Сыныбы : 3 «А»
Сабақтың тақырыбы: « Шешенің балаларын сүюі.» (үзінді)
Сабақтың мақсаты:
білімділік - Оқушыларды ақын өмірімен таныстыра отырып берілген өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу. Ананың құдіреті мен қасиеті туралы дерек беру.
тәрбиелік – Қазақтың ұлы адамдарына сүйіспеншілікпен, мақтанышпен, құрметпен қарау сезімдерін тәрбиелеу
дамытушылық - оқушының ой өрісін,тіл байлығын, жүйелі сөйлеуге, өз ойын айта білуге баулу
Сабақтың түрі: интеграциялық сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру,талдау,сұрақ-жауап, ассоцация ,зерттеу,топтастыру.
Сабақтың жабдықталуы: интерактивті тақта,қоржын, сандықша,үн таспа, М.Дулатовтың портреті,оқулық,плакаттар.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, музыка, сурет,өзін-өзі тану.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
а) Балалардың назарын сабаққа аудару.
ә) Топқа бөлу «Сатушы мен сатып алушы» ойыны жеміс-жидектердің суретін алып 3 топқа бөлініп отырады.
ІІ.Үй тапсырмасы .
1.Әмірхан Абдуллиннің «Ақкөл жағасында» әңгімесіне жоспар құрып келу болатын, кәне жоспарды кім оқиды.
Жоспар:
1.Мәшен ауылы
2.Ахаң мен Бәдірисапаның ауылға келуі
3.Балалардың қонақтарды қарсы алуы.
4. Көл жағасында.
Олай болса жоспар бойынша әңгімелейік.
Иә, балалар, әңгіме кім жайлы айтылған екен, Ахмет Байтұрсынов жайлы екен, ал қане кім айтады.
Ахмет Байтұрсынов – кім?
Оқушылар: Аса ірі ғалым,ақын және аудармашы, ұстаз, ағартушы
иә,дұрыс айтасыңдар ,ол сонымен қатар әдебиет зерттеушісі, қазақ тіл білімінің негізін қалаушысы,мемлекет қайраткері және бес арыстың бірі.
1 слайд : Үй тапсырмасын қорытындылау Балалар мен сендерге сандықша алып келдім «Сыр сандықша»
1.Эпитет деген не?
2.Теңеу деген не? адам
3.Метафора деген не? Образ
сөз
эпитет
теңеу
метафора
«Адам баласына көз, құлақ қандай керек болса... ,білім де сондай керек » деп А.Байтұрсынов атамыз айтқан екен.
-Ал, балалар, олай болса, бес арыстың мүшелерін кім айтып береді.
Бес арыс
1. Ш.Құдайбердиев
2. М. Жұмабаев
3. Ж. Аймауытов
4. А.Байтұрсынов
5. М.Дулатов
ІІІ. Жаңа сабақ
- иә, балалар, бүгін біз Міржақып Дулатов туралы білетін боламыз.
М.Дулатов 1885 жылы 25 қарашада бұрынғы Торғай облысы,Жанкелдин ауданындағы Қызылбел елді мекенінде дұниеге келген. Міржақып Дулатовтың «Оян қазақ» кітабында ұран салып халқын өнер-білімге шақырған.Қазақ елінің басқа елмен терезесі теңеліп, іргелі ел болуын көксеген.
Дұрыс ,М.Дулатов А.Байтұрсыновтың өмірдегі үзеңгілес інісі.А. Байтұрсынов М.Дулатовқа «Ақын ініме» өлеңін жазған.
Міржақып Дулатов -кім? (оқушылар тақтаға жазады.)
М.Дулатов
Ақын аудармашы алаш қайраткері драматург
2 слайд: М.Дулатовтың өлеңдері.
Поэзия саласы ( өлеңдері)
Алашқа ,Зар-заман, Мектепке, Елім –ай, Жас қазақ,қайдасың?, Шешенің балаларын сүюі.
Проза саласы : ( әңгімелері )
Жазғы кеш, Оқымысты бала,Күз, Қасқыр, қысты қалай өткізеді?,Шалдың үш баласы,Ешкімге жауыздық қылма.
Роман : Бақытсыз Жамал қазақ әдебиетінде алғаш роман жазған М.Дулатов
Аудармасы : орыс жазушысы А.С.Пушкиннен,Абу Фирастан, М.Ю.Лермонтовтан.
3 слайд: а) Ана суреті (ана сөзінің кілтін тауып көрейік)
А - ДАМНЫҢ
Н – АҒЫЗ
А – СЫЛЫ
б)«Бес жолды өлең» өлең әдісі. Ана тақырыбында
Зат есім. Кім? Не? Ана Апа
Сын есім қандай? Мейірімді кең пейілді
Етістік Не істейді? Құшақтады жақсы көреді
Синоним шеше
Сезіну (4 сөзден тұратын сөйлем) адамның нағыз асылы
Шеше, адамның нағыз асылы.
Олай болса, балалар бүгін біз осы өлеңдердің ішінен өзімізге ең жақын адам ана туралы, анасы балаларын қалай жақсы көретіндігі туралы М.Дулатовтың
«Шешенің балаларын сүюі» деп аталатын өлеңімен танысамыз.
Анаға балаларының бәрі бірдей- демекші, әр ана өз баласын жақсы көреді. Сендерді де аналарың ойлап, еркелетіп, әдепті,үлгілі білімді, болғандарыңды қалайды.
Оқулықпен жұмыс- «Шешенің балаларын сүюі» мәнерлеп оқу (мұғалім оқиды, оқушылар тізбектеп оқиды)
Сергіту сәті. «Кім шапшаң?» математикалық жұмбақтар
- Топ торғай ұшып келіп, бұтаққа қонды. Егер торғайлар бұтаққа бір-бірден қонса, бір торғай артық, ал екі-екіден қонса, бір бұтақ артық қалады.
Торғай нешеу, бұтақ нешеу? (4 торғай, 3 бұтақ)
Топпен жұмыс:
І топ: сатылай кешенді талдау
1.Авторы. М.Дулатов
2.тақырыбы. шешенің балаларын сүюі.
3.жанр түрі. Пэзия (өлең)
4.идеясы. ананың бар арманы,өмірінің мәні-баласы, оның амандығы.
5. шумақ- 4
6. тармақ- 16
7. бунақ- 3
8. буын саны -11,13 буынды
9. ұйқас түрі – қара өлең (а, а, б, а)
10. арнау –сұрай арнау
11. әдеби теориялық ұғым- эпитет қамқор ана, сорлы ана
12.өлеңнің тәрбиелік мәні – балаға ана қадірін ұқтыру, ананы сүюге, қамқор болуға, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу.
ІІ топ: лексикалық тапсырманы орындау
түсіндірме сөздік : Көз жасын көлдету –қатты жылау, төбесі көкке жету- қуану, түн ұйқысын төрт бөлу- қайта –қайта ояну, кірпік қақпай –ұйықтамау,
ІІІ топ: өлеңді құрлысына талдау
-Кім сендерді,// балалар,//сүйетұғын,// а 11 буын
Қуанышыңа қуанып,//қайғыңа// күйетұғын?//а 13 буын
-Түн ұйқысын// төрт бөліп,//кірпік қақпай,//б 11 буын
Шешең байғұс //дамылсыз// жүретұғын.//а 11 буын
4 шумақ, 16тармақ,3 бунақ,11-13 буынды, а,а,б,а қара өлең ұйқасы
Ал, кәне балалар сендерді аналарың қалай еркелетеді екен? Кім айтады?
4 слайд: «Білімді мыңды жығар» «Ана туралы толғау» монолог ойнап тұрады
І топ Ана туралы эссе жазу
ІІ топ Ана туралы мақал –мәтел, жаңылтпаштар айту
1.Шеше,шеше
Неше кесе сынды кеше .
2.Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім.
Неше кіші ішік піштім
ІІІ топ Ана туралы өлең құрастыру
5 слайд: Сәнді сурет-мәнді сурет. Ол суретшінің сезімі мен мінезін ,әрекетін білдіреді . Қылқалам шеберлеріне сөз берейік (Аналарын күнге, гүлге теңеу)
Сабақты бекіту.
Тест интервью
Міржақып шығармаларының ерекшелігі қандай?
1.Қарапайым
2.Тілге жеңіл
3. Кез келген адамға түсінікті
4,Тәрбиелік мәні зор
Шығармалары арқылы қандай тәрбие береді?
1.Адамгершілікке
2.Құрметтеуге
3. Сүйіспеншілікке
4.Қадірлеуге
Жаңа сабақты қайталау
1.Өлеңнен алған әсеріміз қандай?
2.Ананы қадірлеу әр болоның борышы.
Балалар- анамызды өзіміздің жақсы жақтарымызбен,жақсы сөздерімізбен қуанта аламыз. Олай болса «Бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербеткен» аналар өз балаларын қалай сүйетінін ,әр анаға балаларынан қымбат ештеңе жоқтығын білдік, ендеше аналарымыз аман болсын деп орнымыздан тұрып бір – бір ауыз жылы лебізімізді айтайық.
ІҮ. Үйге тапсырма беру.
Өлеңді жаттау, ана туралы мақал - мәтелдер жазу.
Сөздікпен жұмыс : Көз жасын көлдету –қатты жылау, төбесі көкке жету- қуану (дәптерге жазу)
Ү. Оқушылардың білімін бағалау.
Эпитет дегеніміз не?
Заттың, құбылыстың ,айрықша белгісін сипаттайтын суретті сөз
Көбінде сын есімдерден болады.
Теңеу дегеніміз не?
Бір заттың белгісін екінші заттың белгісіне теңеу.
дай, дей, тай, тей жұрнақтары арқылы жасалады.
Метафора дегенімз не?
Бір-біріне ұқсас екі немесе оданда көп заттың құбылыстың балама сөздері.
Достарыңызбен бөлісу: |