Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10
Сабақтың тақырыбы : Спандияр Көбеев
(1878-1956)
Сабақтың мақсаты : а) Спандияр Көбеевтің шығармаларынан мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы ақынды жан-жақты таныту;
ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;
б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;
Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, баяндау, талдау
Сабақтың көрнекілігі : электронды оқулық, кітаптар
Пәнаралық байланыс : тарих
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Спандияр Көбеев 1878 жылы, қазіргі Қостанай облысы-ның Меңдіқара ауданында туған. Әкесі мұсылманша сауатты, еңбекқор, анасы ауыл елге сыйлы жандар болыпты.
1887 жылы Ы. Алтынсарин ашқан мектепке түсіп, оны 1892 жылы бітіріп шығады. Бұдан соң 1892-1895 жылдары Қарағайлыкөлде төрт жылдық оқуда оқиды. 1895-1897 жылдары Қостанай қаласындағы екі сыныптық орыс-қазақ мектебінен білім алды.
Ұстаз болуды армандап, Орынбордағы оқытушылар семинариясынан білім алуға талпынады, бірақ сәті келмей, 1898 жылы Қостанайдағы екі жылдық бастауыш мектеп мұғалімін даярлайтын курсты аяқтайды.
Оқу бітірген соң Ырғыз уезінің Толағай болысындағы Кішіқұм деген жерде С. Көбеев өзі білім алып, хат таныт-қан ұстазы Ыбырай жолымен, ғылым негіздерін үйретуге ынта қояды. А.С. Пушкин, Н.В. Гоголь, А.П. Чехов, И.А. Крылов шығармаларын алыс ауылдағы ел Спандияр Көбеев, мұғалімнің әңгімелеп айтуынан естиді.
Ауылдағы түрлі өрескелдіктер мен адам мінезіндегі жағымсыздықты, ұнамсыздықты сынау үшін И.А. Крылов мысалдарын аударды.
1903-1905 жылдар аралығында Петропавл уезінде мұғалім, 1905 жылы Омбыдағы бір айлық ауыл шаруашылық курсында білім алады, 1908-1910 жылдары Петропавл қаласындағы екі сыныптық орыс-қазақ мектебінде қызмет етеді.
1910-1919 жылдары Қостанайдың Федоровка ауылында мұғалім болады.
С. Көбеев - өмірінің соңына дейін ұрпақ тәрбиелеп, бі-лім берумен айналысқан ұстаз.
1956 жылы дүние салды.
Кітаппен жұмыс: Спандияр Көбеевтің өлеңдерін мәнерлеп оқиды,құрылысына қарай талдайды
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Спандияр Көбеевтің өмірбаянын оқып келу.
Достарыңызбен бөлісу: |