
Өткізілетін күні
Сабақтың тақырыбы: «Әдептілік – әдемілік»
Сабақтың мақсаты:
Әдептілік,сыпайылық, ізеттілік адами қасиеттер туралы түсінік беру
Сыйластық қарым қатынас дағдыларын дамыту
Ізетілікке, сыпайылыққа , әдептілікке, достыққа тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: дәптер, оқулық, қоржын
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ жауап
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру:
Сәлемдесу
Оқушыларды шаттық шеңберге тұрғызу
ІІ Шаттық шеңбер
Шеңберге тұрып, Ө.Ақылбековтың «Сәлем берем үлкенге» өлеңін қосылып айту
Көшелерден біз өткен,
Ата көрсем,жақын кеп.
Сәлем берем ізетпен,
Ассалаумағалейкум! - деп
Алдан әже жолықса,
Бөгелем кеп әдейілеп.
Сәлем берем сол тұста,
Есенсіз бе, әжей! – деп
Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру
«Әдептілік», ұғымының адамгершілік құндылықтары ретіндегі мәнін ашу.
ІІІ Жаңа сабақ
Ойын – жаттығу
«Сәлем – сөздің анасы»
Балалар бізге Ақбота әдемі, сыйқырлы қоржын беріп жіберіпті, сол қоржынның ішінде сендерге арналған сұрақ бар екен.
Сұрақ
Сәлемдесудің қандай түрлерін білесіңдер?
Оқушылар талқылап болған соң қоржыннан жауаптарын алып оқимын. Ассалаумағалейкум!, Уағалейкумассалам!,Сәлеметсіз бе?, Амансаусыз ба?, Аман – есенсіз бе?
Тапсырма. «Сыпайы сөздер»
Алдын ала ағаштың сұлбасы тақтаға ілінеді. Ақ қағаздан жасалған жемістердің бір жағына тапсырма сұрақтары жазылған жеміс үстел үстіне қойып, оқушыларға осы тапсырманның сұрақтарына дұрыс жауап берілсе тақтаға ілетінімді түсіндіремін. Бір оқушы шығып сұрақты таңдайды және сол сұраққа жауап беруі тиіс. Дұрыс жауап берілсе жемістің келесі бетіне маркермен оқушының жауабы жазылады да тақтадағы жеміс ағашына ілінеді.
Айдос пен Марат сыныпта қатар отырады. Мараттың қаламы үйде қалып қойған. Ал Айдостың алдында екі қалам тұр. Марат үндестеместен Айдостың бір қаламын алды да жаза бастады. Мараттың не істегені дұрыс еді? (рұқсат па?, алуға бола ма)
Қанат жүгіріп келе жатып , партада тұрған Қайраттың кітабын жерге түсірді. Ол үндемей жүгіре жөнелді. Қанаттың орнында болсаңдар, не істер едіңдер?(кешіріңіз)
Айнұрдың кітабы қолынан жерге түсіп кетті. Оны көріп тұрған Бекжан жүгіріп келіп кітапты көтеріп, Айнұрдың қолына ұстатты.Айнұр үндеместен кетіп калды. Айнұр не деп айтуды ұмытты? (рақмет )
Ойын жаттығу
«Сыпайы сөзді қайда, қалай қолданамын?».
Мұғалім бір сыпайы сөзді айтады және сол сөздіоқушылармен қайда және қашан қолданылатынын талқылаймыз.
Мысалы «Рұқсат етіңіз» т.с.с
Дәптермен жұмыс
Дәптер бойынша «Суреттерді бояп, «Әдепті бала» атты әңгіме құрастырыңдар.
Қорытындылау
Балалар, біз бүгін әдепті сөздерді қандай жағдайда және қалай айту керек екенін үйрендік. Сонымен қатар адамгершілік қасиеттерді де білдік.
Жүректен жүрекке
Балалар шеңберге жиналып, бір біріне әдепті сөздер айтады.
Сабақ 9
Сынып
Күні
Сабақтың тақырыбы: «Әдептілік – әдемілік»
Сабақтың мақсаты:
Әдептілік,сыпайылық, ізеттілік адами қасиеттер туралы түсінік беру
Сыйластық қарым қатынас дағдыларын дамыту
Ізетілікке, сыпайылыққа , әдептілікке, достыққа тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: дәптер, оқулық, қоржын
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ жауап
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру:
Сәлемдесу
Оқушыларды түгендеу
ІІ Шаттық шеңбер
Оқушылар шеңбер құрып, «Азамат өсіп келеді» өлеңін оқыту
Ерінбей сурет салады,
Жасайды қағаз кемені.
Таудан да биік талабы
Азамат өсіп келеді
Көрсетіп көмек кішіге,
Үлкенге сәлем береді.
Ұқыпты барлық ісіне
Азамат өсіп келеді.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру
«Әдептілік», ұғымының адамгершілік құндылықтары ретіндегі мәнін ашу.
ІІІ Жаңа сабақ
Мәтінмен жұмыс
«Әдеп» мәтінін оқып беру, сол бойынша сұрақтар
Аян мен Арманның орнында сендер болғанда не істер едіңдер?
Арман не үшін алманы тұтастай жеп қоюға қысылып келеді?
Дәйексөз
«Сәлемдесу - әдептілік бастауы».
Амандасу кездескен адамдардың бір біріне амандық тілеуі, бір бірінің хал жағдайын біліп, қуанышқа бөлеуі. Адамдардың жақсы көңіл күйімен, шын ниетпен, адал сезімен амандасуы, оның ізеттілігі мен әдептілігін көрсетеді. Айналасындағы адамдардың барлығына да күлімдей қарап, ақ ниетімен сәлем беретін балаларды үлкендер «әдепті бала» деп атайды. Балалардың сәлмдесуіне қарап ақ , олардың әдептілігін байқауға болады.
Дәптермен жұмыс
Дәптер бойынша «Суреттер бойынша сұрақтарға жауап беру ұсынылады.
Ұстазыңмен кездескенде қалай амандасар едіңдер?
Жұмыстан келген ата анаңды қалай қарсы аласың?
Сабақтан соң досыңмен қалай қоштасасың?
Қорытындылау
Біз бүгінгі сабақтан әдепті бала болу үшін адамдармен күлімдеп амандасу , олармен сыпайы қарым қатынас жасау, бір бірімізді сыйлау қажеттігін түсіндік. «Кешіріңіз», «Рахмет», «Рұқсат етіңіз» сияқты сөздерді жиі айтатынымызды, үлкендерге, кішілерге мейіріммен қарап, сыйластық қатынас жасай алатынымызды көрсеттік. Әдепті балалар – бақытты балалар.
Жүректен жүрекке
«Балдырғандар әні» хормен айту.
Сабақ 10
Сынып
Күні
Сабақтың тақырыбы: «Тіл табыса білейік»
Сабақтың мақсаты:
Өзара түсіністік, өзара сыйластық, тіл табысу туралы түсінік беру
Балалардың өзін және басқа адамдарды түсіне білу қабілеттерін дамыту
Балаларды өзара жағымды қарым қатынас жасай білуге тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: дәптер, оқулық, суреттер
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ жауап
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру:
Сәлемдесу
Оқушыларды түгендеу
ІІ Шаттық шеңбер
Оқушылар шеңбер құрып,
Армысың, сұлу күн!
Армысың , ашық аспан!
Қайырлы күн, баршаға!
Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру
«Өзара түсіністік», ұғымының адамгершілік құндылықтары ретіндегі маңыздылығын ашу.
ІІІ Жаңа сабақ
Әңгімелесу
Әңгіменің басты мақсаты өзара түсіністік, тіл табысу жөнінде.
Алпамыс пен Махаббат ел аралып жүріп бір көңілсіз ауылға кезігеді. Балалар көптен бері бір бірімен ойнамақ тұрмақ, сөйлеспей де қойған екен. Балалардың қуанышы мен күлкісінің естілмегеніне көп уақыт өтіпті. Мұндай елде өмір сүру өте қиын ғой.... Алпамыс пен Махаббат осы жағдайға қатты ойланып, оларға көмек бермек болыпты. Олар әрі ойлап, бері ойлап осы халыққа ақыл кеңес беруге Данышпан атаны алып келеді. Данышпан ата сол елдің жұртын жинап: «Адамдар бірін бірі тыңдаса, кешіре білсе, бір біріне шыдамдылық танытса, бірін бірі жымиып, күлімдеп қарсы алса, өзара сыйласа білсе, тату тәтті, достықта өмір сүреді, балалар қуанышқа бөленеді, бақытты болады», - деп айтты.
Данышпан атаның ақыл кеңесін түсінген балалар бір бірінен кешірім сұрап, тіл табысып, тату тәтті дос болыпты.
Сендер қандай жағдайда кімдермен татуластыңдар?
Мәтінмен жұмыс
«Әтеш, лақ және күшік» мәтінін оқып беру, сол бойынша сұрақтар
Әңгімеде әтеш, лақ және күшік қалай достасты?
Бір біріңмен ренжісіп қалғанда қалай тіл табысуға болады?
