Сабақтың тақырыбы : Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру Сабақтың мақсаты



бет4/18
Дата24.04.2017
өлшемі6,18 Mb.
#15155
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

ІV. Сергіту сәті.

Ойын «Мен - фотоаппаратпын»
Мақсаты: оқушылардың есте сақтау қабілеттерін арттыру
Тақтаға суреттер тобын іліп, оған 1 минуттай оқушылардың назарын аудару
Содан соң суреттерді алып тастап, есте қалған заттардың атын сұрау. Кейбір оқушылар байқамаған, есте сақтамаған сурет атауларын айтқан баланы мадақтау. Мұндай жаттығуларды үйде де жасауға болатынын ескерту

V.Сабақты қорытындылау

Атаулар дегеніміз не ,олар не үшін қолданылады?
• Сандарды жазу ережесі қандай?. Паскальда сандардың қандай типтері бар?
• Айнымалы , тұрақты шамалар деп қандай шамаларды айтады?
• Арифметикалық өрнек дегеніміз не? Өрнектер Паскаль тілінде қалай жазылады?
• Төмендегіөрнектіңмағнасы бола ... 2.5 DIV ... 7 MOD 1.2 ...

VІ. Бағалау

Есептер шығарған, сұрақтарға жауап берген оқушыларды бағалау.



VІІ. Үйге тапсырма

Тест құрастырып келу



Рефлексия

Алдарына смайликтерді тастаймын өзінің көңіл-күйін білдіретін смайликті алып, не үшін сол смайликті алғанын айтады.




Күнделікті сабақ жоспары

Бекітілді: Пәні: информатика



Класы: 7 «А», 7 «Ә»

Күні: ________________
Сабақтың тақырыбы: Айнымалылар типтері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік - Айнымалылар типтері туралы толық түсінік беру

Дамытушылық – Оқушылардың өздерін кабинетте ұстау, қауіпті жағдайларда көмек

көрсете білу қабілеттерін дамыту.



Тәрбиелік – оқушыларды ұқыптылыққа, тәртіпке, зейінділікке тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: ДК, дәптерлер, оқулықтар, презентация (пректорда көрсетіледі).

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ

Айнымалы және оның типтері түсінігіне қысқаша тоқтала кетсек. Мектеп курсынан бұл ұғымдар бізге жақсы таныс. Мысалға, «Асанның жасы Үсенге қарағанда 5 жас кіші, ал екеуінің жастарының қосындысы 25...» деген сияқты есептерде біз ойша Үсеннің жасы х, Асандыкі х-5 деп алып теңдеу құра бастаймыз. Мұндағы х айнымалы, оның орнында қандайда бір сан тұр деп есептейміз. Бағдарламалаудағы айнымалылар да осыған ұқсас, бірақ ол тек сан ғана емес, сөз, символ, т.б. яғни оның түрлі типтері болуы мүмкін. Төменде программалау тіліндеріндеде айнымалылардың негізгі типтері:


int — бүтін сандар типі.(int x; int y=37;)
double, float — үтірі бар сандар типі.(float a; double b; float pi=3.14;)
Char — символдық тип (Char q; q='w'; Char t;)
String — сөздер, жолдар типі. (String str; String tost=«Ал, не дейміз енді))»;)
Boolean — логикалық тип.(Бұл типпен кейінірек «очно» танысамыз)

Машиналарға жолай түсініп кету деген жоқ. Айнымалымен жұмыс істеу үшін міндетті түрде алдымен бір рет ЖАРИЯЛАУ керек. Ол үшін оның типін және атын көрсетеміз. Мысалға, int x; (бұдан түсінетінімз x бүтін санды айнымалы, 5 болуы мүмкін, 777 болуы мүмкін, әйтеуір бір бүтін сан).

Айнымалыларға қолданылатын амалдар: + — * / = 

Сөйлем біткенде нүкте қойсақ, бағдарламалауда; (үтір нүкте) қою керек. Осыған бола нәтиже шықпай қалуы мүмкін.

Мәліметтердің немесе айнымалылардың типтері деп, олардың қабылдай алатын мәндерінің және олармен орындауға болатын амалдардың жиынын анықтауды айтады, яғни тип дегеніміз – шамалардың қабылдайтын мәндеріне берілетін сипаттама.



Типтер 2 ге бөлінеді: скалярлық (қарапайым) және құрылымдық (структуралық).



ІV. Сабақты бекіту

  1. Үшбұрыштың қабырғалары берілген: a=3; b=4; c=5; Периметр p — ?

  2. Тіктөртбұрыштың ұзындығы мен ені берілген. a = 12.25; b=7.1; Ауданы s-?

  3. 3 div 10 + 25 mod 5=

  4. 1+ (25 div 5 mod 2) =

V. Қорытындылау

VІ. Бағалау

VІІ. Үйге тапсырма

Тақырыпты оқып, мазмұндау



Күнделікті сабақ жоспары

Бекітілді: Пәні: информатика



Класы: 7 «А», 7 «Ә»

Күні: ________________
Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс

Сабақтың мақсаты:

Білімділік - Теория жүзінде алған білімдерін практикада ұштау

Дамытушылық – Оқушылардың өздерін кабинетте ұстау, қауіпті жағдайларда көмек

көрсете білу қабілеттерін дамыту.



Тәрбиелік – оқушыларды ұқыптылыққа, тәртіпке, зейінділікке тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: ДК, дәптерлер, оқулықтар.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

(Бір оқушы интерактивті тақтаға жазады,қалғандары қатесі болса түзетеді,тексереді.) 

Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

ІІІ. Практикалық тапсырмаларды орындау

Интерактивті тақтаға шығартамын. Оқушылар компьютерде шығарады. 

Есептер шығару
1. Алгоритмдік тілде жазылған тұрақты шамалардың типтерін көрсетіңдер:

А) “дүйсенбі”



          • Жауабы: тіркестік

Б) (-7)

          • Жауабы: бүтін

В) 2,5

          • Жауабы: нақты

Г) “45”

          • Жауабы: бүтін

Д) “с”

          • Жауабы: символдық

T) “Паскаль ”

          • Жауабы: тіркестік

E) “1936”

          • Жауабы: бүтін

М) “-250,0”

          • Жауабы: нақты

Н) “Зат_нөмері”

          • Жауабы: тіркестік

К) “м”

          • Жауабы: символдық

2. Өрнегінің мәнін анықта

(5+2*4)/3=

8-2+21div 4=

(2+3) mod 6=

5+2/10=


(8+4)/10=

8/4 mod 2=

5 div 2+ 8 div 2=

7 div 2-5 mod2=

18 mod 4* 7 div 3=

23 div 5 + 47 mod 5=

19+ (25 div 5 mod 4) =
3. Төмендегі өрнектерді бағдарламалау тілінде жаз:

А) 25 санын 3 ке бөлгендегі бүтін бөліндіні тап.

Б) 42 санын 5 ке бөлгендегі бүтін қалдықты тап.

В) 63 санын 8 ге бөлгендегі бүтін қалдықты тап.

С)102 санын 19 бөлгендегі бүтін бөлігін тап

Д) 89 санын 8 бөлгендегі бүтін қалдықты тап

Е) 1009 санын 25 бөлгендегі бүтін қалдықты тап

Ж) 5000 санын 50 бөлгендегі бүтін бөлігін тап


4. Арифметикалық өрнектердің жазылу тәртібін көрсет:

А)

Б)

В) 8:8


С) (3,18-4,88)(1,171-0,27)

Д)



ІV. Бағалау

Есептер шығарған, сұрақтарға жауап берген оқушыларды бағалау.



VІІ. Үйге тапсырма

Қайталау


Рефлексия

Алдарына смайликтерді тастаймын өзінің көңіл-күйін білдіретін смайликті алып, не үшін сол смайликті алғанын айтады.



Күнделікті сабақ жоспары

Бекітілді: Пәні: информатика



Класы: 7 «А», 7 «Ә»

Күні: ________________
Сабақтың тақырыбы: Сызықтық алгоритмді программалау. Енгізу және шығару операторлары, меншіктеу операторы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік - сызықтық алгоритмдерді бағдарламалауды үйрету. Сабақтан алған теориялық білімдерін жүйелі түрде тәжірибе жүзінде көрсете білу дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық – өз білімдерін сауатты түрде жеткізе білуді, пәнге деген қызығушылықты дамыту

Тәрбиелік – Оқушылардың белсенділігін арттыру, жұмыс жасау мақсатында компьютерлік сауаттылыққа, өзара көмектесуге, өзін-өзі бағалауға тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: ДК, дәптерлер, оқулықтар.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Сабақ барысы:

ІІІ. Жаңа сабақ

Алгоритмнің 3 түрі бар:



  • Сызықтық

  • Тармақталған

  • Циклдік

Егер алгоритмнің N қадамы болса және олардың барлығы басынан аяғына дейін бірінен соң бірі тізбектеле орындалатын болса, онда ондай алгоритмді сызықтық алгоритм дейміз.

Сызықтық алгоритмде барлық бұйрықтар алгоритмде көрсетілгендей тізбектей орындалады.

Сызықтық алгоритмге мысал:


  • Екі санды қосу

  • Робот портреті

  • Үй тапсырмасын орындау

  • Жұмыртқа қуыру және т. б.




Алгоритм сөздік формада, графикалық, алгоритмдік тілде, программалау тілінде беріледі.

Алгоритмнің басы және соңы эллипспен (сопақша шеңбермен) беріледі. Іс-әрекет тіктөртбұрышты фигурада жазылады. Енгізу және шығару мәліметтері параллелограмға жазылады. Блок-сызбадағы барлық элементтер бір-бірімен нұсқаумен байланысады, ол алгоритмнің орындалу бағытын көрсетеді.

Меншіктеу операторы – кез-келген айнымалыға мән беруді жүзеге асыратын, белгілі мәндері бойынша арифметикалық өрнектердің мәндерін есептеп меншіктейтін, жиі қолданыста болатын оператор. Түрі:

Айнымалы:=өрнек;

а:=5, х:=15, с:=а+b т.с.с.

Меншіктеу операторы тек арифметикалық өрнектер үшін ғана емес логикалық және символдық өрнектерге де қолданылады. Айнымалыға символдық шаманы меншіктегенде символ апострофқа алынып жазылады. Мысалы:

V:=’A’, X:=’15’, Y:=’Он_бес’ т.с.с.



ІV. Бекіту

Оқушылар тест сұрақтарына жауап береді



V. Бағалау

VІ. Үйге тапсырма

Та0ырыпты оқу, мазмұндау.



Күнделікті сабақ жоспары

Бекітілді: Пәні: информатика



Класы: 7 «А», 7 «Ә»

Күні: ________________
Сабақтың тақырыбы : Практикалық жұмыс. І жарты жылдық тест жұмысы

Сабақтың мақсаты :

Білімділік - оқушыларының информатика пәні бойынша I - жарты жылдықта алған білімдерін саралау.

Дамытушылық – Пәнге деген қызығушылығын арттыру. Алған білімдерін жинақтап, одан әрі танымдылықтарын кеңейту.

Тәрбиелік – Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, білімділікке, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Ойлан тап!» ойынын ойнау.
Тарауды қорытындылап, сұрақ қою арқылы өткен тақырыптарды еске түсіру. Оқушыларға карточкалар таратылып, сұрақтарға жауап береді.

ІІІ. Практикалық жұмыс

ІV. Тест жұмысы

1.«Информатика» пәні нені зерттейтін ғылым?
А) ақпараттар жиынтығын 
Ә) мәліметтерді тасымалдауды
Б) ЭЕМ-нің көмегімен таңбалар мен сигналдарды сақтау заңдылықтарын
В) ЭЕМ-нің көмегімен ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу заңдылықтарын
2.Ақпараттың өлшем бірлігі
А) бид, байт 
Ә) код, бит 
Б) бит, байт 
В) код, бит
3.«Бит» сөзі кандай тілдегі қай сөзден қысқартылып алынған?
А) ағылшын тіліндегі Віnагу digit: 
Ә) Латын тіліндегі Віnагу digit 
Б) ағылшын тіліндегі Віnary dijit
4.Байт дегеніміз не?
А) 10 биттен тұратын код 
Ә) 8 биттен тұратын код
Б) 18 биттен тұратын код 
В) 8 бірліктен тұратын ақпарат
5.Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал ...
А) компьютер 
Ә) модем 
Б) сканер 
В) принтер
6.1 Кбайтта қанша байт бар?
А) 1000 байт 
Ә) 1024 бит 
Б) 100 байт 
В) 1024 байт
7.Бірінші ЭЕМ қай жылы жасалды және ол қалай аталды?
А) 1823,МИНСК 
Ә) 1946, ЭНИАК 
Б) 1951, ІВМ 
В) 1949, ЭНИАК
8.Қай сөйлем дұрыс?
А) Пернетақта - енгізу құрылғысы 
Ә) Пернетақта - шығару құрылғысы
Б) Монитор - енгізу құрылғысы 
В) Принтер - енгізу құрылғысы
9.Компакт дискілерді оқуға арналған құрылғы-
А) сканер 
Ә)плоттер 
Б) процессор 
В) СD-RОМ
10.Иілгіш дискетаны оқуға арналған құрылғы -
А) принтер 
Ә) дискенгізгіш 
Б) процессор 
В) СD-RОМ
11.Ақпаратты шығару құрылғыларын көрсетіңіз ...
А) Монитор, принтер 
Ә) Монитор, тышқан
Б) Процессор, принтер 
В) Принтер, сканер
12.Бағдарламалау жасақтамалары қандай топтарға бөлінеді?
А) жүйелік, қолданбалы, бағдарламалау жүйесі
Ә) жүйелік, әмбебап, қолданбалы
Б) қолданбалы, бағдарламалау тілдері, операциялық жүйелер
13.Компьютердің барлық мәліметтерді өңдеу жүмысын ұйымдастыратын
бағдарламалар жүйесі...
А) интерфейс 
Ә) операциялық жүйе 
Б) драйвер
14.Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас тәсілі...
А) драйвер 
Ә) операциялық жүйе 
Б) интерфейс
15.Қолданбалы бағдарламалар неше топқа бөлінеді?
А) жүйелік, арнайы 
Ә) әмбебап, арнайы 
Б) әмбебап, жүйелік
16.Файлдың толық аты неше бөліктен тұрады?
А) аты, түрі 
Ә) аты, типі 
Б) типі, жазылуы
17.Файлдың типі неше символдан тұрады?
А)4 
Ә)5 
Б)3 
В)156
18.Жүйелік блоктың ішінде қандай құрылғылар бар?
А) процессор, қатқыл диск, СD-RОМ, дискжетек
Ә) процессор, жады, электронды түтікше 
Б) дискжетек, процесссор, пернетақта
19.Компьютердің ішкі жадысының неше түрі бар?
А) тұрақты, уақытша жадтайтын құрылғы 
Ә) жедел, тұрақты жадтайтын құрылғы 
Б) жедел, оперативті сақтайтын құрылғы
20. Принтердің қандай түрлері бар?
А) лазерлік, инелік, сиялық 
Ә) матрицалық, инелік, сия бүрккіш 
Б) матрицалық, лазерлік, сия бүрккіш
21.Дискілердің қандай түрлері бар?
А) иілгіш, қатты, жүмсақ 
Ә) иілгіш, қатты, компакт 
Б) қатты, иілгіш, терте
22. WINDOWS дегеніміз не?
А) программалық қабықша 
Ә) операциялық жүйе
Б) мәтіндік редактор
В) графиктік редактор
23.Экранның төртбұрышты қоршаулы аймағы ...
А) Терезе 
Ә) Шартбелгі 
Б) Жұмыс үстелі 
В) Бума
24.Жұмыс үстелі дегеніміз не?
А) компьютерді іске қосатын программалық қабықша
Ә) компьютер толық іске қосылғаннан кейін пайда болатын экран беті
Б) мәтіндік редакторды іске қосатын бағдарлама
В) графиктік редакторды іске қосатын бағдарлама
25.Себет (Корзина) ол ...
А) Файлдарды уақытша сақтауға арналған қашпық
Ә) жойылтан объектілерді уақытша сақтауға арналған қапшық
Б) жаңа файлдарды тұрақты сақтауға арналған капшық
В) архивтік объектілерді сақтауға арналған қапшық

V. Бекіту

VІ. Бағалау

Оқушылардың тест жұмыстары тексеріліп, бағалары күнделіктеріне қойылады.

VІІ. Үйге тапсырма

Қайталау


Сабақ жоспары:16 «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі

«_______» ___________20__ж

Пән аты : Информатика

Сынып : 7 «А, Ә, Б, В»

Сабақтың тақырыбы: Сызықтық алгоритмдерді программалауға есептер шығару

Сабақтың мақсаты:

Білімділік - Сызықтық алгоритмдерді бағдарламалауды үйрету. Сабақтан алған теориялық білімдерін жүйелі түрде тәжірибе жүзінде көрсете білу дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық – Жаңа ақпараттық технологиялық құралдар мен бағдарламалық жабдықтарды қолданып пәнге қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік – Оқушылардың белсенділігін арттыру, жұмыс жасау мақсатында компьютерлік сауаттылыққа, өзара көмектесуге, өзін-өзі бағалауға тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: ДК, дәптерлер, оқулықтар, презентация (пректорда көрсетіледі), интерактивті тақта.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

-Сәлеметсіздер ме балалар. Отырыңыздар. 
-Оқушылар назарын сабаққа аудару. 

ІІ. Жаңа сабақ

Ал енді сызықтық бағдарлама жазып көрейік. Мысал: Ұзындығы а-ға тең, ені в-болатын тіктөртбұрыштың ауданын анықтайтын бағдарлама жазу:

Алдымен бізге тіктөртбұрыштың анықтайтын формуланы білуіміз керек. Ол S:=a*b

Алдымен Блок-схемасы мен алгоритмін қарастырып көрейік


Блок-схема Алгоритм

алг тіктөртбұрыш ауданын анықтау

нақты а,в

нәтиже S


басы

а,в енгізу

S=a+b

S шығару


соңы
Енді осы алгоритм бойынша бағдарлама құрамыз:

Program pr1;

Var a,b,s: real;

Begin


Write(‘a,b мәндерін енгіз’);

Read(a,b);

S:=a*b;

Write(‘S:=’,S);



End.

Енді Паскаль бағдарламасының терезесін ашып теріп, орындаймыз.









алг ЕСҚ табу

(арг бүт а, в,нәт бүт с)

басы

енгізу а, в

с=а+в

шығару с

cоңы





program ecep;

var a,b,c:integer;

begin

readln (a,b);

c:=a+b;

writeln ('с= ',c);

end.

а=12=10

деп мәндері берілсе

онда программаны былай жазуға болады

program ecep;

var a,b,c:integer;

begin

a:=12;b:=10;

c:=a+b;

writeln ('с= ',c);

end.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет