1 -теорема. Шеңбердің хордасын қақ бөлетін диаметр осы хордаға перпендикуляр болады.
CD диаметрі АВ хордасын Е нүктесінде қаққа бөлсін: АЕ=ЕВ
Үшбұрыштар теңдігінің үшінші белгісі бойынша ∆ОАЕ=∆ОВЕ
Бұдан ∠ОЕА=∠ОЕВ=90˚ шығады.
Олай болса ОЕ⊥АВ немесеCD⊥AB
Теорема дәлелденді.
Бейнеүзінді көру:
. Мысал 1: Радиусы r шеңбердің центрінен түзуге дейінгі ара қашықтық d болсын. Егер: r=10 см, d=9 см болса, a түзуі мен шеңбер өзара қалай орналасқан?
Шешуі: OA=r=10 см, d=9 см болса, болғанда түзу мен шеңбердің екі ортақ нүктесі болады.
Мысал 2: Радиусы r шеңбердің центрінен түзуге дейінгі ара қашықтық d болсын. Егер: r=8 мм, d=1,2 см болса, a түзуі мен шеңбер өзара қалай орналасқан?