Пәні: Әдебиет
|
Күні:19.01
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сынып: 7 «Ә»
|
Сабақтың тақырыбы:
|
М.Әуезов «Көксерек» әңгімесі
|
Сабаққа негізделген оқу мақсаты:
|
Оқушылар әңгіменің идеясын жан-жақты талдайды.
|
Сабақ мақсаттары:
|
Барлық оқушылар: мәтінді түсініп оқиды, әңгіме кейіпкерлерін біледі.
|
Оқушылардың басым көпшілігі: Кейіпкерлерге мінездеме бере алады және шығарманы талдай алады.
|
Кейбір оқушылар: адамдар мен көк бөрінің іс-әрекетін саралай отырып, адамзаттың табиғатпен тепе-теңдікті сақтау керектігін түсінеді.
|
Алдыңғы оқу
|
Оқиғалар тізбегі
Көксеректің ауыл тірлігін жатсынуы
Көксеректі асырауы
Қараадыр табиғаты.
Композициялық жоспар бойынша сурет салыңдар.
Р/с -Әңгіменің композициялық элементтері --------Композициялық жоспар
1. --Оқиғаның басталуы ----------------------------- Қараадыр табиғаты. Қасқырлар мекені.
2. --Оқиғаның байланысы --------------------------Адамдар шабуылы. Көксеректі асырауы
3. --Оқиғаның дамуы -----------------------------Көксеректің ауыл тірлігін жатсынуы.
4.--Оқиғаның шиеленісуі----------------------Көксеректің өз қандастарына қосылуы
5.--Оқиғаның шарықтау шегі -------------Көксеректің жойқын күшке айналуы
6. -Оқиғаның шешімі --------------------Құрмаштың қазасы. Көксеректің жазасын тартуы
|
Сабақ жоспары:
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар
|
Сабақтың басталуы:
|
Топтық жұмыс.
Кубизм. Кубизм әдісі бойынша мына кубикті үш топқа кезекпе-кезек иіремін. Қай қырының сұрағы түссе соған жауап бересіз.
1.Суретте. Көксеректің портретін суреттеңіз.
2. Салыстыр. Дала қасқыры мен Көксеректі салыстырыңыз.
3. Зертте. Қасқыр туралы тағы қандай шығарма білесіз?
4.Қолдан. Көксерек туралы ел адамдары не дейді?
5. Дәлелде. Көксеректі жауыздыққа итермелеген де, Құрмашқа ауыз салдырған да қандай жағдай?
6. Талда. Көксеректің қатігездігін қай тұстарда байқадыңыз?
|
Сабақтың ортасы:
|
Пікірталас. “Айтуға оңай...”3 топқа бірдей сұрақ:
Құрмаш өліміне Көксерек кінәлі ме?
Жақтаушы тобы Даттаушы тобы
Топтық жұмыс. «Стоп кадр» әдісі.
Сурет бойынша өз ойларын айтқызу. Сендер киноны қалай аяқтар едіңдер? Өз ойларыңмен бөлісіңдер.
«Бес жолды өлең» стратегиясы. Синквейн әдісі бойынша «қасқыр», «аңшы» сөздеріне бес жолды өлең жазып көрейік.
1.Қасқыр
2. Жыртқыш,қомағай.
3. Ұлиды, шабуылдайды,жортуылдайды
4. Қасқыр-түз тағысы, перзенті.
5. Бөрі,көкжал.
1. Аңшы
2. Қырағы,сақ
3. Атады,көздейді, аулайды,
4. Аңшы қансонарда аңға шығады.
5. Мерген.
|
Сабақтың аяқталуы:
|
Сайттан алынған тапсырмалар.
Қажетті сөзді жазыңыз.
Кетерде бұның біреуінің
қиып қалдырды да, екінші біреуін – ең
алып жүріп кетті.
Қажетті сөздер: тірсегін, аяғын, кенжесін, желкесін, үлкенін, ортаншысын.
Дұрыс жауабын табыңыз.
Дұрыс, бұрысын белгілеңіз.
Тест сұрақтарына жауап бер.
Мақалмен қорыту. ( 3 минут)
Үш топ өзара қасқыр туралы мақал айтысып жарысады.
1.Иттің иесі болса , бөрінің тәңірісі бар.
2.Ауыл иті ала болса да, бөрі келгенде бірігеді.
3. Қасқырды қанша асырасаң да орманға қарап ұлиды.
4. Қасқырды сұрлығы үшін емес,ұрлығы үшін ұрамыз.
|
Кері байланыс:
|
Бағалау парақшасы мен бағалау шкаласы бойынша бағалау.
Оқушылар сабақта өзіне ұнаған және түсінбегені, ұсыныстары жайында өз ойын жазып, стикер толтырады.
Рефлексия. (Стикерге өз ойларыңды жазып жапсыру)
Шығарма несімен ұнады?
|
Сүйікті кейіпкерлерің?
|
Жасалған қорытынды
|
|
|
|
|
Кейінгі тапсырмалар:
|
111-беттегі оқушының өз қалауы бойынша жасалатын тапсырма.
|