Сабақтың тақырыбы: «4- ке дейінгі сандарды тура және кері санау» Сабақтың мақсаты: Балаларды тура және кері санауға үйрету, санамақ санауға үйрету. Көрнекілігі: 1-ден 4 дейінгі сандар,
1,2,3,4, көбелек, 1,2,3,4 гүл Әдіс-тәсілдері:Көрсету, санау, үйрету. Сабақтың барысы:
- Қазақша екінші күнді «Сейсенбі» деп атаймыз. Солай ма, балалар!
- Иә.
- Бүгінгі матаматика сабағында 1-ден 4-ке дейінгі сандарды тура және кері санауды одан әрі, тереңдете үйренеміз. Кәне барлығымыз 1,2,3,4 деп тура және кері санаймыз. Тақтаға қараңдаршы.
1,2,3,4 және 4,3,2,1 - Кәне, кім тура санай алады? Рамазан:1,2,3,4 - Кәне, кім кері санай алады? Назгүл: 4,3,2,1. -Өте жақсы. Барлығымыз санамақ айтайық.