Сабақтың тақырыбы: §29. Дыбыстық ақпаратты өңдеу. Дыбыс жазу Пәні: Информатика Пән мұғалімі: Дүйсенова ж сабақтың мақсаты



Дата26.08.2017
өлшемі413,43 Kb.
#28092
түріСабақ
Сабақ жоспары

Күні:29.04.2014

Сыныбы::5 «А»

Сабақтың тақырыбы: §29.Дыбыстық ақпаратты өңдеу. Дыбыс жазу

Пәні:Информатика

Пән мұғалімі:Дүйсенова Ж

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.

Тәрбиелік:Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру,құрал-саймандарды пайдалана

отырып,әр –түрлі суреттер мен бейнелерді салуға ынтасын арттырып,дағдысын қалыптастыру.

Дамытушылығы:Дамыта оқытуға негізделген шығармашылық қиялын,жүйелі ойлау қабілетін

дамытып,графикалық редакторда барлық сурет салу элементтерін пайдаланып,өз бетімен сурет

салудағы қабілетін дамыту.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақтың типі:Дәстүрлі сабақ

Сабақтың көрнекілі:информатика журналдар,плакаттар,суреттер беру

Техникалық құралдар:Дербес компьютер

Пайдаланылатын әдебиеттер:Е.А.Вьюшкова,Н.В.Параскун,Б.Қ.Әбенов-Астана:"Арман

ПВ"баспасы 2013

Пән аралық байланыс:қазақ тілі,орыс тілі

I.Ұйымдастыру

Сыныптағы оқушыларды тексеру.

сыныптың тазалығын тексеру.

техника қауіпсіздік ережесін еске түсіріп,қайталау.

Аққалаттың болуын қадағалау.

II.Үй тапсырмасын тексеру:

Калькулятордың жады (реферат)

III.Үй тапсырмасын бекіту:

1.Калькулятор қалай іске қосамы?

2. Калькулятор қызметі қандай?

3. Калькулятор (лат.қандай қандай?

IY.Жаңа сабақ

§29.Дыбыстық ақпаратты өңдеу.

Дыбыс жазу

Қазіргі кезде компьютерді музыка тыңдау немесе фильм қарау,дыбыстық хабарламаны жазу мүмкіндігінсіз елестетуге болмайды.Ал 1977 жылға дейін компьютердің дыбыстық карталары болған да емес.Техника сияқты,уақыт өткен сайын программалық жабдықтама да дамыды.Дыбыстық ақпаратпен жұмыс істеуге арналған программалар-ол ойнатқыштар,секвенсерлер (дыбысты,мысалы,пернені синтезатордан жаза алатын)редакторлар.

Windows операциялық жүйеде дыбыстық файлдың тыңдау үшін Windows Media ойнатқышы немесе Windows Media Senter қолданылады.Одан басқа да көптеген ойнатқыштар бар.Ең көп тарағандардың бірі WINAMR

Егер сендерге тек кейде ғана дыбыс жазу керек болған күннің өзінде,онда ең алдымен,алынған жазбаларды түзетіп,әрлеу қажеттілігі туындайды.Мысалы керек емес фрагменттерді кесіп тастау немесе дыбыс шығаруды дыбыс қаттылығын жайлап азайтып аяқтау.Дыбысты түзету үшін қажетті көптеген программалар бар: сатып алынатын немесе тегін (мысалы,AudaCity)қарапайым функцияларды бар кішкене немесе аса қуатты кәсіби Sound Forge сияқты)

Дыбыс жазу программасымен жұмыс істеу

Түзетіп әрлеуден басқа кезде Стандарттық.Дыбыс жазу (Звукозапись)программасын қолданса да жеткілікті

Әріне жазуды бастамас бұрын,ең алдымен,компьютерде дыбыстық карта орнатылғанына және дыбысты жазуға қайтадан оқып,тыңдауға арналған құрылғылардың қосылғанына көз жеткізу керек.

Сендерге дыбыстық картадан басқа микрофон мен динамиктер қажет.Көбіне оларды жалғайтын алып-қосқыштар жүйелік блоктың артында да,алдында да орналасады.Алып-қосқыштардың боялуы да,асты жазылып көрсетілуі де,белгіленуі де мүмкін

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

1.Дыбыс жазу программасын іске қосыңдар.Дыбыс қаттылығы индикаторында микрофонның дыбыс каттылығының деңгейі (жасыл жолақ)көрінуі керек

2.Жазуды бастау батырмасының басыңдар.Мен дыбыспен жұмыс істеуді үйренудемін»деген сөздерді жазыңдар.

3.Жазуды тоқтату батырмасын шертіңдер.Сақтау терезесіндегі файлдың тұрпатына назар аударыңдар

4.Файлды сақтаудан бас тартыңдар.Программаның терезесінде жазуды жаңарту батырмасы пайда болады

5. «Микрофон үздік жұмыс істеп түр»деген сөздерді қосып жазыңдар.

6.Программаны жабыңдар.Файлды сақтағыларың келе ме деген сұрақ пайда болады.Дыбыс өз бумаларыңда Сынау деген атаумен сақтаңдар

Сабақты бекіту,қорытындылау:

1.Дыбыспен жұмыс істеу үшін қандай программалар қолданылды?

2. Windows оқиғаларын дыбыстық сүйемелдеуді баптау үшін орындалатын әрекеттердің дұрыс тізбегін сипаттаңдар

3.Дыбысты файлдан құжатқа кірістіру үшін қандай бұйрықты орындау керек?

4.Құжатқа енгізілген дыбысты қалай тыңдауға болады?

5.Дыбыс жазу қандай пішімді сақталады?

6.Жазбаның ең үлкен ұзақтығы қанша?

7.Дыбысты құжатқа кірістірудің қанша тәсілі бар?

YII.Үй тапсырма: Дыбыстық ақпаратты өңдеу. Дыбыс жазу

Бағалау: Бүгінгі сабақта үй тапсырмасы бойынша және жаңа сабаққа белсене араласып отырған оқушыларды бағалаймын.

Сыныбы

5 сыныптар



Пәні

Информатика

Сабақтың тақырыбы

Мәтіннің үзіндісін ерекшелеу.

Жалпы мақсаты

АКТ – ны пайдалана отырып, оқушыларға мәтіннің үзінділерін ерекшелеу жолдарын үйрету

Сілтеме

Оқулық 5 сынып, Компьютер; Интерактивті тақта; Слайдтағы тапсырмалар; Тест;



Оқыту нәтижелері

Топтасып жұмыс істей білуге үйренеді.

Өз ойын еркін жеткізе біледі.

Компьютерде дұрыс жұмыс жасай біледі.

Мәтіннің үзінділерімен жұмыс істей алады.

АКТ-ды тиімді пайдаланады.

Негізгі идеялар

Сыни тұрғыдан ойлау салыстырмалылықты түсінуді дамытуға көмектеседі.

Тапсырма көздері

Ұйымдастыру;

Топқа бөлу; (Дербес компьютер, ноутбук, нетбук суреттері арқылы бөлінеді)

Үй тапсырмасын сұрау

Тест

1.WordPad редакторын қалай іске қосамыз?



А) Пуск – Стандартные MS Word;

Ә) Пуск – Все программы – Стандартные - WordPad

Б) Пуск - Microsoft Office - MS Word

2. Пернетақтада неше жою пернесі бар?

А) 1; Ә) 3; Б) 2;

3. Сандарды іске қосатын перне?

А) NumLock; Ә) CapsLock; Б) Enter;

4. WordPad – қа мәтін енгізу үшін қолданылатын ең басты құрылғы?

А) Процессор; Ә) Пернетақта; Б) Монитор;

5. WordPad редакторы қалай аталады?

А) құжат/ документ; Ә) слайд; Б) кітап/ книга;

6. WordPad қандай бағдарлама?

А) кестелік; Ә) дыбыстық; Б) мәтіндік;

7. мына белгі нені білдіреді?

А) Оң шеті бойынша туралау;

Ә) Сол жақ шеті бойынша туралау;

Б) Ортасы бойынша туралау;

8. WordPad редакторында неше меңзер бар?

А) 2; Ә) 1; Б) 3;

9. мына белгі қандай қызмет атқарады?

А) Қою; Ә) Көшіру; Б) Қиып алу;

10. мына белгі қандай қызмет атқарады?

А) Фонның түсін өзгертеді;

Ә) Әріптің түсін өзгертеді;

Б) Бас әріптің түсін өзгертеді;

Сергіту сәті. Бейнеролик көрсетіледі.

Жаңа сабақ

Миға шабуыл.

Жаңа сабақты хабарлау.

Жаңа тақырыпқа қажет болатын өткен материалды қайталау.

WordPad редакторын қалай іске қосамыз?

WordPad редакторы қандай редакторы?

Paint редакторынан айырмашылығы?

Ь Ю


компьютер

-------------

монитор

Практикалық тапсырма:

Сәтемір хан

Бағалау


Топтық бағалау, жұптық бағалау

Кері байланыс

Бүгінгі сабақтан алған әсерім?

Маған не ұнады/ұнамады?

Тапсырманы орындаудағы туындаған

қиыншылықтар?

Үйге тапсырма

Оқулықтағы тақырыпты оқып келу

2014-2015 оқу жылына арналған информатика кабинетінің паспорты

Мектептегі оқу кабинеті туралы ЕРЕЖЕ

І.Жалпы ереже

Кабинет меңгерушісі оқу кабинетінің жалпы ауданын, қандай сынып үшін сабақ оқытылады, кабинет неше оқушыға есептелгені бойынша оқу кабинетіне төлқұжат рәсімдейді. Кабинет меңгерушісінің қолымен және ӘШЖ жөніндегі директор орынбасарының бекітуімен кабинет төлқұжатының жанында кабинет мүлігінің тізімі рәсімделеді.

ІІ. Кабинет жабдықталуының талабы

1.Оқу құжаттарының болуы:

оқу құжаттарының каталогі;

тақырып бойынша дидактикалық материалдар;

тексеру және бақылау жұмыстарының мәтіні;

жеке жұмыс үшін мәтіндер немесе үлестірмелер;

пайдаланатын оқу кинофильмдер тізімі;

тақырыптық-күнтізбелік жоспарлау;

сабақ жоспарлары.

2. Кабинет кітапханасы:

- пән бойынша әдебиет және көркем әдебиет;

- сыныптар бойынша сыныптан тыс оқудың тізімі;

- анықтамалық-ақпараттық әдебиет;

- оқулықтарды іріктеу, сұрыптау («Оқулықтар беттерінен»);

- газеттер, журналдар, оқулықтар, тарсырмалар;

- «Оқы, бұл қызық» стенды;

- кітапты талдау үшін қызықты сұрақтарды іріктеу;

- папка «Оқушы пікірі».

3.Оқушылардың өздік, шығармашылық жұмыстарының материалдары:

- тапсырмалар, жадынамалар;

- анықтамалықтар, рефераттар, энциклопедиялар;

- балалардың шығармалары;

- бұрынғы орындалған шығармашылық жұмыстардың үлгісі;

- статистикалық мәліметтер;

- мамандық, еңбек ардагерлері мен озаттары туралы материалдар;

-білім байқауына, тақырыптық сынақтарға тапсырмалар мен сұрақтар.

4.Пәндер бойынша сыныптан тыс жұмыстар:

- факультатив, үйірме жұмыстарының материалдары;

- олимпиада, зертханалық жұмыс, тәжірибелік жұмыс материалдары;

- жұмыстарды орындау және рәсімдеу үлгісі;

- саяхаттың дайындығы және қорытындысы.

5.Оқу құралдарын қолдануды ұйымдастыру:

- оқу құралдарының жүйелігі, сақталуы, орналастырылуы;

- ОҚЖ қолдану үшін жағдайы;

- қауіпсіздік ережені сақтау;

- СанПиН-ді сақтау.

ОҚУ КАБИНЕТІНІҢ 20___ - 20___ ОҚУ ЖЫЛЫНА ЖӘНЕ

КЕЛЕШЕКТЕ ІСТЕЛІНЕТІН ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

Оқыту кабинетінің оқу жылына жасалатын жұмыс жоспарына қойылатын талаптар:

Кабинеттің жұмыс саласына байланысты жұмыс жоспарын кабинетке жауапты сабақ беруші мұғалім жасайды. Кабинеттің жұмыс жоспары үш бөлімнен тұрады.

1 бөлім. Кабинеттің өткен оқу жылындағы жұмысына сараптама.

1.1. Кабинет және ондағы материалдар қай сыныппен жұмыс істеуге пайдаланылады?

1.2. Кабинетті безендендіруде және жөндеуде қандай жұмыстар атқарылды?

1.3. Кабинетке жыл көлемінде не алынды?

1.4. Жұмыс барысында қандай қиындықтар болды?

2 бөлім. Жаңа оқу жылына міндеттер қоюда, тақырыптық жоспарлауды, дидактикалық материалдарды жаңарту, тірек конспектілерін, диагностикалық қарталарды, кабинеттің саласына сәйкес оқу-әдістемелік материалдарды құрастыру, кабинеттің материалды-техникалық базасын сақтауды қамтамасыз етудегі ісшараларды.қарастыру.

3. бөлім. Кабинеттің жұмыс мерзімі (оқу сабақтары, қосымша және факультатив сабақтары).

ОҚЫТУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ НЕГІЗГІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер).

Оқытудың ақпараттық технологиясы – білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек.

Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – «оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады.

Төмендегі қасиеттер білім жүйесінің өзіндік ерекшелігі болып саналады.

· Тұтынушының қолдану сапасында;

· Нәтижесінде әр түрлі салаларда қолданылатын, ақпараттық технологияларды жасаушы сапасында.

Бірақ компьютер мүмкіндіктерін асыра бағалауға болмайды, өйткені ақпарат беру – бұл білім мен мәдениетті беру емес, сондықтан ақпараттық технологиялар педагогтарға тек қосымша тиімді құрал ретінде қызмет атқарады.

Көптеген елдердің ғылыми орталықтары мен оқу орындарында нақ осы білім қажеттілігі үшін мамандандырылған компьютерлік жүйелер саны дайындалды, олар оқу-тәрбие үрдісінде әр түрлі жағынан қолдауға бағытталды. Бұл – жүйелердің негізгі түрлері болып табылады.

· Компьютерлік бағдарламаланған оқыту – бұл сәйкесінше, компьютерлік бағдарламалардың көмегімен бағдарламалық оқыту механизмдерін жүзеге асыратын технология;

· Материалды компьютердің көмегімен оқу – оқушының жаңа материалды әр түрлі құралдардың, оның ішінде компьютердің көмегімен өз бетінше оқуын болжайды. Бұл жерде оқу іс-әрекетінің сипаты айтылмайды, оқу нұсқауларының жиынымен іске асырылуы мүмкін. Мұның өзі бағдарламалық оқыту әдісінің мәнін ашады;

· Материалды компьютер қоры негізінде оқу – алдыңғы технологиялар, технологиялық құралдардың алуан түрін (оның ішінде дәстүрлі оқулықтар, аудио және видеожазбалар және т.б.) қолданумен айрықшаланатын болса, мұнда бағдарлама құралдарын, оқушылардың өз бетінше тиімді оқуын арттыратын бағдарламаларды басымырақ қолдану жүргізіледі;

· Компьютер қорымен оқыту – білім берудің барлық мүмкін боларлық формаларын қолдану (мұғалімнің қатысуымен), шын мәнінде, жоғарыда айтылғандармен сәйкес келеді;

· Компьютердің көмегімен бағалау – өз бетінше оқыту технологиясы деп қарастырылады, дегенмен ол практикада басқаларға құрамдас элемент болып кіріп жүр. Мұндай жүйе оқылатын пәннің мазмұны мен дәстүрлі оқытуда қолданылатын немесе оқыту бағдарламаларында жүзеге асырылатын әдістерге тәуелсіз;

· Компьютерлік коммуникация – білім беру және оны жеткізумен қамтамасыз ете отырып, жоғарыда аталған технологиялардың барлығының ажырамас құрамы болып табылады. Жергілікті, аймақтық және басқа компьютерлік желілерді қолдану үшін жұмсалады. Компьютерлік коммуникация жекелеген оқу орындарының, қаланың, аймақтың, елдің ақпараттық білім жүйесінің мүмкіндіктерін көрсетеді.

Оқытудың ақпараттық технологиялары осы ақпараттық білім жүйесінің шегінде жүзеге асырылатын болғандықтан, осы білім технологиясына ақпараттық және бағдарламалық қолдаумен көрсететін құралдар бір ғана компьютермен, оған енгізілген бағдарламамен шектеліп қалмауы керек. Шын мәнінде бәрі керісінше, оқытудың ақпараттық технологияларының бағдарламалық құралдары және білім технологияларының өздері ақпараттық білім ортасына – ақпараттық білім жүйесінен бөлінген жүйешелер түрінде қосылады.

Оқытудың ақпараттық технологиясында қолданылатын бағдарламаны қамтамасыз етуді бірнеше категорияға бөлуге болады:

· Оқытатын, бақылайтын және үйрететін жүйелер;

· Ақпарат іздеу жүйесі;

· Модельдеу бағдарламалары, микромирлер;

· Танымдық сипаттағы инструменттік құралдар;

· Әмбебап сипаттағы инструменттік құралдар;

· Коммуникацияны қамтамасыз етуге арналған инструменттік құралдар.

Модельдеу бағдарламалары мен микромирлер – бұл ерекше аз мамандандырылған бағдарламалар, оларды компьютерде арнайы қолдану және оның кейбір мәселелерін зерттеуге тура келеді.

Инструменттік құралдар деп – жаңа электрондық ресурстар жасауды қамтамасыз ететін бағдарламаларды атайды:

· әр түрлі форматты файлдар;

· мәліметтер қоры;

· бағдарламалық модульдер;

· жекелеген бағдарламалар мен бағдарламалар жиыны.

Мұндай құралдар пәндік-бағытта болуы мүмкін, сол секілді нақты міндеттер ерекшелігі мен қолдану саласына тәуелді болмауы да мүмкін. Білім үрдісінде қолдануға негізделетін бағдарламалық құралдарда сақталатын негізгі талаптар – бұл жеңілдік пен табиғилық, оқушының оқу материалымен жеңіл танысуына мүмкіндік жасау. Бағдарламаларға сай келетін талаптар мен сипаттамаларды HCI (ағылшын тілінде “Human – Computer Interface” – «Интерфейс-адам-компьютер») аббревиатурасымен белгілеу қабылданған. Бұл сөзбе-сөз аударуды «адаммен сұхбаттасуға арналған компьютерлік бағдарламалар» деп түсінуге болады.

Білімді ақпараттандыру жағдайында болып жатқан кемшіліктерге қарамастан, оны «ақпараттық революция» деп атауға болады, өйткені қол жетерлік табыстар мыналар:

· ақпаратты ұсынудың жаңа формасы. Қызықты, жанды немесе алдын ала жазылған мультимедиалық ақпарат тек текстен емес, графикалық бейнелерден, анимациядан, дыбыстан және видеоүзінділерден құралып, Internet желісі арқылы беріледі немесе басқа телекоммуникациялық құралдар арқылы компакт-дискілерге жазылады;

· жаңа кітапханалар. Интеллектуальдық ресурстар көлемі және табыстары өседі. Internet злектрондық кітапхана каталогтарымен бірігіп, жер қашықтығы мен уақыт айырмашылығына қарамастан, зор ақпараттар көлемін жинауға қол жеткізеді. Әрине, мұндай кітапханалар онда сақталатын ақпараттарға толық жол аша бермейді;

· оқу сабақтарының жаңа формалары. Студенттер мен оқытушылардың виртуальды семинарлар және лабораториялар режімінде бірігіп жұмыс жасауы, сонымен бірге жаңа синхрондық мүмкіндік пайда болды. Бірқатар студенттер үшін мұндай жұмыс формалары анағұрлым ыңғайлы, өйткені дәстүрлі оқытуға қарағанда, оларға өз мүмкіндіктеріне қарай, өздеріне қолайлы графикпен жұмыс жасау және артық ескертулермен кездеспей отырып ашу қызықты;

· білімнің жаңа құрылымы. Бүгінгі күні білім жүйесіне жаңа құрылым беру үшін телекоммуникация жүйелерімен толықтырылуы қажет, сонымен қатар білім үрдісіне ақпараттық және коммуникациялық технологияларды енгізуде жоғары біліктілікке ие мамандар керек.

Көбінесе қашықтан оқыту бағдарламалары оған барынша мол қол жеткізуге мақсатталған және оқыту сапасына аса анық емес талаптар қояды. Мұндай бағдарламаныңбілім сапасын жетілдіруі үшін орындауы міндетті талаптар қатарын құрастыруға болады:

· сапасы мен мүмкіндігі жоғары білім кеңістігін құру, кәдімгі оқу орындары ұсынатын мүмкіндіктерден жоғары білім ортасын жасау;

· Internet желісінде әмбебап компьютерлік кітапхана құру, кез келген уақытта қолданушыға қол жеткізерлік және кәдімгі кітапханаға көлемді ақпарат беруі тиіс;

· желі бойынша педагогтармен қарым-қатынас ұйымдастыру;

· оқытушының да, оқушының да білімін компьютермен тексеру жүйесін жасау.

Төмендегідей базалық шарттар сақталған жағдайда сапалы білімге қол жеткізуге болады:

· қымбат тұратын технологиялар мен бағдарлама өнімдерін қолдану;

· іштей және қашықтан оқыту түрлерін біріктіру;

· қажетті ақпараттық ресурстарды табуды жеңілдететін толық каталогтар жасау.

Әдебиеттер

1. Бөрібаев Б, Балапанов Е. Жаңа ақпараттық технологиялар. – Алматы, 2001.

2. Информационные технологии. – Москва, 2005.

Сабақтың өтілетін күні: 01.04.2015ж

Сыныбы: 7а,б,в

Сабақтың тақырыбы:РАСТРЛЫҚ ГРАФИКА. РАСТРЛЫҚ ГРАФИКАНЫ ӨҢДЕУ БОЙЫНША ПРОГРАМММА ИНТЕРФЕЙСІ.РАСТРЛЫҚ БЕЙНЕЛЕРДІҢ ПАРАМЕТРЛЕРІ

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларды компьютерлік графика ұғымымен таныстыра отырып, графиканың түрлері,редакторлары туралы білімдерін қалыптастыру;

2.Оқушылардың компьютерлік графика¬мен жұмыс істеуге үйрету арқылы теориялық білімін, ой-өрісін, шапшаң ойлау қабілетін да¬мыту;

3.Оқушыларды жан-жақты болуға, техникалық құрылғыларды пайдалану бары¬сында жүйелілікке тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдісі:Интерактивті тақта арқылы, тапсырмалар

Көрнекілік:Интерактивті тақта, компьютер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

2.Үй тапсырмасы

3.Жаңа сабақты баяндау. Мәтінмен жұмыс

4.Ой қорыту.Сабақты бекіту

5.Компьютермен жұмыс.

6. Бағалау. Үйге тапсырма беру.

I. Ұйымдастыру (оқушы мен мұғалім диалогі)

-Сәлеметсіздер ме?!

-Көңіл-күйлерің қалай?

-Сабаққа дайындық қалай?

-Мен сендерге сәттілік тілеймін.

Отшашу

Оқушыларды компьютердің құрылғылары арқылы топқа бөлу. (компьютердің құрылғылары тұрған суреттерді теріс қаратып қоямын, оқушылар бір-бірден таңдап алған суретіне байланысты сол топқа отырады, отырған топтары туралы мәлімет айтады)



1-топ «ЖҮЙЕЛІК БЛОК»

2-топ «МОНИТОР»

3-топ «ПЕРНЕТАҚТА»

Топ басшыларын сайлау, «бағалау парағын» тарату.

II.Үй тапсырмасы Білу (жаңа тақырыпқа дайындық)

Cұрақ - Жауап

1. Компьютерлік графика деген не?

2. Пиксель дегеніміз не?

3. Компьютерлік графика түс ерекшелігіне қарай нешеге бөлінеді?

4. Нүкте, сызық, формула - қандай графиканың минималды элементтері?

5.Сурет салу жағдаятымен айналысатын ин¬форматика бөлімі қалай аталады?

Берілген суреттердің қай графика түріне жа¬татынын анықта

III.Түсіну (жаңа тақырыпты меңгерту)

1-топ


Растрлық кескін дегеніміз – түрлі түсті нүктелердің (пиксельдердің) жиынтығы. Олардың саны бейненің өлшемі мен шешімі арқылы анықталады.

Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет. Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен және көлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады.

2 - топ

Компьютерде кескіндерді өңдеу үшін ар¬найы программалар - графикалық редактор¬лар пайдаланылады. Графикалық редактор¬ларды екі категорияға бөлуге болады:



растрлық және векторлық.

Анықтама:Графикалық редактор

-бұл графикалық кескіндерді құруға, редакциялауға және қарапшығуға арналған программа.

Растрлық графиканы өңдеу редакторла¬ры: Paint, AdobePhotoshop, Corel PhotoPaint Графикалық редакторлар графикалық кескіндерді құру және редакциялау үшін құралдарды таңдау мүмкіндігін беріп, оларды бір құрал - саймандар тақтасына біріктіреді. Объектілерді салу құрал - саймандарына төмендегілер кіреді: сызық, қисық, эллипс, көпбұрыш, құю құралы, қарындаш, өшіргіш т.с.с

3-топ

Растрлық графикалық редакторлар пайдаланушыға мынадай мүмкіндіктер береді:



• графикалық примитивтерді( сызықтар, төртбұрыштар, эллипстер және

басқаларды) қолмен (тышқанның көмегімен) салу;

•кескіннің кез-келген бөлігін кесіп алу, желімдеп жапсыру;

•сурет салу және бояу үшін кез-келген түсті пайдалану;

•ұсақ бөлшектерді анықтап зерттеу үшін кескін фрагменттерін үлкейту;

•мәтінге суреттер қоса отырып,көркем ха¬барландырулар даярлау;

•алынған кескіндерді сақтау және редакци¬ялау;

IV. Қолдану (білімдерін пысықтау) бекіту сұрақтары:

А)Растрлық графикалық редактордың ми¬нималды объектісі болады…- жауабы : пик¬сель. Ә)Суреттің өлшемдерін өзгерткенде кемшілігі болады: растрлық графикада.

Б)Нүктелер жиынтығы арқылы бейнеленген графиканы атайды: растрлық.

Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау

1- тапсырма. Растрлық кескінді редакция¬лау

1. PAINT редакторын ашыңыз ( жүктеңіз).

2. PAINT графикалық редакторына растрлық суретті, кескіндер кітапханасынан дайын суретті қойыңыз.

3. Суреттің өлшемін үлкейтіңіз. Қандай өзгеріс байқадыңыз. ( Суреттің пиксель деп аталатын ұсақ нүктелер жиынынан тұратынына назар аударыңыз). Суретті сақтап қойыңыз.

V.Сабақты қорытындылау.Бағалау. Топ басшыларын тыңдау.

VI.Үй тапсырмасы.

Компьюетрдің құрылымы

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау


1. Ұйымдастыру кезеңі. (2 мин)

Амандасу. Сыныпты түстер арқылы топқа бөлу. (қызыл, жасыл, сары). Топ басшысын топпен ақылдасып сайлау. Әр оқушы өзінің қай деңгейде дайындалып келгендеріне орай бағдаршаммен бағалау. (жасыл-жақсы, сары-орташа, қызыл-нашар)

Амандасады. Түстер арқылы топқа бөлінеді. Топпен ақылдасып топ басшысын сайлайды. Әр оқушы өздерін бағдаршам көмегімен дайындық деңгейлерін бағалайды.

2. Білу. (3 мин)

Миға шабуыл

Сұрақтар


1. Ақапарат дегеніміз не?

2. Ақпаратпен адам не істей алады?

3. Ақпаратпен жұмыс істеу үшін қажетті құрылғы қалай аталады?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Бағалау парақашасы

1 сұрақ 1 балл

3. Түсіну.

Оқу


Талдау

Постер жасау

Қорғау

Бағалау


Топтарға оқулықты пайдаланып тапсырма беру.

- берілген бөлімді оқу

- топта талқылау

- постер жасап қорғау.

І. компьютер – 31 бет

ІІ. компьютерді қолдану. -32 бет

ІІІ. компьютер түрлері – 33-34 бет

Топтар берілген бөлімдерді оқып танысады, топта талқылайды, оны постерге салып, постерді қорғайды.

Топтар бірін бірі бағалау криттерилері бойынша бағалайды.

- тақырыбы

- безендірілуі

- сөздік қоры

0,5-1 балл қою.

4. Қолдану.

* Барлық топ 35-36 беттегі «Заманауи компьютерлердің қолдану салалары» деген қызықты ақпаратты оқып шығу.

Тапсырма. «Компьютерді үйде қалай қолданамын» деген тақырыпты

І топ – ертегі, ІІ топ – комедия, ІІІ топ – трагедия түрінде жеткізуі керек.

Барлық топтар 35-36 беттегі «Заманауи компьютерлердің қолдану салалары» деген қызықты ақпаратты оқып шығады. Берілген тапсырма бойынша қойылымдар қояды.

Топтар бір-бірін саусақтар арқылы бағалайды.

5. Талдау, жинақтау.

Компьютерде деңгейлік тәжірибелік жұмыс жасау.

А деңгейі

Интернет желісінен суперкомпьютерлер туралы ақпаратты тауып, оқып беріңдер.

В деңгейі

Мәтіндік редакторда берілген тақырыптың біріне хабарлама жазу. «Компьютерді қолдану», «Компьютердің түрлері»

С деңгейі

Өздеріңе белгілі программалардың бірінде «Компьютердің түрлері» сызбасын сызыңдар.

Компьютерде өздері таңдап алаған деңгейлік тәжірибелік тапсырмаларды орындайды.

Бағалау парақшасына қою.

А – 1 балл

В - 2 балл

С – 3 балл

Сергіту.

Тақтадан көз және дене жаттығуларын жасау

Дене және көз жаттығуларын жасайды.

Бағалау.


Бағалау парақшалары бойынша жинаған балдарын санау.

Топ басшысы бағалау парақшасындағы балдарын санап, қорытындысын шығарады.

Бағалау парағы

Кері байланыс

Стикерлер тарату. Бүгінгі сабақ туралы өз ойларыңды жазыңдар да тақтаға іліп кетеміз.

Стикерлерге бүгінгі сабақ туралы өз ойларын жазып, тақтаға іледі.

Үйге тапсырма

37-38 беттегі 8 тест сұрақтары

31-47 беттерді оқу

Жобалау технологиясы бойынша география мен информатика пәнінен кіріктірілген сабақ жоспары

Сапалы білімге қол жеткізу тәсілі

Информатика пәні мұғалімі:Кенжебаева Даметкен Камариденқызы

География пәні мұғалімі:Жунусбаева Марал Тұрмысқызы

Жоба: Қазақстан халқының құрылымын электрондық кестеде жүйелеу

Сыныбы: 9 сынып Жобалау түрі: минижобалау -1 сағаттық.

Жобалау әдісі: іс-әрекет,

Пән мазмұны бойынша: пәнаралық /география және информатика/

Өткізу орны бойынша: ашық түрде /негізгі көрсеткіштер бойынша/

Байланыс сипаты бойынша: ішкі, яғни 1 сынып бойынша

Қатысушыларға байланысты: жұппен

Ұзақтығы: 45 минут

Мақсаты:

Білімділік: Географиядан: Қазақстанның экономикалық аумақтарындағы халықтың құрылымын салыстырып, сипаттау.Информатикадан: ЕХСЕL-де кестелер мен диаграммаларға құрастыру, сараптама жасау.

Дамытушылық: География курсынан оқыған ақпараттарын Электрондық кестелерде қолдануда және диаграмма құрастырудағы дағдылары мен біліктіліктерін дамыту, WINDOWS системалық орта бойынша алған білімдерін кез-келген ақпараттарға қатысты кестеге салып, жүйелеу.

Тәрбиелік: Оқушылардың жұптасымен жұмыс жасауда коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру және алған білімдерін қажетті жағдайдарға жұмсай білуге баулу.

Сабақтың кезеңдері: І. Табысқа жетуге жағдай жасау:

Қоғамның ең басты өндіргіш күштері – Еңбек ететін адамдар немесе еңбек ресурсы.

Олар кімдер? Олар материалдық құндылықтарды өндірушілер ғана емес, сонымен бірге оны пайдаланушылар.

Сондықтан халыққа сараптама жасау, кез-келген экономикалық-географиялық зерттеудің маңызды құрамдас бөлігі.

2009 жылғы санақ бойынша Қазақстан халқы саны- қанша?- 16 млн.402 мың адамды құрады.

Бұл сан біздің ауданымыз үшін қаншалықты жеткілікті? Бұл біздің ауданымызға аздық етеді, ал Халық санының аз болуы –бұл әлсіз ішкі нарық, яғни сыртқы нарыққа тәуелділік, сондай-ақ жұмыс қолының жетіспеуі, соған байланысты қажетті жерлердің игерілмеуі.

Сондықтан –да халық санын көбейту қоғамның ең негізгі мәселесі.

Сонымен бірге елдің экономикалық -әлеуметтік дамуына халықтың саны ғана емес, тағы несі маңызды? құрамы мен құрылымы

Құрамы мен құрылымның айырмашылығы неде?

Құрам-құрамдас бөліктердің жиынтығы,яғни ерлер, әйелдер, жасөспірімдер, ересек адамдар, қарттар, т.б ал құрылым, сандармен берліген салыстырмалы шамалар

Осы шамаларды есептеп, кестеге салу үшін қазіргі технология дамыған заманда не қажет? әрине, техника

Бұл көрсеткіштерді сараптау үшін, нендей кестемен жұмыс жасаймыз?-электрондық кестемен

- Олай болса,бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтайық

Халықтың құрылымын есептеу және оны электрондық кестеге салу.

Информатика пәні мұғалімі:

Жұмысқа кіріспес бұрын электрондық кестелер деген не соны қайталап, соған анықтама беріп алайық, ол не, не үшін қажет және неден тұрады ?

ЭК қандай функцияларды білесіңдер?

ЭК формулалармен және функциялармен қалай жұмыс жасаймыз?

Тақырыбымызды анықтадық, енді алдымызға қандай мақсат қоямыз?

Қазақстан халқының құрылымының сандық көрсеткіштерін Электрондық кестеге енгізіп, диаграммасын құру

№1 проблема. Қазақстан халқының орташа тығыздығы

тапсырма. Қазақстандағы, Солтүстік және Оңтүстік аймақтардағы халықтың орташа тығыздығын есептеп, кестеге салып, диаграмма құрастыр.

тапсырма. Ол үшін: Т= Халық / аудан формула бойынша есептеп, шыққан көрсеткішке қорытынды жаса.

Елдегі аймақтар мен облыстар

Ауданы,мың км2 Халқы,мың адам тығыздығы

Солтүстік:Ақмола 146 739

Қостанай 196 887

Павлодар 125 750

Солтүстік Қазақстан 98 646

Астана қаласы 0,7 661

Оңтүстік: Алматы 224 1678

Жамбыл 144 1036

Қызылорда 226 645

Оңтүстік Қазақстан 117 2402

Алматы қаласы 0,3 1346

№2 проблема: Қазақстан халқының орташа тығыздығы

1-тапсырма. Орталық және Батыс, Шығыс аймақтардағы халықтың орташа тығыздығын есептеп, кестеге салып, диаграмма құрастыр.

2-тапсырма. Ол үшін: Т= Халық / аудан формула бойынша есептеп,

Елдегі аймақтар мен облыстар

Ауданы,мың км2 Халқы,мың адам тығыздығы

Батыс: Ақтөбе 301 716

Атырау 119 506

Батыс Қазақстан 151 620

Маңғыстау 66 433

Шығыс: Шығыс Қазақстан 283 1419

Орталық: Қарағанды 428 1348

Қазақстан бойынша 2725 16402

3-тапсырма. Шыққан көрсеткішке қорытынды жаса.

№3. проблема : Экономикалық белсенді халықтың аудандар бойынша таралуы, мың адам

1-тапсырма. Аумақтар бойынша жұмыссыздардың деңгейін анықтау. Ол үшін: берліген кестедегі мәліметтер бойынша Ж/ ЭБХ х100 %.

2 тапсырма. Шыққан көрсеткіштер бойынша диаграмма құрастыр және оны қорытындыла.

аумақтар Экономикалық белсенді халықжұмыссыздар Жұмыссыздар деңгейі %

Солтүстік 2170 150

Батыс 1190 80

Оңтүстік 3560 260

Орталық 740 50

Шығыс 760 50

Қазақстан 8420 590

Әр тапсырманы орындағаннан кейін тақтаға көрсетіп, қорытындылау

Бұл көрсеткішетрдің жалпы қорытындысы біздің аймақтарымызда халықтың орналасуы біркелкі емес, ол халықтың тығыздығымен де сай келмейтіндігі көрініп тұр. экономикалық белсенді халық

Демограф –ғалым Переведенцеваның тұжырымы бойынша отбасында үш бала болмаған елді мекен уақыт өте келе жойылады, оған мысал келтіріңдер, Бұл жағдай біздің елімізге тән бе?

Электрондық кестенің өмірге қажеттілігі бар ма?

Берілген нұсқалардан таңдауың бойынша өз білімдерің мен біліктеріңді бағалап көріңдер:

Локальді сеть, интернет,ақпараттық ресурстардың және технологияның не екендігін түсінемін,

Жақсы түсінемін қанағаттанарлық түсінбеймін

Локальді сеть, интернет,ақпараттық ресурстардың және технологияның қандай мақсатқа қолданатындығын түсінемін

Мен өз білімім мен біліктілігіміді ақпараттық ізденушілік міндеттердің шешімін табуға жұмсай аламын

Ашык сабак: "Операциялық жүйелердің жіктелуі және функциялары"

Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйелердің жіктелуі және функциялары Сабақтың мақсаты: Ақпараттық құзырлығын арттыру,

жаңа сабақты меңгерту

Білімділік: өткен сабақтарды қайталау арқылы оқушылардың алған білімдерін, икемділіктерін тексеру, оқуға қызығушылығын, ынтасын арттыру;

Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: танымдық қызығушылыққа, жолдастық сезімге, ұқыптылыққа, мақсатқа жете білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: білімді қорытындылау.

Сабақ көрнекілігі: презентация, тест.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Бәйге.

Ойлан тап.



Синонимдер.

Сиқырлы пернелер.

Ой қорыту.

Бағалау.


Сабақты қорытындылау.

Ұйымдастыру кезеңі. 3 минут

Оқушылардың сабаққа қатынасын түгендеп, назарын сабаққа аудару. Сабақ ойын түрінде өтеді. Оқушылар алдын ала үш топқа бөлінді. Қазір мен әр топ басшыларына бағалау парағын беремін, ол әр кезеңде алған ұпайларын жазып отырады. Оқушылар топқа сұраққа жауап беру арқылы бөлінеді.

1 топ компьютер негізгі құрылғылары.

2 топ компьютердің ішкі құрылғылары

3 топ компьютердің қосымша құрылғылары.

Алғашқы кезеңіміз үй тапсырмасын сұраумен басталады. Яғни, «Бәйге» деп аталады. Мұнда мен әр топқа 5 сұрақ қоямын. Әр сұраққа кемінде 1 минут беріледі. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Тақырыпты оқушылар өздері таңдайды Процессор,қосымша құрылғылар,ақпарат 10 минут

Процессор сұрақтары:

Жедел жад комп ішкі жадысы ма? Ия

Тұрақты жады дегеніміз не? Тұрақты есте сақтау

Интернеттен алынған мәліметтер сақталатын компьютер жадысы Кэш жадысы

Кэш жадыны арнайы басқаратын құрылғы аты Контроллер

Кэш жады тағы қалай аталады? Жоғары жедел жад

Жедел жад дегеніміз не? Берілгендерді сақтау үшін тез есте сақтау құрылғысы

Жадтың неше түрі бар? Сыртқы және ішкі

Ішкі жадты тағы қалай атайды? Жедел жад

Компьютердің 5 буынын қалай елестетесің

Компьютердің миы дегеніміз не? Процессор

Қосымша құрылғылар сұрақтары:

Қағаз шығаратын құрылғы Принтер

Компьютерге қағаздан ақпарат енгізетін құрылғы Сканер

Ақпарат тасымалдауға арналған кішкене құрылғы Флэшка

Дыбыс шығаратын құрылғы Колонка

Желіге қосылу құрылғысы Модем

Үлкен көлемді қағаздарды шығаратын құрылғы Плоттер

Қашықтағы адамның бейнесін көріп сөйлесуге мүмкіндік беретін компьютер құрылғысы Веб камера

Монитор компьютердің сыртқы бейнесі ма?жоқ

Компьютердің 5 буынын қалай елестетесің

Принтердің неше түрі бар? 3

Ақпарат сұрақтары:

Ақпарат дегеніміз не?

Ақпарат тасуыштарды ата Флэшка, диск

Ақпаратты қайдан аламыз Газет,журнал Тв т.б

Ақпаратты қандай сезім мүшелерімен қабылдаймыз

Ақпаратты қалай ұсынамыз

Адам ақпараттың қанша пайызын көру арқылы қабылдайды?

Адам ақпаратты ең көп қабылдай алатын сезім мүшесі Көру, есту

Сендердің кітаптарың қандай ақпаратқа жатады

Сендер электронды хатта көрген фильм туралы баяндадыңдар делік Бұл қандай ақпарат Көру

Компьютердің 5 буынын қалай елестетесің

«Ойлан тап» кезеңі. 3 минут

Бұл кезеңде әр топқа сөз беріледі, осы сөзден әрбір топ сөздер құрау керек.

информатика

бағдарлама

пернетақта

4. «Синонимдер» сәйкестендір кезеңі. 5 минут

Берілген сөз

Синоним сөз

8 бит

Бір белгі тобы



Қатқыл диск

Компакт диск

Лазерлік диск

Дербес компьютер

Жаңа материады хабарлау: 10 мин

Операциялық жүйе компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын және программалық жасауының жұмысын басқару үшін қажет екенін білесіңдер. Ол компьютер мен адамның арасындағы байланысты қамтамасыз етеді, демек операциялық жүйе адам мен компьютердің электрондық құрауыштары және қолданбалы программалар арасында келістіруші қызметін атқарады. Ол адамның программаларды іске қосуына, барлық мүмкін деректерді оларға беруге және олардан алуға, программа жұмысын басқаруға, компьютердің және оған қосылған құрылғылардың параметрлерін өзгертуге, ресурстарды қайта бөліп беруге мүмкіндік береді. Дербес копьютерде жұмыс істеу, шынында, оның операциялық жүйесімен жұмыс істеу болып табылады.

Біз үшін компьютермен қарым-қатынас жасаудың қолайлы әдісі - операциялық жүйе қамтамасыз ететін интерфейс маңызды.

жаңа тақырып (Power Point):

Операциялық жүйе – ол есептеу процестері мен компьютерді басқару және пайдаланушы мен аппаратураны байланыстыратын жинақталған программа. Операциялық жүйе мынандай қызмет атқарады:

- Компьютер ресурстарын және есептеу процестерін (диск, жад, тышқан, принтер және т.б.) басқарады;

- Пайдаланушы мен компьютерді байланыстырады;

- Пайдаланушыға компьютерді басқару жеңіл болу үшін пайдаланушы интерфейсін қолдайды.

әрбір ОЖ үш міндетті бөліктен тұрады:

І. Ядро – командалық интерпретатор, программалық тілден «темір» тіліне аударатын аудармашы, машина кодасының тілі.

ІІ. Драйвер- компьютер құрамына кіретін әртүрлі құрылғыларды басқаруға арналған арнайы программалар. Әрбір құрылғыға өзінің драйвері сәйкес келеді, мысалы, принтер драйвері, сканер драйвері т.б.

ІІІ. Интерфейс – пайдаланушы компьютермен байланысып, қарым-қатынаста болатын ыңғайлы қабық.

Дербес компьютер үшін операциялық жүйелердің бірнеше жұптары даярланған: Microsoft MS DOS, Windows (95, 98, ME, NT, 2000, XP, Vista), Linex, Apple т.б.

ң келесі белгісіне көпқолданушы режімді қолдау жатады:

1) бірпайдаланушы(мысалы, MS DOS)

2) көппайдаланушы (мысалы, Windows NT)

Бірпайдаланушы ОЖ компьютерде бір ғана пайдаланушыға жұмыс істеуге мүмкіндік береді;

көппайдаланушы ОЖ қуатты компьютердің көмегімен бір мезгілде бірнеше пайдаланушының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

Windows операциялық жүйелерінің сипаттамаларын кез келген компьютерде өзгертуге болады. Пайдаланушының көрсетуімен сипаттамаларды өзгерту операциялық жүйелерді баптау деп аталады.

Шартты түрде баптауды үш түрге бөлуге болады:

1) буманың терезесінің параметрлерін баптау;

2) негізгі мәзірді баптау;

3) басқару тақтасының көмегімен жүйені жалпы баптау;

Ал енді оқушылар түсінікті болса, қайталап жіберейік.

Сонымен 1. ОЖ дегеніміз не? 2 Оның түрлері қандай? 3. Атқаратын міндеті қандай? Осы өтіп жатқан тақырыптар жайында тапсырмалар орындайық

Тапсырма 1 10 минут

1. Бас менюден Настройка - Панель Управления командаларын таңдаңдар.

2.Басқару панелі қапшығының терезесінде Дата/Время белгісінде екі рет шертіңдер.

3. Екі қосымшасы бар Свойства: Дата/Время терезесі пайда болады.

4. Дата и Время қосымшасын активті жағдайға келтіріңдер.

5. Дата бөлімінде туған күндеріңді қойыңдар: ол үшін Жыл көрсетілген өрісте Айналдыру батырмасының көмегімен туған жылдарьщды таңдаңдар, содан кейін Ай көрсетілген өрісте туған айларыңды таңдаңдар да, күнтізбеден маусты шертіп, санды табыңдар.

6. Время бөлімінде мектепте сабақ аяқталатын уақытты қойыңдар: ол үшін сағаттың астындағы уақыт көрсетілген өрісте маусты шертіңдер, содан кейін Айналдыру батырмасымен қажет уақытты таңдаңдар немесе оны пернетақтадан енгізіңдер.

7. Применить батырмасын шертіңдер.

8. ОК батырмасын шертіңдер.

Экранда Міндеттер панелінің төменгі оң жақ бұрышьшда қойған уақыттарың бейнеленеді. Ал енді жоғарыда келтірілген әрекеттерді орындап, ағымдағы күн мен уақытты қойыңдар.

Тапсырма 2

1. Бас менюден Настройка - Панель Управления командаларын таңдаңдар.

2. Басқару панелі қапшығының терезесінде Звук белгісінде екі рет шертіңдер.

3. Свойства : Звук (Қасиеттер: Дыбыс) терезесі пайда болады.

4. События (Оқиғалар) бөлімінде оған белгілі бір дыбыс меншіктегілерің келген оқиғаны таңдаңдар.

5. Звук (Дыбыс) бөлімінде Айналдыру батырмасымен қандай болса да бір дыбысты таңдап, Проба батырмасында шертіңцер немесе Обзор батырмасын шертіңдер де, Поиск звука терезесінде берілген оқиғаға келісімді дыбыс таңдаңдар.

6. Применить батырмасын шертіңдер.

7. ОК батырмасын шертіңдер.

Тапсырма 3

1. Бас менюден Настройка —►Панелъ управления командаларын таңдаңдар.

2. Панелъ управления (басқару панелъі) қапшығының терезесінде Маус белгісінде екі рет шертіңдер.

3. Кнопки мауса активті қосымшасы Свойства: Маус терезесі пайда болады.

4. Перемещение қосымшасын активті жағдайға келтіріңдер.

5. Отображатъ шлейф опциясының жалаушасын орнатыңдар, сонда сендер маусты жылжытқанда, оның шлейфі пайда болатынын көрсетіңдер.

6. Егер шлейфпен жүмыс істегілерің келсе, ОК батырмасын шертіңдер, ал егер сендерге ұнамаса, Отменаны шертіңдер

«Жасырын сөзді табу» бөлімін орындап жіберейік 3 минут

1 топ «WINDOWS» Microsoft фирмасы жасап шығарған ОЖ

2 топ «UNIX» Өте көп қолданушылардың жұмыстарын бір мезгілде қамтамасыз ете алатын көп міндетті операциялық жүйе

3 топқа « Драйвер» компьютер құрамына кіретін әртүрлі құрылғыларды басқаруға арналған арнайы программалар.

Ақпараттық диктант. Көп нүктенің орнына жетіспеген сөзді қою 3 мин

І. Топ


Ядро – командалық интерпретатор, программалық тілден «темір» тіліне аударатын аудармашы, машина кодасының тілі.

ІІ топ


Драйвер- компьютер құрамына кіретін әртүрлі құрылғыларды басқаруға арналған арнайы программалар. Әрбір құрылғыға өзінің драйвері сәйкес келеді, мысалы, принтер драйвері, сканер драйвері т.б.

ІІІ топ


Интерфейс – пайдаланушы компьютермен байланысып, қарым-қатынаста болатын ыңғайлы қабық.

Енді оқушылар жаңа сабақты түйіндейік. Өз пікірлеріңді айта қойыңдар

Әр топтан 1 оқушыдан шығып айта қояйық.

Төмендегі кестені толтыру

Не білдім

Не үйрендім

Сабақтан алған әсерім

Үй тапсырмасы: тақырыпты оқу. Кітаптағы тест жұмысын орындау. Бақылау сұрақтарына жауап беру.

Бағалау.

Күні:05.05.2014 ж

Сыныбы: 6«А»

Пәні:Информатика

Пән мұғалімі:Дүйсенова Жұлдыз

Cабақтың тақырыбы:(Практикалық жұмыс) Кестелерді,суреттерді,бейнені және дыбысты кірістіру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды Кестелер құру.Кестелерді редакциялау.Кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу.Кестені баспаға дайындау терезесін түсіндіру. кесте жасауға, ұяшықтарды қосуға, алып тастауға, біріктіруге және бөліктерге бөлуге үйрету.

Тәрбиелік: Уақытты тиімді пайдалануға, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың компьютерге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділігін арттыру, компьютермен жұмыс істету шеберлігін одан әрі қарай шыңдау және осы сабақта алған білімдерін пайдалана білуге ықпал жасау.

Сабақтың түрі: Ашық сабақ

Сабақтың типі:Дәстүрлі сабақ

Оқыту технологиясы,әдіс - тәсілдері:Дамыта оқыту,деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының әдіс-тәсілдері.Түсіндіре-баяндау.

Пән аралық байланыс:қазақ тілі,орыс тілі,геометрия,математика,сызу,бейнелеу,ағылшын

Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: ДК, Microsoft Office Word 2013 бағдарламасы, интерактивті тақтада дайындалған слайдтар, деңгейлік тапсырмалар, оқулық, жұмыс дәптері, оқушылардың бағалау парағы.суреттер, қосымша заттар т.б

Пайдаланылатын әдебиеттер:Н.Ермеков.Н.Стифутина Алматы «Атамұра»2003

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

2.сыныптың тазалығына назар аудару;

3.оқушыларда аққалаттың болуын назар аудару;

4.Журналға белгі соғу;

5.Оқушылардың назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау.

1.Дәптерге кесте құру және кестені толтыру

2.(Әр түрлі әдістерді пайдаланып, сыныптағы кезекшілік кестесін құрып келу эл.түрде)

3.Сабақ сұрау

III.Үй тапсырмасын бекіту

IY.Практикалық жұмыс

Ал енді жұмыс дәптерін ашамыз.

Бүгінгі күнді және сабақтың тақырыбын жазамыз. «Кестемен жұмыс». Бұл сабақта сіздер кесте құру әдістерін, сондай –ақ кесте безендіруді үйренулеріңіз керек.

Біздің өмірімізде мәтінді безендіру немесе құжатты кесте түрінде даярлау жиі кездеседі. Оларға: мектеп журналдары, үлгерім табелі және сіздердің күнделік парақтарың т.б. MS Word мәтіндік процессоры кесте құруды жеңілдетеді, ол өзіне бағандардың енін есептеу мәселелерін жүктейді.

Сонымен, Кесте – бұл жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат. Жолдар мен бағандар қиылысып, ұяшық құрайды.

5.2. Сурет. Кестенің бағандары мен жолдарының санын таңдау

· Лентада Кірістіру қосымшасындағы Кесте тобында Кесте батырмасын басыңыз, Кестені кірістіру командасын таңдаңыз. Кестелерді кірістіру диалогтық терезесінде жолдармен бағандардың санын таңдаңыз және ОК батырмасын басыңыз.

5.4 Сурет. Кестені салу командасын шақырғаннан кейінгі Word терезесі

· Сіз Кестені салу батырмасын басқан кезде нұсқағыш қарандаш пішініне айналады. Алдымен кестенің кескінін құрыңыз (5.6. Сурет), одан кейін көлденең және тік сызықтарды салыңыз (5.7. Сурет)

5.6.Сурет. Кесте құрудың бірінші кезеңі

5.7. Сурет. Кесте құрудың екінші кезеңі

Сурет. Кесте құрудың үшінші кезеңі Жұмыс аяқталғаннан кейін құжаттың кестеге қатысы жоқ жеріне тышқанды шертіңіз. Егер сізге кестені редактілеу қажет болса, онда кестеге шертіңіз және Конструктор қосымшасына қайтадан өтіңіз.

Дәптермен жұмыс

Кесте – жолдар мен бағандарда мәтіндік және графикалық хабарламаларды көрнекі етуге реттеліп берілген ақпарат.

Кесте баған мен жолдан және екеуінің қиылысуында орналасқан ұяшықтан тұрады.

Дербес компьютер мен жұмыс кезіндегі ережелерді еске түсіру.

Техникалық қауіпсіздік ережелерін естеріне түсіру.

Токтар мен сымдарға тиісуге, компьютерді рұқсатсыз жылжытуға болмайды;

Компьютердің алдында жинақы дұрыс отыру, артық заттар қоюға болмайды;

Мұғалімді мұқият тыңдап, берілген тапсырманы ғана орында;

Монитор мен көздің ара қашықтығы 50-60 см болу керек.

Практикалық жұмыс( Компьютердегі тәжірибелік жұмыс)

Маған айтып берсең ұмытып қалармын,

Көрсетіп берсең есте сақтармын,

Өзіме жасатсаң үйреніп алармын.

Р/с


Оқушының аты-жөні

Туған жылы

«Менің күнделігім»

Күні


Пәндер


Үйге тапсырма

бағасы


Дүйсенбі

1

2



3

4

5



Математика

Ағылшын


Орыс тілі

Биология


Информатика

Кестемен жұмыс

Көзді талдыртпау және шаршатпау жаттығулары:

Бірнеше ондаған минут қозғалмай отырып компьютермен ұзақ уақыт бірсарынды жұмыс істеген кезде жағымсыз сезім, дене ұйығандай болып, шаршау пайда болады, көз талады. Осыларды болдырмау үшін сабақ барысында 1-2 рет келесі жаттығуларды орындау керек.

Көздің талуын болдырмау жаттығулары:

1. Қарау бағытын өзгерту: алысқа-мұрын ұшына, солға –оңға, төмен-жоғары.

2. сағат тілі бағытымен және қарсы бағытта көзді айналдыра бұрып қарау.

3. Көзді жұмып, қолмен жауып, 1-1,5 минут отыру.

Шаршауды болдырмау жаттығулары:

1. Сағат тілі бағытымен және қарсы бағытта басты айналдыра бұру.

2. Басты кезекпен екі жаққа бұру.

3. Саусақтарды жұмырыққа жұму, қолдың ұшын босаңсыту.

4. Оңға-солға бұрылып, қолды сермеп, керіліп-созылу.

V. Сабақты бекіту.

Сергіту сәті:Ойындар

Жұмбақ шешу

Тұрады ол жолдармен бағандардан,

Және тұрар ұяшықтар ағымынан.

Кәне ойланып көрейік ол не екен,

Баған менен жолдарды қиылыстырған

(Кесте)

Кестенің бір негізгі элементі,



Көлденең ұяшық құру қызметі.

Ұяшық емес, баған емес ол не екен?

Кестенің негізгі болған қызметі.

(Жол)


Тіктөртбұрышқа ұқсайды,

Елемей кетуге болмайды.

Бағанменен жолдардың қиылысы,

Кестеде қай элементті құрайды.

(Ұяшық)

Батырмалардың атын табу Сиқырлы шарлар ойыны



Көп нүктенің орнына тиісті сөзді кою Ұяшықтарға жауап беру

Ұяшықтарға жауап беру

1.Баған мен жолдардың қиылысуынан нелер пайда болады? (Ұяшықтар)

2.Сызықтық кесте дегеніміз не? (Кестеде бір-ақ жол болуы мүмкін, мұндай кестені сызықтық кесте деп атайды)

3.Кесте дегеніміз не? Кесте – жолдар мен бағандарға реттелген ақпарат)

4.Жол дегеніміз не?( Көршілес ұяшықтардың көлденең бірлестігі)

5.Ұяшық дегеніміз не? (Дерек сақталатын орын )

«Домино» ойыны

Ойын шарты: Бірнеше сөздер берілген. Осы сөздерден тақырыпқа байланысты сөйлем құрастыру керек.

бағандарда

бұл

ақпарат


мен

берілген


жолдар

Кесте


реттеліп

Кесте – бұл жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат.

мен

құрайды


бағандар

ұяшық


Жолдар

қиылысып


Жолдар мен бағандар қиылысып, ұяшық құрайды.

VI. Сабақтың қорытындылау.

«Ақпараттық диктант»

Кестені даярлау үшін … Кірістіру > Кесте > Кесте қосу

Ұяшықтарды біріктіру үшін … Макет > Ұяшықты біріктіру

Кесте құру батырмасы қай қатарда орналасқан? … Стандартты

Ұяшық дегеніміз не?… Баған мен қатардың қиылысуы

Кестеге жақтау орналастыру үшін… Бет бөлігінің көлемі > Бет шекарасы >Шекара және Құю > Шекара

Жаңа жол қосу үшін қолданатын перне … Тab

Ұяшықтарды бөлу командасы … Макет > Ұяшықты бөлу

Баған қосу … Макет > Оңға кірістіру немесе солға кірістіру

Жолдарды кірістіру … Макет > Кірістіру > Жол қосу

VІІ. Үйге тапсырма: Кестелермен жұмыс.

1.Дәптерге кесте құру және кестені толтыру

Дәптерге өзіңнің ІІІ тоқсанда әр пәннен алған бағаларыңды теру кестесін құрып келу.

VІІI. Оқушыларды бағалау.

Үй тапсырмасына және жаңа сабаққа,тапсырмаларға,сұрақтарға,сабаққа жаксы белсеніп қатысып отқан оқушыларды бағалаймын.

6-сынып оқушыларына

арналған бағалау парағы.

Оқушының аты-жөні



Бағасы

САБАҚ ЖОСПАРЫ Пәні: информатика

Сынып: 8б Күні:

Сабақтың тақырыбы:Қайталау.Өздік жұмысы.

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін жинақтау;

Тақырып бойынша алған білімдерін практикада пайдалана білуге баулу.

Сілтеме:


Әдістемелік нұсқаулық

Сабақ түрі:

Өздік жұмыстар сабағы

Сабақтың типі:

Білім мен дағыдыны дамыту сабағы

Оқыту технологиясы:

Ақпараттық- коммуникациялық технология

Жұмыс түрлері:

жұптық, жеке

Қажет құрал-жабдықтар:

Компьютер, стикер, маркерлер, проектор

Сабақ кезеңдері

Ұйымдастыру кезеңі /психологиядық ахуал/2 мин

Өткенді еске түсіру5 мин

Кіріспе әңгіме /сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау/3 мин

Сабақтың негізгі тақырыбы мен мақсатын анықтау2 мин

Оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеруі15 мин

Оқушылардың теориялық білімін тексеру10 мин

Сергіту жаттығуы2мин

Сабақты қорытындылау2 мин

Бағалау2 мин

Үй тапсырмасы туралы ақпарат 2 мин

І. Ұйымдастыру кезеңі жаңалыққа құмарлығын арттыру, оқушыларды ынтымақтастыққа, бірігіп, белсенді жұмыс істеуге жұмылдыру;

ІІ. Өткенді еске түсіру

өткенді еске түсіру арқылы өткен тақырып бойынша бұрынғы білім еске түсіріледі;

Психологиялық ахуал «Шырайлы шеңбер» бір-біріне бүгінгі күнге, сабаққа тілек айту ұсынылады

Топқа бөлу. 1, 2 сандар арқылы топтапға бөлу. Стикер жабыстыру арқылы топ басшысын тағайындау. Бағалау парағын тарату

«10 сұрақ» әдісі ұсынылады. Жұппен жұмыс. Кезекпен бір-бірінің маңдайына негізгі сөз жазылған стикер жапсыру арқылы жұбына 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі.

«шырайлы шеңбер» жасап бір-біріне тілектер айтады

1,2 саны бойынша топқа бөлініп, бағалау парағына қарап іс-әрекеттерін жоспарлайды.

Жұптар кезекпен бір-бірінің маңдайына негізгі сөз жазылған стикер жапсыру арқылы өткенді еске түсіреді.

Сұрақтарға жауап береді.

Ү. Оқушылардың өткен тақырыпты меңгеруі

өздік жұмысы

Коьютерде қауіпсіздік ережелері тақырыбына презентациялар жасау ұсынылады

1 топ: жалпы ережелер

2 топ: апат жағдайда жасалатын ережелер

3 топ: шаршағанда жасайтын жаттығулар

Копьютерде презентацияларын «галлерея» әдісі бойынша қорғау ұсынылады. Топтар бір-бірінің презентацияларына жетермен баға береді /қолмен, аяқпен, 1 шумақ өлең/

Топпен компьютерге отырып презентация жасайды. /рольдерге бөлінеді: бағдарламалаушы, көркемдеуші, фотограф, журналист/

Ұнады

Неліктен?



Қиын болды

Неліктен?

презентацияларын «галлерея» әдісі бойынша қорғайды. Топтар бір-бірінің презентацияларына жетермен бағалайды /қолмен, аяқпен, 1 шумақ өлең/

ҮІ. Оқушылардың теориялық білімін тексеру

тарау бойынша алған білімдерін тексеру тест тапсырмасын ұсыну

тапсырмаларды орындайды, бағалау парағына алған ұпайларын жазады

ҮІІ. Қорытынды

Меңгерілген тақырыпты жинақтау мақсатында «Бес саусақ» тәсілі

Оқушылар параққа алақандарын қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді. Осыдан соң олар сабақ туралы мынандай сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына жазады:

Бас бармақ – басты мәселе. Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды?

Балалы үйрек – бірлесу. Мен топта/жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім? Кімді риза жасадым? Кім маған көмек берді?

Ортан терек – ойлану. Мен бүгін қандай жаңа білім мен тәжірибе алдым?

Шылдыр шүмек – шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

Кішкентай бөбек – көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?

Алақан – алға ұмтылу. Жұмысты жақсарту үшін не жасау керек? Білімімді қалайша толықтырам?

Оқушының пікірі, сабақ тақырыбының мақсатына жетуі-жетпеуі/ туралы жазады

ҮІІІ. Рефлексия

ІХ. Бағалау

Не білдім? Не үйрендім? Постеріне пікірлерін жазу ұсынылады

Топ басшысының бағалауы. Мұғалім оқушыларының бағалары бойынша өз пікірін айтады.

Не білдім? Не үйрендім?

Х. Үй тапсырмасы туралы ақпарат



«Ұлы Отан соғысына 70 жыл» тақырыбына материалдар жинау.

Күнделіктеріне бағаларын қойғызып, үй тапсырмасын жазады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет