Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.
|
І.Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу
|
«Шаттық шеңбері»
Оқушылар шеңберге тұрады, бәрінің арқасына А4 форматты қағаз жапсырылады. Бәрі оңға бұрылады, арқасын беріп тұрған оқушының парағына өзінің тілегін сурет арқылы білдіреді.
|
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері
ДК экраны
|
Жаңа сабаққа кіріспе
|
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.
|
Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
|