Миға шабуыл(6минут): Оқушыларға сұрақтар қою арқылы алдыңғы тақырыптарды естеріне түсіремін.
1.Центрлік бұрыш дегеніміз не?
2. Центрлік бұрышқа сәйкес шеңбер доғасы деп қандай доғаны айтады.
3. Шеңбер доғасының градустық өлшемі қалай анықталады?
4. синустар теоремасы
Сабақтың ортасы
Кез келген үшбұрыштың бір қабырғасының квадраты қалған екі қабырғасының квадраттарының қосындысынан олардың ұзындықтары мен арасындағы бұрыштың косинусының екі еселенген көбейтіндісін азайтқанға тең.
с2 ═а2 +в2-2ав соs C
а2 ═в2 +с2-2вс соs А
в2 ═а2 +с2-2св соs В В
1.а)Егер үшбұрыштың екі қабырғасы және олардың арасындағы бұрыш берілсе;
ә)егер үшбұрыштың екі қабырғасы және олардың арасындағы бұрыштан басқа бұрыштар берілсе,онда косинустар теоремасы үшінші қабырғаны табуға мүмкіндік береді;
2.Үшбұрыштың үш қабырғасы берілсе, онда үшбұрыштың бұрыштары косинустар теоремасы арқылы есептеуге болады.