Сыныбы: 8 Күні: 15. 11. 2023ж
Сабақтың тақырыбы:26 Жылу қозғалтқыштарының пайдалы әрекет коэффициенті. Техниканың дамуындағы жылу қозғалтқыштарының рөлі. Жылу машиналарын пайдаланудағы экологиялық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың теориялық білімдерін жетілдіру, тарау бойынша алған білімдерін жүйелеу, тақрыптық есептер шығару дағдыларын қалыптастыру, талдау жасау, салыстыру қабілеттерін дамыту.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға жылу қозғалтқыштары туралы түсінік беріп, олардың жұмыс істеу принциптерімен таныстырып, жылу қозғалтқыштарының пайдалы әрекет коэффицентін және техниканың дамуындағы жылу қозғалтқыштарының рөлін түсіндіру.
Дамытушылық: физика пәніне қызығушылығын арттыру, ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Жылу машиналарынпайдаланудағы экологиялық мәселелеріне тоқталып, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.Ұқыптылыққа, іскерлікке, ынтымақтылыққа, жан-жақты болуға бауулу.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ жауап.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың көрнекілігі: презентациялық слайд, интерактивті тақта, тәжірибеге арналған приборлар
Пәнаралық байланыс. Табиғаттану, география, химия.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Өткен тақырыпты қайталау. «Білім күш»
• Өтілген тақырып бойынша тест сұрақтары:
1. Изохоралық процесс үшін термодинамиканың Ι заңы:
а) Q=A; б) Q= U+A; в) U= −A; г) Q= + U; д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
2. Егер идеал газ алған жылу мөлшері есебінен тек жұмыс атқаратын болса, онда газбен қандай процес жүрді?
а) изотермиялық процесс; б) изобаралық процесс; в) изохоралық процесс;
г) адиабаталық процесс; д) ондай процесс мүмкін емес.
3. Идеал газға 8 кДж жылу мөлшері берілді, осы кезде газдың ішкі энергиясы 14 кДж-ға артты.Газдың атқарған жұмысы:
а) 22 кДж; б) 6 кДж; в) -6 кДж; г) 8 кДж; д) ондай процесс мүмкін емес.
4. Идеал газбен 10 кДж жұмыс атқарылды.Осы кезде газ 6 кДж жылу мөлшерін береді.Газдың ішкі энергиясы …
а) 4 кДж-ға кеміді; б) 14 кДж-ға артты; в) 16 кДж-ға кеміді;
г) 10 кДж-ға артты; д) 4 кДж-ға артты.
5.Адиабаталық процесс үшін термодинамиканың Ι заңы:
а) Q=A; б) Q= U+A; в) A= − U ; г) Q= − U; д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
6. Адиабаталық ұлғаю кезінде газ салқындайды, себебі…
а) одан қандай да бір жылу мөлшері алынады;
б) газ ішкі энергиясының өзгерісіне тең жұмыс атқарады;
в) газдың атқарған жұмысы оған берілген жылу мөлшерінен көп;
г) газбен сыртқы күштер жұмыс атқарады, бірақ осы кезде одан көп мөлшерде жылу алынады;
д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
7. Газ поршень астында қыздыру кезінде атмосфералық қысымда ұлғаяды. Көрсетілген процестердің қайсысы жүріп жатыр.
а) Изобаралық б) Изотермиялық в) Изохоралық г) адиабаталық д) ешқандай
Дұрыс жауаптары:
1. г 2. а 3. в 4. д 5. в 6. б 7. а
3. Жаңа сабақ. «Экологиялық мәселелер»
Ауыл шаруашылығы мен өндірісте жылу қозғалтқыштарының рөлі айтарлықтай маңызды. Жылу қозғалтқыштары ауыл шаруашылығы мен өндірістің барлық салаларының дамуын жүзеге асыратын жылу электрстансаларында кеңінен пайдаланылады.
Дизелдік қондырғылары мен іштен жану қозғалтқыштарынсыз, поршенды қозғалтқыштар мен трубореактивті қозғалтқыштарсыз қазіргі заманғы көлікті елестету мүмкін емес.
Сонымен бірге экономика проблемаларын шеше отырып, адамзат тіршілік ететін ортаға жылу қозғалтқыштарының бөлінетін зиянды қалдықтардың атмосфераны ластауы, әртүрлі факторларының әрекетімен байланысты.
Атмосфера табиғи және жасанды (антропогендік) жолмен ластанады. Жасанды ластану: атмосфераны ластаушылардың ең негізгілері транспорт түрлері, әсіресе автомобилдердің жанармайларының жану өнімдері болып табылады.
Француз ғалымы Ж. Детридің есептеулері бойынша, автомобилдерден бөлінген газдың құрамында: көмірқышқыл газы – 9%, көміртек оксиді - 4%, көмірсутектер – 0, 5%, оттек - 4%, сутек - 2%, альдегитер – 0, 004%, азот оксидтері – 0, 06%, күкірт оксидтері – 0, 006% барлығы 200 - ге жуық компоненттері бар екенін анықтады.
Атмосфераға транспорттан бөлінетін газдың құрамында 25 - 27% қорғасын болатыны анықталды. Оның 40% - і диаметрі 5 мкм - ге дейін болғандықтан ауада ұзақ сақталып, адам организіміне түсетіні белгілі.
Әрбір автомобилден күніне ауаға 3000 кг көміртек оксидтері т. с. с. отынның толық емес жану өнімдері бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |