Сабақтың тақырыбы: 4саны мен цифры. Мұғалімнің аты-жөні: Күні: Сынып: Қатысқан оқушылар саны: Қатыспаған оқушылар саны: Көрнекілік



Дата25.09.2022
өлшемі14,45 Kb.
#150705
түріСабақ
Байланысты:
Матем 4 саны




Сабақтың тақырыбы: 4саны мен цифры.
Мұғалімнің аты-жөні:
Күні:
Сынып: 
Қатысқан оқушылар саны:
Қатыспаған оқушылар саны:


Көрнекілік: цифрі, стикер, бор, геометриялық фигура.
Пән аралық байланыс:қазақ тілі, музыка.


Сабақтың мақсаты:
1) 4 санымен және 4 цифрының жазылуымен, 4 санының құрамымен таныстыру; төртбұрыш, шаршы туралы түсініктерін қалыптастыру.
2) Оқушылардың ой-өрісін ойлау қабілеттерін математикалық тілін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.
3) Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа және дұрыс есептеуге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білім енгізу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын, көрнекілік.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың назарын аудару.
ІІ.Өткен тақырыпты пысықтау
3 санын қайталау. Жеке санату.
ІІІ. Жаңа сабақ.
- Енді, балалар, көңілімізді тақтаға аударайық. Жұмбақ жасыру.
- Менің қолымда 3 кітап тұр, оған 1 кітап қосқанда барлығы қанша кітап болады?(4)
- Дұрыс балалар, ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы 4 саны және цифры.
4 санын көрсету, жазылуын көрсету.
№1 тапсырма
Оқушыларға 4 қонжық, 4 торғай суретін көрсеткен кезде, оқушылар 4 санын көрсетуі қажет.

ІV. Оқулықпен жұмыс, жаңа білімдермен таныстыру.

№2 тапсырма


1…3… Нүктелер орнын толықтыру, әр оқушыға беріледі.

№3 тапсырма


4 санының алдында қай сан орналасқан?
3санынан кейін қай сан орналасқан?

№4 тапсырма


3 жасыл гүл көрсетіп оларға 1 ақшыл қызғылт гүл қосқан кезде барлығы қанша гүл болды?

№5 тапсырма


3 көк құс көрсетіп оларға 1қызыл құс қосқан кезде барлығы қанша құс болады?

№6 тапсырма


Суреттегі алмалардың түсіне қарай санау, салыстыру.
3 шиеге мен 1бананды, 1қызыл конфетпен 3 арбузды салыстыру.

V. Сергіту сәті.
СЕРГІТУ СӘТТЕРІ
Бойды сергек тік ұста,
Емін - еркін тыныста.
Оң қолыңды соз алға,
Қол ұшына қара да,
Үшбұрыш сыз ауада,
Сол қол босқа тұрмасын,
Шеңбер жасап тынбасын.

VІ. Аяқталуы. Дәптермен жұмыс.


№7 тапсырма
4 дәптер алыңдар. 4 шығу үшін 1 дәптерге қандай сан қостық?


VІІ. Жаңа сабақты бекіту.


№8тапсырма
Төменде қандай сан көрсетілсе, сонша шаршының суретін салады.


VІІІ. Бағалау, Кері байланыс.
Стикер арқылы бағалау. Сабаққа байланысты оқушыларға мұғалімді бағалауға уақыт беру.
IX. Үй тапсырмасы
Қалған тапсырмаларды орындау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет