Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10
Сабақтың тақырыбы : Спандияр Көбеев
«Үлгілі тәржімә»
Сабақтың мақсаты : а) Спандияр Көбеевтің шығармаларынан мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы ақынды жан-жақты таныту;
ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;
б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;
Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, баяндау, талдау ,топтастыру
Сабақтың көрнекілігі : электронды оқулық, кітаптар
Пәнаралық байланыс : тарих
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Шығармалары. С. Көбеев ауылда мұғалім болып жүрген кезінен бастап ел тұрмысына жақын, оқиғасы шағын, есте жақсы сақталып, көңілге бірден жететін мысал өлеңдер аударуды қолға алады. Ел ішінде түрлі оқиға, іс-әрекет пен И.А. Крыловтың мысалдары арасынан үндестік та-бады. Алғаш 1908 жылдан бастап аударған мысалдарын 1910 жылы Қазан қаласында бастырып шығады. Оны «Үлгілі тәржімә» деп атайды.
Спандияр Көбеев қиянат, әділетсіздік, надандық, мақтан сүйгіш, бос кеуделілік, ақымақтықты сынайды. «Маймыл мен көзілдірік», «Аққу, шортан һәм шаян», «Көлбақа мен Юпитер», «Арыстан мен маса», «Жапырақтар мен тамырлар» сияқты мысалдарға әр заттың қадір-қасиетін ұғынуды, бірлік пен ынтымақты сақтауды, шамасына қарап шарқын бағамдауды, көпшіліктің жұмылса жеңбейтін, алынбайтын қамалы болмайтынын айтады.
Ұлы Абайдан басталып, А. Байтұрсынов жалғастырған мысал аударудағы С. Көбеев еңбегі өз заманына қажетті тақырып пен ойды дәл кезінде қозғауымен де маңызды әрі И.А. Крылов мысалға алған арыстан, аю, қасқыр, түлкі, қой-қозы, өгіз т.б. бейнелері қазақ әдебиетіндегі осындай аллегориялық (пернеленген) бейнелермен мінез-құлқы жағынан да үйлесе кетті.
1912 жылы Қазанда «Үлгілі бала» атты кітабы басылады. Кітап бастауыш мектеп балалары үшін оқу құ-ралы ретінде дайындалған. Крылов мысалдары мен ақын-жазушыларының шығармаларының аудармаларынан, қазақ ауыз әдебиеті үлгілерінен құрастырылған. К.Д. Ушинскийдің «Родное словосын» басшылыққа ала әзірленген кітапта Л. Толстойдың «Құмырсқа мен көгершін», «Ат пен есек», «Атасы мен немересі», «Екі жолдас» т.б., К. Ушинскийдің «Екі соқа», «Түлкі мен теке», «Сауысқан мен қарға» т.б. әңгімелері, сонымен бірге өзінің «Жетімнің өлеңі», «Жарлы мен бай», «Қайыршы» сияқты шығармалары кірген.
Кітаппен жұмыс: Спандияр Көбеевтің әңгімелерін оқып ,талдау жүргізу арқылы адам бойындағы қандай қасиеттерді сынағанын айтады.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Спандияр Көбеевтің шығармаларын оқып келу.
Достарыңызбен бөлісу: |