Сабақтың тақырыбы : Шешендік сөздер. Билер сөзі нақылдың көзі Сабақтың мақсаты



Дата27.12.2016
өлшемі30,43 Kb.
#5535
түріСабақ
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Шешендік сөздер. Билер сөзі – нақылдың көзі

Сабақтың мақсаты:

а) оқушыларды өтілген тақырып арқылы тілін дамыту, тіл байлығын жетілдіру;

ә) сезімтал,шешен болуға ұмтылдыру;

б) мақал –мәтелдер үйрету арқылы халқымыздың әдеби бай мұраларын,шешендік өнерін, дәстүрін қадірлеуге тәрбиелеу;



Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары, кестелері, дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих,география

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру , оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген лиро эптостық жырлардың тақырыбы мен идеясы туралы сұраймын оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын



ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Бүгінгі біздің өтетін сабағымыз осыған дейін өтілген шешендік сөздерді қаншалықты меңгергенімізді анықтауға бағытталмақ. Яғни саяхат сабағын өткіземіз. Шешендік сөздер қашанда халықтың қажетті мұрасы болып табылған. Сонымен бірге олар-тәрбие құралы. Қазақ халқы қандай ауыр жағдайда өмір сүрмесін,өзінің би-шешендерінің сөзін жадында сақтап,жаттап айта жүруді,одан үлгі-өнеге алуды тоқтатқан емес. Шешендер,билер әрқашан шындықты айтып, аз сөзге аз мағына сыйғызып,халықтың рухани қажетін өтеп отырған. Шешендіктің негізгі мақсаты –адамдарды иландыру, айтқысы келген нәрсені нақ айтып сендіру. Шешендердің сөз тапқыш,сезімтал,суырып салма ақын сияқты әр түрлі қасиеттері болған. Олар жалпы өмір туралы,ел қорғау туралы хабардар етіп отырды. Олар: Әйтеке би,Төле би,Қазыбек би, Саққұлақ шешен т.б Сабақты осыған дейінгі өткен шешендер өмірі,олардың шешендік сөздері,төрелігі туралы алған білімдерімізді қорытындылау мақсатында өткізбекпіз. Саяхат сабағының өту ретін жақсы білеміз. (мұғалім сыныпты үш ауылға бөліп,үш бидің атын қояды) Әр ауылдан тиісті сұрақтарға жақсы жауап беретін, берілген тапсырмаларды жақсы орындаған оқушылар ғана келесі ауылға бара алады. Ол үшін әрбір ауылдың алдындағы кеспе қағазды алып,сол қағаздағы сұрақтарға жауап бересіздер.

Бірінші ауылымыз-Төле бидің ауылы. Мына кестедегі сұрақтарға жауап беріңіздер.


  1. Төле би кім?

  2. Төле бидің қандай толғау,шешендік сөздері бар?

1-оқушы: Ұл өссе ұрпақ,

Қыз өссе өріс.

2-оқушы: Үй сыртында төбең болса,

Ерттеулі тұрған атың ғой.

Ел ішінде қарияң болса,

Жазулы тұрған хатың ғой.

Мұғалім: -Ия,балалар, біз сонымен Төле би ауылынан жақсы өттік. Енді біздің келесі ауылымыз-Әйтеке би ауылы.


  1. Әйтеке би жайлы не білесіңдер?

  2. Әйтеке бидің қандай толғаулары бар?

1-оқушы: Қысқаша Әйтеке туралы мәлімет береді.
2-оқушы: Бай болса халқыңа пайдаң тисін,

Батыр болсаң жауға найзаң тисін.

Бай болып еш пайдаң тимесе,

Батыр болып жауға найзаң тимесе

Осылайша 3,4,5 сұрақтарға жауап береді. Мұғалім:-Біз,балалар, Әйтеке бидің де ауылында болып қайттық. Ендігі біздің үшінші ауылымыз Қазыбек би ауылы.(Оқушылар кеспе қағаздарды ретімен алып ондағы сұрақтарға жауап береді.)

-Ал, енді үш ауыл әңгіме жарысына түсеміз. Өзіміздің қаншалықты шешен,білгір екенімізді көрсетеміз. Үш ауылға берілетін әңгіменің тақырыптары:

1. «Менің әжем» 2. «Туған жерім» 3. «Ана»
Мақалдар жарысы: «Жасырынған мақал» ойыны

«Жақсы сөз жан семіртер» ...

«Досы көппен сыйлас» ...

«Отпен ойнама» ....

«Ер туған жеріне...» (әр ауылға 3-4 мақалдан беріледі.)

Мінеки,балалар, біз бүгін шешендік сөз өнеріне саяхат жасай отырып,шешендік сөздер туралы ойымызды дамыттық. Үлкенді сыйлауды,кішіге, қамқор болуды, кішіпейілділікке үйрендік. Ерлікке,бірлікке шақырған осындай халықтың көңіліне ұнаған,жадында сақталған сөзі мәңгі өмір сүретіні сөзсіз


Білімді бекіту: Би-шешендердің нақыл сөздерін оқыту, мазмұндау
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма:Үш бидің айтқан биліктері мен төреліктерін жазып, жаттап келу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет