1 байт = 8бит;
1 кбайт(килобайт) = 1024 байт;
1 мбайт(мегабайт) = 1024 кбайт;
1 гбайт(гигабайт) = 1024 мбайт;
ІV. Практикалық жұмыс
17-беттегі 6,7-тапсырмаларды орындау.
V.Сабақты бекіту
Кодтау мен кері кодтау деген не?
Бит, байт деген не?
Техникалық жүйелерде неге екілік алфавитті пайдалануды таңдайды.
VІ. Бағалау
VІІ. Үйге тапсырма
§3, 4 мазмұндау
Сабақ жоспары:5 «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі
«_______» ___________20__ж
Пән аты : Информатика
Сынып : 7
Сабақтың тақырыбы : Компьютердің аппараттық қамтамасыз етуі. Жады
Сабақтың мақсаты :
Білімділік - Оқушыларды ДК-мен, оның негізгі блоктарымен, және олардың міндетімен таныстыру. ЭЕМ-нің мүмкіндіктерінкөрсету. Компьтердің негізгі құрылғылары –процессормен, жадымен таныстыру;
Дамытушылық – Оқушылардың өздерін кабинетте ұстау, қауіпті жағдайларда көмек
көрсете білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік – оқушыларды ұқыптылыққа, тәртіпке, зейінділікке тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: ДК, дәптерлер, оқулықтар, презентация (пректорда көрсетіледі), интерактивті тақта.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
ІІІ. Жаңа сабақты оқып-үйрену
Компьютер “сөзі” есептеуіш” дегенді білдіреді, яғни есептеуге арналған құрылғы.компьютер-деректерді бағдарламалап өңлдеуге арналған электрондар құрылғы.
Қазіргі компьютерлер тек есептеп қана қоймай, цифрлық емес (мәтіндер,дыбыстар, графика және т.б.) ақпаратты өндейді, әр түрлі технологиялық процесттерді, деректер базасын және басқаларды басқарады.Бұл типті компьтерлерді дүние жүзінде жүздеген өндірушілер шығарады.Олар өзара өнімділігімен, жадының сыйымдылығымен және бірқатар функционал мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. ДК-сі. Бірақ.ДК-лердің барлық типтерінің ақпарат өндеу және адаммен қарым-қатынас жасауының негізгі принціптері бірдей. Дербес компьютер өнеркәсіп бұйымы ретінде өзара жалғастырушы кабельдермен байланыстырылған бірнеше блоклардан тұрады.
Блоктардың номенклатуруасы әр түрлі болуы мүмкін,бірақ кез келген компьютер жұмыс істеуі үшін, үш блоктан тұратын жинақ керек. Басқа құрылғылардың барлығы қосымша деп аталады.Оларға принтер, ыбыс колонкалары, құлаққап, микрофон, модем, сканер, маус, трекбол, терте жатады. Компьютердің аталған негізгі жинағының басты элементі-жүйелік блок. ДК жүйелік блогы – компьютердің негізгі тораптары орналасқан тік төртбұрышты қорапша, онда: микропроцессоры мен жедел жады және т.б. аналық тақша, адаптерлер, қоректендіру блогы, иілгіш және қатқыл дискідегі жинақтауыштар, контролер ажыратпалар орналастырылған.
ДҚ (дербес компьютер деп аталуының – бір-ақ адам қолданады) қазіргі кезде көпшілік арасында кең тарай бастады. Кез-келген компьютерлер бірнеше құрылғыдан тұрады.
Монитор, жүйелік блок, пернетақта, мультимедиа колонкасы, модем, маус.
Бұл құрылғылардың ең негізгісі Монитор, жүйелік блок, пернетақта.
Компьютердің барлық құрылғылары оның артындағы ажыратып қосқыштар арқылы ажыратылады. Компьютердің процессоры мен жедел жадысынан басқалары оның сыртқы құрылғылары болып табылады.Олар: монитор, пернетақта, принтер, маус, модем.Әрбір сыртқы құрылғы процессормен арнайы блоктар – адаптер немесе контролер арқылы жалғасады. Контролер немесе адаптердің міндеті – процессордан келіп түскен ақпаратты құрылғылардың жұмысын басқаратын сәйкес сигналдарға айналдыру.
Дисплей – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Дисплей: электрондық – сәулелі түтікшеден (ЭСТ) (электронная лучевая труба ЭЛТ), қоректендіру блогынан және сәулелі басқарушы электрондық блоктан тұрады. Монитор түрлі түсті монохромды болады.
