Сабақтың тақырыбы:
|
§26. Өсімдік жасушаларындағы пластикалық және энергетикалық алмасулардың ерекшеліктері. Фотосинтез
|
Сілтеме:
|
Т.Қасымбаева, К.Мұхамбетжанов, жаратылыстану математика бағыты: жалпы биология 10 сынып оқулығы,
Алматы «Мектеп» 2014; Биология пәнінің бағдарламасы; биология 10 сынып әдістемелік нұсқау;
«Биология және салауаттылық негізі» ғылыми-педагогикалық журнал; «Биолог анықтамалығы» журналы;
Т.Л.Богданова, Е.А.Солодова «Биология» справочник;
Д.Тейлор, Н.Грин, У.Стаут «Биология2»;
А.Ленинджер «Биохимия»;
Қосымша мәлімет көздері: youtube.com; google. kz;
|
Сабақтың мақсаты:
«SMART»
|
«S» - хлоропласт және оның фотосинтез процесіндегі рөлін түсіндіру.
«M» - фотосинтездің жарық фазасы кезінде жүретін реакциялар туралы білім қалыптастыру.
«A» - организмнің автотрофты қоректену тәсілі ретіндегі фотосинтез туралы ұғымын одан әрі дамыту,
ғылыми-практикалық маңызын ұғыну.
«R» - фотосинтез процесі кезінде АТФ синтезі, НАДФ*Н-тың түзілуі және су фотолизінің бөлініп шығуын сызбанұсқа
ретінде пайдалану.
«T» - алынған мәліметтерді өз қажеттілігіне қолдана білу.
|
Күтілетін нәтижелер:
|
хлоропласт және оның фотосинтез процесіндегі рөлін түсінеді.
фотосинтездің жарық фазасы кезінде жүретін реакциялар туралы білім қалыптасады.
организмнің автотрофты қоректену тәсілі ретіндегі фотосинтез туралы түсінігі және оның ғылыми-практикалық маңызын ұғынады.
фотосинтез процесі кезінде АТФ синтезі, НАДФ*Н-тың түзілуі және су фотолизінің бөлініп шығуын сызбанұсқа
түрінде пайдалана алады.
алынған мәліметтерді өз қажеттілігіне қолдана біледі.
|
Негізгі мақсаттар:
|
Өзара әрекеті арқылы бір-бірімен кеңесу, оқушылардың тақырып бойынша түсініктерін одан әрі қалыптастыру;
Жас ерекшеліктеріне қарай оқушылардың ғылыми-шығармашылық ізденістерін дамыту;
Оқушылардың кеңейтілген тапсырмаларды тиімді орындауын жүзеге асыру;
Топпен жұмыстарды ұйымдастыру;
|
Болжамданған мақсаттар:
|
хлоропласт және оның фотосинтез процесіндегі рөлі туралы біледі
реакция теңдеуі және сызбанұсқалармен өзіндік жұмыс жасау дағдылары қалыптасады;
фотосинтез процесінің жүру барысын практикалық жұмыс түрінде орындай алады және меңгереді. 62-суретті пайдаланып, АТФ молекуласының синтезделу механизмін түсінеді, жарық фазасында жүретін реакцияларды жаза алады.
|
Сабақтың кезеңдері
|
Ресурстар
/керек жабдықтар/
|
Оқыту моделі
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Табыстылық критерийі
|
Дарынды, талантты
|
Ұйымдастыру кезеңі
2-мин
|
1. Хлоропласт, тилокоид, грана деген сөздер жазылған қима қағаз
|
1.Топқа бөлу
|
1. Оқушыларды түгендеп, назарын сабаққа аудару. Сыныпты «Хлоропласт», «Тилокоид», «Грана»,
деп 3 топқа бөлу
2.Критерийлер мен дескриптор-ларды топтарға тарату
|
1. Оқу құралдарын дайындау, Таратылған жапырақ түстері арқылы топқа бөлінеді.
2.Топ жетекшілерін сайлайды
|
1.Тез арада топтарға бөлініп отырады
2.Топ жетекшілері сайланады
|
Кіріспе
Ой қозғау әрі сергіту сәті
"Білу"
6 минут
|
1.Интерактивті тақта, оқулық, тақтаға жазылған
2-сызбанұсқа
|
АКТ
Топтық жұмыс
|
Өткен сабақты сұрау:
1топ: Энергия көзі болатын қоректік заттар, ыдырау реакциясы;
2 топ: Жасушадағы макромалекулалар, синтез реакциясы;
3 топ: Төменгі энергиялы бөлінген заттар, ізашар молекулалар;
|
1.Берілген сызбанұсқаны топтағы оқушылар тақтаға шығып карандашпен жазып, сәйкестендіреді.
|
1. Энергетикалық алмасу - ыдырау реакциясы мен пластикалық алмасу -синтез реакциясының қызметін біледі.
2. Катаболизм процесі мен анаболизм прцесін бір-бірінен ажырата алады.
|
Негізгі бөлім
|
"Түсіну" 5минут Уәж:
1. Сабақтың тақыры- бын анықтайды.
2.Сабақтың мақсатын анықтайды.
|
Оқулық, суреттер
|
Жәрмеңке
|
Оқушыларды тақырыпқа байланысты жұмбақ жасыру арқылы жаңа сабақтың мақсатын анықтауға бағыттау.
|
Топ мүшелері жасырылған жұмбақты шешіп, жаңа сабақтың мақсатын анықтауға талпынады.
|
Топ мүшелері жасырылған жұмбақты шешіп, жаңа сабақтың мақсатын анықтайды
|
Теориялқ кезең.
12 минут
3.Электронды оқулық тыңдату.
4.Мәтінді мозайка тәсілімен бөліп беру
|
Электронды оқулық, оқулық, суреттер, портрет, қосымша суреттер.
|
Топтарға берілетін тапсырмалар:
1-топ: – хлоропласт және оның фотосинтез процесіндегі рөлі.
2-топ: – автотрофты және гетеротрофты организмдер.
3 топ: – фотосинтездің жарықта жүретін фазасы. АТФ. Су фотолизі.
|
Топ оқушылары өз білімдерін ортаға салып постермен жұмысын жасап нақты ойларын білдіреді.
|
5. Мәтінді толық қарастыру
|
Постер, маркер
|
Жәрмеңке
|
Топтағы іс-әрекетті бақылайды.
|
Әр оқушы өз тақырыбы бойынша сарапшы. Ақпаратпен бөліседі
|
Өзара білім береді. Мәтінді берілген уақытта оқып шығады. Постер жасай біледі.
Тыңдай біледі, толықтыра біледі, бағалай біледі.
|
"Қолдану"
Сабақтың ғылыми-практикалық кезеңі
6-мин
|
Герань гүлі (өсімдігі), жапырақ, микроскоп.
|
Жәрмеңке
оқушының практикалық жұмысы
|
Оқушылардың тапсырма бойынша жүргізген жұмыста -рына бағыт-бағдар береді. Топтағы іс-әрекетті бақы-лайды. Әр топпен түсіндірме жұмысты жүргізеді.
|
1-оқушы : жапырақ қабығының ішкі өңінен микропрепарат дайындау. Оқушы тәжірибе көрсетеді.
2-оқушы: фотосинтездің жарықта жүретін фазасына байланысты тәжірибе көрсетеді.
|
Оқушылар микроскоп арқылы хлопрасттағы өзгерістерді және фотосинтез процесінің маңыздылығын тәжірибе барысында көріп, білімдері нығая түседі.
|
"Анализ және синтез"
2-мин
|
Интерактивті тақта
|
Топтық жұмыс, диалог
|
Мұғалім әрбір тапсырманы талдауды ұсынады, оқушылардың жауабын тыңдайды, толықтырады
|
Интерактивті тақтада тыныс алу және фотосинтезге қатысты сөздерді бөліп, сәйкестендіру жасайды.
|
Тыныс алу мен фотосинтезді бір-бірінен ажырата алады.
|
3 минут
|
Қағаздар, оқулық
|
Топтық жұмыс
|
Мұғалім қырқылған қима қағаздардағы сөздерден сөйлемдерді құрастыруды ұсынады, оқушылардың жауабын тыңдайды, толықтырады.
|
3 топқа «Биологиялық лабиринт» ойыны ойнатылады.
|
Оқушылар сабақ барысындағы ережелерді біледі.
|
"Бағалау"
3 минут
|
Бағалау парақтары,
критерийлер мен дескрипторлар.
Өзіндік бағалау.
Топтарды бағалау.
«Блоб» ағашы
|
Топтық және жеке жұмыстар
|
Әр топтағы бағалау ресурстары -ның дұрыс толтырылуын қадағалау. Көмекші, жетекші сұрақтар береді.
|
Топ спикері (жетекшісі) топ мүшелерін бағалайды Шынайы өз алған білімін бағалайды.
|
Топтағы оқушылар бағаланады.
Рефлексия жасай біледі
|
Үйге тапсырма
1минут
|
Оқулық, ғаламтор көздері
|
Жеке жұмыс
|
Оқулықтан §26-ны оқу.
62-суретті пайдаланып, АТФ молекуласының синтезделу механизмін түсіндіріп келу. Дәртерге суретін салу.
|
Оқулықтан §26-ны оқып,
62-суретті пайдаланып, АТФ молекуласының синтезделу механизмін түсіндіреді.
|
Оқулықтан §26-ны оқып,
62-суретті пайдаланып, АТФ молекуласының синтезделу механизмін түсіндіруді оырндап келеді.
|
Сергіту сәті
2 минут
|
Тәтті кәмпиттер, сұрақтар
|
Топтық және жеке жұмыс
|
Әр топқа сұрақтар қойылады, сол сәтте кәмпит лақтырылады қай оқушы жауабын білсе сол кәмпитті қағып алады.
|
«Сұрақты ұстап ал!» ойынын ойнайды.
|
Білімдерін шыңдайды.
|
Қосымша мәлімет
2 минут
|
Ғаламтор көздері
|
Жеке жұмыс
|
Тақырыпқа байланысты қызықты мәлімет беру тапсырылды. Тыңдайды, талқылайды.
|
Оқушылар өздернің ғаламдық биологиялық қызықты мәліметтерімен бөліседі.
|
Оқушы сабаққа қызығады, ізденеді, табады, оны айтып қолдана біледі.
|
Рефлексия
1 минут
|
Екі жұлдыз, бір тілек. Келесі сабаққа ұсыныс-пікірлер, талап-тілектер.
|
Мұғалімнің рефлексиясы
|
Қол жеткен / жетістік
|
Қол жетпеген / кемшілік / неге?
|
|
|