Жағдаяттарды талдау
1 жағдаят:
Әділ мен Мирас бірлесіп әдемі қайық жасапты. Олар қайықты өзенге жүздірмекші болғанда таласып қалыпты. Әділ мен Мирас ренжісіп қалады.
Тапсырма
Әділ мен Мирас қалай татуласады деп ойласыңдар?
2 жағдаят
Айдос пен Марат сыныпта қатар отырады. Мараттың кітабы үйде қалып қойған. Ал Айдостың алдында екі кітап тұр. Марат үндеместен Айдостың бір кітабын алды да оқи бастады. Мұны байқаған Айдос ренжіп қалды.
Мараттың не істегені дұрыс еді?
Айдос пен Мараттың қалай татуласқаны жөн?
3 жағдаят
Үш дос қыз бірге ойнап жүрді. Кенет олар ойынның шартына келісе алмай, өзара дауласты. Қыздардың біреуі ренжіп қалды.
Қыздардың қалай тіл табысқандары жөн деп ойлайсыңдар?
Дәптермен жұмыс
Суреттер бойынша Арман мен Жанардың қалай татуласқанын айтып беріңдер.
Жүректен жүрекке
«Біз бақытты балдырғандар» әнін хормен айту.
Сабақ 11
Сынып
Күні
Сабақтың тақырыбы: «Тіл табыса білейік»
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың көрнекілігі: дәптер, оқулық, қоржын
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ жауап
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру:
Сәлемдесу
Оқушыларды түгендеу
ІІ Шаттық шеңбер
Оқушылар шеңбер құрып,
Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру
«», ұғымының адамгершілік құндылықтары ретіндегі мәнін ашу.
ІІІ Жаңа сабақ
Мәтінмен жұмыс
Дәйексөз
Дәптермен жұмыс
Қорытындылау
Жүректен жүрекке
Сынып
Сабақ 18
Күні
Сабақтың тақырыбы: Жақсыдан үрйен, жаманнан жирен.
Сабақтың мақсаты:
Жақсы, жаман туралы түсінік беру
Жақсы мен жаманды салысыра білу іскерліктерін дамыту
Жақсы істер мен әрекеттер жасауға тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: екіге бүктеліп жасалған кітапша, дәптер, оқулық
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері:әңгімелесу, сұрақ –жауап
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың барысы
Шаттық шеңбер
Балалар шеңбер құрып, бір –біріне тілек айтады.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаттары мен таныстыру:
Балаларды жақсы мен жаманды ажырата және өмірде қолдана білуге үйрету.
Әңгімелесу
Жақсы адам болу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?
Адамдар неліктен «жамандықтан» қашады?
Жақсы көретін адамдарың туралы айтып беріңдер?
Жаңа ақпарат
Жақсы адамды айналасындағылар жақсы көреді, сыйлайды. Оның достары көп болады.
Ойын -жаттығу
С. Оспановтың «Не жақсы, не жаман?»
Биязы мінез тіл алғыш,
Бал–бұл жанып жүетін,
Бауырмалдық сол –?
Үйдің ішін тазалап,
Үстіне де қарайлап,
Үлгере алсаң сол–?
Ашу деген бәледен,
Алшақ жүріп жанаспай,
Ақылды болсаң сол–?
Беті –қолың кір–кір боп,
Берекесіз ыржақтап,
Бейбастық өссең сол–?
Ұшып– қонып жүретін,
Шегіткедей жеңілтек,
Ұшқалақ болсаң сол –?
Ата – ананың ақылын,
Ала білмей кезінде,
Ақымақ болсаң сол–?
Мәтінмен жұмыс
В.Сухомлинскийдің «Әйнек адам» әңгімесін оқып беру, сол бойынша сұрақтар қойып,оқушылардың жауаптарын тыңдау.
Баланың әрекеттері туралы не айта аласыңдар?
Әйнек адам баланы қандай жақсы қасиеттерге үйретті?
Дәптермен жұмыс
Дәптердегі тапсырманы орындату
Үйге тапсырма
69 –беттегі тапсырма
Жүректен жүрекке
А. Асылбековтың «Жақсы болу өзіңнен» орындату
Жақсы болу –өзіңнен,
Жаман болу – өзіңнен.
Өзіңді өзің ая да,
Өзің үйрен өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден,
Мен қандаймын деп ойла.
Жамандық көрсең біреуден
Мен қандаймын деп ойла!
Сынып
Сабақ 19
Күні
Сабақтың тақырыбы: Қамқор болып өсемін
Сабақтың мақсаты:
Қамқорлық туралы түсінік беру
Жанашырлық,аяушылық сезімдерін дамыту
Қайырымды, мейірімді, ізгілікті болуға тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: жаңғақ тәрізді қорапша, дәптер, оқулық
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: әңгімелесу,сұрақ –жауап
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың барысы
Шаттық шеңбер
Балалар шеңбер құрып тұрады.
Мейірімді жүрекпен
Бөлісемін бақытты.
Ақ ниетпен шын тілеп
Ізгі істерді жақұтты!
Сабақтың тақырыбы мен мақсаттары мен таныстыру:
«Қамқорлық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.
Мәтінмен жұмыс
«Әжей мен балалар» әңгімесін оқып беру, сол бойынша сұрақтар қойып,оқушылардың жауаптарын тыңдау.
Балалар әжейге қандай қайырымдылық жасады?
Әңгімелесу
Қамқорлық дегенді қалай түсінесіңдер?
Қамқорлық жасаған кездерің болды ма?
Шығармашылық жұмыс
Оқулықтағы суреттер бойынша әңгіме құрастыру
Дәптермен жұмыс
Дәптердегі суреттерді бояу, сол бойынша әңгіме құрастыру
Үйге тапсырма
Жүректен жүрекке
«Мен қамқорлықты қалай түсінемін?» деген сауалға жауаптар айту
Сынып
Сабақ 20
Күні
Сабақтың тақырыбы: Қамқор болып өсемін
Сабақтың мақсаты:
Қамқорлық туралы түсінік беру
Адамға, табиғатқа қамқорлық жасау іскерліктерін дамыту
Қайырымды, қамқор, мейірімді болуға тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: дәптер, оқулық
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: әңгімелесу,сұрақ –жауап
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың барысы
Шаттық шеңбер
Балалар шеңбер құрып тұрады.
Қайырымды жүрекпен
Мейірімді тілекпен ,
Ізгілікті ниетпен
Қамқор болып өсемін.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаттары мен таныстыру:
«Қамқорлық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.
Мәтінмен жұмыс
«Балапан мен мысық» әңгімесін оқып беру, сол бойынша сұрақтар қойып,оқушылардың жауаптарын тыңдау.
Асан құстарға қандай қамқорлық жасады?
Шығармашылық жұмыс
Оқушыларды топпен бөліп, қамқорлықты нелерге жасағны жайында суреттер салып, соны әңгімелейді.
Қорытынды
Қамқорлық – адамның адамға, адамның табиғатқа, жан жануарларға жасауы. Біз бүгін сабақта қамқорлықты риясыз, яғни қайтарымсыз жасау керектігін түсідік.
Дәптермен жұмыс
Қандай үй жануарларына қамқорлық жасағың келеді, соның суретін салыңдар.
Үйге тапсырма
Жүректен жүрекке
Күн нұрындай көңілім,
Даламдай кең пейілім.
Жүрегім толы мейірім,
Бәріне ортақ шуағым,
Қайырымды баламын.
Сынып
Сабақ 21
Күні
Сабақтың тақырыбы: Шыншылдық - адамдықтың белгісі
Сабақтың мақсаты:
Шындық пен өтірікті ажырата білуге үйрету
Өзара адал қарым– қатынас жасау іскерліктерін дамыту
Шыншл, адал болуға тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: оқулық
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: әңгімелесу,сұрақ –жауап
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың барысы
Шаттық шеңбер
Оқушылармен шеңбер құрып Қ. Мырза Әлидің «Болады– болмайды»
Күйші болуға,
Биші болуға
Ерке болуға
Серке болуға
Пысық болуға
Кішік болуға
Әкім болуға
Ақын болуға
Маман болуға
Жаман болуға
Айтпақшы
Жаман болуға
Сабақтың тақырыбы мен мақсаттары мен таныстыру:
«Шындық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.
Мәтінмен жұмыс
«Түлкі мен Ешкі» ертегісін оқып беру, сол бойынша сұрақтар қойып,оқушылардың жауаптарын тыңдау.
Түлкінің әрекеті дұрыс па?
Дәйексөз
Тақтаға «Өтірік өрге баспайды» дәйексөзі жазылады.
Тапсырма
Өтіріктің жағымсыз қылық екендігін түсіндіру мақсатында тапсырма беріледі.
Жағдаяттарды талдау
Оқушыларды топқа бөліп жағдаятты талдап, өз шешімдерін айтады
Нұрсәуле анасының жақсы көретін моншағын үзіп алды.
Анасы Айбарға балыққа жем ал деп ақша берді. Ол ақшаны ойыншыққа жұмсап келді.
Дәптермен жұмыс
Дәптерде берілген «Шындық» пен «Өтірік» сөзінің ортасында сөздер берілген, сөздерді дұрыс орналастыру керек.
Үйге тапсырма
Шындық неге жеткізеді, өтірік ше? жазу
Жүректен жүрекке
Шеңбер құрып, бір бірімізге шын жүректен тілек тілейік.
Сынып
Сабақ 22
Күні
Сабақтың тақырыбы: Шыншылдық - адамдықтың белгісі
Сабақтың мақсаты:
Шындық пен өтірікті ажырата білуге үйрету
Өзара адал қарым– қатынас жасау іскерліктерін дамыту
Шыншл, адал болуға тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: оқулық
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: әңгімелесу,сұрақ –жауап
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың барысы
Шаттық шеңбер
Оқушылармен шеңбер құрып
Шыншыл болсаң қол жетпес
Шыңда өскен шынарсың
Адал болсаң аңқылдақ
Ізгілікке құмарсың
Cабақтың тақырыбы мен мақсаттары мен таныстыру:
«Шындық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.
Әңгімелесу
Шыншылдық дегенді қалай түсінесіңдер?
Шыншыл бала қандай болады?
Шындық не үшін керек деп ойлайсыңдар?
Мәтінмен жұмыс
Ә.Табылдиевтың «Ағайынды екі қыз» әңгімесін оқып беріп, сол бойынша сұрақтар қойып,оқушылардың жауаптарын тыңдау.
Екі қыздың қайсысымен дос болар едіңдер?
Сергіту сәті
Бір, екі,үш
Бойға жинап күш
Бір , екі, үш
Қанат қағып ұш!
Жаңа ақпарат
Шыншыл адам өз сөзіне берік,ісіне адал болады. Оған адамдар сенім білдіреді, сыйлайды.
Дәйексөз
Тақтаға «Шыншылдық жақсылыққа жетелейді » дәйексөзі жазылады.
Өтірік айтып ұятқа қалғанша, шындықты айтып қатеңді мойындаған дұрыс. Мұндай әрекет – адамдықтың белгісі. Шыншыл адамның ары таза, жүзі жарқын болады. Шындықты айтудың өзі адамға жақсылық жасауды білдіреді.
Тапсырма
Өздеріңнің шыншыл, адал достарың туралы айтып беріңде.
Дәптермен жұмыс
Дәптерде берілген мақал мәтелдерді оқыңдар.
Үйге тапсырма
Шындық неге жеткізеді жазу
Қорытындылау
Өтіріктің адамға еш пайдасы жоқ ол саған уақытша ғана қуаныш әкеледі де, өмір бойы атыңа «өтірікші» деген сөз ергізеді. Өтірік айтып өмір бойы жаман адам болғанша, ауыр сөз есітетін болсаңда шындықты айтып арды таза ұстаған дұрыс. Шындық саған өмірде адал адам болып өсуіне көмектеседі, және өмірлік қуаныш сыйлайды. Шындықты айтқан адамға бәрі сенеді
Жүректен жүрекке
Шеңбер құрып, бір бірімізге шын жүректен тілек тілеп, «Ата ақылы» айту.
Шындық деген –ар ұят,
Әділдік пен адалдық
Бол ісіңе мұқият,
Қашсын десең жамандық.
Айтпа, жаным, өтірік,
Болам десең үлгілі.
Мәпелеген өсіріп,
Сен де еліңнің бір гүлі...
Сынып
Сабақ 23
Күні
Сабақтың тақырыбы: Жауапкершілік пен жауапсыздық
Сабақтың мақсаты:
Жауапкершілік пен жауапсыздық туралы түсінік беру
Балаладың жауапкершілігін дамытуға ықпал ету
Өз сөзіне, өз ісіне жауапкершілікке тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, дәптер, суреттер
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: әңгімелесу,сұрақ –жауап
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың барысы
Шаттық шеңбер
Оқушылармен шеңбер құрып, бір біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаттары мен таныстыру:
«Жауапкершілік» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.
Әңгімелесу
Өз сөзінде тұратын, өзіне тапсырылған жұмысты дер кезінде орындайтын баланы қандай бала дейміз?
Жауапкершілікті балалар – жақсы, әдепті, өзін сыйлайтын балалар. Өз ісіне немқұрайлы қарайтын, өзінің уақытын,өзгенің уақытын қадір тұтпау жауапсыздықты білдіреді.
Оқулықпен жұмыс
Оқулықта берілген « Жауапты іс» мәтінін оқушыларға оқып беріп, сол бойынша біраз сұрақтар қойып оқушылардың өз ойын білу.
Мұрат не үшін өкінді?
Мұраттың ісін қалай атауға болады?
Сендер әңгімені қалай аяқтар едіңдер?
Достарыңызбен бөлісу: |