Сабақтың тақырыбы 3 бөлім М. Әуезов



бет2/5
Дата02.12.2019
өлшемі0,78 Mb.
#52860
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Алия ашық сабақ


Білу, түсіну: «Білгенге - маржан, білмеске - арзан» М.Әуезов кім?

М.Әуезов туралы білетіндерін еске түсіреді.



Сабақ барысы

Жоспар бойынша орындалатын іс әрекеттер

Ресурстар


4 минут

3 мин

12 мин

6 минут

6 мин


Ширату жаттығуы «Ойландарар сұрақтар»

  • Көксеректің ауылдағы мінез-құлқы мен даладағы, еркіндіктегі мінез-құлқы

  • Егер адамдар қасқыр апанын бұзып, бөлтіріктерін өлтіріп, Көксректі алып кетпегенде, оқиға әрі қарай қалай дамуы мүмкін еді?

Қолдану: «Білімді мыңды жығар» Сәйкестендіру тесті


Бөлім

Болған оқиғалар

Ауылға келуі

Екі аяқтылардың індегі бөлтіріктерге қиянаты.

Көксеректің мінезі

Оның ауылда өсуі, мінез-құлқындағы қасқырға тән ерекшеліктері.

Көксеректің ауылдан кетуі

Көксеректің өз тұқымын тануы, бірнеше рет жоғалып кету

Көксеректің жаралануы

Көксеректің Ақ қасқырмен қосылып төңіректегі ауылдарды шулатуы.

Құрмашпен соңғы кедесуі

Көксеректің Құрмашты өлтіруі.

Аққасқа мен Көксерек шайқасы

Аққасқаның Көксерекпен айқасы. Көксеректің өлімі. Құрмаштың әжесінің Көксеректі басқа теуіп, Құрмашын жоқтауы

Дескриптор:

-Шығарманың бөлімдерінің мамұнын еске түсіреді;

-Әр бөлім бойынша оқиғаларды жіктеп, кестені толтырады



3.Талдау, жинақтау: «Әдеби шеңбер»

(Әр топ өз ара топ ішінде талқылап, қорғайды.)



І топ: «Хикая картасы» арқылы білімдерін жинақтау

ІІ топ: Венн диаграммасы арқылы кейіпкерлерді салыстыру

ІІІ топ: Блум түймедағы әдісімен білімдерін жүйелеу

ІҮ топ: «ПДМҚ» әдісі арқылы талдау, ой қорыту
Дескриптор


  • Шығарманың мазмұны,сюжеттік желісі негізінде сұрақ құрастырады;

  • Оқушылар мәтіндегі қай бөлімнің маңызды екенін үзінділер, мысалдар арқылы дәлелдейді;

  • Шығармадағы ақпараттың өмірмен байланысын мәтіннен ашып көрсетеді;

  • Шығармадағы көтерілген мәселеге ұтымды ой айтып, қорытынды жасайды;

Бекіту. «Ыстық орындық» әдісі.

М.Әуезовтің «Көксерек» шығармасының мазмұнына сүйеніп, сұрақтарға жауап береді. Шығарманың мазмұнын бекітеді.


«Мұғалім – оқушы»



«Жуан және жіңішке» әдісін (сұрақ қою мәнерін жетілдіреді.«Жіңішке»  сұрақтар – бір сөзді жауап талап ететін сұрақтар. Ал «жуан» сауалдар – ойлауды, қосымша білімді тартатын, талдай білуді талап ететін сұрақтар).

- Мұхтар Әуеов әңгімені неге «Көксерек» деп атаған, жазушы ойын қалай түсіндірер едіңіз? (Жазушы шығарманы «Көксерек» деп атағанмен, мұнда қасқыр тағдыры ғана сөз болмайды, адам мен табиғат арасындағы күрделі өзекті мәселе көтеріледі.)

- Әңгіме негізіндегі басты ойды ашатын ең негізгі оқиғалар қайсы деп ойлайсыңыз?( Табиғатқа жасалған қиянат)

- Ауыл адамдарының іс-әрекетін ақтауға бола ма? (Ақтауға болмайды. Себебі жазушы өз шығармасында табиғатқа қиянат келтіргендерді «екі аяқтылар» деп суреттеген.)

Табиғатқа қиянат келтіру, оның тыныштығын бұзу мәселесіне қалай қарайсыздар? (табиғатқа қиянат жасау, оның тыныштығын бұзу мәселесі-қауіпті мәселе).

-Әңгіме қалай аяқталады? Қарғыспен аяқтауына не себеп? Әженің қарғысымен аяқталады. Әженің қарғысы-заңғар жазушының озбырлыққа пен қаталдыққа деген қарғысы).

-.Бұдан нені ұғамыз? Жазушы неге үндейді? (Жазушы жер бетіндегі тіршілікті татулыққа
Құрмаштың қазасы. Көксеректің жазасын тартуы)

-Көксеректі жауыздыққа, соншама өшпенділікке баулыған нәрсе не? Әлде табиғаттың қатаң заңы ма, қасқырлар әлемінің тіршілік заңы солай ма?



Әр топ бір сұрақтан алып, «автор орындығына» отырып, жауап береді.
Дескриптор:

-Оқушылар алған сұрақтарға жауап беріп,диалогқа түседі;

-Берілген жуан сұрақтарға тура жауап қайтармай, ой елегінен өткізіп, сыни пікір айтады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет