Сабақтың тақырыбы : Қуырдақ дайындау Сабақтың мақсаты



Дата12.03.2017
өлшемі36,25 Kb.
#11581
түріСабақ
10 сынып

Бір күндік сабақ жоспары.


Сабақтың тақырыбы: Қуырдақ дайындау

Сабақтың мақсаты:

А) білім беру; Сабақтың теориялық бөлімін түсіндіру, қауіпсіздік техникасын ескерту, қуырдақтың дайындалу жолын түсіндіру.

Б) тәрбиелік; Оқушыларды тазалықпен тәртіпкке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

В) дамытушылық; Оқушылардың қуырдақ дайындау барысында оқушылардың ептілігін, дағдысын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Асхана және ас үй ыдыстары мен аспаптар, инструкциялы нусқау картасы. Табиғи азық - түліктер.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Оқытудың тиімді әдістері: Әңгімелеу, жаттығу, көрнекілік.

Пән аралық байланыс: Әдебиет, биология, физиология

Сабақтың барысы:

А) Ұйымдастыру кезеңі; Оқушыларды түгелдеп, кезекшіні белгілеп, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Ә) Өткен сабақты қайталау; Үйге берілген тапсырма бойынша өткен сабаққ шолу жасау. Тест сұрақтарын пайдалану.

Б) Жаңа сабақты түсіндіру;

Қуырдақ - жаңа сойылған малдың өкпе бауырынан, мойын, төстік етінен, жүрек, бүйрек етінен, сондай - ақ ішек – қарынан ұсақтап турап әзірлейді. Ол үшін қазанға ішек майды немесе құйрық майды турап салып шыжғырып алады да, алдымен үстіне туралған өкпе, жүректі, ішек – қарынды мойын, төстік еттерін салып, қазанның отын қатты жағып 15 – 20 минут қуырады. Содан кейін бауырды салып, үстіне бұрыш, пияз қосып, әбден піскенше қуырады. Тұзды татымына қарай салады.

Әбден піскен қуырдақты табаққа салып, дастарханға қояды.

Қуырдаққа: 1 кг ет, 500г өкпе, 500г бауыр, 300г жүрек, 200г бүйрек, 300 г құйрық май, 2 бас пияз, 1 шай қасық бұрыш, 1 ас қасық тұз қажет.

Бұл қуырдақ көбінесе жас малдың етінен даярланады. Басқа қуырдақтан мұның ерекшелігі – етті майға емес пісірілген сүттің бетінен түскен қаймаққа ғана қуырылуында. Өте жұғымды, жүрекке көп тимейтін қуырдақтың бұл түрін көбіне қарт кісілерге, сыйлы қонақтарға беретін болған.

Жоққе қуырдақ - тоңазып қатып турған соғым етінен дайындалатын қуырдақ. Мұның жоққа қуырдақ деп аталуының себебі, пышақпен не балтамен қырнап жонғанда ет ағаштың жаңқасы сияқты жұп – жұқа болып туралады. Қуырдақтың бұл түрінде суға қайнатпай – ақ майға қуырып әзірлеуге болады.

Картоп басқан қуырдақ - сиыр етін ұсақтап турап, тұз, пияз салып, сырты қызарғанша қуырады. Содан кейін ұн сеуіп қыздырады да томат ботқасын, төрт бұрыштап туралған картоп салып, баяу жанған отқа 30 – 40 минут қайнатады. Бұрыш лавр жапырағын, буршақ, укроп, петрушка салып әбден піскенше бұқтырып қояды. Дастарханға қоярда түрлі көкөніспен сәндейді. Картоп қосқан қуырдақты сиыр еті 100г, майы 60г, пияз 150 г, томат ботқасы 100г, көк 18 г, дәмдеуіштер қалауынша. Қара қуырдақ - кілең өкпе мен бауырдан, жүрек пен бүйректен әзірленеді. Бауыр тез пісетін болғандықтан, кешірек салынады. Мұны қара қуырдақ деп аталатын себебі, бауырдын қаны майға қуырылғанда қуырдақтың өң”н қарайтып жібереді.

Соғым қуырдағы - ет піскенге дейін соғым мүшеленген кезде түсетін ойынды еті, қылынды еті, аздап өкпесі мен бауыры қосылады. Соғым қурдағы соғым сойған малдың өз майына қуырылады. Оны дәмдендіре түсу үшін оған татымына қарай тұз, бұрышы, дөңгелектеп турап пияз салады. Соғым қуырдағын дастарханға шай мен бірге қояды.

Өкпе қуырдақ – етті өте майдалап турап қуырады. Өкпе қуырдақтың еті майда болғандықтан, оны суға бүктіріп қайнатпай – ақ, майға қуырып пісіруге болады.

Практикалық жұмысының нұсқаулары.

А) Кіріспе нұсқау;

Қуырдақ өте дәмді етіп жасалынатын қазақтың ұлттық тағамдарының бірі. Оны дайындау үшін біз қажетті азық – түліктер мен құрал – жабдықтарды түгелдеп аламыз және оларды еңбек жасауға ыңғайлы етіпорналастырамыз. Асханадағы ыдыс аяқтарды тазалап, қажетті азық - түліктерді жуып тазалаймыз. Жұмыс жасау барысында техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз керектігі жайында ескертпе жасау:



  • Газбен жұмыс жасағанда, қолымызды бу жалын кетпеу жолдары;

  • Пышақпен жұмыс жасағанда, қолымызды кесіп кетпеуін;

  • Тамақ пісіргенде басымызға орамал тағуды ұмытпау;

Тағысын - тағы ескеру.

Б) Ағымдағы нұсқау;

Қуырдақ дайындау үшін алдымен керекті азық – түлікті бәріміз майдалап туралап аламыз. Содан кейін қазанға майды қыздырамыз. Содан соң алдымен өкпе, жүрек, ішек – қарынды салып содан кейін етті салып отты күшейтіп 15 – 20 минуттай қуырамыз. Соңынан тез пісетін бауырды салып, үстінен бұрыш, пияз, картоп қосып піскенше қуырады, тұзды татымына қарай салады.

Қуырдақ дайындау барысында оқушылардың дағдысын қалыптастыру үшін қателіктерін ескертіп жөндер отырыу керек.

В) Қорытынды ағым;

Жұмыс соңында оған талдау жасау керек . жіберілген қателіктер мен кемшіліктер жайында айтып өту, және сонымен қатар кейбір сұрақтарға жауап беріп, оқушының қуырдақ дайындау жайындағы түсінігін қалыптастыру.



Бағалау: Оқушылардың дайындаған қуырдағын тексеріп, сұрақтар бойынша оқушыларды бағалау. Оқушылардың ынтасына да көңіл бөлген жөн. Тағамның дәмін анықтау.

Үйге тапсырма: Үйге қуырдақтың басқа да жасалу жолдарымен танысып, келесі сабаққа әрқайсысы бір – бір жасалу жолдар жөнінде мағлумат жинастыру және оны үйде пісіріп келу.

Оқушыларға ендігі сабақ неге байланысты өтілетіннін ескертіп, керекті құрал – жабдықтарын әкелуін ескерту



Жұмыс орнын жинау:

Кезекшіге шашылған бөлме ішін жинап алуын ескерту

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет