Сабақтың тақырыбы §40. Атмосфералық қысым. Торричелли тәжірибесі. Барометр. Мақсаты



бет1/4
Дата04.08.2017
өлшемі0,51 Mb.
#22668
түріСабақ
  1   2   3   4

Сыныбы 7

Мерзімі: 18.02.16.

Сабақтың тақырыбы

§40. Атмосфералық қысым. Торричелли тәжірибесі. Барометр.


Мақсаты

  • Атмосфералық қысымның пайда болу себебі, Торричелли тәжірибесінің мәнісін түсіндіру.

  • Физиканы объективтік шындық ретінде дүниетану тұрғысында түсінігін қалыптастыру.
    Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу, атмосфералық қысымның күнделікті өмірдегі маңызын, есеп шығаруда қолдана білуге үйрену.

  • Ойлау мәселені қойып шешуге ұмтылдыру, пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, шығармашылық қабілетін дамыту , ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.




Күтілетін нәтижелер


А) Атмосфералық қысымның физикалық мағынасын біледі және түсіндіре алады.

В) Тұрмыста, техникада қысымның әрекетін ескеру жайлы мағлұмат алады ХБ жүйесінде өлшем бірліктерді айналдырады, мысалдар келтіреді, тәжірибеде қолдана алады.

С) Атмосфералық қысымның өмірде кездесетін жағдайларына мысалдар келтіріп, қолданылуына қарай маңызын талдап саралайды.


Керекті жабдықтар


7 сынып физика оқулығы, әдістемелік нұсқаулық, есептер жинағы, жеңілдетілген, кеңейтілген тапсырмалар, кері байланыс парағы, видеоролик, презентация, проектор.

Қолданылатын әдістер

«Серпілген сауал» , «Ойлан,жұптас, бірік», Миға шабуыл, төмен және жоғары дәрежелі тапсырмалар, деңгейлік тапсырмалар.

Жұмыс түрі

Топтық, жеке жұмыс

Пәнаралық байланыс

- математика (дәрежерді есептеу, формуламен есептер шығару);

- тарих (атмосфералық қысымның ашылу тарихы, Торричелли өміріндегі шындықтар);

- биология (атмосфералық қысымның адам организміне әсері);

- география (Жердің әртүрлі биіктігіндегі атмосфералық қысым).



Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Кіріспе


1.Ұйымдастыру. Оқушыларды «Жорық картасымен» таныстыру. Сабақты бастамас бұрын сыныпты психологиялық дайындау. Әр оқушының таңдаған гүлдеріне байланысты олардың көңіл - күйлері сұралады

- оқушылармен амандасу;

- сыныпты түгендеу;

- кезекшілік қызметін қадағалау;

- оқушылардың назарларын сабаққа аудару.

- сыныпты топқа бөлу. (қызыл,сары,көк гүлдер арқылы)





Үй тапсырмасын тексеру. «Есте сақтау» айлағы әдісі арқылы тексеру

Бұл айлақта допты лақтыру ойыны бойынша үй тапсырмасы сұралады. (5мин)



  1. Су құбыры деген не? Қандай түрлері бар? Маңызы туралы не айтасың?

  2. Су құбырының жұмыс істеу принципі қандай?

  3. Мұнаралық су құбырының жұмыс істеу принціпі неге негізделген?

  4. Ежелгі су құбыры жайлы не білесіңдер?

  5. Қатынас ыдыстарға қандай мысалдар келтіре аласыңдар?

  6. Қатынас ыдыстарды қандай өрнектер арқылы табамыз?




-мұғаліммен сәлемдеседі

-кезекшілік қызметін атқарады

- сабаққа зер салады.

Оқушылар гүлдерді таңдау арқылы топқа бөлінеді


Оқушылар допты қағып алу арқылы берілген сұрақтарға жауап береді


Тұсау кесер

Сабақтың мақсатын қою: (2мин) Оқушыларға қарақшылар тапсырмасын қою.)

  1. Жердің ауа қабаты қалай аталады?

  2. Атмосфераның қандай қабаттарын білесіңдер?

  3. Атмосфералық қысым дегеніміз не? (Қарақшылардың кедергісінен өтіп, келесі айлаққа жету үшін сабақты тыңғылықты меңгеру керектігін түсіндіру).



Оқушылар өзара ақылдаса отырып, өз түсінгендерін айтады.


Негізгі бөлім


«Жаңа сабақ» айлағы (13 мин)



Атмосфералық қысым қалай пайда болады екен? Оқушылар өз түсінгенімен жауап бepeдi.
Атмосфера бірнеше қабаттан турады. Ауырлық күшінің әрекетінен оның жоғарғы қабаттары төменгі қабаттарына қысым түсіредi. Атмосфера газ - сондықтан ол Паскаль заңы бойынша өзіне түскен қысымды барлық бағытта таратады. Соның салдарынан жер бетіне және ондағы барлық денелерге атмосфералық қысым түседі.
Мұғалім: Онда осы атмосфералық қысымға сүйене отырып жаңа бақылаған тәжірибелерді түсіндірейік. Стақандағы судың төгілмеген ceбeбi неде? Бірнеше оқушының жауаптарын тыңдағаннан кейін, қорытынды жауап шығарылады:
1. Стакандағы суды жауып тұрған қағаз астынан төменнен жоғары қарай атмосфералық қысым әсер еткен. Судың қағазға түсіретін қысымынан атмосфералық қысым үлкен.
2. Шыныға түскен жұмыртқаны қалай түсінуге болады.
Жанған қағаз шыны ішіндегі ауаны қыздырады, қызған ауаның көлемі ұлғайып, оның бip қатар бөлігі сыртқа шығып кетеді. Шынының аузын жұмыртқамен жапқан кезде ондағы ауа суиды да қысым азаяды. Іштегі қысымнан сыртқы атмосфералық қысым артық болып жұмыртқа төмен қарай қозғалады.
Бiз көптеген құбылыстарға атмосфералық қысым әсер ететініне көз жеткізуге болады.
Практикалық жұмыс. Барлық оқушыларға бірдей медициналық шприцпен стакандағы суды сорғызып жоғары көтерілуін бақылату. Оқушылар өздері жауап береді.
- Атмосфера су бетіне төмен қарай әрекет етеді. Паскаль заңы бойынша ол қысымды түтікке төменнен жоғары қарай жеткізеді. Суды поршеньмен ілecтipe көтеретін атмосфералық қысым.
Атмосфералық қысымды сұйық бағанының ыдыс түбіне түсіретін қысымды есептеуге арналған формуламен есептеуге бола ма?
- Болмайды, өйткені атмосфераның биіктігін және тығыздығын білy керек. Атмосферада анық шекара жоқ, ауа тығыздығы да әр түрлі биіктікте түрліше.

Сондай бола тұрса да, атмосфералық қысымды XVII ғасырда итальян ғалымы Э. Торричелли ұсынған тәжірибенің көмегімен өлшеуге болады.

Мұғалім Торричелли тәжірибесінің мәнісін түсіндіру (слайд көрсету)
Атмосфералық қысым ауа райына байланысты өзгеретінін де байқаған Торричелли болатын. Кейін Торричелли қондырғысы атмосфералық қысымды өлшеу үшін пайдаланыла бастады. Атмосфералық қысымды сынап бағанның биіктігі бойынша есептейді.
Атмосфералық қысымның бірлігі ретінде 1 мм, сын. бағ алынады.
1 мм. сын. бағ = 133, 3 Па = 1, 33 гПа.
760мм. сын. бағ =105 Па=1 ат.
Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал барометр (грекше барос- ауырлық, метрео-өлшеймін) деп аталады.



«Ескі жағалау» айлағы. (2мин)

(Оқушылар слайдта кеме гиперссылкасын басқанда Торричелли туралы мәліметпен танысады)



Торричелли Эванджелиста.(1608–1647). Италия физигі жєне математигі. Ол италияның солтүстігіндегі Фаэнцте туылған. 1627 жылы Римге көшіп келіп, Галилео Галилейдің досы жєне оқушысы болған Б. Кастеллидің жетекшілігімен математикамен айналысады. Галилейдің қозғалыс туралы еңбектерімен танысқан соң, ол “Қозғалыс туралы трактат” атты еңбегін жазады. 1641 жылы Арчетриге көшіп келіп, Галилейдің оқушысы әрі хатшысы болады, ал кейіннен Флорентия университетінде математика және философия кафедрасын Галилейден кейін меңгереді. Өздері танысқан бүгінгі тәжірибені 1643 жылы жасаған. Сынап бағанының биіктігі ауа райына байланысты өзгеретіндігін анықтайды жєне осы биіктікпен ауа ќысымын өлшеуге болады деген тұжырым жасайды. Ол жасаған осы құрал ең алғашқы сынапты барометр болды, қазіргі заманғы барометрлердің құрылымының Торричелли түтігінен еш айырмашылығы жоқ.



« Ойлан, жұптас, бірік» әдісі арқылы топтасып есептер шығарады

  1. тапсырма.

Атмосфера тарапынан біздің денемізге әрекет ететін күштің мәнін есепте. (S=1м2)

Берілгені: Формуласы Шешуі:

Р=105Па

S=1м2 F=P·S F=105Н

т/к F-?

Су бак түбіне 105Па қысым түсіреді оның тығыздығы 1000кг/м3

Тең.Бактағы су бағанының биіктігі қандай?



Берілгені: формуласы шешуі:

р=105Па

=1000кг/м3 h=p/·g h=10м

g=10Н/кг

т/к h-? Жауабы: h=10м 2-тапсырма. Денгейлік тапсырмалар. ( Жақсы оқитын оқушыға)

Біз суды қалай ішеміз?
Оған ойлануға болама? Әрине. Суды қалай ішеміз, ішімізге қалай сорып аламыз сұйықтықты . Оның себебі:сұйықты ішу кезінде өкпені кеңітеміз және осы арқылы ауаны аузымызға толтырамыз; сорылған ауаның қысымы арқылы сұйық  қысым аз жерге еніп сорылып ішіледі.

Сонымен толығырақ айтқанда, біз тек аузымызбен ғана емес, өкпеменде ішеди екенбиз, өкпенің кеңеюі - сұйықтың ауызға енуіне себепші.
«Логика жағалауы» (6 мин)

оқулықпен жұмыс



Бұл жағалауда оқушылар физикалық тәжірибені жасап тұрып, мәнін түсіндіреді

.

1-тапсырма. Cтақанды суға батырып, оны судың ішінде төңкеріңдер. Онан соң оны жайлап судан шығарыңдар. Сонда стақанның жиегі судың ішінде тұрғанда неге оның ішіндегі су төгілмейді? Жауабыңды түсіндір.

2-тапсырма. Стақанға су құйып, бетін бір парақ қағазбен жап. Қағазды қолмен жауып тұрып,стақанды қолмен төңкер. Егер қолды қағаздан тартып алсақ, стақандағы су төгілмейді. Неге?

Тақырыпты окып, берілген мәтінмен танысады.

Тақырып бойынша анықтаманы, формуланы, өлшем бірлігін дәптерге жазып алады.

Әрбір оқушы өзіне берілген есепті шешеді, түсінбегендерін топпен талқылайды.

Әр топ өзара бір бірінің жұмысына баға беріп отырады.

Формативті бағалау жүргізіледі.

Әр топтан жоғары деңгейлі оқушы сұраққа жауап береді,әр топтан 1 оқушы шығып есеп шығарады

Оқушы ойланады, дұрыс шешімін айтады.

Әр топтан бір оқушы шығып есеп шығарады

Сұраққа жауап береді

Оқушылар өздеріне берілген құрал – жабдықтар арқылы тәжірибе жасап көрсетеді




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет