Сабақтың тақырыбы: 22 наурыз Сабақтың мақсаты: 1



бет4/5
Дата12.09.2020
өлшемі25,84 Kb.
#63847
түріСабақ
1   2   3   4   5
Берілетін бата:
Ақ тілек бейбітшілік аман болсын!
Елім, жұртым қадірлі аман болсын!
Туғандай бір анадан жамағаттар
Достыққа берік, мықты адал болсын!
Наурыз мейрамы құтты болсын!
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
Қайда барсақ жол болсын!
Ұлы халқым тоқ болсын!
Қайғы уайымы жоқ болсын!
Қуаныштары көп болсын!
Әумин!

8.Наурыз көже»

Енді осы 22 наурызда дайындалатын «Наурыз көже»туралы айтып өтейік.

 Наурыз көже — Ұлыстың ұлы күні жасалатын қасиетті ас. Оған тары, арпа, бидай, бұршақ, күріш сияқты жеті түрлі дән мен ақ қосылады. Түркі халықтарының ұғымында жеті саны қасиетті саналғандықтан, наурыз көжеге жеті түрлі дәм қосылады. Оған қоса, ол — тоқшылық пен ырыс құттың жоралғысы.

Ең алдымен дәнді дақылдарды тез пісу қасиетіне қарай (бидай,жүгері,тары) бірінен соң бірін бір қазанда бірге қайнатып (тұз қосылады), пісуге шақ қалғанда судан сүзіп алынады және бірнеше сағатқа бүркетіліп бұқтырылса дәмдері сіңіседі. Кейінірек бөлек қазанда пісіп қалған қазы немесе қой етімен бірге жәй отта қайнатылады. Талғамыңызға қарай тұздаңыз. Пісуге 10-15 минут қалғанда езілген құрт суы немесе айран қосылады.

(Егер сұйықтау көже ұнатсаңыз, піскен соң қойылатын болса су құйып сұйылтуға болмайды. Тек айран қосып сұйылтыңыз. Ең дұрысы қойылмаудың алдын алу : ) )



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет