Ұйымдастыру кезеңі: «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы оқушылардан үй тапсырмасына дайындығын тексеру:
1. Бірқалыпты түзусызықты қозғалатын дененің орын ауыстыруын оның қозғалыс жылдамдығы мен уақыт арқылы қалай өрнектеуге болады? Формуласын жаз.
2. Бірқалыпты түзусызықты қозғалатын дененің қозғалыс графигі қандай болады?
3. Қисықсызықты қозғалыс дегеніміз қандай қозғалыс?
4. Үдеу дегеніміз не? Формуласы
Тест тапсырмасы орындау
Қызығушылығын ояту. Сұрақ: Массасы бірдей, аудандары түрлі денелердің бір биіктіктен құлау кезінде құлау уақыты мен соңғы жылдамдығы тең бола ма?
Тақырыпты айқындау. Сабақ мақсаттарын талқылау Суреттер сөйлейді Теңайнымалы қозғалыс туралы теориялық білімдеріне сүйене отырып, дененің еркін түсуі кезінде жылдамдығының өзгеруі заңдылығын анықтау
g физикалық мағынасын тану. Еркін түсу үдеуі биіктік өзгеруіне байланысты ма?
Мұғалім тең үдемелі қозғалыстың теңдеулеріне сәйкес еркін түсу кезіндегі қозғалыстың теңдеулерін оқушыларға жазуды ұсынады .
Жауаптарын тексереді және теңайнымалы қозғалыс теңдеулерімен салыстырады.