Жүйелік блок-мұнда компьютердің негізгі құрылғылары орналасқан. Компьютерді қосып өшіру батырмасы, дискжетек, компакт-дискіні оқитын CD-ROM орналастырылған. Жүйелік блоктың ішінде аналық плата, процессор, CD-ROM, бейнетақташа, дыбыс тақташасы мен т.б. бар.
Процессор- компьютердің ең басты бөлігі.Ол компьютердің «миы». Ол бүкіл компьютердің жұмысын басқарады және бағдарламадағы барлық командаларды орындайды. Іс жүзінде компьютердің орындайтын жұмысының бәрін оның бас микросхемасына – микропроцессор атқарады. Қазіргі кезде ең көп тараған «пентиум» процессор. Сондықтан компьютер де пентиум деп аталады.Процесор жадпен жұмыс істейді.Жад микросхемасынан процесор өзіне қажетті ақпаратты алады.
Жедел жад-бұл компьютердің ішкі жады.Жедел жад немесе оперативті жадтайтын құрылғы (ОЖҚ) – ол қажет ақпараттарды өзіне жылдам жазуға және одан оқуға мүмкіндік береді.Бірақ онда ақпараттар уақытша сақталады, яғни компьютерді өшіргенше.Егер компьютерді өшірсе онда жедел жадтағы барлық ақпарат өшеді. Компьютердің ішкі жадысының екі түрі бар:тұрақты жадтайтын құрылғы ТЖҚ (ОЗУ) – ақпартты уақытша сақтайтын жад. Енгізу құрылғылары: пернетақта, маус,джойстик,өлшеу аспаптары, сканер. Шығару құрылғысы – принтер, диспей, графопроектор.
Сыртқы жад – сыртқы жад ретінде магнитті диск пайдаланылады. Дискілер қазіргі дербес компьютерлерде ақпарат тасушы болып табылады, олар ақпаратты тұрақты түрде сақтауға арналған. Магнитті дискілердің екі типі болады. Бірінші типке иілгіш, алмалы-салмалы дискілер немесе дискеттер жатады.
Компакт –дискілер. Компакт дискіні лазерлік дискі деп те атайды. Оның сыйымдылығы өте үлкен, олардағы ақпаратты тек оқуға болады. CD-R компакт –дискілеріне басқа жаңа ақпараттар жазуға немесе ақпараттарды қайта жазуға болмайды. Ал CD-RW дискілеріне ақпаратты жазуға, қайта жазуға болады.
Флэшка - жинақтауыштар және жады карталары. Флэшка – ақпаратты сақтау үшін ең қолайлы контейнер болып табылады. Оларға 32 Мбайт-8 Гбайт дейін ақпарат сақтауға болады. Салмағы жеңіл, қолайлы флэшкаларды USB –портқп қосады, секундына 1-10 Мбайт жылдамдықпен ақпарат жазуға болады.
Сканер - қағаздағы кескінді (жазуды , суретті) түсіріп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы. Оның көмегімен суретті, графикті, мәтіндерді сканерлеуге (түсіріп алуға) болады.
ІV. Практикалық жұмыс
Пернетақта тренажерімен жұмыс істеу
V.Сабақты бекіту
Бақылау сұрақтарына жауап беру
VІ. Бағалау
VІІ. Үйге тапсырма
§7-10 мазмұндау
Сабақ жоспары:6 «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі
«_______» ___________20__ж
Пән аты : Информатика
Сынып : 7
Сабақтың тақырыбы : Операциялық жүйелердің жіктелуі мен функциялары
Сабақтың мақсаты :
Білімділік - Оқушыларды Windows ортасының ерекшеліктерімен, жұмыс үстелі түсінігімен таныстыру, есептер тақтасын, «Пуск» батырмасын және басты менюді жұмыста қолдануға үйрету және «Маус» монипуляторын меңгеру.
Дамытушылық – Оқушылардың компьютерде жұмыс істеуде қабілеттерін, логикалық – абстракциясын дамыту.
Тәрбиелік – Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Құрал-жабдықтар: компьютер, интерактивті тақта, электронды оқулық.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Компьютердің құрамына кіретін негізгі құрылғыларды атаңдар
Монитор, жүйелік блок, пернетақта
Компьютер жадысының қандай түрлері бар
Тұрақты жад пен жедел жатың айырмашылықтарын айтыңдар
Ақпаратты енгізу – шығару құрылғыларын атаңдар
Жадтың сыртқы тасуыштарын сипаттаңдар
Мониторлардың түрлерін атаңдар
«Пиксель» деп нені айтады
Пернетақтаның қандай блоктары бар
Принтердің түрлерін атаңдар, оларға сипаттама беріңдер.
ІІ. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
ІІІ. Жаңа сабақты оқып-үйрену
Windows – тың негізгі функциясы – осы орта үшін арнайы құрылған бағдарламалардың жұмысын басқару.
Windows – бұл компьютерлік технологияның жаңа деңгейі. Ол деректермен жұмыс жасаудың объектілі – бағдарланған әдістемеге негізделген. Microsoft Windows 98 ортасының ерекшеліктері:
пайдаланышының интерфейсін стандарттау;
көлемі оңдаған Мбайт жедел жадты тиімді басқару;
жаңа сыртқы құрылғыларды қиындықсыз қосу мүмкіндігі;
бағдарламалардың функциясын интеграциялау, яғни басқа бағдарламалардың жасалған объектілерді нақты бағдарламада қолдану мүмкіндігі;
көп мәселелік, яғни бірнеше қолданбаны қатар орындау және бір бағдарламадан екіншіге оңай ауысу мүмкіндігі;
графикалық режімді басым қолдану;
жергілікті желі және Internet желісінде жұмыс істеуді қолдаудың құрамдас
Windows- графикалық операциялық жүйе, оның негізгі обьектілері терезе белгішелер түрінде бейнеленеді.
Windows- тің обьектілірі- терезе, жұмыс столы, шартбелгілер, жарлықта бумалар, тышқан, мәлімет алмастыру буфері.
Windows ортасында жұмыс столының рөлін дисплей экраны орындайды. Он жұмыс істейтін программалардың терезелерді, құжаттардың жеке файлдары шарт белгіде түрінде орналасқан.
Шартбелгі бетіндегі қысқаша жазуы бар кішірейтілген графикалық бейне, дисплей экранындағы программаны, терезені, құжаттардың жеке файлдары командалық файл.
Қапшық экранда каталогтарды және программалық топтарды белгілеу үлгі қолданылады.Бума бұл обьектілер қоймасы.
Тышқан - тетігімен орындалатын ең негізгі операция экран бетімен сілтемені қозғалуы болып табылыды
Мәлімет алмастыру буфері - әр түрлі программалар немесе құжаттар арасында мәлімуттерді тасымалдап, олрдың фрагменттерін бір біріне ауыстырып отыру үшін қолданылатын жады бөлігі.
Есептер тақтасы - бұл кранның төменгі жағындағы жеңішке сұр жолақ.Есептер тақтасында ПУСК батырмасы, іске қосылған бағдарламалардың аттары бар батырмалар орналасқан.
Пуск батырмасы – бұл батырманы басқаннан кейін жүйенің бас менюі пайда болады.Бас меню жеті пунктен тұрады:
Ашылатын бағдарламалар тобы мен қосымшалардан тұратын тізім.
Жуық арада ашылған құжаттардын 15-тен аспайтын тізімі
Баптау
Іздеу
Анықтама
Орындау
Жұмысты аяқтау
Тышқанмен жұмыс істеу.
Жоғарыда айтылғандай обьектілер мен Windows –тің басқару элементтерін іске қосу үшін, «тышқан» манипуляторы қолданылады немесе қысқартып айтатын болсақ, тышқан дейміз.
Тышқанның негізгі батырмасына оның әдетте сол жақ батырмасы алынады, ол сендердің оң қолдарыңның сұқ саусағының астында болады. Ал қосымша батырмаға тышқанның оң жақ батырмасы жатады. Тышқанды шерту деп оның нұсқағышын қажетті обьектіге орналастырып, тышқанның сол жақ батырмасын бір рет басуды және жіберуді айтады.
Тышқанның оң жақ батырмасын шерту деп тышқанның нұсқағышын белгілі бір обьектіге орналастырып, тышқанның оң жақ батырмасын бір рет басуды және жіберуді айтады. Тышқанды екі рет шерту деп- тышқанның нұсқағышын керек обьектіге орналастырып, оның сол жақ батырмасын жылдам екі рет басуды және жіберуді айтады.
Тышқанды алып бару деп – тышқанның нұсқағышын керек обьектіге орналастырып, оның сол жақ батырмасын жібермей, басып тұрып, обьектіні қажетті жерге апарып, сонан соң жіберуді айтады. Тышқанның оң жақ батырмасымен алып бару жоғарыда айтылған әрекеттерге ұқсайды, бірақ мұнда оң жақ батырманы басу керек. Сонда динамикалық меню пайда болады, одан орындағыларың келетін әрекеттің командасын таңдаңдар.
Созу әрекеті апаруға ұқсайды, бірақ мұнда ештене орнынан қозғалмайды, тек қана созылады.
ІV. Сабақты бекіту
● WINDOWS операциялық жүйесінің ерекшеліктері қандай?
● WINDOWS ОЖ қандай обьектілер бар?
● Тышқанның атқаратын қызметі қандай?
● Мәлімет алмастыру буфері дегеріміз не?
● Жұмыс столының атқаратын қызметі?
● Шартбелгі дегеніміз не?
VІ. Бағалау
VІІ. Үйге тапсырма
§12-13 мазмұндау
Сабақ жоспары:7 «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі
«_______» ___________20__ж
Пән аты : Информатика
Сынып : 7
Сабақтың тақырыбы : Практикалық жұмыс
Сабақтың мақсаты :
Білімділік - Теориялық алған білімдерін практика жүзінде тексеру.
Дамытушылық – Оқушылардың компьютерде жұмыс істеуде қабілеттерін, логикалық – абстракциясын дамыту.
Тәрбиелік – Оқушыларды ұқыптылыққа, тәртіпке, зейінділікке тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: ДК, дәптерлер, оқулықтар, презентация (пректорда көрсетіледі), интерактивті тақта.
Сабақтың әдісі: СТО технологиясы
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«Ыстық орындық» сұрақ -жауап
ІІІ. Компьютермен тәжірибелік жұмыс
Операциялық жүйенің праметрлерін баптауды және қалпына келтіруді үйрету.
І. Операциялық жүйелерді баптау.
1. Іске қосу батырмасын басыңыз және негізгі мәзірден Баптау-Басқару тақтасы пунктерін таңдаңыз.
2. Басқару тақтасы бумасының терезесіндегі Күні және уақыты белгісін екі рет шертіңіз.
3. Экранда Қасиеттер: Күн және уақыт сұхбат терезесі екі немесе үш қосымша бетпен бірге пайда болады.
4. Күн және уақыт қосымша бетін таңдаңыз.
5. Күн бөлімінде өзіңіздің туған күніңізді (күні, ай, жыл) тағайындаңыз.
6.Уақыт бөлімінде мектептегі сабақтың басқару уақытын тағайындаңыз.
7.Қолдану батырмасын шертіңіз.
8. ОК батырмасын шертіңіз.
ІІ.Жұмыс үстелін баптау.
1. Іске қосу батырмасын шертіп, негізгі мәзірден Баптау –Басқару тақтасы пунктін таңдаңыз.
2. Басқару тақтасы бумасының терезесіндегі Экран белгісін екі рет шертіңіз.
3. Экранда Қасиеттер:Экран сұхбат терезесі шығады
4. Тақырыптар (Темы) қосымша бетін таңдаңыз.
5. Фондық суретті таңдап, ОК батырмасын шертіңіз. Жұмыс үстелінің фондық суретінің өзгергенін тексеріңіз.
ІІІ. Қыстырма бет (Заставка) параметрлерін баптау.
Қыстырма бет - монитордың пайдалану уақытын созуға қызмет ететін программа. Егер пайдаланушы бірнеше минут пернетақта мен тышқанды пайдаланбаса, экранда қыстырма бет пайда болады. Қыстырма бет тізімдер өрісінен қыстырма программалардың біреуін, ал Интервал өрісінен пернетақтаны соңғы пайдаланғаннан бастап программа жұмысын бастағанға дейінгі уақытты таңдауға болады.Қыстырма бетті орнату үшін мыналарды орындаңыз:
1. Іске қосу батырмасын басыңыз және негізгі мәзірден Баптау - Басқару тақтасы пунктін таңдаңыз;
2. Басқару тақтасы бумасы терезесінде Экран белгісін екі рет шертіңіз;
3. Қыстырма бет қосымша бетін таңдаңыз.
4. Қыстырма бет тізімінен кез келген қыстырма бетті таңдаңыз. Көрініс бейнесін компьютер экранында Экран терезесінен көресіз. Қарап шығу батырмасын шертсеңіз, қыстырма бет компьютер мониторында пайда болады.
ІV. «Көлемдік мәтін» қыстырма бет параметрлерін баптау.
1 Іске қосу (Пуск) батырмасын басыңыз және негізгі мәзірден Баптау - Басқару тақтасы пунктін таңдаңыз.
2 Басқару тақтасы бумасы терезесінде Экран белгісін екі рет шертіңіз.
3 Қыстырма бет қосымша бетін таңдаңыз.
4 Қыстырма бет тізімінен «Көлемдік мәтін» («Обьемный текст») қыстырмасын таңдаңыз.
5 Баптау батырмасын шертіңіз.
6 Қыстырма бет параметрлерінің «Көлемдік мәтін» қыстырмасының параметрлері сұхбат терезесіндегі Мәтін өрісінен кез келген мәтінді, қозғалыс стилін, жылдамдығын, өлшемін таңдаңыз.
7 ОК батырмасын шертіңіз.
V. Дайындау схемасын баптау
1. Іске қосу батырмасын басыңыз және негізгі мәзірден Баптау - Басқару тақтасы пунктін таңдаңыз;
2. Басқару тақтасы бумасы терезесінде Экран белгісін екі рет шертіңіз;
3. Рәсімдеу (Оформление) қосымша бетін таңдаңыз.
4. Схема өрісінен кез келген дайындау сұлбасын, ал Элемент өрісінен түсін өзгерткіңіз келген элементті таңдаңыз.
5. Егер құрылған сұлбаңызды жойғыңыз келсе, онда оны Схема өрісінен таңдап Жою (Удалить) батырмасына шертіңіз.
ІV. Сабақты қорытындылау
Сәйкестендіру тесті.
Операциялық жүйе - Пайдаланушы компьютермен байланысып, қарым-қатынаста болатын ыңғайлы қабық.
Ядро - Ол есептеу процестері мен компьютерді басқару және пайдаланушы мен аппаратураны байланыстыратын жинақталған программа.
Интерфейс - Операциялық жүйелер компьютерде бір ғана пайдаланушыға жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
Драйвер - Командалық интерпретатор, программалық тілден «темір» тіліне аударатын аудармашы, мәшине командасының тілі
Бірпайдаланушы - Компьютер құрамына кіретін әртүрлі құрылғыларды басқаруға арналған программалар.
Көппайдаланушы - Операциялық жүйе қуатты компьютердің көмегімен бір мезгілде бірнеше пайдаланушының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Windows - Графикалық операциялық жүйе
VІ. Бағалау
Сұрақтарға жауап берген, тапсырмаларды орындаған оқушыларды бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма
Қайталау
Сабақ жоспары:8 «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі
«_______» ___________20__ж
Пән аты : Информатика
Сынып : 7 «А, Ә, Б, В»
Сабақтың тақырыбы : Программалау – алгоритмді формальды жазу тәсілі
Тест жұмысы
Сабақтың мақсаты :
Білімділік - Программалау – алгоритмді формальды жазу тәсілімен таныстыру, білімдерін тексеру.
Дамытушылық – Оқулық пен қосымша деректерді пайдалануға, өз ойларын еркін
айтуға, өз пікірлерін қорғап, сөйлеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік – оқушыларды ұқыптылыққа, тәртіпке, зейінділікке тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: ДК, дәптерлер, оқулықтар, презентация (пректорда көрсетіледі), интерактивті тақта, электронды оқулық.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«Бой сергіту» сұрақтары арқылы үй тапсырмасын бекіту.
Операциялық жүйе дегеніміз не?
Операциялық жүйе қалай жіктеледі?
Операциялық жүйенің функциялары?
Операциялық жүйенің жүктелуі дегеніміз не?
ІІІ. Жаңа сабақты оқып-үйрену
Жаңа тақырыпты оқушыларға электронды оқулықпен көрсетілім арқылы түсіндіріп өту.
ІV. Бақылау тапсырмаларын орындау
1.«Сөз жазу» алгоритмі
Бұйрық нөмері
|
Алгоритмнің бұйрығы
|
Бұйрықтың орындалу нәтижесі
|
1
|
Қаламды ал
|
|
2
|
«Информатика» сөзін жаз
|
|
3
|
Қаламды орнына қой
|
|
4
|
Соңы
|
|
2.Тарқатылатын түзуді спираль немесе спиральді түзу деп атайды. Жоғары (Ж), Төмен (Т), Оңға (О), Солға (С) бұйрықтарын пайдаланып, спираль суреті алгоритмін құрыңдар. Спиральдің орам санын көбейту үшін алгоритмді қалай толықтыру керек?
Достарыңызбен бөлісу: |