ІІІ. Компьютермен тәжірибелік жұмыс
Өрнектің мәнін табыңдар a=-2 ,болғанда (a-8)/(2a+5) алгоритмін,блок-схемасын
программасын құрыңыз.
Үш санның арифметикалық ортасын табу алгоритмін, блок-схемасын және программасын жазыңыз.
Ұзындығы S жолды жылдамдығы V машина неше сағатта жүріп өтеді.
ІV. Бекіту
Шығарған есептерін түсіндіру
V. Бағалау
VІ. Үйге тапсырма
Тақырыпты оқу, мазмұндау. Берілген есептерді шығару.
№1. Y=(AX+B)-С өрнегінің алгоритмін, блок-схемасын, программасын құрып келу.
№2. y=x2+1 функциясын есептейтін программа жазыңыз.
Сабақ жоспары:17 «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі
«_______» ___________20__ж
«_______» ___________20__ж
Пән аты : Информатика
Сынып : 7 «Ә, Б», «А»
Сабақтың тақырыбы: Модельдерді сипаттау әдістері, модельдер қасиеті, түрлері
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды «модель» ұғымымен таныстыру
Сабақтың міндеттері :
• модель түсінігін қалыптастыру
• модельді анықтау жолдарын үйрету
• модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру
• модель түрлерімен таныстыру
Құрал-жабдықтар: ДК, дәптерлер, оқулықтар, презентация (пректорда көрсетіледі), интерактивті тақта.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
-Сәлеметсіздер ме балалар. Отырыңыздар.
-Оқушылар назарын сабаққа аудару.
ІІ. Жаңа сабақ
Психологиялық дайындық
"EXPO-2017" қалалығының компьютерлік моделінің бейне ролигі (https://www.youtube.com/watch?v=QG9R667plR4)
Модель – кез – келген нысанның қарапайым кейіпі. Нақты обьектіні, процесті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.Модельдер материалдық түрде, яғни бар болуы мүмкін. Кей жағдайларда модельдер құрамы бойынша нағыз нұсқаны ауыстыруы мүмкін. Мысалы, қуыршақ қыздың моделі. Бір нысанда бірнеше модель болуы мүмкін. Мысалы: балықтікі жылтырауық немесе қағаздан жасалған модель. Модельдердің ақпараттық түрі болады. Бұл информатика үшін маңыздырақ. Ақпараттық модель: ауызша, математикалық және графикалық. Автомобиль сызбасы графиктік модель. Қарапайым ақпараттық модель – адамның есімі. Тақпақтар да ауызша модель бола алады.
Модельдеу әдісі – ғылыми танымның зерттеу объектілерін олардың модельдерін жасап, зерделеу арқылы танып-білу әдісі. Модельдеу әдісінің пайда болуы техникалық жүйелердің күрделілігіне, материалдық процестер мен құбылыстарды зерттеу қажеттілігіне орай туындайтын ой-түрткілерге, себептерге, тағы басқа байланысты. Модельдеу кез келген затты мақсатты, жылдам, неғұрлым тиімді тәсілмен зерттеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, модель зерттеліп жатқан объектінің субъект баса көңіл қойып отырған қасиеттерін жоғары дәлдікпен бейнелей алады. Ол объектіні құбылыстарға, заттар мен процестерге тән қосалқы белгілерден айырып, ондағы жалпы, негізгі, елеулі заңды белгілерді табуға мүмкіндік береді. Сондықтан модельдеу танымның формасы, әдісі, ірі категориясы болып саналады. Модельдеу екі түрге бөлінеді. 1) Пәндік модельдеу зерттеу объектісінің белгілі бір физикалық, геометриялық, динамикалық немесе функционалдық сипаттамаларын нақыштайтын модель жасау арқылы іске асады. 2) Идеалды модельдеу кезінде модель ретінде сұлбалар, сызбалар, формулалар, табиғи және жасанды тілдердегі сөйлемдер, тағы басқа қолданылады. Мұндай модельдеу түріне математикалық (компьютерлік) модельдеу жатады. Әлдебір құбылысты оның моделі арқылы зерделеу модельдік эксперимент деп аталады. Күрделі жүйелерді зерттеу кезінде көбіне бірін-бірі толықтыратын бірнеше модельдер қолданылуы мүмкін. Кейде бір құбылысты зерттегенде бір-біріне қарама-қайшы келетін модельдер пайдаланып, бұл қайшылық таным дамуының аса жоғары деңгейінде шешімін табуы мүмкін. Модельдеу танымның басқа да формалары мен әдістерімен (эксперимент, абстрактілеу, гипотеза ұсыну, теория құру, түсініктемелеу, тағы басқа) бірлесе отырып, адам білімінің тереңдей түсінуіне зор ықпал етеді.
Модельдің ең қарапайым түрі нысандарды көрнекі етіп сурет, кескін, сызба формасында графиктік түрде көрсету. Модельдің екінші түріне – нысандардың, процестер мен құбылыстардың ауызша (қандай да бір тілдің көмегімен) суреттелуі, сипатталуы жатады. Үшінші түрі –ақпараттық-логикалық модель, ауызша сипатталған нысанды кескіндеп көрсету (формалау). Төртінші түрі – динамиканың ішкі заңдарын, өзара әсерін, қасиеттерін көрсететін физикалық нысандардың, құбылыстар мен процестердің математикалық түрде сипатталуы. Мысалы, белгілі бір физикалық процестің уақыт ішінде өтуін баяндайтын дифференциялдық теңдеулер жүйесі осы процестің моделі деп аталады. Модель ұғымы логика,математика, физика, химия, кибернетика, лингвистика, т.б. ғылым салаларында қолданылады. Ғылымда модель ұғымы әдетте модель жасау әдісін қолдануға байланысты аталады. Алгебра мен математика логиканың тоғысқан жерінде арнаулы пән – модельдер теориясы қалыптасты.
Жедел жәрдем көлігінің моделі.
1. Глобус
2. Театр қойылымының декорациялық безендіру макеті
3. Театр спектаклінің костюмдер эскизі
4. Адам қаңқасының макеті
5. Химия реакцияларының теңдеуі
6. Абай Құнанбаев жанұясы ұрпақтарының сызба түріндегі моделі
7. Қуыршақ
8. Су молекуласы құрылымының моделі (макеті)
9. Пойыздар қозғалысының кестесі
10. Паровоз ойыншығы
11. Метроның сызбасы
12. Шаршының ауданын табу формуласы
13. Чарльз Бэббидж суреті
Сергіту сәті
1. Мысықтың баласы
2. Біздің мектептің бақшасында өсетін көкеніс түрі
3. Баскетбол, волейбол ойнауға арналған құрал
4. Ең төзімді үй жануары
5. "Арыстан" сөзінің орысша аудармасы
6. Жіңішкелік белгісі
2-топ
1. Қу жануар
2. Кішкентай сөзіне антоним сөз
3. Теннис ойнауға арналған
құрал
4. Ешкінің төлі
5. Ең берік ағаш
6. "Кемпірқосақ" сөзінің орысша аудармасы
7. Киім ілуге арналған құрал
|
М-арқау
О-рамжапырақ
Д-оп
Е-сек
Л-ев
Ь
Т- үлкі
Ү-лкен
Р-акетка
Л-ақ
Е-мен
Р-адуга
І-лгіш
|
ІV. Бекіту
Жасаған жұмыстарын түсіндіреді
V. Бағалау
VІ. Үйге тапсырма
Тақырыпты оқу, мазмұндау.
"5 жолды өлең" құрастыру талаптары:
1. зат есім
2. екі сын есім
3. үш етістік
4. төрт сөзден тұратын сөйлем
5. синоним сөз
Мысалы:
1. қуыршақ
2. әдемі, үлкен
3. сөйлейді, ойнайды, көзін жұмады
4. Маған анам қуыршақ сыйлады.
5. Ойыншық
Сабақ жоспары:18 «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі
«_______» ___________20__ж
«_______» ___________20__ж
Пән аты : Информатика
Сынып : 7 «Ә, Б», «А»
Сабақтың тақырыбы: Әртүрлі білім салаларының мысалдарында модельдерді зерттеу
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды «модель» ұғымымен таныстыру
Сабақтың міндеттері :
• модель түсінігін қалыптастыру
• модельді анықтау жолдарын үйрету
• модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру
• модель түрлерімен таныстыру
Құрал-жабдықтар: ДК, дәптерлер, оқулықтар, презентация (пректорда көрсетіледі), интерактивті тақта.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
-Сәлеметсіздер ме балалар. Отырыңыздар.
-Оқушылар назарын сабаққа аудару.
ІІ. Жаңа сабақ
Модель дегеніміз - нақты объектіні, процессті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.
Модельдеу – объектілерді, процесстерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың моделін (макетін) құру.
Біздің өміріміздегі модельдер:
Модель – көрнекі түрде жазбаша жоспар, сызба ретінде жасалуы мүмкін. Мұндай модель барлық уақытта біздің ойымызда бейнеленетін прототип пайда болғанға дейін жасалады. Бір объект үшін әр түрлі модель жасалуы мүмкін. Модельдің жасалуы зерттеу мақсатына және прототип жөнінде жинақталған мәліметтердің көлеміне тәуелді болады.
Модельдерді қасиеттеріне қарай мынадай топтарға жіктейді:
1. Қолдану аймағы.
2. Модельде уақыт факторын ескеру.
3. Білім саласына қарай топтау.
4. Модельді көрсету тәсіліне қарай топтау.
Қолдану аймағына қарай модель не үшін және қандай мақсатқа қолданылады деген сұраққа жауап беру мақсатында оқу, тәжірбиелік, ғылыми-техникалық, ойын, имитациялық тәрізді топтарға жіктеледі.
Оқу моделі – көрнекі оқу құралдары, әр түрлі машықтандырушы, үйретуші программалар түрінде болуы мүмкін.
Тәжірбиелік модель – жобалау объектісінің кішірейтілген немесе өте майда объектілер үшін олардың үлкейтілген көшірмесі болып табылады.
Ғылыми-техникалық модельдер – процесстер мен құбылыстарды зерттеу мақсатында құрылады. Оған мысал ретінде электрондардың жылдамдығын үдеткіш – синхротрон, найзағайдың разрядын бақылаушы құрал және теледидар тексеруге арналған стендтерді айтуға болады.
Ойын модельдеріне - әскери, экономикалық, спорттық ойындар жатады. Бұл модельдер әр түрлі жағдайда объектіні бақылауға жаттықтырады. Ойын модельдері адамдарға әр түрлі жағдайда психологиялық көмек көрсетеді.
Имитациялық модель – шын мәніндегі нақты объектіні өте жоғары дәлдікпен бейнелей алады. Тәжірбие нақты объектіні зерттеу, бағалау мақсатында бірнеше рет қайталанады немесе бір мезгілде әр түрлі жағдайда бірнеше ұқсас объектілермен қатар жүргізіледі. Дұрыс шешім таңдаудың мұндай тәсілі байқау және қатенің әдісі деп аталады.
Модельді уақыт факторына байланысты динамикалық және статистикалық деп екі топқа жіктеуге болады.
Статистикалық модель деп объект жөнінде алынған ақпараттың белгілі бір уақыт бөлігіндегі үзіндісін айтуға болады.
Динамикалық модель – уақыт барысындағы объектінің қасиеттерінің өзгерісін көрсету мүмкіндігін береді.
Модельдерді көрсетілу әдісіне қарай материалдық және ақпараттық болып екі топқа жіктеледі.
Материалдық модельді басқа сөзбен заттық немесе физикалық деп айтуға болады. Олар түпнұсқаның геометриялық және физикалық қасиеттерін көрсетеді. Материалдық модельдердің қарапайым мысалдарына балалар ойыншықтарын алуға болады.
Ақпараттық модельді қолмен ұстап, көзбен көре алмаймыз. Себебі, олар тек ақпараттарға ғана құрылады. Мұндай модельдер қоршаған ортаны ақпараттық жағынан зерттеуге мүмкіндік береді. Ақпараттық модель дегеніміз – объектінің, процесстің, құбылыстың қасиеттері мен күйін сипаттайтын ақпарат жиынтығын және сыртқы әлеммен өзара байланыс болып табылады.
Ақпараттық модельге вербальдік модель жатады. Вербальдік модель дегеніміз – ойша немесе әңгіме түрінде жасалған ақпараттық модель.
Таңбалық модель деп арнайы таңбалармен, яғни кез келген жасанды тіл құралдарымен көрсетілген ақпараттық модельді айтады.
Геометриялық модель – графикалық пішіндер мен көлемді конструкциялар.
Ауызша модель – иллюстрацияны пайдаланып, ауызша және жазбаша сипаттаулар.
Математикалық модель – объект немесе процесстің әр түрлі параметрлерінің байланысын көрсететін математикалық формулалар.
Құрылымдық модельдер – схема, графиктер мен кестелер т.б.
Логикалық модель – ой қорытындысы мен шарттарды талдау негізге алынған іс-әрекеттерді таңдаудың әр түрлі нұсқалары көрсетілген модельдер.
Арнайы модельдер – ноталар, химиялық формулалар.
Кез келген жұмысты қолға алмас бұрын, берілгені мен соңғы нәтиже және орындалатын іс-әрекет кезеңдерін айқындап алу қажет. Модельдеу кезінде бастапқы зерттелетін объект – прототип болады. Модельдеудің соңғы кезеңі шешім қабылдау болып табылады. Модельдеу арқылы зерттелген модельдің жаңа объектісін құруға, бар объектіні жақсартуға немесе қосымша ақпарат алуға болады. Модельдеудің негізгі кезеңдері есептің қойылу шарты мен мақсатына қарай анықталады.
1-кезең. Есептің қойылымы. Бұл кезеңде берілген бастапқы мәліметтермен қатар мақсатын анықтау және объектіні немесе процесті талдау анық көрсетілуі қажет.
2-кезең. Модель құру. Ақпараттық модель. Бұл кезеңде элементар объектілердің қасиеттері, күйі және басқа да ерекшеліктері кез келген пішінде, яғни ауызша түрде, схема немесе кесте арқылы да анықталады. Бастапқы объектіні құрайтын элементар объектілер жөнінде толық мағлұмат, яғни ақпараттық модель жасалады. Бұл кезең модель құрудың бастапқы бөлімі болып саналады.
3-кезең. Компьютерлік эксперимент. Жаңа конструкторлық жұмыс, техникалық шешімдерді өндірісте пайдалану және жаңа идеяларды тексеру үшін эксперимент жасау қажет. Компьютерлік тәжірбие жүргізу екі кезеңнен тұрады: модельдеу жоспарын құру және модельдеу технологиясы. Модельдеу жоспары модельмен жасалатын жұмыстың ретін анық көрсетуі қажет. Модельдеу технологиясы дегеніміз – пайдаланушы адамның компьютерлік модельмен орындайтын мақсатты іс-әрекеттерінің жинағы.
4-кезең. Модельдеу нәтижесін талдау. Модельдеудің соңғы мақсаты – шешім қабылдау болып табылады. Модельдеу нәтижесін талдау шешуші кезең болып табылады. Себебі, бұдан кейін модельдеуді жалғастыру немесе тоқтату керек. Егер қате жіберілсе, модельдеуді қайта қарап, алдыңғы кезеңге қайта оралу қажет. Бұл процесс модельдеу мақсатына сай болғанға дейін қайталана береді. Жіберілген қатені табудың өзі нәтиже болып табылады.
Жүйелік талдауды кейбір, нәтижесінде тізбекті жақындату жолымен басқару мәселелері шешілетін процесс ретінде қарастыруға болады.
Жүйелік талдау бойынша жұмыстарды стандартт ау мәселелерін шешуге қатысты қолдану бойынша үш топқа бөлуге болады. Бірінші топ жұмыстарында жүйелік талдаудың жалпы принциптері беріледі, бірақ бұл принциптер белгілі бір мәселелерді шешудегі нақты есептеу процедураларына дейін жеткізілмейді. Стандарттар талаптарын негіздеуді және өнім сапасы деңгейін негіздеуге қол жеткізу үшін жэалпы принциптерден нақты қолданбалы техникалық ғылымдарды пайдалануға өтеді. Екінші топқа бар немесе құрылушы жүйелердің нақты талдаулары жүргізілетін жұмыстар жатқызылады. Мұнда жүйелік талдау математикалық болуы міндетті емес, ол экспериментальды және формальданбаған логикалық әдістер және қадамдардан тұрады. Үшінші тпоқа логика – талдау әдістері күрделі процестерді талдау және оптимизациялау үшін пайдаланылады, сонымен қатар ол белгісіздік шарттарында ірі шаралар жүргізу үшін пайдаланылады. Мұндай қадамда негізгі жұмыстар стандарттау объектісіне талаптарды оптимизациялау емес, стандарттау бойынша жұмыстардың мақсаттарын және бағыттарын анықтаудан тұрады.
Жүйелік талдаудың негізгі принциптері болып келесілер есептеледі:
- жүйенің мақсаттын айқындауға бағытталу;
- бар бар өзара байланыстарды жүйе ішінде және жүйелер арасында және сыртқы орталар арасында анықтау және зерттеу, сонымен қатар жүйеге тұтас әсер етуін ескере отырып жеке шешімдерді таңдау;
- шешімдер нұсқауларын іздеу және олардың ең жақсысын таңдау;
- эффектілер және шығындарды салыстыру негізінде оптималдьды шешімдерді табу;
ІІІ. Компьютермен тәжірибелік жұмыс
Деңгейлік тапсырмалар
І-деңгей жұптық жұмыс
(4 мин)
Достарыңызбен бөлісу: |