Сабақтың тақырыбы / Тема занятия / Theme: Балалар әдебиеті-жалпы әдебиеттің бір саласы



Дата07.12.2016
өлшемі337,65 Kb.
#3371
түріСабақ
Модуль 1

Кіріспе

Сабақтың жоспары

Поурочный план

The plan of the lesson

Күні / Дата / Date:

Топ / Группа / Group:

Пән / Предмет / Subject: Балалар әдебиеті

Сабақтың тақырыбы / Тема занятия / Theme: Балалар әдебиеті-жалпы әдебиеттің бір саласы.

Сабақтың үлгісі / Тип занятия / Type of the lesson: аралас

Сабақтың түрі / Вид занятия / Kind of the lesson: дәріс

Мақсаты / Цели занятия / Objectives:

-білімдік / образовательная /educational: Студенттерге мектепке дейінгі балаларды оқытудың мазмұнын түсіндіре отырып,балалар әдебиетінің міндетін ұғындыру. Балалар әдебиетінің ролі.Балалар әдебиетін оқыту әдісемесі туралы мәлімет беру.Балалар әдебиетінің басқа әдебиетке қарағандағы ерекшеліктеріне тоқталу.

-дамытушылық / развивающая / developing: Танымдық іс-әрекеттерін дамыта отырып, балалардың жеке жұмыс жасай білудің қабілеттерін қалыптастыру.

-тәрбиелік / воспитательная / bringing-u: Өз беттерінше ізденуге, танымдық іс-әрекеттерін кеңейтуге, сөз байлықтарын көркейтіп, мәнерлеп сөйлеуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар / Оборудование / Resources: тақта, портрет, ертегі кітаптары

Сабақтың жоспары / План занятия / Plan

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Мақсатқа жету

ІІІ. Дәріс мазмұнын хабарлау

IV.Студенттермен жұмыс жүргізу

V. Дәрісті бекіту

VI. Үйге тапсырма

Сабақтың барысы \ Ход занятия

І.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіздер ме?,Здравствуйте, Good morning.

ІІ. Мақсатқа жету: Кітаппен жұмыс балалардың ойлану, рухани және эстетикалық талғамдарын қалыптастырады. И.Токмакова балалар кітабы тәрбиенің ең негізгі құралы – деген. Көркем әдебиет балалардың адамгершілік сезімін, қасиетін, әдептілігін, эстетикалық қабілетін арттырады

Прошу доказать это или опровергнуть: В.А. Сухомлинскидің айтқан сөзі: «Кітап оқу – жол , сол жолмен ақылды, білімді тәрбиеші ғана бала жүрегіне жол табады» Сол жолды табу үшін пәнді жақсы білу керек.

ІІІ. Дәріс мазмұны:(салынған)Енді бүгінгі дәрісіміздің тақырыбын жазыңдар.

IV. Әдебиеттермен танысу: «Қазақ балалар әдебиетінің тарихы» Ш. Ахметов, «Қазақ фолклорының тарихы» А. Қоңыратбаев, «Әдебиет теориясы» Қ.Ж.Жұмағалиев, «Қазақ балалар хрестоматиясы», Бағдарламалар, Н.Ә.Назарбаевтың жолдауы.

V. Оқушылармен дәріс барысындағы карточкалармен жұмыс жасау (салынған). Әр топ берілген карточкалардағы сұрақтарға жауап береді – пікір-талас.

VI. Дәрісті қаншалықты қабылдағанын тексеру.


  • Балалар әдебиеті дегеніміз не?

  • Балалар әдебиетінің әдістемесі дегенді қалай түсіндіресіңдер?

  • Балалар әдебиетін қалыптастыруға өз үлесін қосқан ғалымдар?

  • Балалар әдебиетінің міндеттері мен мазмұнын атап беріңдер?

VI. Үйге тапсырма: Бүгінгі жоспар бойынша конспектіні оқып келу. Балалар әдебиетінің міндеттерін, негізгі бағыттары туралы,мектепке дейінгі балалар әдебиетінің маңызы неде екені туралы реферат жасап келу.

Әдебиет / Литература / Literature: Сетин Ф.И «Орыс балалар әдебиетінің тарихы» 1990ж. «Қазақ балалар әдебиетінің тарихы» Ш. Ахметов - 1976ж. «Қазақ фолклорының тарихы» А. Қоңыратбаев – 1986ж.

Жоспары:

1.Пәні, міндеттері, курс мазмұны, Тәрбиешілердің рухани және кәсіптік дайындығын, жалпы мәдени деңгейін кеңейтудегі курстың мәні.

2.Парасатты тұлға қалыптастырудағы балалар әдебиетінің ролі. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан» жолдауы, Қ.Р «Білім туралы» заңы.

3.«Балалар әдебиеті», «балаларға арналған кітаптар».Балалар әдебиетінің ерекшелігі: мазмұн нақтылығы, сюжет дамуы, мінез анықтылығы, тіл байлығы.



4.Балалар әдебиеті туралы әдеби-теориялық түсінік беру.

5.Балаларға арналған әдебиеттер мазмұны,ерекшелігі, түрлері: тұрмыстық,әлеуметтік-психологиялық, фантастикалық әңгімелер, лирикалық өлеңдер, лиро-эпостық поэмалар.Әдебиеттің негізігі үш түрі: эпос, лира, драма.

Балалар әдебиеті – қазақ әдебиеті тарихының өскелең әрі құрамдас бір саласы. Оның өзіндік өсу, өркендеу жолдары бар. Басында жалпы әдебиетпен бірге дамып, толысып келген ол Х1Х ғасырда өз ерекшеліктерімен дербес күйге жетті. 1960-жылдардан бастап жоғары оқу орындарында жеке пән ретінде оқытыла бастады. Балалар әдебиетінің қалыптасу, өсіп-өркендеу жолы бұрынғы-соңғы зерттеулердің аясында, халық өмірі мен қоғам дамуына байланысты қарастырылады. “ Балалар әдебиеті – сөз өнерінің жеке бір өзекті бөлімі.

Балалар әдебиеті – қазақ әдебиеті тарихының құрамдас бір бөлігі. Оның қазақ әдебиетіндегі орны және ара -қатынасы, бір-біріне әсері.

Балалар әдебиеті – халықтың сөз өнері мен жазба әдебиетінің балаларға арналған жанрлық түрлерін қамтыған пән.

Балалар әдебиетін зерттеудегі ең қажетті де басты міндет мектеп жасына дейінгі балдырғандар мен және бастауыш, орталау, орта мектеп оқушыларына лайықталған әдебиеттердің өзіндік ерекшеліктерін көрсету болғандықтан оны әрбір тарихи дәуір, әдеби кезеңдерге байланыстыра талдауды мақсат еттік. Бұл үшін, ең алдымен, олардың жас ерекшелігін, білім көлемін, қабілетін, ойын, психологиясын мұқият еске алып отыру жағы ойда болды.

Ал балалар әдебиеті ұлы совет әдебиетінің өскелең бір бұтағы болғандықтан, оны дәуірге, әдеби кезеңдерге бөлу принципіне келгенде, совет әдебиетіне қолданып жүрген периодизацияны басшылыққа алдық.

Балалар әдебиетінің негізі ауыз әдебиетінде. Сондықтан балалар әдебиетін зерттегенде халық ауыз әдебиетін аттап өтуге болмайды. Өйткені халық ауыз әдебиеті – балалар әдебиетінің алтын қоры, алтын бесігі. Оқу жасына дейінгі балалар, бастауыш мектеп оқушылары әсіресе ертегілерді тыңдауды өте жақсы көреді. Ертегілердегі ғажайып оқиғалар, қызықты тартыстар мен адуын егестер, тапқырлық пен айлакерліктер, зұлымдық әрекеттерге қарсы күрескен қажырлы адамдардың қиян кескі батырлық істері оларды таң-тамаша етеді.

А.И.Герцен өзінің бір данышпандық сөзінде: «Кітап – бір ұрпақтың екінші ұрпаққа қалдырған жан сыры, өсиеті, өлмелі қарияның өмір табалдырығынан жаңа аттаған жас буынға айтқан ақыл-кеңесі»,-деген. Халықтың шығармалар да дәл осы А.И.Герцен айтқандай, ұрпақтан ұрпаққа ұласып келе жатқан халық даналығы деп білеміз.

Октябрь революциясына дейінгі қазақ балалар әдебиетінің асыл мұралары халық ауыз әдебиетінен басталады. 19 және 20 ғасырдың бас кезінде өмір сүрген Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Сәбит Дөнентаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Спандияр Көбеевтердің балалар әдебиетіне қосқан мол мұраларымен байыды. Өз алдына дербес үлесі бар, толық мәнді әдебиетке айналды. Ендігі жерде осындай бай мұраларды зерттеп, оның тәрбиелік, идеялық бағыттарын ашып, жас ұрпақтарға ұсынып, түсіндіріп отыру басты міндетке айналып отыр. М.И.Калинин: «Бізде социалистік қоғамның жаңа адамдары туып келеді, бұл жаңа адамға ең жақсы қасиеттерді сіңіре білу керек»- деген. Балалар фолклоры мен қазақ совет балалар әдебиетінің өсу жолдарын зерттегенде осы мақсатты көздедік. Осыған орай балалар фолклорынан бастап, бүгінгі қазақ совет балалар әдебиетінің кең өріс алған белесіне дейін оның қалыптасуы, өсу жолдары ұлы орыс халқының мол мәдениетінен, үздік әдеби мұраларынан, ғылымынан үлгі алып, тығыз байланыста дамығанын әрбір тарау сайын дәледі де ұтымды фактілер келтірумен растап отыруға тырыстық.



Балалар әдебиеті – жалпы әдебиеттің бір саласы.

Балалар әдебиеті әдебиеттің өз алдына жеке дара саласы болғандықтан, бұл саланың өзіне тән ерекшелігі, тілі мен өзіндік бағыт-бағдары бар. Яғни, балалар әдебиеті – қазақ әдебиетінің бір арнасы. Оның да өсу, өркендеу жолдары бар. Басында жалпы әдебиеттік мұралармен бірге дамып келсе, соңынан өз алдына дараланып, өз ерекшеліктерімен таныла бастады. Балалар әдебиетінің басты ерекшелігі – тақырыбында, екіншіден, бала тіліне лайық көркемдігінде, үшіншіден, тәрбиелік-танымдық, дидактикалық ұғынықтылығында, төртіншіден, балаға тән юмор қажет. Баланың қажеттілігінен, сұранысынан, талабынан шығу үшін оларға тән қылық, мінез керек. Ол үшін көркем шығарма шынайы, табиғи сурттелуі керек. Онсыз баланы алдау мүмкін емес. Бірақ ол шындық қоғам дамуына сай өзгеріп, уақыт талабына шығып отырса нұр үстіне нұр.



Балалар әдебиетінің міндеттері

- балаларды көркем әдебиетінің халық ауыз әдебиеті жанрымен және шығармаларымен таныстыру;

- баланың шығарма мазмұнын меңгеріп, оларды дұрыс түсінуін қамтамасыз ету;

- көркем сөздерді дамытудың негізгі тәсілдерін үйрету.

Мазмұны:

Балаға жеткілікті деңгейде мәтінді талдау, шығарманың ерекшелігі туралы түсінік беру арқылы әдебиет теориясының кейбір қарапайым ұғымдарын жеткізе отырып, әдебиетке қызығушылығын ояту.

Көркем шығармаларды қалай қабылдайтынын, оларға қалай әсер ететіндігін байқап, шығарма туралы балалардың пікірін ескеріп, қажет болғанда түзетулер енгізіп, баланың адамгершілік әлеуетін қалыптастыру.

Шығармалардың жанрларын анықтай білуге (өлең, әңгіме, ертегі), тілдің көрнекті бейнелілігінің үлгілерін (айқындау, теңеу және т.б.) байқауға үйрету.

Бағдарламада берілген шығармалардан үзінділер жаттау (өлеңдер, шағын ауыз әдебиетінің жанрлары), тақырыпқа сай шығарманы таңдай білуге (түсінік айту) үйрету.

Заманауи көркем шығармаларды енгізу есебінен балалар оқуының шеңберін кеңейту.

Ұлттық әдеби шығармалармен, жазушылардың, ұлттық тілді жақтаушылардың немесе нақты аймақтың жазушыларының шығармаларымен таныстыру.

Бірігіп тыңдау дағдыларын, сұрақтарға ұйымдасқан түрде жауап беруге және оқығаны туралы сұрауға, талқылауға, суреттерді мұқият қарап, таныс мәтіндермен сәйкестендіруге тәрбиелеу.

Көркем тілдік және театрландырылған ойын әрекеттері арқылы балалардың дербестігін қалыптастыру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Әдеби сюжеттер бойынша драмалық-ойындарын сахналаудағы рөлдерді орындау тәсілдеріне үйрету.

Көркем әдебиеттің күнделікті өмірге қажеттілігін сезіндіріп, көркем шығармаларды іріктеуге, кітаптар әлемінде өзіне қажет көркем шығарманы таңдай білуге дағдыландыру.

Кітапқа ұқыптылықпен және құнттылықпен қарауға дағдыландыру. Кітапты құрметтеуге үйретіп, оның адам өміріндегі рөлін түсіндіру.



Балалар әдебиетінің мақсаты

Балалар әдебиеті – балалар өмірінің энциклопедиясы. Бастысы – балалардың рухани мәдениетін байытып, туған елі мен жерін сүюге, ата-анасын сыйлау, үлкенге құрмет көрсету, имандылыққа тәрбиелеу.

Балалар әдебиеті – бүгінігі ұлттық әдебиетімізде көркемдік-шығармашылық және тағылымдық-тәрбиелік мақсаттарды басты назарда ұстап, балалардың жас ерекшелігіне қарай дамып келе жатқан сала. Бұл салада балалардың жастық, білімділік ерекшеліктері еске алынады. Олардың психологиялық өсу процестері ескеріледі.

Қазақ балалар әдебиеті жылдан жылға сан жағынан да, идеялық сапасы жағынан да өсіп келеді. Мұның қоғамдық ірі мәні бар. Өйткені балалар әдебиеті - жас ұрпақтарға ұлттық тәрбие берудің қуатты құралы. Ол жастарды ұлттық патриоттық рухта тәрбиелейді, озық ойларымен қаруландырады. Қандай қиыншылықтарды болса да оларды жеңуге ұмтылдырып, жігер – қайратын арттырады.


Н.Ә.Назарбаевтың жолдауынан:Қазақстан Республикасы азаматтары 2014 жылға қарай – 20%, 2017 жылға қарай – 80%, 2020 жылға қарай – 95 пайызы мемлекеттік тілді меңгеруі тиіс. Міне, осындай стратегиялық жағынан құнды, мақсаттары жағынан мәнді мемлекеттік бағдарлама тек қана жоғарыда айтылған факторларды жүзеге асырғанда ғана ойдағыдай шешілмек. Сонда ғана біз Елбасы Н.Ә.Назарбаев тапсырған: «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз керек. Сонымен бірге, елімізде тұратын барлық халықтардың өкілдері ана тілдерінде еркін сөйлей, оқи алуына, оны дамытуға қолайлы жағдай тудыру қажет» деген міндетті орындай аламыз.

Балалар әдебиеті,балаларға арналған кітаптар.

Болмашы тиражбен шыққан кітапқа, тіпті, кітапты шығарған фабрика іргесінде тұрса да, алматылық оқушылардың да қолы жете алмайды. Өйткені, кітап дүкендеріне біреу ертіп бармаса, өздігінен бара алмайды. Қауіп көп, қайшыласқан машиналарда қисап жоқ. Біреу ертіп барса, бағасы оттай. Негізгі бағасына 50 пайыз үстемелеп қойған. Бұл да жаңа кітап оқушылар қолдарына бірден жете алмай, араға дүкен деген алыпсатардың араласып кетуінен туындаған жағдай. Әйтпесе, кітапқа қойылатын үстеме баға баяғыдай кітап құнының 10 пайызынан аспауы қажет қой. Монополияға қарсы комитет мұндай жағдайға жол бермей балалардың алғысына кенелсе ғой шіркін! Олардың бұл істі жолға қоюға ықыласы болмаса, не істеу керек? Балаларға арналған кітаптарды тарату мекемелерін қайта құруды Мәдениет және ақпарат министрлігі, болмаса, Білім және ғылым министрлігі қолға алар. Әйтпесе, соғыс кезінде, соғыстан кейінгі жылдары шара-бара деген арбалы кісі ауылдарды, үйлерді аралап жүріп: «Айна бар, тарақ бар, алмағаның қарап қал», – деп әндетіп, ұсақ-түйек тауарларын саудалаған ғой. Соның кебін киіп, ұсақ кәсіпкер болып, мектептердің қасына барып, үзілістерде кітап сатуға ынталы кісілерге білім және ғылым министрлігі рұқсат берсе, кітаптардың аздап болса да, таралуына септігі тиетін секілді. Мектеп кітапханаларын жаңа кітаптармен қамту үшін әкімшіліктер облыстық бюджеттен қаржы бөлуі керек. Бөлмесе не істейсің? Өз күніңді өзің көр…

«Балаларға арналған көркем әдеби кітаптар азайып кетті», – дейді тұтынушылар. Бұл – шындық. Көбейту үшін не істету керек. Ақын-жазушылардың қаламақысын көбейту керек. Конкурстарды көбейту керек.

Қайсы балалар қаламгері болмасын, осы кезеңнің балалары туралы жазса да, өзінің бала кезін көз алдына келтіріп, жаңа кейіпкерін өзінің мінез-құлқымен, ой-түйсігімен салыстырып отырады. Сонда, жалған сезімге бой ұрмай, шынайы шығарма тудыра алады. Тек өзі жазып отырған кезеңнің таным-түйсігін, әдет-дағдысын терең зерттеп алған мақұл. Шынайы жазылған шығарма уақытқа, заман ағымына бағынбайды. Ықыласпен оқылады. Бердібек Соқпақбаев шығармаларының өміршеңдігі содан болса керек. Сондай өміршең шығармалар бізде аз емес. Орта буыннан Мұхтар Мағауин, Ескен Елубаев, Дулат Исабеков, Молдахмет Қаназ, Тынымбай Нұрмағамбетов, Несіпбек Дәутаев, марқұм Қаржаубай Омарұлы, Шәкен Күмісбайұлы, оларды өкшелеп келе жатқан Көсемәлі Сәттібайұлының шығармаларын тұщынбай оқу мүмкін емес. Астаналық Толымбек Әбдірайымның әңгіме-повестьтері, Әкім Ысқақ, Нұрлан Қалқаның өлеңдері өздерінше бір әлем. Толымбек Әбдірайымның өзгелерге үлгі боларлық тағы бір ерекше қасиеті – өзіне ерекше әсер еткен шығармалардың авторларына қамқор болып жүретіні. Балалардың тамаша ақыны, сатирик Бейсебай Кірісбайдың юморға толы өлеңдерін, өтірік өлеңдерін, жұмбақ, жаңылпаштарын құрастырып, жарыққа шығарған «Піл неге жылады?» атты кітабы кімді болмасын күлкіге кенелтіп, қуанышқа бөлейтініне, кітаптағы дүниелердің біразын жаттап алып, айтып жүретініне күмәніміз жоқ. Балалардың шынайы ақындарының бірі – марқұм Асқаржан Сәрсек еді. Оның да кітаптары бастары құралып, біп том болып, шығып жатса, қанеки. Қайсы- бір ақын-жазушының болсын немесе автордың топ жарған дүниелерін құрастырып, өз тараптарынан жақсылап безендіріп шығарып жатса ешқандай баспа, ұтылмас еді. Мен өз басым, өз аяғымен келген дүниелерді былай қойғанда, ғалымдарды да авторлыққа тартып, тапсырыспен кітап жаздыртып, ерекше көркемдеп шығарып жатқан «Аруна» баспасының өнімдерін сүйсіне, құлшына оқимын. «Баур», «Алматы- кітап» баспаларының да өнімдерін жұрт мақтап жатады. Кітап шығару мәдениеті жағынан асып түспесе, кем түспейді деседі. Бір ғажабы бұл баспалардың кітаптарға берген таралымы 10 мың, 15 мың данадан айналады. Соған қарағанда кітаптарының дүкендерде ұзақ жатып қалмайтынына, басқа басылымдардың өнімдеріне қарағанда, едәуір қымбат болғанына қарамай, жұртшылықтың тез алып кететініне сенімді секілді. Сапалы тауардың қашан да жолы болғыш келетіні ойға оралады

Балалар өздеріне арналған газет-журналдарды, кітаптарды ерекше бағалайды. Онда жазылған шығармалардың шындығына сенеді. Газет-журналдар да, кітаптар да ешқашан қателеспейді, жазуларында ешқандай қате болмайды деп ойлайды. Тіпті, сабақ беріп жүрген мұғалімдерінен де артық көреді. Кітап, газет-журналдар беттерінде абайсызда кеткен қателерді дұрыс деп есептеп, мұғалімнің дұрыс жазылған сөзінің өзін теріске шығарады. Сондықтан балалардың газет-журналдарға, кітаптарға деген сенімдеріне қылаудай кір түсірмеу – парыз. Әйтпесе, пән мұғалімінен көңілі қалған баланың сол пәнді оқымай қоятыны секілді, ішінен қате көрген кітапты оқуға да онша зауқы соқпай қалатыны ақиқат.

Әдебиет теориясы- әдебиеттану ғылымының сөз өнерінің табиғатын, оның әдістері мен методологиясын, әдеби процесс, рухани-эстетикалық құндылықтар заңдылықтарy зерттейтін саласы. Ә. т. осы бағыттағы заңдылықтар мен қағидаларды жүйелеп, поэтикалық, прозалық және драмалық көркем шығармалардың табиғатын тануға қызмет етеді. Ә. т. ұғымдар мен терминдердің, ғылыми қағидалар мен ережелердің құрғақ жиынтығы емес, ол — сол арқылы көркем әдебиетті (өз пәнін) барлық қырынан жан-жақты ашып көрсетудің құралы болып табылады. Әлемдік әдебиеттану ғылымында қалыптасқан дәстүр бойынша, Ә. т. — зерттеу объектісіне байланысты төрт топқа бөлінеді. Бірінші топтың зерттеу объектілеріне әдебиеттің адамзат қоғамы өміріндегі рөлі, жалпы өнер, мәдениет жүйесіндегі орны, әдеби шығармашылықтың тұтас болмысы, суреткер дүниетанымының эстетик. қуаты, оның даралық талғамының шығармашылық ортақ заңдылықтармен үндесуі, әдеби шығармашылыққа бүтіндей баға беру принциптері жатса, екіншісі әдебиеттің тарихи дамуы, жанрларының, тек пен түрінің ортақ заңдылықтарының қалыптасуы және әдеби процес (ағым, бағыт, кезең, дәуір, әдеби байланыс), көркем шығарманы талдау, қабылдау заңдылықтарын қамтиды. Ә. т. көрсетілген осы мәселелерді зерттеу барысында әдебиет тарихымен қиылысады да, ортақ методол. принциптерді қалыптастырады. Келесі топ әдеби шығармалардың көркемдік-эстетик. сапасын, яғни стиль мен әдеби тіл, сюжет пен композиция, жанрлар үндестігі, типологиясы, тарихилығы мәселелерімен айналысады. Бұл бағытта Ә. т. поэтикамен үндеседі. Соңғы топта, әдебиет рухани-эстетик. құндылық тұрғысынан қарастырылады және ондағы мәңгілік құндылықтар мен өтпелі дүниелерге шынайы баға берілуі, әдеби процестің өз кезеңіндегі үрдістер сараланады.

Студенттерге арналған фронталдық сұрақтары:


  • Балалар әдебиеті дегеніміз не?

  • Балалар әдебиетінің әдістемесі дегенді қалай түсіндіресіңдер?

  • Балалардың тілін дамыту дамыту туралы қандай ғалымдар пікір айтққан?

  • Балалар тілінің міндеттерін атап беріңдер?

Балалар әдебиетінің ерекшеліктері. Студенттермен ерекшеліктерін талдау

Балалар әдебиетін зерттеу барысында оның төменгідей басты-басты алты түрлі ерекшеліктері бары анықталды.



Біріншіден, балалардың психологиясына зерттеу жасағанда, олардың ойлау, түсіну қабілеті әңгімеленіп отырған оқиғаның, көркем образдың нақтылығын, дәлдігін, әсіресе көрнектілігін, өз өмірінің айналасынан алынып отыруын қажет етеді.

Екіншіден, әңгімеленіп отырған оқиғаның барысында лиризм болуы шарт. Баланың ішкі дүниесіне, ой-санасына бірден әсер ететін күшті де мағыналы сөздер айтылуы керек. Чернышевскийдің сөзімен айтқанда: «Ах, не деген қорқынышты» немесе «қандай тамаша» деп отыратындай болуы тиіс. Балаларды өмірдің жарқын болашағына қанаттандырып, шарықтатып отыру шарт.

Үшіншіден, балалар әдебиетінде оқиғаны және адам мінезін сіреттеу өзгешіліктері мен әдістерінің динамикасы ерекше болады. Психологияның дәлелдеуіне қарағанда, балалар алдымен оқиғадан оқиғаның туып отыруына, бұлардың тез өзгеруіне, шешіміне, кейіпкерлер мінездерінің әр жақты болуына қызығады. Одан соң оның неден шыққан себептерін іздестіре бастайды.

Төртіншіден, балалар жаратылыстың көркем көріністерін, пейзажды шебер зейнеттеуді ұнатады, оған сүйсіне қарайды, соны өз айналасынан іздейді. Көркем әдебиеттегі жаратылыс суреттері олардың байқағыштық, талғампаздық қабілетін арттыра түседі. Пейзаждық сурет – эстетикалық тәрбиенің бір көрінісі. Эстетикалық тәрбие көбіне ақыл тәрбиесімен тығыз байланысты болып отырады. Өйткені көркемдікке тәрбиелеу – баланың ақыл-есінің тез жетіліп, тез дамуына көмектесіп отырады. Эстетикалық тәрбие сондықтан да көркем өнердің барлық салаларында ұлы шеберлер жасаған көркем өнердің, көркем әдебиеттің аса құнды шығармаларын балалардың терең түсінуін, сол шығармалардан рақаттанып рухани ляззат алуын дамытады. Осының барлығы да балалардың сезіміне терең әсер етеді. Сөйтіп, дүниедегі не бар жақсымен таныстыру арқасында эстетикалық тәрбие адамгершілік тәрбиеге жәрдем береді. Баланың өзін-өзі ұстай білуінде, оның істеген әрекеттерінде, жұмысында, жүріс-тұрысында эстетикалық манерлер пайда болады. Баладағы талғампаздық, байқағыштық қасиеттер қабілеттіліктер күшті болған жағдайда ғана ол өзінің айналасында көрген-білгенінің барлық егжей-тегжейіне байыптылықпен қарай алатын болады.

Бесіншіден, балалар әдебиеті шығармаларының мазмұны мен идеясы олардың белсенділігін арттырып, өз өмірінің жарқын болашағынтанытуға себепкер болуға тиісті. Оларды белгілі мамандыққа үйретіп, еңбек сүйгіштікке әуестендіре білуі керек.

Алтыншыдан, «Сөз - әдебиеттің негізгі материалы. Біздің барлық әсерімізді, ойымызды көркем түрге келтіретін – сол. Әдебиет – сөз арқылы сұлу суреттелетін искусство», - деген М.Горький. Әсіресе балалар әдебиетіне қойылатын талаптар да дәл осындай. Балалар әдебиетінің тілі ойнақы, жеңіл, әрі көркем, әрі қысқа, әрі мейлінше түсінікті, айқын да дәл, әсерлі болып отыруға тиісті. Балалар әдебиетінің тілі олардың сөздік қорын байытуға жәрдемдесетін бірден бір құрал болып табылады.

Қорытынды : Балалар әдебиеті – жас буынның сана сезімін оятып, ақыл-есін дамытатын, оларды адамгершілік, коммунистік моральға тәрбиелейтін өмір оқулығы – не? Оның мақсаты – мектеп жасына дейінгі үш жасар баладан бастап, он алты жасқа дейінгі оқушыларға көркем әдеби тілде жазылған жоғарғы идеялық қызықты шығармаларды беру. Осының барлығы жас буынды саналы өмір сүруге талпынтады. Оның келешегіне жол ашады, бағыт сілтейді. өмірге жанасымды, икемді, төзімді күрескер етеді.

Үйге тапсырма:Конспектіні білу. Балалар әдебиетінің міндеттерін, негізгі бағыттары туралы, мектепке дейінгі балалар әдебиетінің маңызы неде екені туралы реферат жасап келу.

Сабақтың жоспары

Поурочный план

The plan of the lesson

Күні / Дата / Date:

Топ / Группа / Group:

Пән / Предмет / Subject: Балалар әдебиеті

Сабақтың тақырыбы / Тема занятия / Theme: Балалар әдебиетінің қалыптасуы,дамуы.

Сабақтың үлгісі / Тип занятия / Type of the lesson: аралас

Сабақтың түрі / Вид занятия / Kind of the lesson: дәріс

Мақсаты / Цели занятия / Objectives:

-білімдік / образовательная /educational: Студенттерге мектепке дейінгі балаларды оқытудың мазмұнын түсіндіре отырып,балалар әдебиетінің міндетін ұғындыру. балалармен жұмыс жасаудағы әдіс туралы мәлімет беру.

-дамытушылық / развивающая / developing: Танымдық іс-әрекеттерін дамыта отырып, балалардың жеке жұмыс жасай білудің қабілеттерін қалыптастыру.

-тәрбиелік / воспитательная / bringing-u: Өз беттерінше ізденуге, танымдық іс-әрекеттерін кеңейтуге, сөз байлықтарын көркейтіп, мәнерлеп сөйлеуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар / Оборудование / Resources: тақта, портрет, ертегі кітаптары

Сабақтың жоспары / План занятия / Plan

І. Ұйымдастыру

ІІ..Таңғы шеңбер

ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру

ІV.Мақсатқа жету

V. Дәріс мазмұны

VІ. Студенттермен жұмыс

VІІ.Үйге тапсырма



Сабақтың барысы \ Ход занятия

І. Ұйымдастыру бөлім: Сәлеметсіздер ме?,Здравствуйте, Good morning

ІІ.Саусақ жаттығуы :

Этот пальчик папа Бұл саусақ әкем It is fingers father

Этот пальчик мама Бұл саусақ шешем It is fingers mother

Это пальчик дедушка Бұл саусақ атам It is fingers grandmother

Этот пальчик бабушка Бұл саусақ әжем It is fingers grandfather

Этот пальчик я Бұл саусақ мен It is fingers I

Это вся моя семья Бұл бәрі менің отбасым It is my big Family

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.Балалар әдебиетінің балаға маңыздылығы туралы рефераттарын жинап алу.Сұрақтар қою: Балалар әдебиетінің міндеттерін кім айтады? Балалар әдебиетінің маңыздылығы неде? Балаларға арналған кітаптар қандай болды?

ІV.Мақсатқа жету. Эпиграф «Өмірге қажетті ауызекі сөйлеу дағдыларына жаттықпайынша қай-қай тілде болса да, еркін жүйелі сөйлеу мүмкін емес»Сол себепті әр халық өз әдебиетінің шығу тарихы мен дамуын білуі керек.

V. Дәріс мазмұны (салынған)

VІ. Студенттермен жұмыс: фронтальдық сұрақтар, карточка т.б.

VІІ. Үйге тапсырма:

Әдебиет / Литература / Literature: Сетин Ф.И «Орыс балалар әдебиетінің тарихы» 1990ж. «Қазақ балалар әдебиетінің тарихы» Ш. Ахметов - 1976ж. «Қазақ фолклорының тарихы» А. Қоңыратбаев – 1986ж.

Жоспар: 1. Балалар әдебиетінің даму тарихы кезеңдері.Орхон- Енесей жазулары.

2. Балалар әдебиеті шығармалары-тәрбие құралы..



3. Балалар әдебиетіне қойылатын талаптар.
Балалар әдебиетінің даму тарихы тым әріде жатыр. Бүкіл әлем шеңберінде алып қарасақ, сөз өнері, оның сыры мен сипаты туралы топшылаулар, көркемдік таным мен талғамның алғашқы белгілері грек өркениетінен ондаған ғасыр бұрын көне Қытайдың “Ән кітабы”, “Құбылу кітабы”, ежелгі Мысырдағы “Ағалы-інілі екеу туралы ертегі”, байырғы Вавилон жұртының “Көрмегені жоқ кісі туралы” дастаны немесе көне үнді халқының “Ригведа”, “Махабхарата”, “Рамаяна” жырлары тәрізді адам баласының жер бетінде тұңғыш туғызған әдеби ескерткіштерінде б.з.б. 3 — 2 мыңыншы жылдарда пайда болып, келе-келе тұрлаулы эстетикалық ұғымға көше берген. Эллада эстетикасы да бірден мектепке айналып, қауырт қалыптаса қалған жоқ. Гректің әдемілік туралы ілімі Пифагор мен пифагоршілердің (б.з.б. 6 ғ.) өнер мәнін санға, Гераклиттің сапаға, Демокриттің мөлшерге, Сократтың өлшемге сайған аңқау аңғарымдарынан басталып, Платонның “сәбилик” филос-сы арқылы Аристотель (б.з.б. 384 — 322 ж.) “Поэтикасына” келіп ұласады. Ал “Поэтика” — күллі көркемөнер туралы тұңғыш философия-эстетика трактат қана емес, өз кезіндегі әжептеуір жүйеге түскен бірден-бір әдебиет теориясы. Мұнда поэзияның тегі, мәні, мазмұны, пішіні, әдеби шығарманың композициясы кең әрі келелі сөз болады. Өнер туындысының көп жайларын, әсіресе характер, әрекет, байланыс, шешім, шиеленіс, хабар, түйін, метафора, гипербола, фабула, аналогия т.б. жайларын талдап-тексеруі күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Осы арада айырықша атап айтатын бір шындық: өзіміздің қазақ топырағында — ертедегі түркі халықтарының кіндік қаласы Отырарда (Фарабта) туып-өскен ұлы ойшыл, ғұлама ғалым Әбу Наср Әл-Фарабиәл-Фарабидің (870 — 950) әлемдік білім мен мәдениет аспанында жарық жұлдыздай жарқ етіп, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз дәрежесіне көтерілуі — адам таң қалғандай ғажайып құбылыс. әл-Фараби — дана философ қана емес, майталман математик, үлкен дәрігер, дарынды музыкант, мықты әдебиетші болған адам. Оның “Музыканың ұлы кітабы”, “Поэзия канондары” т.б. зерттеулері — бүкіл дүние жүзінде эстетикаға қосылған айтулы үлес. әл-Фараби өзінің поэзия туралы байыптауларында Аристотельдің “Поэтикасын” талдап-түсіндіруді мақсат ете тұра оны егжей-тегжейіне дейін түгел тексеріп жатпайды; поэзияны трагедия, комедия, драма, эпос, риторика, сатира, поэма т.б. осылар тәрізді бірнеше түрге бөледі де, әрқайсысына жеке-жеке жанрлық сипаттама береді. Мәселен, “[[Комедия — деп түсіндіреді ол, — арнаулы өлшемі бар поэтикалық жанр. Комедияда әр алуан әрсіз әрекеттер баяндалады, келеңсіз кісілер, олардың кесірлі қылықтары мен кеспірсіз мінездері сықақ етіледі]]” (әл-Фараби, “Логикалық трактаттар”, А., 1975, 535 бет). Бұл кәдімгідей қалыптасқан, көп ретте дәл және тұрлаулы теор. тұжырым. Батыс Еуропадағы әдеби-эстетикалық ілімнің әбден жетіліп, ғылым мен өнердің дүр сілкінген, дүрілдей дамыған тұсы — қайта өркендеу (ренессанс) дәуірі екенін Италия суретшісі Леонардо да Винчи, француз философы Рене Декарт, эстетигі Никола Буало, ағартушысы Дени Дидро еңбектерінен көріп-білуге болады. Бұлардың қай-қайсысы болсын, шын ғылым, шыншыл өнер жолында ортағасырлық схоластикаға қарсы нағыз алыптарша алысқан өнерлілер мен білімділер. Осыдан былай қарай неміс ағартушылары Готхолд Лессинг пен Иоганн Гердер әдебиет пен өнерді ақсүйектер әулетінің ат төбеліндей аз ортасынан кең алаңға — қалың бұқара арасына алып шықты. Әдебиеттанудың ендігі дамуы Иммануил Канттың эстетикасына, одан әрі дүниенің түп діңгегі — абс. идея, абс. рух деп білген Гегельдің атышулы тридасына барып тіреледі. Ресейдегі эстетикалық байыптаулардың басын сөз өнерін зерттеушілер сонау 10 ғасырдағы библиографиялық жазбалардан іздеп, кейінгі риторикалар мен пинтикаларға көшіп жүр. Бірақ біз бұл жерде бұл мәселені мұншалық егжей-тегжейлі тексеріп жатпай-ақ, әдебиет пен өнерді шын мәніндегі сипаты тұрғысынан уағыздап, сыншыл реализмнің эстетикалық принциптерін теор. жағынан айта қалғандай жарқырата ашқан орыс демократтары В.Г. Белинскийдің, А.И. Герценнің, Н.Г. Чернышевскийдің, Н.А. Добролюбовтың, Д.Н.Писаревтің есімдерін атап өтеміз. Өйткені олардың эстет. ой-пікірлері тек орыс қоғамында ғана емес, бүкіл дүн. жүз. парасат әлеміндегі бір биік болып табылады. Қазақ топырағындағы төлтума қоғамдық ой, оның ішінде эстет. пікір тарихында қазақтың асқан ғалымы Ш. Уәлихановтың, атақты ағартушысы Ы. Алтынсариннің, ұлы ақыны А. Құнанбаевтың алатын орындары айырықша. “Шығыстану әлеміне құйрықты жұлдыздай жарқ етіп шыққан” (Веселовский) Ш. Уәлихановтың сөз өнері жайлы ғылымға қатысты еңбектерін ауыз әдебиетін жинау және жинаған нұсқаларын өзінше парықтау деп екі салаға бөлуге болады. Бұл ретте, Шоқанның өзі “дала Илиадасы” деп бағалаған әйгілі қырғыз эпосы “Манастың” бір тарауын тұңғыш жазып алуы, өз халқының ұлаңғайыр өлең-жырларын ел аузынан іздеп-тауып, талдап-тексеріп, оларды араб поэзиясымен салыстыра келе қазақ поэзиясы — саф таза сұлу поэзия екенін, қазақ тілі араб тіліндей бояма, күлді-балам емес, татаусыз төгілген тұнық, мөлдір тіл екенін дәлелдеуі — соншалық байсалды, парасатты, ғылым тұрғысынан әбден піскен, кәмелетті пікір.

Әдебиеттану - көркем әдебиет мәселелерін зерттейтін ғылым. Сөз өнерінің түп төркінін, тегін, туу, қалыптасу тарихын, даму заңдылықтарын, көркемдік және эстетикалық ерекшеліктерін зерттейді. Негізгі салалары үшеу: әдебиет теориясы, әдебиет тарихы, әдебиет сыны. Жанама тараулары — текстология, тарихнама, библиография Әдебиет теориясы әдебиеттің болмысы мен бітімін, әдеби шығарманың сыры мен сипатын, әдеби дамудың мағынасы мен мәнін байыптайды. Сөз өнерінің ерекшеліктерін, қоғамдық рөлін, көркем шығарманы танудың принциптерін, талдауын, әдістері мен методологиясын, әдеби жанрлар мен оның түрлерін, өлең жүйелерін, тіл мен стиль, әдеби ағым мен ағыс мәселелерін тексереді, талдайды. Сонда әдебиет теориясының зерттеу объектісі де үшеу болғаны — әдебиет, әдеби шығарма, әдеби процесс. Әдебиет дегенде, оның тағы да үш түрлі яки, таным тарапындағы, тәрбие саласындағы және эстетикалық мәні мен мәнісі дара-дара сараланады. Әсіресе эстетикалық табиғатына ерекше назар аударылады. Әдеби шығарма дегенде, мәселен, роман яки поэма талдана қалған жағдайда оның мазмұны мен пішініне айналған шындық оқиғадан туатын кем дегенде бес түрлі сауалға жауап беру шарт: Қандай оқиға болды? Оқиға қалайша болды? Оқиға кімдердің басында болды? Оқиға қалай баяндалған? Болған оқиғаға автордың көзқарасы қандай? Осы сұрақтарға жауап беру барысында шығарманың тақырыбы мен идеясын, сюжет пен композициясын, типі мен характерін, суреткердің тілі мен стилін, дүниетанымы мен көркемдік әдісін талдап-тексеру арқылы әдеби шығарманың сыры мен сипатын тұтас танып-білуге болады. Ал әдеби процеске келсек, мұндағы ең басты мәселе — жанр және жанрлық түрлер, мұны тексерудегі негізгі принцип — тарихилық. Нәтижесінде — сөз өнеріндегі тек пен түрді, бет пен бағытты айқындау. Осылардың бәрін тек әдебиет теориясын терең білген адам, сол арқылы өз дәуірінің талабы дәрежесінде өзінің эстетик. талғамын қалыптастырған адам ғана істей алады. Бұл ретте, әдебиет теориясы көркем шығармашылықтың психол-сы мен ерекшеліктеріне қатысты суреткер лабораториясынан да белгілі мөлшерде нақты мәліметтер берері даусыз. Сонымен, әдебиет теориясын білмей, қандай да болса әдеби құбылысты нәзік түсіну, шынайы сөз өнерінің шындық өмірге қарым-қатынасын білу, әдебиеттің өсіп-өрбуіндегі заңдылықты ұғу, сайып келгенде, күллі ілгерішіл адам баласының жалпы көркемдік дамуындағы сыр-сипатты тану мүмкін емес. Әдебиет теориясының ереже секілденген эстетикалық қағидалары мен қисындары — әшейін ойдан туа салған нәрсе емес, әдебиет тарихы арқылы табылып, тексеріліп, жүйеленген ұшан-теңіз нақты әдеби деректерді терең және жан-жақты талдау, байыптау нәтижесіеде қорытылған толғамдар, түйін-тұжырымдар (қазақ Әдебиет теориясы).



Балалар әдебиетінің пайда болуы, қалыптасуы, дамуы (Ы.Алтынсарин “Қазақ хрестоматиясы” (1879 ж.), М.Дулатов “Балаларға тарту” (1927ж.), І.Жансүгіров “Ел өтірігі”, Х.Досмұхамедов “Қазақ халқының әдебиеті” ), зерттелуі. (Ә.Марғұлан, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмаиылов, Х.Бекхожин, М.Ғабдуллин, Ш.Ахметов, Б.Г.Ерзагович, Б.Уахатов, Қ.Ергөбеков, Б.Ыбраимов, Қ.Ісләмжанұлы т.б.)

Әдебиет тарихы жалпы сөз өнерінің әр халықтың тарихында қалай пайда болғанын, қайтып қалыптасқанын, қандай жолдармен дамығанын зерттейді. Әр ұлттың атамзаманғы сәбилік шағында, жазу-сызуы жоқ кезінің өзінде ауыз әдебиеті өрбігенін, одан ілгерілей келе жазба әдебиеті өніп-өрістегенін, сөйтіп оның көркемдік дамуы қай заманда қай бағытта болғанын саралайтын да, сын көзімен сұрыптап, сарапқа салатын да әдебиеттің тарихы. Сонымен қатар бұл ғылым әр дәуірдің әдеби нұсқасына тарихи тұрғыдан қарап, оның сапасын сол тұстың сана сатысына, ой өрісіне байланыстыра тексереді. Олай етпей, ауыз әдебиетінің нұсқалары болсын, жеке жазушылар шығармашылығы болсын, әділ бағаланып, әдеби дамудағы өзіне лайық орнын алуы мүмкін емес.

Орхон-Енисей жазбалары -көне түркі жазба тарихи-мәдени ескерткіші. Көп уақытқа дейін сыры беймәлім, қай тілде жазылғандығы белгісіз болып келген. Орхон-Енисей жазбаларын руналық жазбалар деп те атайды (Скандинавия халықтарының тілінде "рунь" сөзі "сыры ашылмаған", "құпия" деген мағынаны білдіреді). Тек 1893 ж. ғана даниялық ғалым В.Томсен құпия жазуды оқудың кілтін ашады. Біраз жылдардан кейін орыс ғалымы В.В.Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы жазуды толық оқып, аударды. Руна жазуындағы ең үлкен ескерткіштер Орхон мен Енисей өзендері алқабынан табылғандықтан, жазудың өзін де осылайша атап кетті.

Орхон-Енисей жазбалары Шығыс Түркі қағанатының қағаны Білге мен оның інісі Күлтегін қабірлеріне қойылған орасан зор құлпытастарға қашап жазылған жыр жолдары болып шықты. Жырға арқау болған негізгі мәселелер - елдің тәуелсіздігі, береке-бірлігі. Күлтегін жырында сегіз оқиға баяндалған.

Біріншісінде, қағанның өз халқына қарата айтқан үндеуі,

Екіншісінде Түрік Қағанаты жерінің кеңдігін суреттейді,

Үшіншісінде түркілердің әскери жорықтары,

Төртіншісінде көршілес табғаштардың қастандық әрекеттері туралы әңгіме,

Бесіншісінде табғаш тайпасымен қатысу түркілерге қауіпті екендігі жөнінде,

Алтыншысы түркі халқының болашақты болжай алмауына өкіну,

Жетіншісі түркі халқының даңқын асырған қаған жөнінде,

Сегізіншісінде осы ескерткішті жыр қып жазуға түрткі болған жағдайларға тоқталады.

Орхон-Енисей жазбаларының енді бір ескерткіші - Тоныкөк құлпытасындағы жырлар. Онда да сол кездегі түркілердің өмірінен мағлұмат беретін он төрт жол жазылған. Түркі халқының табғаштарға тәуелді болып қалу тарихы, азат қалған түркілердің бірігуі, қаған сайлауы, Тоныкөктің ықпалымен Елтерістің қаған болуы, Оғыз мемлекетінің тыңшылары түркілерге қауіп төндіргені, қарсыластармен болған шайқастар, анталаған жаудың бетін қайтаруда Тоныкөктің ерлігі, ұрыс-шайқастардың жүргізілуі, түркілердің түрлі тайпалармен жауласу жолдары баяндалып, Тоныкөкті мадақтау берілген.

Енисей өзені аңғарынан құпия жазуы бар құлпытастар табылғаны туралы алғашқы хабарды Н.К.Видзен, С.У.Ремезов, сондай-ақ Сібірде айдауда жүрген швед офицері И.Т.Страленберг пен немістің белгілі ғалымы Д.Г.Мессершмид, т.б. бергенін ХVIII ғасырдың бас кезінде жазған мақалалары мен хаттарынан білеміз.

1893 жылғы қарашаның 25-күні Дания корольдік ғылым академиясының мәжілісінде Вильгельм Томсен ғылыми әлемді дүр сілкіндірген мәлімдеме жасады. Ғалым Орхон мен Енисей өзендері бойынан табылған ескерткіштердегі құпия жазуды оқудың кілтін ашқандығын хабарлады. Ғалымның ең алдымен оқыған сөздері «тәңірі» және «түрік» деген сөздер екен.

Дәл осы кезде академик В.В.Радлов та өз бетінше ізденіп, руна жазуының он беске жуық әрпін анықтап алған еді. Арада көп уақыт өтпей, В.В.Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы мәтінді толық оқып, аударып шықты.

Орхон жазба жәдігерліктерін ұзақ жылдар бойы түбегейлі зерттеген білікті ғұламалар М.Жолдасбеков пен Қ.Сартқожаұлының бірлесіп жазған ірілі зерттеуі жарық көрді.

Л.Н.Гумилев Орхон жазба ескерткіштерін «Көк түріктердің өздері туралы» жазған шежіресі деп біледі.

Тасқа жазылған ескерткіштерде негізінен Түрік қағанаты, оны билеген қағандар, олардың ерлігі жайында сөз болады. «Күлтегін» және «Тоныкөк» жырлары өткен дәуірден нақты мәлімет беруге арналған тарихи деректер. «Күлтегін» жырының басты идеясы – Күлтегін батырды Түрік қағанатының құдіретті тұлғасы етіп көрсету. «Күлтегін» жырының авторы – Йоллығтегін Түрік қағанатының күш қуаты артты, жері барынша кеңіді, ел тұрмысы түзелді. Түрік қағанаты тарихында Тоныкөк тұлғасы ерекше орын алады. Ол Елтеріс қаған, Бөгі қаған және Білге қағандарға кеңесші болған. Тоныкөк ел қамын ойлаған ақылгөй, дана қарт. Түрік қағанатына төрт жағынан жау қаптағанда, Тоныкөк ақыл кеңесімен де, тапқыр сөзімен де, батырлық істерімен де қағандарға көмектесіп отырады. Орхон жазба жәдігерліктері ішінде «Тоныкөк» жыры ерекше орын алады. Бұл жырдың авторы бөлек, оны Тоныкөктің өзі жазған деген болжам бар. Екіншісі – руна жазуындағы бұл жәдігерліктерді поэзиялық туындыға тән барлық белгілері бар, ежелгі түркілердің өзіндік әдеби дәстүріне негізделген көркем туынды деп таныды.

Орхон жәдігерліктерінің ерекшеліктері туралы соңғы кезге дейін өзара қарама қайшы екі түрлі көзқарас орын ала келді. Бірі – Күлтегін және Тоныкөк жәдігерліктері көркем әдебиетке, соның ішінде поэзияға ешбір қатысы жоқ, Түрік қағанатының дәлме дәл жазылған тарихы деп қарады.

Орхон жазба жәдігерліктерінің ішінде «Күлтегін» және «Тоныкөк» жырлары өзінің идеялық мазмұны, композициялық құрылысы, көркемдік бейнелеуі жағынан қазақтың ерлік пен елдікті жырлаған қаһармандық жырларының алғашқы үлгілері болып табылады.

Аз халықты көп қылдым, тату елге жақсылық қылдым, төрт бұрыштағы халықтың бәрін бейбіт қылдым, тату қылдым” деп келетін Орхон жазуындағы жырлардың қазақша аудармасын бүгінгі биік талғаммен өлшесек, эстетик. құны онша мықты емес. Ал тарихтық тұрғыдан тексеріп, танымдық мәнін, ғылымдық маңызын бағалап, қазақтың халық ретінде қалыптаса бастаған тұсындағы әдеби, мәдени мүлкінің ажарын аңғарып, енді дәл осы іспеттес өлең сөздің 15 ғасырладағы белгілі Доспамбет жыраудың: “Ағарып атқан таңдай деп, шолпанды шыққан күндей деп, май қабақта ағалардың аты жусап жатыр деп, ақ шаңдақты құрып қойған шатыр деп, жазыда көп-ақ жортқан екенбіз” деген толғауындағы жыр тілінің төгіле жөнелетін шалқыма шешендікке ғана емес, әдемі айшыққа дейін қалай жеткенін байқаймыз да, қазақ өлеңінің ғасырлар бойы қандай жолмен сатылап дамығанын топшылаймыз. Осының бәрін тек әдебиеттің тарихы арқылы ғана танып-білуге болады. Бірақ бұл қазақ поэзиясының есею, жетілу барысындағы мың белгінің тек біреуі ғана. Ал бүкіл әдебиеттің қалыптасу, даму тарихын жан-жақты талдап-түсінуде Әдебиеттанудың әлгі саласының атқарар қызметі орасан зор (қазақ Әдебиет тарихы).



Балалар әдебиетінің шығармаларының тәрбиелік мәні: Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту, ойлау қабілеттерін қалыптастыру өз ойларын толық жеткізу үшін ең бірінші балаға кез келген жанрда шығарма қажет. Шығарма арқылы бала қоршаған ортамен танысады, көреді, көргенін айтқысы келеді.Кез келген шығарманы әңгімелей отырып баланы үлкедердің іс- әрекетімен таныстырамыз.Ойыншық,жануарлар мен табиғат құбылыстары туралы тақпақтар, жұмбақ, мақал- мәтелдерді талдау арқылы әдептілікке,мейірімділікке,еңбекке баулимыз.Сөйтіп балалар әдебиетінде берілген шығармалардың тәрбиелік мәні зор.

Жаз

Жаздыгүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек,
Ұзарып өсіп толғанда;
Күркіреп жатқан өзенге,
Көшіп ауыл қонғанда;
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтылдап,
Ат, айғырлар, биелер
Бүйірі шығып, ыңқылдап,
Суда тұрып шыбындап,
Кұйрығымен шылпылдап,
Арасында кұлын-тай
Айнала шауып бұлтылдап.
Жоғары-төмен үйрек, қаз
Ұшып тұрса сымпылдап.
Күз

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,


Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,


Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.

Әдебиет сыны әрқашан дәл өз тұсындағы әдебиеттің тірі процесіне белсене араласып, нақты әдеби туындыны жан-жақты талдау, оның идеялық-көркемдік құнын белгілеу, өз кезінің эстетикасы үшін мәні мен маңызын анықтау арқылы, бір жағынан, жазушыға жазғандарының бағалы қасиеттерін, ерекшеліктері мен кемшіліктерін көрсетіп, оның шығармашылық өсуіне тікелей қолқабыс жасаса, екінші жағынан, оқырманды оқығандарының байыбына барып, оны жете түсініп, дұрыс бағалауға баулиды. Бұл ретте, сыншыны жазушы мен оқырманның екеуіне ортақ ара дәнекер десе де болар еді. Бірақ бұл аз. Сыншы — қалың оқырманның өскелең талабы мен талғамының жаршысы, әдеби құбылысты жалпы мемлекеттік мүдде тұрғысынан пайымдайтын қоғамдық ой-пікірдің озғын өкілі. Олай болса, жалпы әдебиетті дамытудағы сыншының күші, жазушыға деген сынның ықпалы оның оқырманға тигізер әсеріне, қалың көпшіліктің көркемдік талғамын қалыптастыруына тығыз байланысты. Сын тек жазушы үшін ғана емес, оқырман үшін де жазылады. Оның көркем шығармаға қосалқы комментарий емес, өз алдына жеке шығарма болып табылатыны да сондықтан. Әдеби сында көркем шығарманы бағалаудың жолдары, тәсілдері, шарттары бар. Мұны білу, игеру сыншының берік принципін, зор мәдениетін, нәзік түсінігін, өрелі ойын, терең білімін, биік талғамын керек етеді. В.Белинскийдің анықтауынша “сыншы таланты-сирек талант, сыншы жолы — тайғақ һәм қатерлі жол” да, шын мәніндегі әдеби сын — қимыл, қозғалыс үстіндегі эстетика. Ал эстетика — әдемілік туралы ілім болуының үстіне қоғамдағы көркемдік даму тәжірбиесінің теорияcын жинақталуы. Сыншының өзіндік сыры, сынның өзгеше сипаты осы арада жатыр (қазақ Әдебиет сыны). Сонымен қатар әдебиет туралы ғылымның жоғарыда аталған негізгі үш саласы (теориясы, тарихы, сыны) өзара тығыз бірлікте: әдебиеттің теориясын нәзік түсінбей тұрып тарихы жайлы әңгіме қозғау, тарихын білмей тұрып сынын өрбіту мүмкін емес. Бұл бірліктін Әдебиеттанудың жанама тараулары да сырт қалмайды; олардың да мазмұны, пішіні, атқарар қызметі осыған негізделеді. Текстология — әдеби туындылардың мәтінін зерттеп-танудың принциптері мен әдістерін анықтайтын арнаулы ғылыми пән. Текстология көркем шығарманың түпнұсқасын талдап, оның автор қолымен жасалған ақтық редакциясын анықтайды, әр алуан нұсқаларын өзара салыстырады, әр басылымын қолжазбамен салғастырады; мәтіннің автор еркінен тыс қысқарған жерлері немесе бөгде қолмен орынсыз өзгертілген тұстары болса, қалпына келтіреді; түпнұсқаны көшіріп басқандар мен әріп терушілер тарапынан кеткен, ең арғысы, емле қателері болса да ұқыппен түзеп отырады. Әдеби тарихнама — әдебиет теориясының, тарихының, сынының ғасырлар бойғы тарихи дамуы туралы дәйектемелер мен деректер, мәліметтер мен құжаттар жинағы. Мұның өзі, көбіне, бірыңғай ғылыми мақсат үшін керек.



Әдебиеттің теориясына, тарихына не сынына қатысты қандай арнаулы мәселе болмасын, оны зерттеудің көлемі мен тереңдігі, мәні мен маңызы сол мәселенің тарихнамалық материалының мөлшері мен мазмұнына қарай белгіленеді. Библиография — көркем әдебиеттің өзіне және әдебиет туралы ғылымға байланысты көрсеткіштер мен анықтамалар, шолулар мен сілтемелер жиынтығы. Бұл да ғылыми мақсат үшін керек. Әдебиет пен Әдебиеттану тарапындағы қандай арнаулы зерттеулер болсын, оған қажет нақты материалдардың — мәтіндер мен мәністеулердің, сын мақалалар мен зерттеу еңбектерінің бәрін библиография көрсеткіштер мен анықтамалар арқылы іздеп тауып пайдалануға болады.

Нәтижесінде оның поэзияны жалпы жұрттың рухани сусыны ретінде ғана емес, халықтың көркем тарихы, халық тағдырының сырлы шежіресі ретінде пайымдап, сол арқылы сөз өнерінің таным және тәрбие тарапындағы мәні мен маңызын белгілеуі, сондай-ақ қазақ өлеңін бес түрге бөліп, бұлардың әрқайсысына өзінше мінездеме әрі сипаттама беруі — әдебиет теориясына қатысты толғамдар. Қазақтың болашақ Ә-ының алғашқы кірпішін Ш.Уәлиханов осылай қалаған еді. Ал Ы.Алтынсаринның әдебиет туралы ғылымға қосқан үлесі жұртқа мәлім ағартушылық еңбектерімен сабақтас. Осы бағытта ол қазақтың әдеби тілінің тазалығы, әдеби шығармалардың халықтығы, тәрбиелік мәнінің биіктігі үшін күресті. Ақындардың ақыны А.Құнанбаев өзінің эстетикалық көзқарасын жүйелейтін ғыл. трактат жазып қалдырған зерттеуші де, сыншы да емес. Десе де нағыз реалистік поэзияның үлгісін көркеткен шыншыл ақынның, ғасырлар бойғы қазақ өлеңінің игі дәстүрін тың өріске, соны сатыға көтерген жаңашыл ақынның тамаша шығармашылық принциптері, сөз өнері хақындағы ұғым-түсініктері мен ой-пікірлері күллі көркем шығармаларының өнбойында желі тартып жатыр. Сонымен, сайып келгенде, қазақ топырағындағы әр түста әр сипатта көрініс тапқан қоғамдық-эстетик. ой-пікірлердің шын мәніндегі жүйелі әдеби ғылымға айналуы — Абайға дейін емес, Абайдан кейін болған процесс. 1905 жылы Ә. Бөкейханов жазып, жариялаған “Абай (Ибрагим) Құнанбаев” деген азанама — Абайтанудың басы. Байтұрсыновтың 1913 жылғы “Қазақтың бас ақыны” атты мақаласы — соның жалғасы. Осыдан былай қарай Абай туралы (дұрысы бар, бұрысы бар) пікір айтпаған, еңбек жазбаған, шығармашылық айтыс-тартысқа араласпаған әдебиетшілер кем де кем. Солардың дәл ортасында талмай еңбектеніп, жан-жақты зерттеп, ақыр-аяғында атақты монографиясы — “Абай (Ибраһим) Құнанбаев” арқылы Абайтану мектебін қалыптастырып тынған М. Әуезов болды. Осылай туып, дамыған қазақтың әдебиет туралы ғылымының бүгінде барлық саласы түгел, тұтас: А. Байтұрсыновтың “Әдебиет танытқышынан” бастау алып, Қ. Жұмалиевтің “Әдебиет теориясына” жалғасқан, одан З. Қабдоловтың “Сөз өнеріне” (әдебиет теориясының негіздеріне) келіп ұласқан қисын саласы; М. Әуезовтің “Әдебиет тарихынан” басталып, С. Сейфуллиннің “Қазақ әдебиетінен”, С. Мұқановтың “ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінен” әрі қарай өрбіп, Ә. Марғұланның, Б. Кенжебаевтің, Ә. Қоңыратбаевтың, Т. Нұртазиннің, [[М. Ғабдуллин Мәлік|Ғабдуллиннің]], Х. Сүйіншәлиевтің, М. Сильченконың, Р. Бердібаевтің, М. Базарбаевтың, З. Ахметовтің, С. Қирабаевтың, Х. Әдібаевтің, Ш. Сәтбаеваның, Н. Ғабдуллиннің, Р. Нұрғалиевтің т.б. оқулықтары мен монографиялары — әдебиет тарихы; Ж. Аймауытовтың “Мағжанның ақындығы” секілді үздік үлгісі бар әдеби сын Е. Ысмайыловтың, М. Қаратаевтың, А. Нұрқатовтың, Т. Кәкішевтің, Ш. Елеукеновтың, З. Серікқалиевтің т.б. сын-зерттеулеріне дейін өрістеді. Бұлардың соңынан жедел жетіліп келе жатқан жас ғалымдар мен сыншылар қазақ әдебиеттануын одан әрі дамытып, жаңа белестерге шығарары даусыз.

Балалар әдебиеті - дегенде көбіміздің есімізге балаларға арналған фольклор, ауыз әдебиетіндегі өлең-тақпақтар мен ертегі, аңыз-әңгімелерден бастап, ақын-жазушылардың балалар үшін жазылған өлеңдері мен дастандары, әңгіме, повестері, романдары түседі. Шынтуайтқа келгенде балалар әдебиеті мұнымен бітпейді. Балаларды имандылыққа, адамгершілікке, білімпаздыққа, еңбексүйгіштікке, отансүйгіштікке баулитын шығармалардың, асыл сөздердің бәрі жатады. Санамаласақ, әлгі аталған шығармалар, пьесалар, ән өлеңдері, ғылыми-көпшілік, танымдық, тарихи, ел тану, жер тану, табиғат тану, жан тану болып жалғаса береді. Бұлардан кинофильмдер мен мультфильмдердің де аулы алыс емес. Сондықтан да балаларға арналған көркем әдебиет, оның проблемалары туралы сөз қозғағанда, танымдық әдебиеттер, өнер туындылары, оқулықтар туралы да көкейкесті мәселелерді ортаға салудың артықтығы болмайды.

Біздің қазақ балалар әдебиетінде, оқулықтарды қоспағанда, соңғы жылдарға дейін балалардың көркем әдебиеті ғана дамып келді. Ыбырай Алтынсариннен бастау алатын бұл жазба әдебиетке Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин сынды әдебиет алыптары орыс әдебиетінің ірі өкілдері Александр Пушкин, Лев Толстойлардың орыс балалар әдебиетіне қосқан үлесіндей елеулі үлес қосты. Елдің ең басты болашағын ойлау деген сондай-ақ болар. Балаларға арнап әдейі көркем дүние жазбағанымен, үлкен дүниелерінен үзінді болса да, бірді-екілі шығармалар ақын-жазушылардың қай-қайсысынан да табылады.



Балалар әдебиетіне қойылатын талаптар:

1.Берілген шығармалар балалардың жас ерекшеліктеріне сай болу.

2. Кітаптағы суреттер балаға таныс, әрі анық және ол баланың әрі қарай сол затты тануына, есте сақтауға көрікті болу.

3.Шығарма әңгімелері қысқа , әрі таныс және жеңіл болу.

4.Бағдарлама жоспарының тақырыптарына сәйкес келуі керек.

Балалардың көркем әдебиеті өз үлесін қосқан кімдер?

Сапарғали Бегалин мен Өтебай Тұрманжанов, Сейітжан Омаров сынды ақсақалдарымыздан басталады. Сол ақсақалдарымыздың ізін басып, бұл салада қатарласа үзеңгі қағыстыра еңбек еткен Мұзафар Әлімбаев, Бердібек Соқпақбаев, Сансызбай Сарғасқаев, Әнуарбек Дүйсенбиев, Нәсіреддин Сералиев, Мүбарак Жаманбалинов, Оспанхан Әубәкіров, Жәнібек Кәрбозин, Қастек Баянбаев, Машқар Гумеров, Қабдыкәрім Ыдырысов, Жақан Смақов, Мұхамеджан Етекбаев, Құрманбай Толыбаев, Әбдібай Табылдиев, Есентай Ерботин, Абдырахман Асылбеков, Адырбек Сопыбеков, Ескен Елубаев, Марат Қабанбаевтар қазақ балалар әдебиетін жаңа биікке көтерді. Мырзабек Дүйсенов, Мәди Айымбетов, Несіпбек Айтов, Жарасқан Әбдірашев, Роза Әбілқадырова, Совет Әлімқұлов, Жақау Дәуренбеков, Танат Дәуренбеков, Зейнелғаби Иманбаев, тағы басқа көптеген ақын-жазушылар балалар әдебиетінің іргесін кеңейте түсті. 1960-1987 жылдардағы балалар әдебиеті үшін тер төккен көптеген ақын-жазушылардың аты-жөндерін атамай кеткеннің өзінде, аталғандардың есімдерінің өзі ұзақ тізімге айналып отыр. Ал енді биылғы жылдан жиырма жеті жылды шегеріп тастап, 1973 жылдан бастап тізім жасасаңыз, үздіксіз еңбек етіп келе жатқан бүгінгі балалар ақын-жазушыларының саны 1960-1987 жылдар аралығындағы балалар ақын-жазушыларының оннан бір бөлігіне де жетпейді. Сексенінші жылдардың ішінде болса керек, ақын Қастек Баянбаев «Өтебайдан Өтепбергенге дейін» деген мақала жазып еді. Ол кезде Өтепберген балалар ақындарының ішіндегі ең жасы болатын. Жастығына қарамай балаларға талай-талай тартымды да, таңғажайып кітаптар сыйлап, көптеген қаламдас ақын-жазушы ағаларының соңынан о дүниелік болып ол да кетті. Бүгінде балалар ақын-жазушылары қатарының сексенге селкілдеп жеткен, күтімі жоқ шал-кемпірлердің тісіндей сиреп қалған жайы бар. «Неге олай? Жазушылардың саны жылдан-жылға өсіп бара жатқан жоқ па?», – деп сұрарсыз. Ия, өсіп бара жатқаны рас.



Бекіту сұрақтары: - Балалар әдебиетінің даму тарихы туралы не айтасыңдар?

  • Орхон Енисей жазулары туралы ойларың қандай?

  • Балалар әдебиетінің шығармашылық мәні неде?

  • Балалар әдебиетіне қойылатын талаптар?

Үйге тапсырма: Балалар әдебиетінің даму тарихы және балалар шығармашылығының тәрбиелік мәніне кімдер үлес қосқан жазып, конспектіні оқып келу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет