Пәннің аты: әдебиеттік оқу
|
Уақыты:27.11.2015
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Б. Майлин. Күлпаш.
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
|
Мақсаты мен міндеттер: мәтінді оқу арқылы оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу,
1.Білімділік: түсініп оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру;
2.Дамытушылық: талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;
3.Тәрбиелік: ізгілікті-елжанды дара тұлға төрбиелеу; патриоттыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі : жаңа тақырыпты таныстыру сабағы
Көрнекіліктер: суреттер
Әдіс-тәсілдер: жұптық , талдау, сипаттау
|
Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Қызығушылықты ояту
|
1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Сабаққа дайындықтарын тексеру.
Үй тапсырмасын тексеру: жоспар бойынша әңгімелеу
2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:
ассоциация құру, мәнін қалай түсінесіңдер?
Ашаршылық- ассоциация құру, мәнін қалай түсінесіңдер?
Бүгін Б. Майлинның «Күлпаш» шығармасымен танысамыз.
Оқулық бойынша жұмыс 120 бет «Күлпаш»,
үлгі оқу (мұғалімнің оқуы)
-тізбек бойынша оқу
тұтас оқу
мәтінде не туралы айтылған?
-ел басынан өткен бұл әңгімеде оқиға қай кезде болған?
Қали мен Күлпаш Мақтымның келгенін неге асыға күтті?
Олар неге жылады?
Күлпашты суреттеген жерді тауып оқы
Мақтымды суреттеген жерді тауып оқы
Үйлерін суреттеген жерін тауып оқы
|
Сергіту сәті
|
Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
|
Ой сергітеді,шашағандары
басылады
|
Ой толғаныс
|
122 бет сурет бойынша жұмыс
-суретте кімдер бейнеленген?
-олардың тұрмысы қандай?
-Олар кімді күтіп отыр?
Сурет бойынша әңгіме құра.
|