ІV. Жаңа сабақты бекіту:
1. Оқулықпен жұмыс
Махмұт Қашқари жинаған түркі мақал-мәтелдерін талдау.
Бір –бірлеп мың болар,
Тама-тама көл болар.
Көзден алыстаса, көңілден де алыстар.
2.Топпен жұмыс: Қашқари жинаған түркі мақал-мәтелдерін айтып жарысады.
Көзден алыстаса, көңілден де алыстар.
Хас батыр өткінші жаңбырдай, Білімді мірдің оғындай.
Кең тігілген тон тозбас, Кеңесілген іс бұзылмас.
Адамның қадірі тіршілігінде.
Бөрі көршісін жемес.
Күшті есіктен кірсе, Төре түңліктен шығар.
Түйе мінген қой арасына жасырынбас.
3. Әдебиет теориясы бойынша мағлұмат беру:
Мақал - мәтелдер - әр халықтың өз даму тарихында басынан кешкен алуан түрлі оқиғалары, өзі аңғарған табиғат құбылыстары, қоғам мүшелерінің өзара қарым-қатысы, мінез-құлқы, психологиясы жөніндегі жасаған қорытынды, тұжырымдарының түйіні, өмір тәжірибесінен жинақталған философиялықойлардың ұтқыр да ұтымды, жатық та көркем көрінісі, фразеологиялық оралымдардың еңделіп, сырланып, әбден қалыпқа түскен тұрақты түрлері
Достарыңызбен бөлісу: |