Сабақтың тақырыбы №3. Зертханалық жұмыс. Тақырыбы: шынының сыну көрсеткішін жазық параллель пластинаның көмегімен анықтау



бет4/5
Дата03.06.2020
өлшемі30,54 Kb.
#72119
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
docx1548949974

Сабақтың ортасы

30 мин

ІІІ. Мағынаны тану Зертханалық жұмыс 
Білім дағдысы: Білу,Түсіну, Қолдану, Жинақтау 
Белсенді оқыту (G) «Ойлан, жұптас, бөліс» 

Тапсырмаоқулықты пайдаланып тәжірибе жасау арқылы шынының сыну көрсеткішін анықтау

Жұмысытң теориясы.

Жарық бір ортадан екінші ортаға өткенде жарықтың сыну құбылыс бақыланады. Мұның себебі - әр түрлі орталарда жарықтың таралу жылдамдығы түрліше болады. Сыну заңы бойынша:

n=sinα/sinβ

Жұмыстың барысы:

1. Электр шамын кілт арқылы батаеяға қосып, тізбек құрыңдар.

2. Шамның алдына саңылау бар экранда орналастырып, ал оның сыртына ақ қағаз қойыңдар.

3. Кілт арқылы тізбекті қосыңдар да, қағаз бетіне жіңішке жарық жолағын алыңдар.

4. Жарық жолағына кез келген бұрышпен шыны пластинаны қойыңдар.

5. Пластинаның пішінін қағазға салып, түсетін сәуленің А басы мен В соңын және жарықтың пластинадан Ғ шығу нүктесін белігдеңдер.

6. Тізбекті ағытып қағаздан шыны пластинадан алыңдар.

7. А мен В, В мен Ғ нүктелерін қосып, түскен және шыққан сәулелерді сызыңдар. Пластинаға жарықтың В түсу нүктесінде перпендикуляр тұрғызыңдар.

8. Транспортирдің көмегімен түсу және сыну бұрыштарын өлшеңдер.

9. Шынының сыну көрсеткішін (1) формула бойынша есептеңдер.

10. Тәжірибені басқа түсу бұрыштары кезінде қайталаңдар және нәтижелерді салыстырыңдар.

11. Тәжірибелерді жарық көзінсіз, ағылшын түйреуіштерін пайдаланып жасаңдар.

Бақылау сұрақтары:

1. Шынының сыну көрсеткішінің жарық сәулелерінінң түсу бұрышы артқан кезде қалай өзгеретінен анықтаңдар. Осы тәуелділіктің графигін салыңдар.

2. Жарықтың сыну бұрышы түсу бұрышынан кіші немесе үлкен, сондай-ақ нөлге тең бола ала ма?

3. Абсолют сыну көрсеткішінің физикалық мағынасы  неде?

4. Сыну көрсеткішін ең үлкен дәлдікпен, яғни ең кіші қатемен анықтауға болады?

 Қорытынды жаса: 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет