Сөйлемді толықтыр.
бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.
мен өзімді.....үшін мақтар едім.
сабақтан соң маған........келді.
Мақсаты:Өз ойын айтып, сабақты бекіту, қорытындылау.
Тиімділігі:Оқушы алған білімін жинақтап, саралай білуге дағдыланады.
Саралау: Бұл тапсырмада саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрініс табады.
а) Ұйымдастыру кезеңі
-Сәлемдесу,түгелдеу,
Мен таңдаймын әдісі арқылы топқа бөлу.
Үй тапсырмасын өзін-өзі тексеру әдіспен бағалау
перпендикуляр дегеніміз не?
— көлбеудің анықтамасын сипаттаңдар
— көлбеудің проекциясы дегеніміз не?
— 3 перпендикуляр туралы теореманы сипаттау
— қандай жазықтықтар перпендикуляр жазықтықтар деп аталады?
«Өзіңе тілегенді,өзгеге тіле»! әдісі арқылы бір-біріне тілек айтып,жақсы көңіл күй сыйлайды.
Мақсаты: Оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Тиімділігі: Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл -күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.
Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісіарқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»
Смайликтермен бағалау
Сабақтың ортасы
Оқулық Геометрия 7 Алматы «Атамұра» 2017 авторы Ә.Н.Шыныбеков 4.1.1
Түзу мен шеңбердің орналасуының 3 түрлі жағдайы бар. Шеңбер центрінен а түзуге дейінгі арақашықтықты d, шеңбер радиусын r десек, мұнда мына жағдайлар болады.
1) Түзу мен шеңбердің екі ортақ нүктесі бар ( );
2) Түзу мен шеңбердің бір ортақ нүктесі бар (d=r);
3 ) Түзу мен шеңбердің ортақ нүктесі жоқ ( ).
Шеңбермен бір ғана ортақ нүктесі бар түзуді жанама деп, ал осы ортақ нүктені жанасу нүктесі деп атайды.
Жанасу нүктесі шеңбер бойында жатқандықтан, оның центрге дейінгі қашықтығы радиусқа тең. Жанаманың өзге нүктелері шеңберден тысқары орналасқан, яғни олардан центрге дейінгі қашықтықтар радиустан үлкен. Олай болса, жанамасынан шеңбер центріне дейінгі қашықтық OK-ға тең, яғни . Сондықтан шеңберге жүргізілген жанама радиусқа перпендикуляр.
Анықтама.Шеңбермен ортақ екі нүктесі бар түзу қиюшы түзу деп аталады.