Сабақтың типі: аралас сабағы.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: талдау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Махмұд Қашқари сынды ғұламалар өмірі.
2. Жүсіп Баласағұни «Құтты білік»
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Махмұт Қашқари – ХІ ғасырда түркілерден шыққан білімпаз тілші ғалым, әдебиет үлгілерін жинаушы. Қашқари ыстықкөл маңайындағы Барысхан қаласында туып, Қашқарда тұрған. Ол кезде қазақ жерінде құрылған Қарахан мемлекетінің екі астанасы болған еді. Бірі – Баласағұн (Тараз маңында), екіншісі – Қашқар. Болашақ ғалым Қашқарға әкесінің қызметіне байланысты барған.
Қашқари араб тілін, грамматикасын жетік білген. Ол 1070 жылдары үш кітаптан тұратын «Түркі сөздерінің жинағы» (арабша аталуы:- «Диуани лұғати-т-түрк») кітабын жазған. Кітапта бүгінгі әдебиетімізге, түркі тілі, тарихы, географиясы, тұрмыс-тіршілігіне қатысты құнды мәліметтер мол.
Қашқари кітабын жазу үшін, түркі қалалары мен даласын түгел аралап, әр жердің сөйлеу ерекшеліктерін зерттеген. Мақал-мәтел, жырларын жинаған. Қазақ жерінің дөңгелек картасын жасаған. Онда Барысхан, Баласағұн, Тараз, Екіөгіз, Қашқар, Каспий сияқты ежелгі елді мекендер сызып көрсетілген.
Сөздікте 29 түркі тайпасмының аты аталады. 6,5 мыңға жуық түркі сөзіне арабша түсінік берген. 260-тан астам мақалдың 60-ы қазіргі күнде тілімізде ешбір өзгіріссіз қолданылады. Кітапта 400 мақал-мәтел бар. М.Қашқари оны 1072-1074 жылдары Халиф Өл-Мұқтадиға арнап құрастырған.
Достарыңызбен бөлісу: |