Шеңбер, дөңгелек, олардың элементтері мен бөліктері. Центрлік бұрыш
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
7.1.1.31 нүктелердің геометриялық орнының анықтамасын білу;
7.1.1.28шеңбер мен дөңгелектің және олардың элементтерінің (центр, радиус, диаметр, хорда)анықтамаларын білу;
7.1.1.29центрлік бұрыштың анықтамасы мен қасиеттерін білу және қолдану;
7.1.1.30шеңбер диаметрі мен хордасының перпендикулярлығы туралы теоремаларды дәлелдеу және қолдану;
Сабақтың мақсаты
нүктелердің геометриялық орнының анықтамасын білу,шеңбер мен дөңгелектің және олардың элементтерінің (центр, радиус, диаметр, хорда)анықтамаларын білу;центрлік бұрыштың анықтамасы мен қасиеттерін білу және қолдану;шеңбер диаметрі мен хордасының перпендикулярлығы туралы теоремаларды дәлелдеу және қолдану;
а) Ұйымдастыру кезеңі
-Сәлемдесу,түгелдеу,
Мен таңдаймын әдісі арқылы топқа бөлу.
Үй тапсырмасын өзін-өзі тексеру әдіспен бағалау
перпендикуляр дегеніміз не?
— көлбеудің анықтамасын сипаттаңдар
— көлбеудің проекциясы дегеніміз не?
— 3 перпендикуляр туралы теореманы сипаттау
— қандай жазықтықтар перпендикуляр жазықтықтар деп аталады?
«Өзіңе тілегенді,өзгеге тіле»! әдісі арқылы бір-біріне тілек айтып,жақсы көңіл күй сыйлайды.
Мақсаты: Оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Тиімділігі: Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл -күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.
Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісіарқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»