Сабақтың тақырыбы : Зиянды жәндіктер, зиянды жәндіктермен күресу жолдары Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата06.10.2019
өлшемі23,92 Kb.
#49290
түріСабақ
Байланысты:
8а 07.10

Бекітемін: №11

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ораққалиева.А.Н

Күні: 07.10

Сыныбы: 8а

Сабақтың тақырыбы: Зиянды жәндіктер, зиянды жәндіктермен күресу жолдары

Сабақтың мақсаты:


  1. Білімділік:  Жануарларлар мен жәндіктер туралы алған білімдерін бекіте отырып, олардың ерекшеліктері мен алуан түрлілігі бойынша тіршілік ету аясы туралы түсінік беру;

  2. Түзете дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілеттерін, ой-өрісін, ойлау қабілеттілігін дамыту.Ұсақ моторикасын жетілдіру .

  3. Тәрбиелік: Табиғатты аялауға, жануарларды қорғауға, қамқорлыққа, достыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, тірек-сызба, ойын.

Сабақтың көрнекілігі: Үлестірмелі (таратпа) материалдар, әртүрлі жануарлар бейнеленген суреттер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі:

- Сәлеметсіңдер ме, оқушылар? Отырыңыздар. Мен сендерге бүгін «дүниетану» пәнінен сабақ беремін. Көңіл-күйіміз қалай? Бүгінгі сабаққа дайынбыз ба?



Психологиялық дайындық:

«Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» дегендей, әлем елдерінде сәлемдесу рәсімдері әр түрлі болады.

-Қазір мен сіздерге әр түрлі халықтың амандасу рәсімдерін айтамын, сіз соны қайталайсыздар.Барлығымыз бір – бірімізге қарап тұрайық. Мысалы,Тибет елдері амандасуқанда бір – біріне тілдерін шығарады екен, ал жапон халқы бір - бірін көрген кезде иіледі,ал Қытай халқы амандасқанда қолдарын бүгіп, төмен қарай иіледі,Жаңа Зеландияда адамдар бір-бірін көрген кезде мұрындарымен үйкелеседі.

II. Үй тапсырмасын тексеру

-Үйге не берілді?

«Алтын балық аквариумы» әдісі

-Қазір мен сіздерге әр түрлі суреттер таратып беремін.Сол суреттердің арасында алтын балықтар кездеседі. Кімде алтын балық болса, сол бала тақтаға шығады, ал қалғанымыз оған үй тапсырмасы бойынша сұрақтар қоямыз. Егер сұрақтарға дұрыс, толық жауап берсе онда біз ол балықтарды аквариумға жібереміз.

III.Үй тапсырмасы мен жаңа сабақты байланыстыру

ЖӘндіктер қандай жерлерде мекендейді?

Қандай жәндіктер біздің жерімізде кездеседі?

IV.Жаңа тақырып

Өсімдіктер сияқты жануарлар да алуан түрлі болып келеді. Жер бетінде жануарлардың


түрлері өте көп. Ғалымдардың зерттеуі бойынша олардың
2 млн-дай түрі белгілі болды. «Жануар» сөзі парсының «джан-джанвар» деген сөздің екінші бөлігінен алынған. «джан-джанвар» қазақша-жануар әлемі, яғни дүние жүзіндегі тірі мақұлықтар дегенді білдіреді.
Жануарлар мынадай топқа бөлінеді:

Дәптермен жұмыс

Дәптерімізді қиғаш қойып, денемізді тік ұстаймыз. Қатесіз, асықпай жазамыз.

Жануарлар пішініне қарай әр түрлі.Бірі өте үлкен  (піл,кит) болса,енді біреулері(амеба) өте кішкентай.Оны тіпті микроскоппен ғана  көруге болады.     Кей жануарлар омыртқасыз,сондықтан омыртқасыз жануарлар деп атайды. Оларға жәндіктер, өрмекшілер, ұлулар жатады. Ал адамдағы сияқтыденеге тірек және оны қимылдатып қозғалтуға көмектесетін қанқасы бар жануарларды омыртқалы жануарлар  дейді.

Жануарлар тіршілік ету ортасына қарай әр түрлі қоректенеді. Өсімдікпен қоректенетіндерін  -  өсімдікқоректі ,  құс,аңдарды аулап  қоректенетіндерді  -  жыртқыштар,  жәндіктермен  қоректенетіндерді -  жәндікқоректі дейді.       


Біздің  ғаламшарымыздағы саны жағынан ең көп таралғаны –буынаяқтылар  тобына  жататын жәндіктер (оларды бунақденелілер деп те атайды). Олар кез келген ортаға тез бейімделе алатындықтан барлық  жерде  кездеседі. Мысалы   мұхиттарда, топырақта, су қоймаларында, шөлді аймақтардың ыстық құмдарында және көп жылдық тоңды (топырағы ұдайы мұзбен араласып қатып жататын )  жерлерде  де тіршілік ете алады.

Көптеген жәндіктер адамдардың күнделікті тұрмыс – тіршілігіне  де зиянын тигізеді.Мысалы: шыбын,  маса,  қандала, бүрге  -  ауру таратушылар. Бірақ      табиғатта қажетсіз зат жоқ. Бұл жәндіктердің табиғатқа тигізетін пайдасы аз емес. Жәндіктердің барлығы бірдей өсімдікпен қоректене бермейді, арасында  жыртқыштар да бар. Ең қомағайы инелік. Күніне өз салмағынан артық жемтік жейді. Негізгі азығы маса мен шіркей. Жемтігін аяғымен ұстайды.        Қазіргі кезде дүние жүзінде инеліктең 4500 түрі бар.



Сергіту сәті

Музыка арқылы қимылдар жасау



Ойын: «Үндемес»

Іс-қимыл арқылы жәндіктерді (Көбелек, маса, шыбын, өрмекші, сона, қарақұрт )

 Жұмбақтар шешу

Ендіжануарларды қалай тани алатынымызды тексеріп жіберейік. Жұмбақтарды дұрыс мұқият

тыңдайық. 

Тастан салған үйі бар,көшіп жүрер асықпай.

Қыста ұйықтап бұйығар,тамақ іздеп ашықпай. (Тасбақа)


  1. Ызыңдап ән салып, жұп-жұқа қанаты.

Тәттіге тамсанып,қоқысқа қонады.                   ( Шыбын)

  1. Күндіз сөнген шырағы,түнде көрер қырағы.

Тікірейіп айдары,егін жауын қырады.                (Үкі)

  1. Күміспен апталған,теңгемен қапталған.

Суда өседі,өнеді, судан шықса өледі.                  (Балық)

Қызықты сұрақтар

Балалар, зиянды жәндітер тіршілігін қаншалықты жақсы білетінімізді тексеріп жіберейік.Ол үшін«Рас па?» деген басқатырғыш сұрақтарға жауап іздеп көрейік.



1)Иісшіл - ит емес,

Ұшады -құс емес. Шыбын

2)Бар жұмысы ермегі.

Талмай қанат қағады.

Еңбекті қош көрмейді,

Жат ыдысты бағады. Шыбын

3)Аспанда ақ сары құс шу салады,

Жабысып тақыр жерден су алады.

Адамнан су алған тым өзгеше

Дуылдатып денеңе у салады. Безгек масасы

4)Бар екен бір мақұлық ұннан майда,

Өз басын айдайды екен қиын жайға,

Ұстасақ үгітіліп жоғалады,

Дамылдап отырмайды ешбір жайға. Көбелек

5)Өзім үшін сені ұрам,

Сен үшін өзімді ұрам,

Сен үшін өзімді ұрсам-

Ағады менің қаным,

Жарылады сенің қарның. Маса

6)Бір құс бар ұшып жүріп ән салады,

Әркімге қонақ болып бір барады.

Барлығы мақұлықтың ығыр болып,

Дауысын естігендер зар қағады. Маса

7)Ат басты,

Арқар мүйізді,

Бөрі кеуделі,

Бөкен санды,

Қос қанатты,

Құмырсқа ізді,

Бота тірсекті. Шегіртке

8)Ана таудың басында ұйыған қатық,

Ол қатықты көрмейді дәмін тартып,

Дәмін татқан қалады сеспей қатып. Қара құрт

Бір мақұлық айдалада қорған салған,

Азапты ажалдымен соған барған.

Мен емес бұл жұмысты айтып жүрген,

Бұрынғы азамат ер содан қалған. Қара құрт

9)Кішкене ғана түйме тас,

Атан түйе тарта алмас. Кене

Аспаннан ұшып түсті жатқан тері,

Қалың тоғай ну жыныс жатқан жері.

Кене

10)Алпыс тісті айдаһар,

Ешқайда қадам баспайды.

Қозғамасаң жатады,

Ештеңеден саспайды.

Ағаштан тамақ жейді екен,

Жұтпай шайнап тастайды. Ара

11)Домалақ таудың басында

Тоқты қошқар ойнайды. Бит

12)Кішкене ғана бойы бар,

Адам жейтін ойы бар. Бит, бүрге




VI. Бекіту сабағы

Бүгін қандай тақырып өттік?

Зиянды жәндіктерден қалай сақтанамыз?

Жәндіктердің тіршілік мекендерін ата?



Бүгінгі сабақ ұнады ма?

VII. Бағалау:

  • Жарайсыңдар, балалар! Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға қолымдағы бейбітшіліктің символы – көгершін құсын таратамын. Сабақ аяқталды! Сау болыңдар!

VII. Үйге тапсырма: Жәндіктер туралы қызықты мәліметтер біліп келу.

Сабақты қорытындылау (Рефлексия).

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет