Сабақтың тақырыбы: §13 Косинустар теоремасы Оқыту мақсаты



Дата20.12.2021
өлшемі26,99 Kb.
#104163
түріСабақ
Байланысты:
19.01.2021 косинустар теоремасы (1)



Күні: 21.01.2021

Мұғалімнің аты-жөні: Тажедиева Улболсын Нурбекқызы

Сабақтың тақырыбы:

§13 Косинустар теоремасы

Оқыту мақсаты;

9.1.3.6косинустар теоремасын білу және қолдану

Сабақ мақсаттары

Косинустар және синустар теоремаларын есептер шығаруда қолданып талдау дағдыларын қалыптастыру.

Бағалау критерийлері

-косинустар және синустар теоремаларын біледі;

-формуланы түрлендіре алады;

-белгісізді анықтауда қандай формуланы қолданатындығын талдай отырып анықтайды.


Тілдік мақсаттар

теоремалар мен формулаларды қолданып есептерді шешу жолын түсіндіреді;

Пәнге тән лексика мен терминология:

косинустар теоремасы, үшбұрыштың қабырғасы, екі қабырға арасындағы бұрыш, екі қабырға арасындағы бұрыштың косинусы т.б



Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • үшбұрыштың кез-келген қабырғасының квадраты .. ;

  • екі қабырғасы және арасындағы бұрыш белгілі болса, онда...

Құндылықтарды дарыту

Сыйлау, қарым-қатынас.Құндылықтарды дарыту жұптық немесе топтық жұмыс арқылы жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыстар

сызу

Алдыңғы білімдер


Косинустар және синустар теоремаларын біледі және формуланы түрлендіре алады




Сабақ жоспары

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басталуы



Психологиялық сәт. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен амандасу. Сабаққа дайындықтарын тексеру.

Сабақтың мақсатын қойып тақырыппен таныстыру.





Миға шабуыл(6минут): Оқушыларға сұрақтар қою арқылы алдыңғы тақырыптарды естеріне түсіремін.

1.Центрлік бұрыш дегеніміз не?

2. Центрлік бұрышқа сәйкес шеңбер доғасы деп қандай доғаны айтады.

3. Шеңбер доғасының градустық өлшемі қалай анықталады?

4. синустар теоремасы








Сабақтың ортасы

Кез келген үшбұрыштың бір қабырғасының квадраты қалған екі қабырғасының квадраттарының қосындысынан олардың ұзындықтары мен арасындағы бұрыштың косинусының екі еселенген көбейтіндісін азайтқанға тең.

с═а2-2ав соs C

а═в2-2вс соs А

в═а2-2св соs В В

1.а)Егер үшбұрыштың екі қабырғасы және олардың арасындағы бұрыш берілсе;

ә)егер үшбұрыштың екі қабырғасы және олардың арасындағы бұрыштан басқа бұрыштар берілсе,онда косинустар теоремасы үшінші қабырғаны табуға мүмкіндік береді;

2.Үшбұрыштың үш қабырғасы берілсе, онда үшбұрыштың бұрыштары косинустар теоремасы арқылы есептеуге болады.

Герон формуласы:


Оқулықпен жұмыс:

№7

№8







Сабақтың соңында


Кері байланыс Оқушылардың рефлексиясы

1. Не үйрендім?

2. Маған не қызық болды?

Үйге: Синустар теоремасы №9







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет